окыту. оқыту әдістері. Негізгі бет стаз ебегі
Скачать 306.73 Kb.
|
Талдау: Ықыласыңыз ауған пікірлер тобы болды ма? Бұл а, ә, б, в, г әлдеғ ма? Бұл сізді таң қалдыра ма әлде жоқ па? Зерделеу: Төменде әр топты сипаттайтын ақпарат берілген (Дж.Б. Биггс (1987), Оқушылардың оқыту мен оқуға деген көзқарастары, Мельбурн: Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі австралиялық кеңес).
• А немесе В типті оқушылар үстірт заттарға назар аударады және оларды жақсы орындап шығады, бірақ оқу күрделенген жағдайда, онша жақсы орындай алмайды. • Ә немесе Г типті оқушылар мағынасына назар аударады және оқу аса күрделі болғанда жақсы орындайды. • Б немесе Ғ типті оқушылар мектепте жоғары бағаланатын оқу деңгейіне қалай қол жеткізу және үлгеру керектігіне ерекше көңіл бөледі. Қолдану: Өзіңіз жуық арада алғыңыз келген кейбір білім туралы ойланыңыз. Жоғарыда аталған артықшылықтардың біреуі бұл үшін тиімді бола ала ма? Бұл стратегияны іс жүзінде орындап көресіз бе және оның нәтижелерін көргіңіз келе ме? Досыңызбен сіз қолданғыңыз келген стратегияның бөліктерін талқылаңыз. ОҚУ СТИЛІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА Орындау: Бұл сауалнама сіз қалайтын оқу стильдерін анықтау үшін әзірленген. Уақыт жағынан шектеу жоқ. Шамамен алғанда 10-15 минут алуы мүмкін. Егер сіз пікірмен келіссеңіз, онда оның қасына құстұмсық белгісін қойыңыз.
Әр әріп бойынша неше құстұмсық барын есептеңіз. Төмендегі ұяшықтарға әр әріп бойынша жиналған ұпай санын жазыңыз Б Р T П БелсендіРефлексия жасаушы Теоретик Прагматик Мүмкін сіз екі немесе үш оқу стилін қамтитыныңызды анықтайтын шығарсыз. Егер екі стиль бойынша жоғары балл жинаған болсаңыз, сізге бұл екі тәсіл де ұнауы мүмкін. Егер сіздің балдарыңыз теңдей бөлінген болса, онда сізге бірнеше тәсілмен оқу ұнауы мүмкін. Талдау: Нәтижелерсіз күткенге ұқсай ма немесе өзгеше ме? Зерделеу: Сіздің стильдеріңіз қандай? Бір стильге деген ерекше ықыласыңыз бар ма? Мүмкін бірнеше стильді қалайтын шығарсыз? Енді әр стиль үшін ұсынылған сипаттаманы оқып шығыңыз. • Белсенділер кең көзқараспен қарауға тырысады және жаңа нәрселерді білуге ынтызар. Олар барлығын ең болмаса бір рет байқап көреді және проблемаларды ұтқыр ойлау арқылы шешкенді жақсы көреді. Әдетте, олар айналасындағылармен жақсы араласады және барлығының назарында болғанды ұнатады. Олар жобалар бойынша жақсы жұмыс істейді, топтарда жақсы оқиды және басқалармен пікір бөліседі. Оларға рөлдік ойындар ұнауы мүмкін, бірақ оларға лекцияларда толық назар аудару, жобалар құру және зерттеулерді талдау үшін көмек қажет болады. • Рефлексия жасаушылар бірден іске кірісіп кетпей, алдымен ойланып алғанды қалайды. Әдетте олар салмақты; олар тақырыпқа жалпы көрініс ретінде қарағанды ұнатады және ұтымды әрекет етеді, ұқыпты. Олар сарапшыларды тыңдағанды және ақпараттық-анықтамалық материалдарды қосымша оқығанды өте жақсы көреді. Өздері зерттеу жүргізуден және өз зерттеулерін қолданудан ләззат алады, бірақ өз пікірлерін топқа ұсынған кезде өзінің жақсы жақтарын көрсете алмай жатады. • Теоретиктер талдағыш және барлығын егжей-тегжейлі білгенді жақсы көреді. Олар - еңбексүйгіш перфекционистер. Олар құрылымдалған және логикалық көзқарас білдіреді және үзінді мәліметтермен тез жұмыс істейді. Оларға теориялық материал көп берілетін дәрістер, көзқарастар мен пікірлерді қорытқан ұнайды. Конспекті жасау немесе сараптамалық жаттығу орындау олар үшін нағыз қажетті іс болып саналады. Олар екіұштылықты және күрделі мәселелерге ұқыпсыз қарайтын адамдарды ұнатпайды. • Прагматиктер өте епті және теорияның іс жүзінде жүзеге асуын анықтауға тырысады. Олар проблеманы сын тұрғысынан қарастырады және жұмысты орындаудың ең жақсы тәсілдері бар екеніне сенеді. Оларға өздері істегеннен гөрі, басқаларға «қалай істеу керектігі» жөнінде нұсқау берген ұнайды. Олар идеяларын ұсынуға, жобалар жасауға және аталған зерттеулерді қолдануға бейім. Олар абстрактілі идеялармен және анықтамалық-ақпараттық материалдармен нашар жұмыс істейді. |