Главная страница

Медикаменты табл. Морфина гидрохлорид Морфин гидрохлориді Тобы


Скачать 136.11 Kb.
НазваниеМорфина гидрохлорид Морфин гидрохлориді Тобы
Дата29.11.2021
Размер136.11 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМедикаменты табл .docx
ТипДокументы
#286011
страница14 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



Препарат атауы

81-Дигоксин

Тобы

Кардиотоникалық зат.Жүрек гликозилдтері.Салыстырмалы жүрек гликозидтері

Әсер ету механизмі

Кардиомиоциттердің мембраналарына Na + -K + -ATФ-аза әсерін тежейді, бұл натрий иондарының жасушаішілік құрамының жоғарылауына және калий иондарының төмендеуіне әкеледі. Оның әсерінен кардиомиоциттердің жиырылуына жауап беретін жасушаішілік кальцийдің көбейеді, бұл миокардтың жиырылу күшінің жоғарылауына әкеледі. Кальций иондары тропонин кешенімен өзара байланыс жасай отырып, оның тежегіштік белоктар кешеніне әсерін жояды.


Фармакологи ялық әсері

-Кардиотоникалық әсер

-Антиаритмиялық

-Кардиостимуляторлық

-Оң инотропты

-Теріс хронотропты әсер

-Теріс дромотропты әсер

-Диуретикалық әсер

Қолданылуы

жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, І-ІІА және ІІБ дәрежедегі созылмалы қанайналым жеткіліксіздігі, қарыншаүстілік тахиаритмия, пароксизмальды суправентрикулярлы аритмия, тахикардия

Жанама әсері

қарыншалық экстрасистолия, жүрек айну, құсу, тәбет жойылу, диарея, бас ауыру, ұйқысыздық, депрессиялық көріністер, көру бұзылысы, диспепсияллық бұзылыстар, тері аллергиялық реакциялар, гипокалиемия

Ерекшелігі/айырмашылығы

Жылдам әсер етеді,Максимальды әсер 5-6 с басталады және 2-5 кунге созылады.(көктамыр енгізгенде әсері 15-30 мин басталады)парентеральды және энтеральды тағайындалады,кумулятивті әсері орташа,суда және майда жақсы ериді,қан сарысуы белогымен біршама байланысады.(50-60%)




Препарат атауы

82-Аторвостатин---- рабдомеолиз, креатин киназа жоғарылатады

Тобы

Гиполипидемиялық зат, қандағы ХС (ТТЛП) құрамын айрықша төмендететін зат, ІІ ұрпақ статин

Әсер ету механизмі

ГМГ-КоА-редуктазаны тежей отырып, қан плазмасындағы холестерин мен липопротеин концентрациясын төмендетеді, бауырдағы холестерин синтезі және ТТЛП жасушалар бетіндегі "бауырлық" рецепторларының санын арттырады,бұл ТТЛП-ның ұсталуына және катаболизмінің күшеюіне әкеледі. ТТЛП түзілуін төмендетеді, ТТЛП-рецепторлардың айқын және тұрақты жоғарылауын тудырады.

Фармакологиялық әсер

-Гиполипидемиялық


Қолданылуы

Атеросклеротикалық дислипидемияда монотерапия ретінде, ХС мен ТТЛП мөлшері жоғарлағандағы ЖИА-да, изолированный гиперхолестеринемия, комбинирленген гиперлипидемия

Жанама әсері

Диспепсия, бас ауруы, ұйқысыздық, астения, миалгия, ангионевротикалық ісіну, парестезия, перифериялық нейропатия

Ерекшелігі/айырмашылығы

Басқа статиндерге қарағанда осы препарат ГМГ-КоА-редуктазаның ұзақ ингибирлеуіне байланысты жоғары ТТЛПның мөлшерін және қан сарысуында үшглицеридтердің мөлшерін айрыша төмендетеді.

Ішке қабылдайды, АІЖ тез сіңеді, өтпен бөлінеді.



Препарат атауы

83-Фенофибрат

Тобы

Гиполипиемиялық зат, қандағы үшглицерид (ӨТТЛП) мөлшерін төмендететін зат, фиброй қышқ туындысы

Әсер ету механизмі

Эндотелийдегі липопротеинлипаза белсенділігін, ЛП-рецепторлардың санын жоғарлатады, бауырда ТТЛП-ның эндоцитозын ынт-ды, сонымен қатар, ӨТТЛП-ның бауырда синтезделуін және оның қанға өтуін азайтады. Бауырда ХС синтездеуін аз дәрежеде тежейді, нәтижесінде қанда ӨТТЛП-ның, аз дәрежеде ТТЛП-ның мөлшері төмендейді

Фармакологиялық әсер

-Гиполипидемиялық

-Антиагрегациялық

-Плазмадағы жоғарлаған фибриноген мөлш төмендетеді

-Қанда глюкоза мөлш аздап төмендетеді

Қолданылуы

ІІВ, ІІІ, ІҮ, Ү типті гиперлипидемияда , диетаның әсерінің жетіспеушілігінде, ІІА типті гиперлипидемияда статинге альтернатив ретінде

Жанама әсері

Жүрек айну, диарея, ұйқышылдық, тері бөртпелер, лейкопения, холецистит, холестериндік өт тастары түзілуі, аритмия, либидо төмендеуі, қантамырлық бұзылыстар,миозит

Ерекшелігі/айырмашылығы

Басқа фибраттарға қарағанда науқас осы преп жақсы көтереді.



Препарат атауы

84-Маалокс

Тобы

Антацидті заттар

Алюминий гидроксиді мен магний гидроксий қосындысы

Әсер ету механизмі

Асқазан сөлінің артық қышқылдығын төмендету

ПГЕ2 түзілуін стимульдеп,қорғаныш шырышты түзуді ынталандырады


Фармакологиялық әсер

Антацидтік


Қолданылуы

Асқазан сөлінің артық қышқылдығын төмендету үшін

Асқазан және 12елі ішек ойық жарасы

Жанама әсері

Іш қату, жүрек айну, құсу, дәм сезу бұз,

Ұзақ уақыт үлкен дозада қолданса- Альцгеймер ауруы, бүйрек қызм бұз, энцефалопатия

Ерекшелігі/айырмашылығы

Басқа препаратпен салыстырғанда әсері жақсы, және ұзақ әсер етеді. Таблетка және суспензия түрінде қолд.



Препарат атауы

85-Натрия гидрокарбонат

Тобы

Антацидті заттар


Әсер ету механизмі

Асқазанда СО2 түзілуін тудырады,бұласқазанның керілуіне және хлорлы сутек қышқылының екіншілік бөлінуіне әкелуі мүмкін яғни бейтараптайтын негіздер болып табылады

Фармакологиялық әсер

Антацидтік


Қолданылуы

Асқазан сөлінің артық қышқылдығын төмендету үшін қолд

Асқазан және 12елі ішек ойық жарасы


Жанама әсері

Тіндерде натрий ионы мен судың ұсталуы(ісінулер)Тәбет төмендеу

Құсу,жүрек айну

Ерекшелігі/айырмашылығы

Жүйелік алкалоз дамуы мүмкін, Тез әрі қысқа әсер етеді




Препарат атауы

86-Висмут трикалия дицитрат

Тобы

Гастропротектор, шырышты қабатқа механикалық қорғаныс жасайтын препарат

Әсер ету механизмі

Асқазанның хлорлы сутек қышқылы әсерінен ақ тұнба түзіп шырышты қабат гликопротеиндеріне некрозданған жараға қорғаныстық ақ қабат түзеті каллоиды суспензия болып табылады

Нelicobacter pylori дамуын тежейді


Фармакологиялық әсер

Ойық жараға қарсы

Гастропротективті

Антибактериальды

Қолданылуы

Асқазан және 12елі ішек ойық жарасы

Белсенді созылмалы гастродуоденит

Диспесияда(бактерия негізінде)

Жанама әсері

Жалпы препарат жанама әсер тудырмайды бірақ кейде жүрек айну,құсу,аллерг реак туд мүмкін

Ерекшелігі/айырмашылығы

Әсері ұзақ,күніне 2-3рет ішке қабылданады

Кейде препарат қолданғанда нәжіс түсі қара түсті болуы байқалады



Препарат атауы

87-Мизопростол

Тобы

Гастропротектор,шырышты тосқауылдың қорғаныс қызметін және шырышты қабаттың зақымдаушы факторларға төзімділігін жоғарылататын преп

ПГЕ1 синтетикалық туындысы

Әсер ету механизмі

Асқазанның париеталды жасушаларының ПГЕ рецепторларымен байланысады, асқазанның шырыны мен тұз қышқылының базальды, ынталандырылған және түнгі секрециясын тежейді, HCL секрециясын төмендетеді

бикарбонат пен шырыштың түзілуін күшейтеді, қан ағымын жақсартады және цитопротективті әсер көрсетеді. Пепсиннің базальды (бірақ гистамин ынталандырылмаған) өнімін азайтады. Асқазанның шырышты қабығының тұрақтылығын арттырады және эрозивті-жара зақымдануының алдын алады, пептикалық жаралардың жазылуына ықпал етеді

Фармакологиялық әсер

Ойық жараға қарсы

Гастропротектор

Қабынуға қарсы(стероидты емес

Қолданылуы

Асқазан және 12елі ішек ойық жарасы

Қабынуға қарсы стероидты емес заттарды қолд асқазанның шырышты қабатының зақымдануын алдын алу үшін


Жанама әсері

Диарея,бас ауру,жүрек айну

Ерекшелігі/айырмашылығы

Жүктілік кезінде қолданылмайды




Препарат атауы

88-Кларитромицин

Тобы

Эрадикациялық емді (Helicobacter pyloriға қарсы) жүргізу үшін қолданылатын микробқа қарсы зат – жартылай синтетикалық АБ, 6-О-метилэритромицин

Әсер ету механизмі

Рибосоманың 50S бірлігімен әрекеттесу арқылы, бактерияның белоктарының синтезін бұзады

Фармакологиялық әсер

-бактериостатикалық;

-бактерицидтік;

-антигеликобактериальды;

-ойық жараға қарсы

Қолданылуы

Кешенді терапияда хеликобактериялық инфекцияның негізіндегі асқазан және 12елі ішек ойық жарасында, тыныс алу жолдары, тері және жұмсақ тіндердің инфекциясыда, хламидиоз, атипті микобактериоз

Жанама әсері

Диспепсия, псевдомембранозды колит, ұйқысыздық, түнгі қорқыныш, холестатикалық сарғыштану, аллерг реакциялар

Ерекшелігі/айырмашылығы

кең спектрлі;

грамоң, грамтеріс, анаэробтарға, жасушаішілік микроорг-ге, микобактерия мен токсоплазмаға активті;ішке және көктамырға енгізеді



Препарат атауы

89-Омепразол

Тобы

Асқазан безі секр төмендететін зат,протондық насос тежегіштері

алмастырылған бензимидазол туындысы

Әсер ету механизмі

Париетальды жасушалар өзекшелерінің қышқыл ортасында онымен дисульфидті көпірше арқылы әсерлесіп,мембраналық Н К АТФазаны қайтымсыз тежейтін белсенді метоболит сульфенамидке айналады

Сульфенамид катион болг абсорбцияға ұшырамайды яғни дәрі алдындағы дәрі есебінде әсер етеді


Фармакологиялық әсер

Гастропротекторлық белсенді

Ойық жараға қарсы

Бактерицидтік

антисекрециялы

Қолданылуы

Асқазан және 12елі ішек ойық жарасы

Ойық жаралы пептидті эзофагит

Золлингер Эллисон синдромы кезінде

Жанама әсері

Диарея, диспепсиялық бұзылыстар,бауыр қызметі бұзылысы,қан түзу бұзылыстары,аллергиялық реакциялар,ұйқы бұзылу,ішектің шаншуы

Әлсіздік,бас ауруы,гипергастринемя

лоқсу


Ерекшелігі/айырмашылығы

АІЖ тез әрі толық сіңеді, антисекреторлық әсері ішке қабылдаған соң 1 сағ кейн дамиды, жоғары липофильділігі бар.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта