Главная страница
Навигация по странице:

  • 1) Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін қ алыптастырудың алғышарты.

  • 2) Инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау, насихаттау, тарату және пайдалану – мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолы

  • 3) Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру - педагогтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы.

  • 4) Педагогика ғылымы мен практиканың өзара байланысы

  • 5.Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

  • Тәжірибе өткізудің әдісі

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Лекция№5 Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы Лекция жоспары

  • Лекция мәтіні: 1.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.

  • Жеке тұлға дегеніміз

  • Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері

  • 2.Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.

  • 3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар.

  • Тұқым

  • Тұлғаның іс-әрекеті

  • Лекция. Лекциялар-ПжТЖӘ (2). Лекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары


    Скачать 274.68 Kb.
    НазваниеЛекция1 азіргі жадайдаы білім беруді басымдылы ролі Лекция жоспары
    АнкорЛекция
    Дата20.09.2022
    Размер274.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛекциялар-ПжТЖӘ (2).docx
    ТипЛекция
    #687496
    страница4 из 19
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

    4.Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері.

    Ғылыми-қолданбалы білімдер жүйесі мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру алдыңғы қатарлы озат педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу, үйрену, тарату және пайдалану, мектеп практикасына педагогика ғылымының жаңалықтарын ендіру, педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланысын орнату, сондай-ақ, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында білім беру саласындағы педагогикалық шығармашылық пен жаңашылдықты енгізу, инновациялық педагогикалык технологиялардың қыры мен сырын меңгеруді үйрету болып табылады. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып кетейік.

    1) Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғышарты.

    Әдістемелік жұмыс мұғалімнің өзін-өзі дамыту барысында өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға педагогикалық әсерінің қажетті мүмкіндігін қалыптастыратын іс-әрекеттерінің өзара байланысқан әдіс-тәсілдерінің нақты жиынтығын кұрайды. Әдістемелік жұмыс жүйесінің төмендегідей элементтер жиынтығын ашып көрсетуге болады: мақсат, ұйымдастыру принципі, мазмұны, формасы, әдстері және нәтижесі. Автор әдістемелік жұмыстың мақсаты мұғалімді педагогикалық шығармашылыққа жеткізетін білім, білік, дағды мен зерттеу мәдениетінің, рухани мәдениеттің бірін-бірі толықтыруы ретінде анықтайды.

    Ғылыми-әдістемелік жұмыс өзара бір-бірімен тығыз байланысқан 2 бөліктен тұрады:

    -оқу-әдістемелік жұмыс - педагоггарды оқу жоспары мен бағдарламасын құруға бағыттап, оқушыларды үздіксіз жалпы білім беруге даярлау идеясын жүзеге асырады, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын қамтамасыз етеді;

    -ғылыми-зерттеушілік жұмыс - оқушылардың оқу материалын мең­геру механизмдері мен заңдылықтарын айқындауға, педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен техникасын меңгеруге көмектеседі, білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды меңгеру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау критерийлерін анықтау жолдарын үйретеді.

    2) Инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау, насихаттау, тарату және пайдалану – мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолы

    Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту мен тәрбиенің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми мәселелерді жинақтаудың негізгі көздерінің бірі. Сондықтан, педагогикалық инновациялық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.

    Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде білім беру мекемелеріне қатысты инновациялық педагогикалық тәжірибені үйрену, зерттеу, пайдалану төмендегідей бағытта қарастырылып жүр:

    -мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелері қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру жұмыстарының құрамды бөлігі;

    -мектепшілік әдістемелік жұмыстың инновациялық бағыты;

    -мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелері қызметкерлерінің шығармашылық дамыту құралы;

    -педагогикалық зерттеу әдісі;

    -педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланысының нәтижесі;

    -мұғалімдердің, мектеп басшыларының, білім беру мекемелерінің педагогикалық іс-әрекетінің арнайы түрі.

    3) Озат тәжірибені мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру - педагогтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру құралы.

    Педагогика ғылымының жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені практикада пайдалану мәселелері М.А.Данилов, В.Е.Гмурман,Ф.Ф.Королев,Ю.К.Бабанский, Л.В.Занков, М.И.Махмутов және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

    Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибені ендіру, озат мұғалімдер мен мектептің тәжірибесін насихаттау, тарату мәселесін алғаш көтерген М.Н. Скаткин болды. Педагогика ғылымындағы жаңалықтарды мектеп практикасына ендіру мәселелерімен В.Е. Гмурман, Ю.К. Бабанский, П.И. Карташов және т. б. айналысты. Осы мәселенің теориялық аспектісін зерттеген М.Н.Скаткин төмендегілерді ерекше атап көрсетеді: мұғалімнің практикасына жаңаны ендіруге бағытталған жол, ендіру ұғымы, ендіру припциптері, тиімді ендіру шарттары, ендіру іс-әрекетінің тәсілдері, ендіру үрдісі, ендіру түрлері, ендіру жұмысындағы кемшіліктер, ендіру үрдісін басқару, ендіру кезеңдері, педагогикалық зерттеу нәтижесінің түрлері және оны ендіру ерекшеліктері, ғылыми жаңалықты ендіруге және пайдалануға даярлық көрсеткіштері, әдістемелік қызмет, ендіру тиімділігі (бағасы, ендірудің типтік бағдарламалары, педагогикалық ұсыныстарды бағалау критерийлері).

    Педагогика ғылымы мен озат педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектеп практикасына ендірудің әдістемелік және практикалық мәселелерін М.Н.Скаткин, Я.С.Турбовской, Н.В.Кузьмина, Н.В.Кухарев, Л.И.Гусев, Г.Л.Лұкпанов, И.В.Баранова және басқа ғалымдар зерттеді: озат педагогикалық тәжірибені ендіру үрдісінің мақсаты мен маңызы; ендіру үрдісінің логикалық, ендіру мақсатқа бағытталған іс-әрекет, ғылым жетістіктерін практикада пайдалануға даярлық деңгейі; ендіру іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын шарттар жүйесі, педагогикалық мақсатты шешуге мұғалім мен тәрбиешінің шығармашылық аспектісі, педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстық заңдылықтары мен факторлары; ғылыми ұсыныстардың педагогикалық ұжымның тәжірибесіне айналдыру механизмі, ендіру үрдісінің алгоритмі.

    4) Педагогика ғылымы мен практиканың өзара байланысы - педагогтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғы шарты

    Мектептің кәсіби іс-әрекеті мен әрбір мұғалімнің шығармашылық әс-әрекетінің әдіснамалық негізінің құраушысы болатын теория мен практиканың үздіксіз өзара байланысын қарастыруға болады. Педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы олардың өзара іс-әрекетінен туындайды.

    «Өзара іс-әрекеттілік» ұғымы педагогикалық зерттеу нәтижелерін практикаға ендіруді білдіреді, теория мен практиканың өзара іс-әрекеттілігі педагогикалық іс-әрекеттің кез келген түрінде байқалады (оқу-тәрбиелік, басқарушылық, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет, мұғалімдер қауымына педагогикалық ғылымның материалдарын беру іс-әрекеті). Соңғы кезде, ғылым мен практиканың өзара іс-әрекеттілік мән-мәтінінде педагогикалық жаңалықты пайдалану мәселесі көбірек зерттелуде. Көптеген зерттеушілер жаңашылдық қозғалысын педагогикалық жаңалықта пайдаланумен тығыз байланыстырады.
    5.Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

    Педагогикалық кезеңде анықталған сатылардың шешімімен байланысты нақты істің шешілетін кезегі мен педагогикалық тәжірибеде келесі кезеңдері мен сатыларын бөліп көрсетуге болады:

    1. тәжірибені жоспарлау. Техникамен тәжірибеде өткізудің технологиясын таңдау мен бекітуге байланысты келелесі сатыларды бөліп атқаруға болады.

    2. мақсаттарды анықтау

    3. факторлардың түрлері

    Тәжірибе өткізу . Тәжірибе өткізуді екі кезеңге бөлуге болады.

    1. мәліметтерді өңдеу

    2. алынған деректерді, мағлұматтарды бекіту немесе қабылдамау.

    Тұжырымдама жоспары

      • Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

      • Тәжірибенің өткізетін орны мен уақыты

      • Тәжірибеге қатысатын адамдарды сипаттау

      • Тұжырымдама өткізу әдістемесін сипаттау

      • Тәжірибе нәтижесіне әсер ете алатын ауыспалы қосымшаларды сипаттау

      • Тұжырымдама нәтижесін пайымдау әдісі

    Тәжірибе өткізудің әдісі

    Тұжырымдама өткізу әдісін жасауда зерттеуші тұжырымдаманың мақсатын айқындап бүкіл зерттеудің барысындағы орнын, жағдайын және мүмкін болатын нәтижені елестете алу қажет. Педагогикалық тұжырымдамаларды өткізу әдісі әртүрлі және өткізу мерзімінен, мақсаттарын, педагогикалық факторлардың, құрылысының күрделілігіне байланысты. Оны жоспарлағанда келесі нәрселерге кеңес береміз:

    • Алғашқы мәлімет пен болжау педагогикалық құбылыстың зерттелетін процессті алдын-ала ұйымдастыра отырып айқындау.

    • Тәжірибелеуге объектілерді дайындау және оларға шартты жасау.

    • Зерттеу құбылысының даму жолдарын жүйелі түрде бақылау және деректерді нақты жазып алу.

    • Тұжырымдама өткізу процесін ұқыпты жоспарлау.

    • Әртүрлі тәсілдер мен әдістер арқылы (сызба, анкета, тест) деректерге баға беру, өлшеу, тіркеу жүргізу.

    • Шарттар сипатын өзгерте отырып, қайталанатын жағдай ұйымдастыру.

    • Бұрын-соңды алынған мәліметтерді бекіту немесе теріске шығару


    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.

    2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.

    3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.

    4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.

    5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.

    6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.

    7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.

    Лекция№5

    Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы
    Лекция жоспары:

    1.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.

    2.Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.

    3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар.

    4.Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.

    5.Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», «дарынды балалар», «акселерация»).
    Лекция мәтіні:

    1.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.

    Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

    «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.

    Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы - «жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам - индивид.

    Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:

    Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

    Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

    Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.

    Тəрбиенiң негiзгi мақсаты жеке адамды қалыптастыру жəне оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл мiндеттердiң табысты шешiмiн беру жеке адамның дамуы қалай өтетiнiн жəне оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететiнiн бiлумен байланысты.

    Адам баласы тұлға ретiнде өмiр сүру барысында өзiнiң қоғамдық мəнiн

    сипаттайтын көптеген əлеуметтiк сапалар мен қасиеттердi қалыптастырады əрi дамытады. Мiне осыдан, ол ғылымда биоəлеуметтiк тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесi деп танылады. Демек, ''адам'' түсiнiгi осыдан биологиялық жəне əлеуметтiк (қоғамдық), сапа мен қасиеттердiң бiрлiгiн бiлдiредi.

    Ал ''жеке адам'' түсiнiгiн алатын болсақ, ол тек қана əлеуметтiк сапа мен қасиеттердi игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тiршiлiк иесi сипатында көрiнiп, тiл игеруi, санасы, əртүрлi əдеттерiмен ерекшеленедi. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тiкелей байланысты. Сонымен ''жеке адам'' дегенiмiз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмiр барысында өзiне топтаған əлеуметтiк сапалар мен қасиеттер жиынтығын бiлдiредi.

    Жеке адамдық сапалар өмiр барысында қалыптасқандықтан, олар бiреулерде айқын көрiнiп, басқаларда күңгiрттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дəреже деңгейiн қалай бiлемiз жəне оның өлшемдерi қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсiз.

    Даралық бiр адамның екiншiсiне ұқсамайтын, өзiндiк ерекшелiгi мен өзгешелiгiн сипаттайды. Даралық, əдетте, мiнез бен темпераменттiң айрықша бiтiстерi (салмақты, сабырлы), шығармашылық iс-əрекет жəне қабiлетiнiң ерекшелiктерiнiң (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзiндiк көрiнiстерiмен бөлектенедi. Аталғандар сияқты мұғалiмнiң де даралық белгiлерi оның терең бiлiмдарлығында, педагогикалық ой-өрiсiнде, балаларға жайлылығы мен еңбектегi жасампаздығында танылуы мүмкiн. Даралық түсiнiгi бiр адамды екiншiден айырып, оған өзiндiк қайталанбас сəн беретiн жалпылық жəне жалқылық қасиеттердi бiлдiредi.
    2.Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.

    Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

    Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Д.Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С. Макаренко т.б.).

    Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

    Жеке тұлға - бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

    «Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы - «жекелік». Әрбір адам индивид болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы -оның бойында болып жатқан өзгерістер.Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен пихиканың дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси қөзқарасы мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.
    3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар.

    Білім алушылардың дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы əсерлер екi топқа бөлiнедi: iшкi жəне сыртқы. Қоршаған орта жəне тəрбие - сыртқы əсерлер: табиғи икемдiлiк пен құмарлықтар. Сыртқы тəрбие орта əсерлерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстардың жиынтығы - iшкi əсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың байланысынан болады. Тəрбие адамның iшкi жан дүниесiне ұнамды қозғау салып, (өзiне бағдарланған) өзiндiк өңдеу белсендiлiгiн арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметiн орындай алғаны.

    Тәрбиебалалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.

    Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін төрт факторлардың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.

    Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.

    Тұқым қуалаушылық ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.

    Тұқым қуалаушылық деп генетикалық код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен кейбір ерекше қабілеттіктер нышанының берілуін айтамыз:

    • дене бітімінің ерекшеліктері;

    • шаштың, көздің, тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;

    • қан тобы, резус-фактор;

    • бала мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке жүйесінің ерекшеліктері, психикалық процестердің өту ерекшеліктері;

    • қан аурулары, қант диабеті, кейбір эндокриндік бұзылушылықтар;

    • кейбір ерекше қабілеттіліктер нышаны.

    Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта-бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді.Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Табиғат жағдайына олардың мінез-құлықтары да ерекше байқалады.

    Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

    Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және алдын-ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.

    Тұлғаның іс-әрекеті немесе белсенділігі деп адамның бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің барлығын айтады. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


    написать администратору сайта