|
Математика 1,2,3,4 тоқсан. Математика 3сынып
Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Санды теңдіктер және теңсіздіктер. Сандарды және шамаларды салыстыру
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| 1.Білімділік: санды өрнектерді оқи, жаза, салыстыра білуді үйрету; 2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту, есеп шығаруға деген қызығушылығын ояту; ұқыпты, әдемі жазуға дағдыландыру; 3.Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, ойын.
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Психологиялық дайындық
| Телефоннан СМС келеді. -Балалар, бізге бүгін электрондық почтамен хат келді. Ендеше хатты оқиық. «Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек. Күз келді,күнде жауын, сондықтан мен жемістерді жинап үлгермей жатырмын. Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, онда Жемістер жиналады. Көмектесіңдерші, балалар!!! Сәлеммен кірпі.» -Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге? Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер жинайтын боламыз. Сабақтың ережелерін еске салу. 1-ереже. Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!
2-ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3-ереже. Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз!
4-ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
| Қызығушылықты ояту
| - Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?
-Қосудың компоненттерін атаңдар.
-Азайтудың компоненттерін атаңдар.
-Көбейту дегеніміз не? Көбейтудің компоненттерін атаңдар.
-Бөлу дегеніміз не? Бөлудің компоненттерін атаңдар.
-Өрнектер нешеге бөлінеді?
-Санды өрнек дегеніміз не?
-Әріпті өрнек дегеніміз не?
-Есеп дегеніміз не?Есептің құрамды бөліктерін атаңдар
-Теңдік дегеніміз не?Теңсіздік дегеніміз ше?
-Теңдеу дегеніміз не?
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
«Көкпар» ойыны.(«Көкпар» ойыны жайлы түсінік беру)
1.«Бозжорға»тобы 2.«Құлагер» тобы
Келесі санды тап:
1)2,10,50,... 4)4,9,14,...
2)6,12,18,... 5)2,4,8,...
3)3,9,27,... 6)4,15,26,...
2. «Асық ату» ойыны.Ауызша есепте.
1. «Бозжорға» тобы 2 .«Құлагер» тобы
34*1+34*0= 130+(45*2+45*8)=
7*100/10= 618-(38*6+38*4)=
3*50*2= 700-(2*13+2*7)=
3. Оқулықтағы тапсымаларды орындау.
| Сергіту сәті
| Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Бүгінгі күнді тақтадан, Әдемі етіп жазайық. Оқушылардың дәптерге әдемі жазуын қадағалау. Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| «Бәйге» ойыны(«Бәйге» ойыны жайлы түсінік беру)
Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады.
«Бозжорға»тобы
5ондықты 3есе арттыр(150)
2жүздіктен тікелей кейін келетін сан(201)
6ондықтан 2 есе артық сан (120)
1дм-де неше см бар?(10см)
30 бен 50-дің қосындысы(80)
«Құлагер»тобы
3 ондықты 2 есе арттыр (60)
93-тің алдында келетін сан(92)
1 сағатта неше минут бар?
90 мен 40-тың қосындысы?(130)
7 ондықты 2 есе арттыр(140)
| Үй тапсырмасы
| Тапсырмаларды орындау.
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Өрнектер және теңдеулер. Өрнектердегі амалдардың орындалу реті
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| 1. Оқушыларды жақшалармен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдардың алдымен орындалатынын айту, өрнектегі амалдардың орындалатын ретін анықтауға жаттықтыру, екі басқыштың амалдары көрсетілген жақшасыз өрнектегі амалдарды орындау тәртібімен таныстыру. 2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өткенді жаңғырту арқылы есте сақтауларын, уақытқа есеп шығару, жұмыс барысында шапшаңдықтарын қадағалау. 3. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға, өзіндік ізденіске баулау. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап есеп шығару, топтың жұмыс тест, ой қозғау, ой қорыту Сабақтың көрнекілігі: схемалар, ережелер, шығармашылық жұмыс, тірек сызба, кесте, карточкалар.
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз жақшалы өрнекте арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық. 1 - топ Қазақстан 2 - топ Тәуелсіздік Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға қатысты мұқият тыңдап отырайық (30+6): 4 өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндірейін Енді (5+2)*2 өрнегін құрып көрейік, ендеше жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады. А) Схемамен түсіндіру Яғни (30+6): 4=9 ә) (5+2)*2=14
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
| 1 - топ Қазақстан 2 - топ Тәуелсіздік Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға қатысты мұқият тыңдап отырайық (30+6): 4 өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндірейін Енді (5+2)*2 өрнегін құрып көрейік, ендеше жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады. А) Схемамен түсіндіру Яғни (30+6): 4=9 ә) (5+2)*2=14 - Балалар біртіндеп келіп мына өрнектің мәндерін табайық. Амалдардың орындалу ретін сақтай отырып есептейік. 1-ТОП 5*(10 - 4)=30 ------- (18+14): 4=8 --------- (10+20): 3 =10 6*4+16=40 ---------- 40: 5 +22=30 -------- 100: 5+203=223
2-ТОП Кесте бойынша есеп құрастыр және оларды шығар. Жәшіктің массасы ----- Жәшіктің саны ----- Жалпы массасы 3кг ----------------------------- 6 -----------------------? кг ? кг ---------------------------- 5 ----------------------- 30кг 4кг -----------------------------?------------------------ 28кг 3-ТОП
А) Амалдарды орындау 392+408=800 --------- (300 - 196)+74=104 --------- 456 - 244=212
| Сергіту сәті
| Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| ә) Теңдеу құр және оны шеш: А) Белгісіз санды 8 - ге көбейткенде, 32 шығады Б) 40 - ты белгісіз санға бөлгенде, 8 шығады. 4) Жаңа білімді бекіту. Теңдік дұрыс болатындай етіп, жақшаларды қой. (18+16): 2=17 6*(8: 4)=12 (15 +6): 3=7 (24+4): 4=7 Тест жаттығу. Қай амал бірінші орындалады көрсет. Өрнек Амал А) қосу Ә) азайту Б) көбейту В) бөлу Жауабы: 1) – 2) – 3) – 4) -
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| |
|
|