|
Математика 1,2,3,4 тоқсан. Математика 3сынып
Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Үш таңбалы сандар. Үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту тәсілдері 2-сағат
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Үш таңбалы сандарды ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру, сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеу
жұмысын жалғастыру, есептей білу дағды, машықтарын жетілдіре түсу, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін ұштай түсу.
Керекті құрал: оқушылардың сызғыш, қарындаштары.
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| Ауызша есептеу тәсілдерін қайталауға ойындар.
40 - * = 20 56 - * = 13
100 - * = 35 67 - * = 34
77 - * = 13 58 - * = 47
100 көлеміндегі қосу, азайту дағдыларын пысықтау.
«Кім жылдам!» ойынын ұйымдастыру.
+8 +7 +9
12 13 11
23 24 23
24 27 26
38 28 29
67 48 47
| Қызығушылықты ояту
| Түлкі мен қасқыр”. Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? Қасқыр-100 Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
1-карточка
683, 368, 836, 638, 386, 863 т.с.с.
Әрқайсысынан бір санды разрядтық қосылғыш қосындысы түрінде жазу.
423 = 4 жүзд. 2 онд. 3 бірл.
2.-карточка
70 + 14 = 84 80 – 52 = 28
370 + 14 = 384 780 – 52 = 728
35 + 23 = 58 36 – 21 = 15
350 + 230 = 580 360 – 210 = 150
3 -карточка
а) □ □ / □ □ /□ □ /□ □ /□ □ / □ □
Жауабы: 6 хатқалта керек
ә) □ □ □ □ □ □ / □ □ □ □ □ □
Жауабы: Әр хатқалтада 6 ашықхат.
4-карточка
Ұзындығы – 15 см Р = 15 см + 10 см + 15 см + 10 см
Ені - ? 5 см қысқа Р = 50 см.
Р - ?
15 – 5 = 10 (см – ені)
№ 5 – карточка
652 – х = 14 + 38 140 + в + 300 = 770 56 + с + 14 = 100
652 – х = 52 440 +в = 770 70 + с = 100
х = 652 – 52 в = 770 – 440 с = 100 – 70
х = 600 в = 330 с = 30
652 – 600 = 14 +38 140 + 330 + 300 = 770 56 + 36 + 14 = 100
52 = 52 770 = 770 100 = 100
| Сергіту сәті
| Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәрімізтұратынкөңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Ж: 127
| Үй тапсырмасы
| Тапсырмаларды орындау
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктері
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру. Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық. Сабақтың түрі: ойын Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Психологиялық дайындық
| Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»: 1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп) 2.Математикада неше цифр бар? (10) 3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14) 4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6) 5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)
| Қызығушылықты ояту
| «Ой ашар» І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады. 1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған) 2. Көбейтудің заңдарын ата (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік) 3. 1км-де неше метр бар? 1000м 4.1дм-де неше мм бар? 100мм 5.1 м-де неше мм бар? 1000мм 6.1тоннада неше кг бар? 1000кг 7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар) Қандай өлшем бірліктері? - км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері - т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер? Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым. Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс. Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш. Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг) Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.
Оқулықтағы тапсырмаларды 3-топқа бөліп орындау.
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
| Сергіту сәті
| Қоян шықты далаға, Жан-жағына қарады. Секірді, жүгірді, Отырды, тұрды.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Деңгейлік тапсырма: І деңгей: 4 ²+ 5² = 16 + 25 =41 7² - 3² = 49 - 9 = 40 2² * 8² = 4 * 64 = 256 ІІ деңгей: Велосипедші 24 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақыт ішінде ол қанша қашықтықты жүріп өтті? S=VT = 24*4 = 96 км ІІІ деңгей: 76 * Х = 38* 50 76 * Х =1900 Х =1900 / 76 Х =25
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырманы орындау.
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| |
|
|