Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың атауы Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы Сілтеме

  • Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар Жалпы мақсаттар

  • Оқыту нәтижесі Топқа бөлу

  • Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ынтымақтастық атмосферасы

  • Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру Қызығушылықты ояту

  • Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу

  • Сабақтың атауы Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы Сілтеме

  • Жалпы мақсаттар 1.

  • Сабақтың түрі

  • Пәнаралық байланыс

  • Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту

  • Қорытынды

  • Шарты

  • 3. «Ой толғаныс» кезеңі.

  • Математика 1,2,3,4 тоқсан. Математика 3сынып


    Скачать 5.39 Mb.
    НазваниеМатематика 3сынып
    АнкорМатематика 1,2,3,4 тоқсан.docx
    Дата11.02.2017
    Размер5.39 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМатематика 1,2,3,4 тоқсан.docx
    ТипДокументы
    #2563
    страница10 из 40
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40

    Оқу ісінің меңгерушісі:

    Математика

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім:

    Сабақтың атауы

    Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы

    Сілтеме

    Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

    Сабақтың жабдығы

    Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

    Жалпы мақсаттар

    Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу.
    Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана
    отырып ауданды таба білуге үйрету.
    Деңгейлік, логикалық тапсырмалар арқылы таным қабілеттерін дамыту.
    Қазақстан тарихындағы даталы күндердің маңызын білу арқылы елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезім қалыптастыру.
    Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, рәміздер.
    Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.
    Сабақтың типі: бекіту сабағы.
    Сабақтың түрі:дәстүрлі.
    Пән аралық байланыс: дүниетану, тарих.

    Оқыту  нәтижесі

    Топқа бөлу

    Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Ынтымақтастық атмосферасы

    Қол алысып, қәне, біз,

    Достасайық бәріміз.

    Айтарым бар сендерге,

    Тез тұрыңдар шеңберге.

    Қандай жақсы бір тұру,

    Достарменен бір жүру!

    Қандай жақсы дос болу!

    Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

    Үй тапсырмасын сұрау


    Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

    Қызығушылықты ояту

    Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
    Мысалы: Ені - 2см.
    Ұзындығы - 5см
    Sаудан -?
    А=4 В=3 S -?
    Келесі тапсырманы орындамас бұрын бүгінгі күн ретін тақырыпты жазайық.
    Желтоқсанның 8 - і
    Сыныпта
    Шаршының ауданы
    Проектр арқылы шаршының суретін көрсету.
    Шаршы дегеніміз не? Ой толғау.
    Өздеріне сұрақ қою. Қорыту, яғни, шаршы – төрт қабырғасы
    тең фигура екен.
    Мысалы: ақ парақ қағаздан шаршы шығарып алайық
    Ал енді осыған ұқсас фигура сынып бөлмесінде бар ма?
    Олай болса шаршының барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш деген қорытындыға келдік.
    в= 3 см
    1см2
    а=3 см
    S= 3 см х 3 см = 9 см2 Бұл шаршының ауданы: 9 см2
    немесе S=а х а=а2
    Дәптерімізге қабырғаларға 3см - ге тең шаршы сызып ауданын табайық.

    Мағынаны тану

    Мәтінді тізбектеп оқу

    Оқулықпен жұмыс.

    1-топ №1,2

    2-топ №2,3

    3-топ 4,5

    Сергіту сәті

    Үйшікте мына бір сәулетті
    Тұратын қай мықты әулеті?
    Мен– тышқан-шиқылдақ,
    Мен– қоян-желаяқ,
    Мен– түлкі-керіммін,
    Мен– қасқыр-серімін.
    Бәрімізтұратынкөңілді,
    Қажетті сәулетті көр үйді!

    Оқушылар сергіп алады

    Ой толғаныс

    «Теңге ілу» топтық жұмыс
    200: 1= 5х40 = 200: 1=5х40
    50х7= 170х180= 50х7=170+180

    Үй тапсырмасы

    Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

    Күнделіктеріне жазады

     Бағалау

     Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

    Оқу ісінің меңгерушісі:

    Математика

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім:

    Сабақтың атауы

    Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы

    Сілтеме

    Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

    Жалпы мақсаттар

    1.Тік төртбұрыштың ауданы жайында түсінік қалыптастыру және оның мәнді белгілерін тағайындау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару, үш амалдан тұра-тын өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу реті, тік төртбұрыш пен шаршының ауданын табу және олардың мәндерін салыстыру барысын-да машықтандыра түсу.

    2. Оқушыларға саналылыққа, зеректілікке достыққа тәрбиелеу, экономика-лық тәрбие беру. Білімге деген қызығушылығын, жылдамдыққа, тапқыр-лыққа, дәлдікке баулу.

    3. Оқушының логикалық ой-өрісін, есептеу дағдысын дамыту.

    Сабақтың түрі:Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтерін қолдана отырып, жаңа білім беру.

    Сабақтың әдістері:Сөзжұмбақ, сұрақ-жауап, ойын «Түртіп алу», «Ой топ-тау» стратегиясы, ВЕНН диаграммасы.

    Пәнаралық байланыс:ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу, дене тәр-биесі.

    Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, кесте, кескіндер қимасы, «Салауаттылық – саулық негізі» бүктемесі, үлестірмелі қима қағаз, диаграмма сызбасы.

    Оқыту  нәтижесі

    Топқа бөлу

    Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Ынтымақтастық атмосферасы

    Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

    Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

    Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

    Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

    Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

    Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

    Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

    Үй тапсырмасын сұрау

    Қызығушылықты ояту

    а) 51: 5 = 10 (қалд. 1)

    52 : 5 = 10 (қалд. 2)

    53 : 5 = 10 (қалд. 3)

    54 : 5 = 10 (қалд. 4)

    55 : 5 = 11

    56 : 5 = 11 (қалд. 1)

    ә) Өткен сабақты қайталау тапсырмалары.


    15 см
    а) Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен тап.


    3 см



    3 см
    ә) Шаршының периметрін алдымен қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы арқылы тап.


    3 см


    б) Амалдардың орындалу ретін сақтай отырып есепте:

    600:6 +9.10

    (Әр тақырып бойынша қорытынды жасату).

    Мағынаны тану

    Ой ашар (қызығушылықты ояту).

    «Ребус шешу».a72074b0

    ә) «Түртіп алу» жүйесі «Тік төртбұрыштың ауданы» туралы білімді анықтау.

    Білемін

    Білмеймін

    Мен үшін жаңалық










    б) «Жұпта талқылау» кезеңі.

    Әр оқушы өзінің партамен жұбымен әр түрлі кескіндер арасынан тік төрт-бұрыштарды тауып көрсетеді.

    2. «Ой қозғау» (мағынаны тану)

    Оқулықпен жұмыс.

    а) 1) Тік төртбұрышта неше шаршы бар?

    2) Неше қатар бар? Неше баған бар?

    3) Қалай тез есептеуге болады?

    54f5ae3e


    Қорытынды: Тік төртбұрыштың ауданы дегеніміз не?

    Оқушы жауабы:

    Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған оның ұзындығының еніне көбейтіндісіне тең.

    №3. Схема бойынша көбейту амалына теңдік құр.

    54f5ae3e
    Қорытынды:Көбейтуді бөлу арқылы тексеруге болады. Бөлу мен көбейту – кері амалдар.

    №4.

    Тік төртбұрыштың ұзындығы

    Тік төртбұрыштың ені

    Тік төртбұрыштың ауданы

    6 см

    4 см

    ? см2

    бірдей

    ? см

    3 см

    ? см2

    Оқулықпен жұмыс.

    1-топ №1,2

    2-топ №2,3

    3-топ 4,5

    Сергіту сәті

    Кел, балалар, күлейік,

    Күлкіменен түлейік.

    Қабақ түйген не керек?

    Көңілді боп жүрейік.

    Оқушылар сергіп алады

    Ой толғаныс

    Тік төртбұрыштың ауданы – ұзындығы мен енінің көбейтінді-сіне тең.

    Тік төртбұрыштың ұзындығы – ауданы мен енінің бөліндісіне тең.

    №5. Амалдарды орында:

    24 : 4 + 6  3 = 24 500 : 5 – 50  2 = 0

    200  4 : 8 – 50 = 50 30  8 + 160 + 200 = 400

    Қорытынды: Жақшасыз өрнекте алдымен көбейту мен бөлу, содан кейін қосу мен азайту амалдары орындалады.

    Сергіту сәті.

    Біздер тату баламыз,

    Гүл-гүл жайнап жанамыз.

    Жаттығулар жасасақ,

    Жақсы сергіп қаламыз.

    Өсіп алға басамыз,

    Біз де азамат боламыз.

    №6. Мәселе есепке дайындық сұрақтары:

    Тұскизді неден жасаймыз?

    Қойдың жүнінен

    Тұскиіз неден жасалады?

    Қойдың жүнінен жасалады.

    Олай болса, тұскиізді кім жасап, тігеді?

    Фабрикада, суретші, оюшы апаларымыз.

    Тұскиіз туралы қандай нақыл, ақыл сөздерді білесіңдер?

    1) Киіз кімдікі болса,

    Білек сонікі

    4) Мал өсірсең қой өсір,

    Өнімі оның көл-көсір.

    2) Өзімдікі дегенде,

    Өгіз қара күшім бар.

    Кісінікі дегенде,

    Анаң-мынау ісім бар.

    5)Малды бақсаң, қойды бақ,

    Май кетпейді шарадан.

    3) Ала қойды бөле қырыққан,

    Жүнге жарымайды.




    Дұрыс айтасыңдар, балалар!

    Ұлттық тәрбие жөнін сөз еткенде қазақ халқының мал шаруашылығы мен көшпелі өмір салтына байланысты еді. Киіз үйдің ішіндегі жүннен жасалған заттар: тұскиіз, алаша, текемет, кілем т.б. ұлттық үлгілерінен ата-әжелеріміз машығын, дәстүрін үйренейік. Ендігі орындайтын есебіміз тұскиіз жүніңде болмақ.

    а) Есептің берілгенін оқу.

    ә) Шартын анықтау.

    б) Сұрағын анықтау.

    в) Тақтаға орындау.

    Шарты: Шешуі:

    Ілулі тұскиіз тұр

    Ұзындығы – 4 м,

    Ені – одан  2 м қысқа

    Тұскиіздің ауданын тап.

    4 м – 2 м = 2 м.

    4 м  2 м = 8 м2

    Жауабы: 8м2

    №7. Мысал есеп ауызша орындалады.

    Шарты: Тік төртбұрышты еденнің ұзындығы 6 м. Ені – 5 м. Сатушының жүретін жері сол ауданның үштен біріне тең. Сатып алушыға неше квадрат метр жер қалдырылған?

    Шешуі: 6 м  5 м = 30 м2

    30 м2 : 3 = 10 м2 30 м2 – 10 м2 = 20 м2.

    Жауабы: 20 м2.

    №8. Өрнектердің мәндерін дұрыс тапсаң, киіз кілемінің аты шығады.

    1077b4fc

    3. «Ой толғаныс» кезеңі.

    Шаршының неше қабырғасы бар?

    Шаршының қабырғалары қандай?

    Шаршының неше бұрышы бар?

    Бұрыштары қандай?

    Өлшем бірлігі қандай?

    Ауданын қалай табамыз?

    Тік төртбұрыштың неше қабырғасы бар?

    Тік төртбұрыштың неше бұрышы бар?

    Бұрыштары қандай?

    Өлшем бірлігі қандай?

    Ауданын қалай табамыз?

    Шаршымен тіктөртбұрыштың қандай ортақ белгілері мен қасиеттері бар.

    Сабақты қорытындылау.

    Бүгін «Тік төртбұрыштың ауданын табу» тақырыбын өтіп, оның негізгі өлшем бірлігімен, белгілерімен, қасиетімен таныстық.

    Үй тапсырмасы

    Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

    Күнделіктеріне жазады

     Бағалау

     Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40


    написать администратору сайта