Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқытуды ұйымдастырудың формасы

  • Оқытудың тәрбиелік функциясы

  • Оқытудың дамыту функциясы.

  • 3.Оқытудың психологиялық негіздері.

  • Таным міндеттерін жете түсіну.

  • Жаңа материалды қабылдау.

  • Ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп, жинақтау процесі.

  • Білімді, іскерлікті және дағдыны

  • Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау

  • Нақты аңғару

  • 4.Қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі.

  • 5.Дидактикалық құзыреттілік – мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің құрылымдық компоненті.

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Лекция№14 Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері Лекция жоспары

  • 1.Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің компоненті.

  • 2.Білім мазмұнының негізгі компоненттері.

  • 3.Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама.

  • 4.12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау.

  • Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары


    Скачать 274.68 Kb.
    НазваниеЛекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
    АнкорЛекция
    Дата20.09.2022
    Размер274.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛекциялар-ПжТЖӘ (2).docx
    ТипЛекция
    #687496
    страница10 из 19
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

    Оқытудың принципі - оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесінен анықталады. Оқыту принципі оқу пәндерін оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады.

    Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз - ұстаз бен шәкірттердің арнайы ұйымдастырылған, белгіленген тәртіп пен режимде жүргізілетін оқу-таным, іс-әрекет процесі.

    Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.

    Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

    Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

    Оқытудың дамыту функциясы. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адамның тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Дамытып оқыту - бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті - «Ең таяу даму зонасын» жасау.

    Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:

    1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны).

    2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру).

    3. Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті).

    4. Оқыту әдістері.

    5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.

    6. Оқыту нәтижелері.

    3.Оқытудың психологиялық негіздері.

    Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс - әрекеті. Оқыту процесінің логикасы және құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің таным іс-әрекетінің кезеңдері кіреді.

    1. Таным міндеттерін жете түсіну. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір кезеңдеріне жеке-жеке дайындалады.

    2. Жаңа материалды қабылдау. Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы және жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.

    3. Ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп, жинақтау процесі. Ұғыну - бұл сапалы түрде ғылыми білуі, заңдылықтарды тану, ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.

    4. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру. Бекіту бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі.

    5. Білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдана білу. Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиеттерін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.

    6. Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау - бұл оқытудың кері байланыс процесі. Оқушылардың барлық жетістіктерін - білім сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасау қажет. Осының негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға қойылады.

    Оқыту процесіндегі танымдық әрекеттің логикалық бірізділігі мынадай:

    1. Нақты аңғару - түйсік және қабылдау;

    2. Абстракты ойлау - ұғыну, мәнін түсіну;

    3. Практика - бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің компонеттерін тексеру, бағалау.


    4.Қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі.

    Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі - жаңашылдығы. Атап айтсақ, Бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған.

    Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады.

    Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

    Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол - білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез-келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

    Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.

    Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - электрондық оқыту жүйесін іске асырудың мүмкіндіктерін атап айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.

    Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.

    Электрондық оқыту жүйесі оқушылардың қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытады және өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. Электрондық оқыту жүйесі қазіргі білім берудің «өмір бойы білім алу» мен «баршаға ортақ білім беру» қағидаларына сәйкес оқушылардың жеке және ұжыммен жұмыс жасауына жағдай жасалуы тиіс.

    Электрондық оқыту жүйесінде  желiде еркiн таралатын оқу материалдары бар ашық бiлiм беретiн қорлары болады.Жасалынған электрондық ақпараттық ресурстары және мультимедиалық  бiлiм жасақтамалары еркiн аударылып,  электрондық оқыту жүйесінде Интернет арқылы қолданылуы керек.
    5.Дидактикалық құзыреттілік – мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің құрылымдық компоненті.

    В.А.Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» - деп есептейді. Баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби құзіреттілік шарттарына сай болуы керек.

    Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға   берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дұрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы қажет. Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу, ата-аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата-аналарына сыйлы болады.

    Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы ұғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибе мен озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты.                                                                 

    Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтық шеберліктің тағы бір элементін құрайды.                                

    Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.

    2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.

    3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.

    4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.

    5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.

    6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.

    7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.
    Лекция№14

    Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері
    Лекция жоспары:

    1.Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің компоненті.

    2.Білім мазмұнының негізгі компоненттері.

    3.Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама.

    4.12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау.
    1.Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің компоненті.

    Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалы мен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді. Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" - деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин т.б. зерттеді. И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".

    Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жинаған тәжірибесі.

    Білім мазмұнының түрлері:

    • күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;

    • көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;

    • болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;

    • белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;

    • ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;

    • әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.

    Сонымен ғылыми білім - болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетанымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.

    2.Білім мазмұнының негізгі компоненттері.

    Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту. Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мәтінді бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б. Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады.

    Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркем өнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар.

    Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені танудың маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. Көркем өнер іс-әрекеті эстетикалық дүниетанымды дамытып, әдемілікке сұранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді. Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп, азаматтық бет-бейнесін қалыптастырады.

    Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы үйретіледі. Іс-әрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар орындайды.

    Білімнің үшінші элементі шығармашылық жұмыс тәжірибесі "дайын" білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді

    Әрине оқулықтың барлық тақырыптары мәселелік әдіспен түсіндірілсін деп ешкім талап етпейді. Бірақ тақырыпқа сай қиын әдісті қолданған жақсы. Оқушыларға ғылымда, өндірісте қандай қиын болғанын, оларды шешу үшін қандай жұмыстар атқарылғанын, нәтижесінде ғылыми жаңалықтар ашылып, олар ғылымда, техникада үлкен өзгерістер әкелгенін баяндау қажет. Сол сияқты ақиқат үшін күрескен, баланың адамгершілігіне игі әсерін тигізетін ғалымдардың өмірі және қызметімен таныстырған дұрыс.

    Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда қолдандыратын тапсырмаларды оқулықтардан, басқа деректерден, оқушылардың өз тәжірибелерінен алуға болады, Оқушылар ғылыми әдістер қолданып, шығармашылық жұмыстар арқылы бағдарламадағы білімдерді өз беттерімен, шағын зерттеу жұмыстары арқылы меңгереді. Осы теорияға сәйкес бастауыш сыныптың математика оқулығына шығармашылық есептер, қазақ тілі оқулығына шығармашылық тапсырмалар енгізілген.

    Білім беру мазмұнының төртінші элементі - тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас.

    Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын математика, дүниетану, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.

    3.Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама.

    Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік, дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.

    Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады.

    Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Оның көп себебі бар. Солардың бірі - кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын ешқандай әдістемесіз енгізуі.Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады.

    Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндігіне сай жүреді. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылды. Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймақтық ерекшеліктер ескерілді. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын. Әрине стандарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік жинақтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр. Стандарттың бірінші бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім беру салалары, базалық білімнің мазмұны, бастауыш сыныпты бітіретін оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жазылған. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, музыка пәндері бар. Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.

    4.12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау.

    Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады.

    Екінші саты - негізгі мектеп, Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды.

    Білімнің екінші сатысына бес жыл (5-9 сыныптар) бөлінген. Осы сатыда бастауыш сатыдағы білімдерін жалғастырып отырған 5-6 сынып оқушыларына берілетін білім мазмұны бастауыш мектептегі білім мазмұнымен тығыз байланысты болады.

    Жоғары сатыда (10-12) негізгі мектептің барлық пәндері бойынша жалпы білімдік дайындық аяқталады. Енді оқушының бір білімдік бағытты саналы түрде таңдауына жағдай жасалып, базистік жоспардағы міндетті емес бөліктер оқушының жекелеген білім салаларын тереңдетіп оқуы үшін және зерттеу-ізденіс сипатындағы жұмыстарды жүргізуі үшін қолданылады. Бұл сатыда оқушылардың қажеттіліктері, икемділіктері, танымдық қызығушылықтарына қарай оларға арналған түрлі курстар оқытылады.

    Гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, биология-химиялық, техника-технологиялық және басқа бағыттарды оқушылар өздерінің танымдық қызығушылықтары мен қабілетіне қарай таңдап алады. Ал білім беру ұйымы өзінің мүмкіндігіне және әлеуметтік мәдени орта ерекшеліктеріне қарай оқушылардың таңдауына түрлі бағыттарды ұсынады. 3 сатыға арналған базистік оқу жоспарына барлық бағыттар үшін білім мазмұнының міндетті минимумы енгізілген. Мектептің өзі анықтайтын пәндерді көбейтуі оларға іштей, сырттай, дистанциялық оқыту түрлерін қолдануға, ал оқушылардың жеке білімдік бағдарлама бойынша білім алуына мүмкіндік береді. Осы жоспар мектептегі оқу-тәрбие процесін реттеп отырады.

    Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары - негізгі мемлекеттік құжат, мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі. Негізгі оқу жоспарына 7 білімдік сала, атап айтсақ, тіл мен әдебиет, жаратылыстану, қоғам тану, адамтану, математика, өнер, технология курстары енгізілген. Осыған байланысты оқу жоспарында инварианттық (мемлекеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктер белгіленген. Мемлекеттік бөліктегі оқу пәндерін білім беретін ұйымдардың барлығы оқытуға міндетті. Мектептік бөлік баланың жеке ерекшеліктерін, икемділіктерін ескере отырып, білім алуына мүмкіндік береді. Мектептік бөліктің пәндерін жергілікті жерлер анықтайды.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19


    написать администратору сайта