|
Математика 1,2,3,4 тоқсан. Математика 3сынып
Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Бақылау жұмысы №1
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Оқушылардың өткен сабақта алған білім,білік дағдыларын қалыптастыру. Ой белсенділігін дамыту. Сауаттылыққа тәрбиелеу. Тапсырмаларды қатесіз дұрыс орындап үйрену.
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| Үй жұмысы туралы түсінікті қалыптастыру.
| Қызығушылықты ояту
| Көбейту кестесін сұрау
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
І нұсқа 1. Есепте: 12 × 5= 126 : 2 = 36 ×3 = 207 : 3= 654 - (256-25 : 5)= 418 - (170+90: 30)=
2. Есепті шығар: Кітапта екі әңгіме бар. Біріншісі 12 бетке, ал екіншісі 3 есе артық бетке жазылған. Кітаптағы екі әңгіме барлығы неше бетке жазылған ?
3. Салыстыр: 640:8 * 560:8 1сағ 10 мин* 80 мин 31 × 3 * 32 × 3 2м 3дм * 203см
4. Ұзындығы 6см, ені 2см тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.
5. Теңдеуді шеш : х×6 =54+6 х : 400= 20:10 ІІ нұсқа 1.Есепте: 24 : 4 = 528 :4= 10 : 2= 639 :3= 323 × 3 - 640 = 400 : 2 : 5+ 314=
2. Есепті шығар: 10 қара көжекке 3 сәбізден , ал 10 ақ көжекке 5 сәбізден берілді. Көжектерге барлығы неше сәбіз берілді?
3. Салыстыр: 50 ×3 * 51 × 3 30дм 2см * 302см
(90+6):3 * 90:3+6 : 2 3сағ 15 мин * 180мин
4. Ұзындығы 4см шаршының ауданын тап.
5. Теңдеуді шеш: 12 ×х =148-28 54: х =9
| Сергіту сәті
| Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәрімізтұратынкөңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| 1. Көбейтуді орында:
45 × 50 =
| 380 × 24
| 473 × 30 =
| 32 × 46 =
| 2. Бөлуді орында:
450 : 50 =
| 360 : 80 =
| 483 : 3 =
| 138 : 46 =
|
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Санды 1-ге көбейту және бөлу. 0-ді санға көбейту және бөлу. 1-ді санға көбейту
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпымақсаттар
| Натурал сандарды 0-ге және 1-ге көбейтуді орындау дағдыларын жетілдіру. Алған білімдерін қолдану. Өздігінен түсініп орындауға қалыптастыру.Ойлау қабілетін дамыту
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| Білім.
1. Тапсырмаларды орында, шешуін түсіндір: 1*3=1+1+1 =3
Неге 1*а =а*1 екенін түсіндір. Кез келген сан мен 1-дің көбейтіндісінің мәні сол санға тең болады. а*1 = а
1. Тапсырмаларды орында, шешуін түсіндір: 0*3=0+0+0 =0
Неге 0*а =а*0 екенін түсіндір. Кез келген сан мен 0-дің көбейтіндісінің мәні нольге тең болады. а*0 = 0
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
| Түсіну
Өрнектердің мәнін тап:
1*36=36
1*12= 12
45*1=45
0*16=0
Теңдеулерді шеш :
4*х= 0 х*9= 9
х=0 х =1
Бекіту.Жұптық жұмыс Кім жылдам? Уақытқа
Теңдеулерді шеш : 78*х= 78 х*19=0
0=17*х 52=х*52
Жинақтау Өтілген материалмен жұмыс
Есептер шығару
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
| Сергіту сәті
| Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Екі қатарға лездік 5 сұрақтан қойылады.
1 қатар
5ондықты 3есе арттыр
2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан
6ондықтан 2 есе артық сан
1дм-де неше см бар?
30 бен 50-дің қосындысы
2 қатар
3 ондықты 2 есе арттыр
93-тің алдында келетін сан
1 сағатта неше минут бар?
90 мен 40-тың қосындысы?
7 ондықты 2 есе арттыр
| Үй тапсырмасы
| Тапсырмаларды орындау
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Жүздіктерді бір таңбалы санға, ондықтарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| 1.Білімділік: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу жолдарын қарастыру, меңгерту. 2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есептеу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. 3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сабақтың әдісі:
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Білімнен бақыт табамыз Өнер – білім көп оқып Өсе берсін санамыз Кел, балалар, келіңдер Математиканы көріңдер Қане, қарап шығыңдар Оқуға зейін қойыңдар Сендер болып, біз болып сабақтың жақсы өтуіне тілектеспін!
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| Үй жұмысыорындалған дәптерлерін тексеру
| Қызығушылықты ояту
| Толық ондықты атаңдар? 2) Толық жүздікті атаңдар? Үлгі: 3x2=6 6:2=3 30x2=3онд. x 2=6онд. = 60 300x2=3жүзд. x 2=6жүзд. = 600 60: 2=6 онд.:2=3онд =30 600: 2=6 жүзд.:2=3жүзд. =300 1 медаль 1-тапсырма
4 x2=8 ---------------8:4=2 ------------- 3x3=9 40x2=80 ------------ 80:4 =20 --------- 30x3=90 400x2=800 --------- 800:4=200 ------ 300x3=900
2 медаль 2-тапсырма 1) Егер әрбір вагонда 40 т көмірден болса, 8 вагонда неше тонна көмір бар? Шешуі: 40x8=320 (т) Жауабы: 8 вагонда 320 тонна көмір бар. 2) Қаптағы жүгерінің массасы 20 кг. Бұл қаптағы күріштің массасына қарағанда 40 килограмм кем. Қаптағы күріштің массасы қандай? Шешуі: 20+40=60 (кг) Жауабы: қаптағы күріштің массасы 60 килограмм. 3 медаль Математикалық диктант 3 x2=6 4 x4=16 4 x7=28 12:4=3 16:2=8 32:4=8 4x6 =24 3x7=21 24:3=8
4 медаль Теңдеу шешу Хx4=40 300:а=3 5 медаль 2 сағ; 3сағ; 4сағатта неше минут бар? 2м; 3м; 4 метрде неше сантиметр бар? 2ц; 3ц; 5 центнерде неше килограмм бар? 2ғасырда; 3 ғасырда неше жыл бар? 6 медаль Логикалық есептер 1.Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай? 2.Жеті туыстың бір-бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу? 3.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? 7 медаль Өз бетімен жұмыс №5, №8 Кестені толтыр 30 x а 100 x а Есепте: 70x2= 600 :3= 50 x 4 = 90 x 2= 120: 2= 120: 3= 150 :3 800: 4= 700: 7= 90: 9= 210: 3= 800 x 2 60 x2= 50 x 3= 60 x 4=
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
| Сергіту сәті
| Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәрімізтұратынкөңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
Балалар мына есепті қатесіз шығарған кезде бір ерекше сөз шығады. Бәріміз ат салысайық. 4 * 2-----12 : 4-----4 * 3-----32 : 8-----4 * 6-----4 * 5-----36 :4----4 * 7-----20 : 4-----4 * 8 Ч-----------е-----------м----------п----------и--------о-----------н----------д---------а---------р
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| |
|
|