Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
Скачать 274.68 Kb.
|
5. Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С. 2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ. 3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б. 4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С. 5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т. Лекция №9 Тәрбиенің құралдары мен формалары, әдістері 1.Тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы. 2.Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. 3.Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы. 4.Тәрбие құралдарын, формалары мен әдістерін анықтаудағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі. Лекция мәтіні: 1.Тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдар, формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н.Д.Хмель). Тәрбие құралдары дегеніміз - арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістік жоспар. Тәрбие құралдарына әр саланың іс-әрекет түрлері, сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар. Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады. Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады: - қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай); - тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия); - таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.) - оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.). Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз - тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады. Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.Тәрбие жұмысының әдістері тәрбиенің мақсатына, принципіне, мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты. Әрбір әдістер тәрбие мақсатында іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекетіндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы керек. Сонымен, қазіргі кезде оқыту, тәрбие беру ісін қайта құруға, белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуына тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр. Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр саласы мәнін анықтауға болады: тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру; Тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын және мазмұнын жүзеге асыратын құралы; Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады. Тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай. Тәрбиенің әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар, баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты. Тәрбие тәсілі - тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақты жағдайда тәрбие тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды. Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген топтағы тәрбие әдістері екі жақты тәрбие ықпалын сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиелеушілердің әртүрлі іс-әрекетте, мінез-құлықта, қарым-қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттілігінен туындайды. 2. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады. Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптасыруға дайындайды. Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне түсіндіру, әңгімелеу, лекциялар, пікірталас, үлгі-өнеге жатады. Көптеген авторлар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп атайды. Жалпы адамзаттың мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілердің сана-сезіміне, еркіне, мінез-құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығын сендіру әдісі деп атайды. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік береді. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар-намыс, парасаттылық, қайырымдылық, жауапкершілік т.б. туралы түсіндіріледі. Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылардың шығармалары. Өткізу методикасы тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі - этикалық әңгімелер. Этикалық әңгімелер - мораль мәселелері туралы кең түрде еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әр түрлі жағдайларға баға беруге, оның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасы, қарым-қатынасын қалыптастыру. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды еске алу керек. 1. Тақырыптың көкейкестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс. 2. Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет. 3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдалану керек. 4. Оқушылар үшін әңгіме тартымды қызықты болуы керек. Жаңалық оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу қажет. Этикалық тақырыптағы әңгіме, көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұндағы деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады. Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса кейде насихат сияақты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелігі мұғалімнің беделіне, оның жеке қасиеттеріне байланысты. Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады. Этикалық әңгіме, сұқбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бірізді талқылау түрі. Әңгіме-сұқбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады.Әңгіме-сұқбат теңдік пен ынтымастық негізінде құрылады. 3.Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы. Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау барысында, педагогика саласында «тәрбие технологиясы» деген ұғым пайда болды. Себебі жаңа ұрпақты жаңа заман дәстүріне лайықты тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қазіргі педагогтар алдында тұрған міндет қазақ халқының көптеген жылдар бойы қалыптасқан жағымды пайдалы ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жаңа заман талабына сай жаңа формациядағы білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу. «Технология» термині гректің - «шеберлік» деген ұғымын білдіреді. Технология ұғымы да әдістеме ұғымын толықтыра тереңдете түседі. Яғни екі ұғымның да негізгі фнукциалдық мақсаты «тұлғаны тәрбиелеу» болып табылады. Осы тәрбиелеу үрдісі кезінде технология мен әдістеменің айырмашылығы туындайды. «Әдістеме» үрдісі тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне сипаттама берсе, «технология» үрдісі тәрбие үрдісін басқарудың жүйелі қалыптасқан жүйесін құрастырады, реттейді және іске асырады. Тәрбие технологиясының өзіне тән міндетті құрам бөліктері (атрибуттары) болады. Обьективті құрам бөлігіне тәрбие ісін басқарудың мақсаты, мазмұны, формасы, ұстанымдары, әдісі жатады. Субьективті құрам бөліктерінің іс-әрекет түрі (стиль), тәрбие ісіндегі қарым-қатынас, тәрбиеге қатысты тұлғалардың функциясы және олардың құқығы мен міндеттері жатады. Тәрбие технологиясының үлгісі (модель) 3 түрлі деңгейге бөлінеді. 1. Стратегиялық технология 2. Тактикалық технология 3. Жеделдете жүргізетін технология Стратегиялық үлгі - көптеген жылдарға арналған тәрбие жүйесінің басты болашақтағы негізгі бағыттарын қамтиды. Тактикалық үлгі - белгілі бір кезеңдегі атқарылатын істерді басқаруды жүзеге асырады. Жеделдете жүргізілетін тәрбие технологиясының үлгісі кейінге қалдыруға болмайтын педагогикалық жағдайларды іске асыру туралы тәрбие ісі. Бұл үлгі алдағы екі үлгіні іске асырудың алғашқы бастапқы кезеңі десе де болады. Бұл үлгі нақты практикалық іс-шара бойынша жүргізіледі. Сонымен тәрбие технологиясы дегеніміз - белгілі тәртіппен, арнайы уақытта жүргізілетін, алдына қойған мақсаты бар жүйеленген педагогикалық іс-әрекеттердің жиынтығын басқару үрдісі болып табылады. Тәрбие технологиясы нысанының ізденушілік танымдық мотивациялық шеберлігіне, әрекетіне немесе ниетіне байланысты тез іске асу ықтималдығы бар. Сондықтан тәрбие технологиясы көп нұсқалы (вариант) әрі шығармашылық ізденістің жемісі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеудің базалық негізінің идеялары етіп мына көрсеткіштерді ұсынамыз. 1. Қазіргі заманға лайықты еркін ойлайтын азаматты тәрбиелеу. 2. Адамгершілігі мол адам тұлғасын тәрбиелеу. 3. Рухани байлығы мол адамды тәрбиелеу. 4. Шығармашылық қабілеті мол адам тәрбиелеу; 5. Практикалық іс-әрекеті бар (Прагматик) тұлғаны тәрбиелеу яғни, қазіргі таңдағы актуалды проблемалар 6. Өмір, қоғам, саясат, дүниетаным туралы тұрақты өзіндік пікір қалыптастыру. 7. Ұлтжандылық, ұлтшылдыққа өз елін, жерін, тілін, халқын сүюге тәрбиелеу де тәрбиенің негізгі идеясы. Тәрбие жұмысының құрылымы (В.А. Кан-Калик) 4 кезеңнен тұрады 1. Болжамдық кезең тәрбие нысанының жалпы үлгісін жобалау. 2. Коммуникативті кезең, яғни тәрбие ісіне қатысы бар адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы. Тәрбие жоспары, мазмұны тағы басқа. 3. Педагогикалық үрдісті басқару және жүргізу кезеңі. 4. Талдау кезеңі. Жүргізілген тәрбие жұмысының барысын талдау. Тәрбие технологиясын басқарудың субьектісі мен обьектісі Тәрбие үрдісі көп салалы әрі көп векторлы болғандықтан оның субьектісіне: - тәрбиешінің, оқушының, ата-ананың т.б. басқалардың педагогикалық үрдісіндегі жеке іс-әрекеті жатады. Тәрбие үрдісінің обьектісіне: - Тәрбие жүргізілетін ортаның мәдени денгейі, - Тәрбие үрдісін жүргізуге қажетті техникалық материалдық және мәдени құндылықтар мен қамтамасыз етілуі. - Тәрбие үрдісін жүргізуге жұмсалынатын уақыт мөлшері. - Тәрбие ісін жүргізуге қажетті әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, т.б.жатады. Тәрбие үрдісін жаңа үлгіде жүргізу үшін тиянақты жан-жақты даярлық қажет, яғни бұрынғы тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы іске асады. Тәрбие үрдісін модернизациялау жаңа заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу ісін жан-жақты белгілі мақсатқа негіздеп, тұлғаның құнды қасиетін, қаблетін дамыта отырып, жаңа қоғамда өмір сүру іс-әрекетін сәтті өткізіп, тіршілікте табысқа жетуіне негізделуі қажетті. Сондықтан тәрбие үрдісін басқару технологиясын іске асыру мынадай алгоритмнен тұрады. 1. Мектептегі тәрбие жүйесінің диагностикалық жағдайын анықтап, талдау жасау. 2. Тәрбие жүйесін үлгілеу бойынша ынталы белсені жұмысшы тобын құру. 3. Тәрбие жұмысы үлгісінің (модель) негізгі идеясы мен тақырыбын анықтау. 4. Тәрбие жұмысы үлгісін және бағдарламасының кезеңдерін жасау. 5. Тәрбие моделінің негізгі параметрлерін, критериилерін жасау. 6. Үлгінің теориялық-әдіснамалық негізін жасау. 7. Тәрбие үрдісінің негізгі идеялары (құндылығы, мақсаты, мәдениеті, ұстанымдары т.б.). 8. Тәрбие жүйесін іске асыру тетігі. 9. Тәрбие жүйесі үлгісін іске асыру кезеңдері бойынша жұмыс барысын анықтау (тест, бақылау). 10. Істелінген жұмыс бойынша қорытынды жасау. 11. Нәтежесін баспаға беру. |