Главная страница
Навигация по странице:

  • Босоножки

  • «Сөзден сөз тіркесіне»

  • Оқыту ортасында мұғалім тұратын сынып Оқыту ортасында оқушы тұратын сынып

  • ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ БФЕ (БАРЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ) Қалыптастырылатын дағдылар

  • Барлық факторларды ескеру

  • «Екі жұлдыз, бір тілек»

  • «Гауһарлар иерархиясын

  • «Идея іздеуші»

  • АР-ОЖДАН АЛЛЕЯСЫ Қалыптастырылатын дағдылар: ойлау, шешім қабылдау; бірлескен жұмыс. Жалпы сипаттама

  • Сыныпты жоспарлау Жүру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет.Жұмыс алгоритмі

  • окыту. оқыту әдістері. Негізгі бет стаз ебегі


    Скачать 306.73 Kb.
    НазваниеНегізгі бет стаз ебегі
    Анкорокыту
    Дата21.06.2022
    Размер306.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаоқыту әдістері.docx
    ТипЛекция
    #608658
    страница1 из 13
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



    ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ


    2013


    www.cpm.kz
        1. Негізгі бет > Ұстаз еңбегі


     

    Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері


    Яндекс.Директ

    МодныеБосоножкина Lamoda.kz!Босоножки - коллекция лето 2016! Быстрая доставка! Примерка!lamoda.kzАдрес и телефон

    Erketai / Май.8.2013. / Пікірлер: 17

    Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет.   Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады. Енді бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:

    1. «Ойлан тап»оқыта үйрету ойыны. Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).

    2. «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.

    3. «Менітүсін» оқытаүйретуойыны. Бұлойындыжекелегенсөздерменсөзтіркестерініңайтылуынмеңгертукезеңіндеқолданутиімді. Ойынныңбірартықшылығы- алдыналақосымшадайындықтықажететпейді. Мұғалімтақтаалдынаоқушылардыбірқатаретіптұрғызады. қатардыңбасжағынаөзітұрып, жанындағыоқушығажаңасөздердіңбірінсыбырлапайтады. Оқушыдәлосылайсолсөздікелесіоқушығасыбырлапайтады. Ойыносылайжалғасады. Қатараяқталғанда, соңғытұрғаноқушыөзіестігенсөзіндауыстапайтады. Алғашындамұғалімжасырғансөзбенсоңғысөзсалыстырылып, бастапқыдасөздібұзыпайтқаноқушысолсөздібірнешеретқайталайды. Осылайшабірнешесөзжасырылып, олардыңайтылуыбірнешеретқайталанады. Мұғалімніңорнынасыныптытопқабөліп, жарыстыұйымдастырғанда, әртопмүшелеріойындыбастайды.

    4. «Тақырыптық сөздер» оқыта үйрету ойыны. Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Көктем» деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.

    5. «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы жаңбыр, жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбырдеген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауадыдеген тіркесті айтады.

    6. «Кімкөп және тез оқыта үйрету ойыны. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.

    7. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы оуқышалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с сөз тіркестерін айтады.   Осы ойын түрлерін қолдану ұстаздардың сабағын қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамын.
    Кіріспе

    Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.

    Осы әдістемелік құрал оған енгізілген әдістермен шектеліп қалмауға тиіс, ол мұғалімдер өздерінің күнделікті педагогикалық қызметіне енгізгісі келетін әртүрлі әдістер туралы оларға тәжірибелік кеңес беру үшін құрылған. Бұл жинақ мұғалімдер үшін жоспарлау барысында, оқушылар мен мұғалімдерге арналған ынталандырушы, байытушы, батыл және шоғырландырушы ортаны құруда пайдалы құрал болады деп күтіледі.

    Сондай-ақ бұл оқу-әдістемелік құралда жинақталған әдістер мен тәсілдер мұғалімдер жүргізіп отырған тәжірибелік жұмыстың нәтижесі ретінде алдағы уақытта оқыту және оқу мәнмәтініне сәйкес пайдаланылады және әзірленеді деп болжанумен қатар, бұл мұғалімдердің көшбасшылығын нығайту әдісі болып табылады.

    Белсенді оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай жұмыс емес, өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың алдында көптеген сұрақтар туындайды, мысалы:

    • Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?

    • Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің деңгейлері әртүрлі, саны, жынысы және т.б.

    • Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мән-жайлар бар ма?

    Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы керек.

    1-кесте. Сыныпта белсенді ахуал құру үшін мұғалім мен оқушының рөлін өзгерту

    Оқыту ортасында мұғалім тұратын сынып

    Оқыту ортасында оқушы тұратын сынып

    Мұғалім «білім көзі» ретінде

    Мұғалім білімнің ұйымдастырушысы ретінде

    Мұғалім балалар үшін «орындаушы» ретінде

    Мұғалім жәрдемдесуші «дәнекер» ретінде

    Оқушылар – білімді «енжар» алушылар

    Оқушылар белсенді және бірлескен

    Оқушылар сұрақтарға жауап береді

    Оқушылар сұрақ қояды

    Оқушылар «шектен тыс қамқорлыққа алынған»

    Оқушылар өздерінің рефлексивті оқуы үшін жауапты болады

    Оқушылар бір бірімен бәсекелеседі

    Оқушылар оқу үдерісінде бірігеді

    Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

    Оқушылар басқалардың пікірлерін белсенді тыңдайды.



    ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
    БФЕ (БАРЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ)
    Қалыптастырылатын дағдылар:

    • ақпараттарды басқару;

    • бірлескен жұмыс;

    • ойлау, проблемаларды шешу, шешім қабылдау.


    Жалпы сипаттама

    Бұл әдіс оқушылар шешім қабылдағанда немесе қандай да бір идеяны ойлағанда, оларды барлық сәйкес келетін факторларды ойлауға шақырады. Шешім қабылдап, белгілі бір әрекет барысын жоспарламас бұрын қолданылған жағдайда бұл әдіс пайдалы болмақ. Шешім мен идеяны анықтай алатын факторлардың толық тізімін жасау үшін «Әткеншек» әдісімен бірге пайдалануға болады.

    Сыныпты жоспарлау

    Егер аталған әдіс «Әткеншек» әдісімен бірге қолданылса, оқушылар топтасып сыныптағы әртүрлі тақталарға кезек-кезек бару қажет. Немесе оқушылар өз орындарында қалып, белгілі бір уақыт өткен соң, артқы жақта отырған топқа оқу плакаттарын берулеріне болады.

    Жұмыс алгоритмі

    1. Ұйымдастырушы педагог шешім қабылдау және жоспарлау кезінде барлық факторларды қарау маңыздылығын оқушылармен талқылауға ниет білдіруі мүмкін. Мысалы, егер қандай да бір маңызды фактор ұмытылып қалған жағдайда, дұрыс болып көрінетін іс-әрекет ақыр соңында дұрыс болмай шығуы мүмкін.

    2. Топтарда оқушылар Барлық факторларды ескеру шаблонын толтыра алады

    БФЕ-нің үлгі сценарийі

    Қазақстанға келетін туристердің және іскер топтардың көбейіп келе жатқан санын толығымен қабылдау үшін Астана әуежайының терминалын және ұшу-қону жолағын қайта жоспарлауға өтініш берілген. Кәсіпкерлік және туристік департаменттердің басшылары жоспарды қолдайды, алайда жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаны қорғаушылар қарсылық білдіріп отыр. Түпкілікті шешім қабылдау барысында қандай факторлар ескерілуге тиіс?
    3. БФЕ сауалнамалары толтырылғаннан кейін оқушылар топтар арасында ауысып, басқа топтар айтқан факторларды қарауы тиіс. Олар өзара бағалау тәсілі ретінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады.

    4. Бұдан кейін оқушыларға басқа топтардың парақтарында жазылғанның негізінде өздерінің парақтарындағы бастапқы факторларды өзгерту не толықтыру үшін уақыт беріледі.

    5. Бұдан кейін барлық факторларды біріктіру мақсатында жауап алу жүргізіледі, сөйтіп барлық топ өзіне пайдалысын алады.
    БФЕ шаблоны


    Пікір/ Сұрақ/Талқыланатын мәселе:





    1-фактор




    Артықшылықтар/иә

    Кемшіліктер/қарсы

    Қызықты факторлар




    2-фактор




    Артықшылықтар/иә

    Кемшіліктер/қарсы

    Қызықты факторлар




    Фактор 3




    Артықшылықтар/иә

    Кемшіліктер/қарсы

    Қызықты факторлар




    Барлық факторларды талқылағаннан кейін … деп ойлаймын.


    КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ
    Қалыптастырылатын дағдылар:

    • бірлескен жұмыс;

    • ойлау, шешім қабылдау.

    Жалпы сипаттама

    Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.

    Сыныпты жоспарлау

    Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

    Жұмыс алгоритмі

    1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.

    2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.

    3. Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.

    4. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.

    5. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға болады.


    ӘТКЕНШЕК (карусель)
    Қалыптастырылатын дағдылар:

    • бірлескен жұмыс;

    • ойлау, шешім қабылдау.

    Жалпы сипаттама

    Бұл белгілі бір сұраққа қатысты оқушылардың ойлары мен жауаптарының жиынтық тізімін жасауға көмектесетін, құрылымдалған, ақпараттық немесе ойлау қабілетін арттыру әдісі. Өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған сұрақ бойынша ұсыныс енгізу үшін оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді. Сондай-ақ олар басқа топтардың идеяларын бірлесіп бағалап, сұрақтарға өздерінің жауаптарын қалыптастыру үшін осы идеяларды әлеуетті негіз ретінде пайдалана алады. Шағын топтардан ақпарат жинақтауға арналған тәжірибелік тапсырма үшін «Идея іздеуші» немесе «Стикерлер жинағын» қараңыз.

    Сыныпты жоспарлау

    Оқушылар сыныптағы бір тақтадан екінші тақтаға кезектесіп топтасып ауысып отырады. Немесе оқушылар сынып ішінде топ болып көшіп жүрмеу үшін белгілі бір уақыт өткеннен кейін оқу плакаттарын өздерінен кейін отырған топқа бере алады.

    Жұмыс алгоритмі

    1. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.

    2. Әрбір топқа белгілі бір тақырыпқа қатысты жазылған сұрағы бар оқу плакаты немесе А3 форматтағы қағаз беріледі. Әрбір плакатта әртүрлі сұрақтар болуға тиіс.

    3. Оқушылар топтарында жұмыс істейді, бұл ретте оларға бастапқы сұраққа негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазуға берілген регламент сақталуы керек.

    4. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын оңай тануы үшін әрбір топқа түрлі-түсті қалам беріледі.

    5. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді.

    6. Олар алдыңғы топтың жауаптарын оқиды және олармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін талқылайды. Егер олар келіскен жағдайда, құстұмсық қояды. Келіспесе, түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады.

    7. Осыдан кейін оқушылар қойылған сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер олардың идеялары бұрынғы топтың жазбаша жауаптарынан туындаса, сызықшамен идеяларды қосуға болады.

    8. Әткеншек, егер уақыт болса, әрбір топ әрбір сұрақты қарап, оған жауап бергенге дейін жалғасуы мүмкін.

    9. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болады.

    10. Әткеншек бағалаудың жақсы құралы болып табылады. Төмендегідей сұрақтар қойылуы мүмкін:

    Бүгін Сіз не білдіңіз?

    Бүгін Сіз үшін не ең керемет/таң қаларлық/қызықты/пайдалы болды?

    Сіз нені басқаша істер едіңіз?
    АР-ОЖДАН АЛЛЕЯСЫ
    Қалыптастырылатын дағдылар:

    • ойлау, шешім қабылдау;

    • бірлескен жұмыс.

    Жалпы сипаттама

    Бұл рөлдік стратегия оқушыларға тез арада белгілі бір тақырыпқа қатысты барлық сұрақтарға қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді. Оның басқа «стандарттық» рөлдік ойындарға қарағанда артықшылығы сол, едәуір тез өткізілуі мүмкін. Ол төменгі сыныптың оқушылары немесе қабілеттілігі төмен оқушылар үшін ерекше қолайлы бола алады, өйткені олардың ұзақ уақыт бойы рөлде болуы талап етілмейді. Сондай-ақ оларға сұрақ бойынша ауқымды ақпаратты білу керек емес, өйткені рөлдері бар карточкаларда олардың кім екендігі және талқыланып отырған белгілі бір жағдайға қатысы жазылады.

    Сыныпты жоспарлау

    Жүру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет.

    Жұмыс алгоритмі

    1. Оқушыларға жағдайды түсіндіріңіз (мысалы, мектепте болған үлкеннің кішкентай балаға күш көрсету оқиғасы жергілікті жастар клубында қайталанды. Мектептен осы іспен айналысу сұралды).

    2. Бұдан кейін әрбір оқушыға олардың кім екендігі жазылған және осы жағдайға олардың қандай қатысы бар екені қысқаша сипатталған рөлдері бар карточка таратыңыз (мысалы, жәбірлеуші, жәбірленуші, жәбірленушінің досы, жәбірлеушінің достары, жастар ісімен айналысатын қызметкер, сынып жетекшісі, т.б.).

    3. Ортада өтетін жол қалдырып, оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға қойыңыз.

    4. Еркін тәртіппен оқушыларды таңдап, олардан өзінің рөлімен таныстыруды сұраңыз.

    5. Қалған оқушылардан осы «кейіпкерге» арналған бір өтініш ойластыруды сұраңыз.

    6. Бұдан кейін таңдап алынған оқушы қатар арасынан өтеді, ал қалған сынып ол өткен кезде өз өтініштерін білдіреді (оқушыларды «рөлге енуін» ынталандыру үшін осыны бірнеше рет қайталау қажет).

    7. Таңдап алынған оқушыдан қандай өтінішті сенімді деп есептейтінін, сондай-ақ жағдайға қатысты не ойлайтынын сұраңыз.

    8. «Ар-ождан аллеясы» арқылы өту үшін басқа оқушыларды таңдап, тапсырманы қайтадан өткізуге болады.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта