|
Математика 1,2,3,4 тоқсан. Математика 3сынып
Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Жазбаша қосу және азайту. 427+283 және 710-427
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Сабақтың мақсаты: Жүздіктерді, ондықтарды, бірліктерді санау реті, оқылуы, жазылуын үйрете отырып, шапшаң есептеуге үйрету. Жан-жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді пысықтау
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, проблемалық, көрнекілік, сұрақ-жауап.
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| Логикалық жаттығу:
Үйге жұмсап Жарқынды
Алдырдық біз үш түйе
Қос қап бидай артылды
Әр түйенің үстіне
Тапқыр болсаң ал санап
Бидай алдық қанша қап?
Кітаппен жұмыс
Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды түсіндіру
427 + 283 = 710
710 – 427 = 283
Шамалармен жұмыс жасау
+ 427 +4м 2дм 7см -710 -7м 1дм 0см
283 2м 8дм 3см 427 4м 2дм 7см
710 7м 1дм 0см 283 2м 8дм 3см
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
| Оқулықпен жұмыс.
1-топ №1,2
2-топ №2,3
3-топ 4,5
| Сергіту сәті
| Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Қосымша тапсырмалар
Есепті шығар
Автобуспен - 236км
Поезбен - ? – 374км артық
Ш ешуі: 236 + 374 = 610
Жауабы.: Оқушылар поезбен 610км жүрді
Кері есеп құрастыру
Шешуі: 610 – 374 = 236
Жауабы: оқушылар автобуспен 236км жүрді
Ауызша есеп
32кәмпит 4 ыдысқа -8 кәмпит
4тен бөлсек – ыдысқа
«Балапанға көмектес» ойыны
9+9-10= 8
9-9+8 =8
5 бөліктен тұратын сынық сызық сыз, ұзындығын тап.
Р = 10см
| Үй тапсырмасы
| Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Қайталау. Жазбаша қосу және азайту
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Үш таңбалы сандар құру, оларды қосу және азайту тәсілдері туралы білімдерін қорытындылау және алған білімдерін таныс жағдайда қолдана білу. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бүгін сабақта сендер қосу мен азайту амалдарын орындау туралы білімдеріңді қайталайсыңдар. Жетістікке қол жеткізем десең сабақта берілетін барлық тапсырмаларды орындауға тырыс. Сабақ соңында әрқайсың өз білім деңгейлеріңді тексеріңдер. 2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| 1. Төменде берілген сандар қатарын қалай тәртіпке келтіруге болады? «Артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»? 10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 - дөңгелек сан емес) 1, 7, 14, 21, 27. (1 саны 7 - ге бөлінбейді) 12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 - үш таңбалы) 24, 11, 13, 15, 17, 19, 12. (24 - екі ондық) 2. «Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есептеу, Ойының мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру. Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтада мысалдар тізбегі берілген, балалар соңғы нәтижені табады және карточкалардың көмегімен жауаптарды көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, балалар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді немесе бірнеше бала ауызша жауап береді, сонан кейін тексеру жүргізіледі. а) 450 - 50 + 2 + 18 - 40 + 500 ә) 799 +1 - 300 - 5 - 90+10 6) 900 - 800 + 1 + 99 - 40 + 5 Таза жазу минутын ұйымдастыру үшін 3, 4, 5 цифрларынан сандардың барлық мүмкін нүсқаларын құрастыруды тапсыру (345, 354, 435, 453, 534, 543). - Ең кіші санды ата. - Ең үлкен санды ата. - 3 жүздік және т. б. болатын сандарды ата.
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
| Оқулықпен жұмыс.
1-топ №1,2
2-топ №2,3
3-топ 4,5
| Сергіту сәті
| Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәріміз тұратын көңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Шығармашылық тапсырма
(700+ 30)+ 60 (700 + 30) + (600 - 20) (700 + 30) + (360 - 80) (700 + 30) + 150 Сыныпта осы кестелерді пайдалана отырып, бірнеше тапсырма орындауға болады, ал қалған өрнектерді балалар үйде құрастырып, шешуі керек.
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Жазбаша қосу және азайту. 736+264 және 1000-264
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Білімділік: 736+264 және 1000-264 қосу және азайтуды түсіндіруДамытушылық: Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және пәнге қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып шығаруда қолдану біліктігін дамыту. Тәрбиелік: Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамытуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ Көрнекілігі: дидактикалық материалдар
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. №2 (ә) 111-бет №6 111-бет Ауызша тексеру
3. 1.«Кім жылдам?» ойыны. Ауызша есепте Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан Математикаға орын берсең басыңнан Барлық ғылым соған үйір болады Досың солар табылатын қасыңнан 56:7*4 80*3:4 30*8+16 72:8*9
54:6*3 90*2:6 63:3-10 36:6*100
28:4*9 40*9:6 48:6*9 490:70*30
ІІІ. Жаңа сабақ. - Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? Осы айда қандай атаулы күн бар? Қосу және азайту. 736+264 және 1000-264
736+264 1000-264
...... қосамын ........ азайтамын
..... қосамын ........ азайтамын
..... қосамын ....... азайтамын
жауапты оқимын
Қосу мен азайтудың компоненттері бойынша оқыту
№2 112-бет Түсіндіре отырып шығару
2. Қай сан орнында жоқ? Ойыны. Кел, балалар, ойнайық! Ойнайық та ойлайық Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық 9 • □ = 540 1000 - □ =630 90 • □ = 540 □ • 90 = 630 □: 7 = 90 □: 90 = 7 810:□ = 90 700: □ = 7 10 • □ = 90 3. Амалдарды орында. Ал, достарым, келіңдер, Біріңе - бірің еріңдер Біліміңді тексеріп, Амалды орындап көріңдер 45 - (5•2) 9•(3+6) 50: (7+3) 63: (4+3) 24: (4+4) 48: (6+2) 4. Теңдеулерді шеш. Көп білетін оқушы Тақта алдына келеді Теңдеулердің шешімін Дұрыс тауып береді Екі топ теңдеулерді орындайды.( тақтада орындайды) Теңдеулерді шеш: х *100=900 456+х=932 932-х=456 х-476=456
5. «Есеп шығару Қане тәртіп сақтайық Тез есептеп аттайық Алға қадам басқанда Батылдықпен аттайық №5 113- бет
Болды– 1000м
1-ші үйге – 372м
2-ші үйге –299м
3-ші үйге –?м
Ш: (1000-372)-299=329
ІV. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық
Шеңбер жасап алайық
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір,
Алға қарай бір адым,
Артқа бір адым,
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызға отырайық
Қалдықпен бөлу
21:4= 31:3=
32:3= 31:4=
12:5= 13:9=
«Кім зерек?»
1. 5ондықты 3есе арттыр 2. 1дм - де неше см бар? 3. 30 бен 50 - дің қосындысы 4. 89 - дың алдында келетін сан 3. 1 сағатта неше минут бар? 4. 90 мен 40 - тың қосындысы? 5. 7 ондық пен 2 ондықтың айырмасы 7. Логикалық тапсырмалар 1 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 4жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? 2. Бір сағатта неше минут бар? 3. Бір аптада неше күн бар? 4. Бір жылда неше ай бар? 5. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
| Ой толғаныс
| Үй тапсырмасы
| Оқулықта қалған тапсырманы орындау.
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| |
|
|