Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
Скачать 274.68 Kb.
|
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С. 2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ. 3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б. 4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С. 5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т. 6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ. 7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н. Лекция№7 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі Лекция жоспары: 1.Тәрбиенің мақсаты – тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы. 2.Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. 3.Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. 1.Тәрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие - материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді коғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Мақсат дегеніміз ֊бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші коғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. 2.Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді: • адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім"; • заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік"; • құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие"; • тән саулығы - "дене тәрбиесі". И.Г.Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген. Неміс педагогы А.Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген. К.Д.Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. 1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді. А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді. Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні - еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рахат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген. Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы" - деп жазды. Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу. 3.Әлемдік және ұлттық мәдениет - тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты - Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас - ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы", "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Заңына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С. 2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ. 3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б. 4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С. 5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т. Лекция №8 Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны. Лекция жоспары: 1.Тәрбие мазмұны ұғымы. 2.Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. 3.Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. 4.Ұлттық тәрбиелік әлеует. 5. Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие. Лекция мәтіні: 1.Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі. Тәрбие процесі - бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиелеушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілермен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратан біртұтас объектіні дамытады. Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады. Тәрбие процесінде мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті - бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі - тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады. Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие ерекше орын алады. Бұл процестің орны мен ролі тұлға қалыптастыру процесі құрылымында тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын-ала белгіленген жоспар мен міндеттерге сәйкес әрекет жасаған тұтас ортада тәрбие іске кіріседі. Тәрбие - бұл тұлғаны мақсат бағдарлы қалыптастыру процесі. Тәрбие процесі - бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің нақты пәрменді бірлескен әрекеті. Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралды. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әр бір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар өндіріс құралдары құл иеленушінің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылды, байлығын молайту, басқаны құл ету үшін, соғыс өнеріне жайлап алу соғыстарын жүргізуге тәрбиеледі. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең басты мақсатына айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдеттері қарастырылды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, онсыз ілгері дамымайды. Таптық қоғамда реакциялық және прогрестік күштер арасында таптық тартыс орын алады. 2.Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» - «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау» - деп атап көрсетеді. Қай кезде де тәрбие мақсатын жүзеге асыратын орта және жоғары мектеп болып табылады. Оларда жастардың басым көпшілігі оқып, өмірге жолдама алады.Сонымен, оқу орындарының мақсаты - жастарды жан-жақты, жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары адамгершілік позицияларын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу. Бұл мақсаттар мынадай комплекстік міндеттерді талап етеді; дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты пайдалана білу - секілді әлеуметтік функцияларды дұрыс қабылдап пайдалана білуге әзірлеу, кәсіп таңдау, өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, жастардың өзін-өзі тәрбиелеуіне өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау.Тәрбиенің нақты мақсаты - өз мүддесі мен қоғам мүддесін ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жастарды тәрбиелеу. - оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялататын ұлттық рухты сініру, тіл мен әдебиетті, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрлерін меңгеру; - оқушыларды интернационалистік рухта, өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрі мен тілін құрметтеуге баулу; - әрбір оқушының бойына оқып үйренсем деген іздемпаздылық қасиет дарыту, оларға өз білімін толықтыру, тереңдету тәсілдерін үйрету, білуге құштарлығын ояту. - адам, табиғат, қоғам туралы ең қажетті білімдерін қаруландыру, политехникалық білім берудің қолданбалы бағытын күшейту. - оқушыларды өздерінің әлеуметтік сұрныстарына сай етіп оқыту, саралап, даралап оқытуды кеңінен пайдалану, қаруларына қарай алғашқы кәсіптік және бастапқы арнаулы даярлықтан өткізу. -бүгінгі күннің талаптарына сай нарықтық экономикалық элементтерін меңгерту, таланты мен қабілетін жетілдіру, ой-санасы мен еркін ұштап, өз мүмкіндігін барынша аша түсуге жәрдемдесу. -жаңа экономикалық қатынастар, әлеуметтік сұраныс жас ұрпақты өмірге еркін араластыру үшін, оларға ұлттық, бүкіл адамзаттық рухани байлығымен таныстыру. Тәрбие жеке басты мақсатқа сәйкес қалыптастыру процесі. Мақсат дегеніміз - бірдемеге ұмтылу, бір нәрсені іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты деп алдын-ала ойластырған жастарды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету. 3.Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылы-тілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу; Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері: а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету; ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу; б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие міндеттері: бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру. эстетикалың қүралдарды пайдалануға дағдыландыру. әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу. Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке тәрбиелеу. 4.Ұлттық тәрбиелік әлеует. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды сапаға көтеріп алу тиімді. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. Сонымен бірге “Мәңгі ел” ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен Үкімет осы бағытта үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік өкілдері елдің индустриялық-инновациялық даму жолына түсуін қатаң бақылауына алып, жіті қадағалап отыр. Түсінген адамға мұның түпкі астарында да мемлекеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстын жатыр. Елбасының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына орай аталған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттеріне арнап оқыған “Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс” атты дәрісінде осы мәселені жан-жақты талдап, келешегімізге қандай жолмен баруымыз керектігін тағы бір айқындап берді.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт болу деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық ұстын, ұлттық болмыс жатыр. |