|
Математика 1,2,3,4 тоқсан. Математика 3сынып
Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Сыйымдылық және көлем
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпымақсаттар
| а) білімділік: көлем, сыйымдылық және олардың өлшем бірліктерін оқыту әдістемесін жетілдіру, оқытудың міндеттерін және әдістемесін таныстыру, практикалық жұмыстарды орындай алу, тақырыптар бойынша берілген есептерді шығару әдістемесін үйрету; ә) тәрбиелік: оқушыны сауаттылыққа, дәлдікке, реттілікке, есепті өмірмен байланыстыра білуге үйрету, бастауыш сынып оқушысы алдындағы жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу, көпшілікпен бірлесе жұмыс істеуге баулу; б) дамытушылық: оқушының математикалық ойлауын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылығын, математикалық тілде сөйлеу шеберлігін арттыру; в) кәсіби: болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде тақырыпты толық түрде оқушыға меңгерте алу білігін, оқушымен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| • Сыйымдылық және көлем ұғымдары • Сыйымдылық пен көлемнің өлшем бірліктері • Сыйымдылық пен көлемнің өлшем бірліктері арасындағы байланыс (тәжірибелік жұмыс) • Текше мен тік бұрышты параллелепипедтің көлемдерін табу ережелері
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
| Оқулықпен жұмыс.
1-топ №1,2
2-топ №2,3
3-топ 4,5
| Сергіту сәті
| Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| 1. Шамаға жатпайтын ұғым: А) литр В) аудан С) ұзындық Д) масса Е) уақыт 2. Сызықтық өлшем бірлігі: А) км В) см2 С) см3 Д) дм2 Е) м3 3. Ыдысқа құйылған сұйықтықтың көлемі ұғымына сәйкес ұғым: А) ыдыстың сыйымдылығы В) ыдыстың салмағы С) кесіндінің ұзындығы Д) фигураның ауданы Е) дененің жылдамдығы 4. Парта бетінің ұзындығын өлшеуге қолайлы өлшем бірлігі: А) дециметр В) миллиметр С) километр Д) метр Е) сантиметр 5. Бөлменің ұзындығы мен енін өлшеуге қолайлы өлшем бірлігі: А) метр В) сантиметр С) миллиметр Д) дециметр Е) километр 6. 1 литр судың массасы: А) 100 г В) 10мг С) 1 кг Д) 500 г Е) 10000 г 7. Қыры 4см текшенің көлемін тап: А) 64 дм3 В) 16 см3 С) 64 см3 Д) 4 см3 Е) 8 дм3 8. Көлемі 105 дм3 , ұзындығы 5дм, ені 3дм тік бұрышты параллелепипедтің биіктігін тап: А) 5дм В) 50см С) 7дм Д) 15дм Е) 3дм
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Текше және оның көлемі
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текшенің қыры мен көлемі туралы түсінікті қалыптастыра отырып, текшенің көлемін есептеп табу ережесін меңгерту, оқу жағдаяттарын шешуде математикалық заңдылықтар мен терминдерді қолдану; Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, өз ісінің нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесін, эстетикалық тәрбие беру; Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, сабаққа қызығушылығын арттыру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру;
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| 1 - топ: Теоретиктер (Кеңістік пен жазықтық фигураларының айырмашылығы мен ұқсастығын, қасиеттерін айтады): Шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек, сопақша – бұлар жазықтық фигуралары, олардың аудандары болады. Ал текше мен тік бұрышты параллелепипед – кеңістік фигуралары, олардың көлемдері болады. 2 - топ: Талдаушылар: Бастауыш сыныпта геометриялық фигураларды оқытудың басты нәтижесі – фигураларды тану және ажырату болып табылады. Осындай тапсырманы орындау жоғары сынып геометриясының элементтерін үйретуге дайындық болып табылады. Жазықтық және кеңістік фигураларын ажырата алу үшін қоршаған ортадан көбірек мысалдар келтіріп, заттық көрнекіліктерді пайдалану қажет. 3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Осы геометриялық фигураларды түрлі - түсті етіп беру олардың қасиеттерін ажыратауға септігін тигізе ме? ә) Пысықтау жұмысы: «Текше туралы не білеміз?» (сұрақ - жауап, талдау), (2, 5 мин) Сұрақ - жауап: 1. Текшенің неше жағы бар? - 6 жағы бар 2. Текшенің неше қыры бар? - 12 қыры бар 3. Текшенің неше төбесі бар? - 8 төбесі бар 4. Текшенің әрбір жағы қандай фигура? – Шаршы 5. Текшенің әрбір қыры неден құралған? – Кесінді 6. Текшенің әрбір төбесі неден құралған? - Нүкте 7. Текше тәріздес фигураларға қандай мысалдар келтіруге болады? – қорап, бөлме Нәтижесі: оқушылар текшенің қасиеттері мен элементтерін еске түсіріп, пысықтайды. Осы орындалған жұмыс түрі бойынша әр топқа сөз кезегі беріледі. 1 - топ: Теоретиктер: Текшенің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Оның әрбір жағы шаршы, әрбір қыры кесінді, әрбір төбесі нүкте. 2 - топ: Талдаушылар: Оқушылар осы тапсырманы орындай отырып, текшенің қандай геометриялық фигуралардан (шаршы, кесінді, нүкте) тұратынын білетін болады. Осыны пысықтай түсу үшін электронды - анимациялы құралдарды қолданса, оқушылардың танып - білуге деген қызығушылығын оятады. 3 - топ: Сұрақ қоюшылар: Текше ұғымы қай сыныпта, қай тарауда ең алғаш таныстырылады?
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
| Оқулықпен жұмыс.
1-топ №1,2
2-топ №2,3
3-топ 4,5
| Сергіту сәті
| Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті? Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәрімізтұратынкөңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Тапсырмалар: 1. Қыры 4 см текшенің көлемі неге тең? 2. Қыры а см текшенің көлемі неге тең болады? 3. Көлемі 1 см3 текшенің қыры неше сантиметр? 4. Көлемі 1000 см3 текшенің қыры неше сантиметр? 5. Бір жағының ауданы 36 см2 текшенің қыры неше см? 6. Бір жағының ауданы 64 см2 текшенің қыры неше см? 7. Текшенің неше қыры бар? 8. Текшенің неше жағы бар? 9. Текшенің неше төбесі бар? 10. Қыры 3 см текшенің көлемі қыры 2 см текшенің көлемінен қаншаға артық? 11. 465 санында неше жүздік бар? 12. 100 бен 48 сандарының қосындысының мәнін 2 - ге бөл. 13. Ұзындығы 6 см, ені 4 см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең? 14. Қабырғасы 7 см болатын шаршының ауданы неге тең? 15. Ең үлкен үш таңбалы санды жаз.
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Текшенің көлемін өлшеу
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпымақсаттар
| Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірлідктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көлемді фигуралардың көлемін есептеп табу ережесін меңгерту; Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу; Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру; Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| Артық фигураны тап» Қорытынды: мұнда артық фигуралар – текше мен тікөртбұрышты парллелепипед, себебі олар көлемді фигуралар, қалғанхдары жазық фигуралар. Проблемалық сұрақ қою: Біздің отырған сынып бөлмесінің ішінен менің қолымдыағы текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің қанша орны алып тұруы мүмкін? Яғни оның көлемінің қанша екендігін қалай білуге болады? Оны білу үшін жаңа тақырыпқа назар аударайық.
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
| Оқулықпен жұмыс.
1-топ №1,2
2-топ №2,3
3-топ 4,5
(Интерактивті тақта арқылы түсіндіру) Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері көрсетіліп, олардың көлемін қалай табу керектігі айтылады. Көлемнің өлшем бірліктері: 1 см = 1 сантиметр куб Бұл – қабырғалары 1 см текше 1 дм = 1 дециметр куб Бұл – қабырғалары 1 дм текше 1 м = 1 метр куб Бұл – қабырғалары 1 м текше Текшенің көлемін табу үшін оның қырын көбейткіш ретінде үш рет алып көбейтіп, көбейтіндінің мәнін табу керек. V = a*a*a = а Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін, ұзындығын, енін, биіктігін көбейту керек. V = a*b*h 2. Жаңа тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс Екі оқушыны тақтаға шығарып қолдарына текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері беріледі. Олар сызғыш арқылы текшенің қырын, Параллелепипдтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп, олардың көлемін есептеп табады
| Сергіту сәті
| Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Тіктөртбұрыштардың белгісіз жақтары мен периметрін тап. Ұзындығы Ені Ауданы Периметрі 12 см 7 см 2 84 см 28 см
16 мм 5 м 2 80 см 42 мм 35 м 20 мм 2 700 м 110 мм 25 м 20 м 2 500 м 90 м
| Үй тапсырмасы
| Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| |
|
|