окыту. оқыту әдістері. Негізгі бет стаз ебегі
Скачать 306.73 Kb.
|
1-кестеде ұсынылған мәселелер негізінде көптеген оқыту тапсырмаларын әзірлеп, ұсынылған үлгіге сәйкес (2-кестені қараңыз) олардың табыстылығына талдау жасауға болады. ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР ҮЛГІЛЕРІ Есте сақтау
Түсіну
Қолдану
Бағалау
Жасау
Идеялар, деректер, айғақтар мен жағдайларды жақсы түсінуге мүмкіндік беретін оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары Брукфильд анықтаған(1987) төмендегі аспектілерге сәйкес белсенді оқыту мен оқу барысында қалыптасып, дамуы мүмкін: Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу.Өзінің жеке тәжірибесі мен түсінігінің негізінде болжамдар мен жорамалдардың шынайылығын тексеру. Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу. Ойымыздың мәнмәтінмен үйлесуінің маңыздылығын түсінуге ықпал ету, басқа сөзбен айтқанда, тәжірибе, құрылым мен қызметтің бірлігін қамтамасыз ету. Баламаларды ұсыну және зерттеу. Айқын және қисынды ойлана білу. Түрлі көзқарастар мен ұстанымдарды қабылдау қабілеті. Нақты және бейнелі түрде ойлана білу. Рефлексивтік күмәндануды дамыту. Жалпыға мәлім ақиқаттан немесе сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы болады деуден бас тарту; әркімнің әртүрлі ойланатынын, қарама-қарсы көзқарастар болуы мүмкін екендігін назарға алу. (Брукфильд (1987) цитата Лестерден алынған (2010: 4)) Сын тұрғысынан ойлаудың жоғарыда аталған аспектілерін дамыту үшін Лестер ұсынған (2010) жаттығуларды назарға алуға болады: Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу Шектелген тәжірибеге негізделген жалпылама пайымдаулар қолайлы, алайда олар тұжырымдардың негізді болуын қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты, болжам жасамас бұрын, көбірек білу үшін болжалды шектеулер бар ма екенін анықтап алған дұрыс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: Қашан сұрақ қою керек екендігін түйсіну: мен айтылғанды дұрыс түсінем бе әлде өз жалған сенімім не эмоцияларыммен оны бұрмалаймын ба? Оқушылардың мәтіннің бір мағынасын ғана ашумен тоқтап қалмауына жағдай жасаңыз, бірнеше рет жүргізілген есептердің негізді екендігін немесе оның жай ғана қате екендігін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Ақпаратты жалпылау кезінде басқалар жасаған келеңсіз тұжырымдардан абай болып, тиянақты әрі байыпты болуға тырысыңыз. Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу Сын тұрғысынан ойлау дағдылары объекті мен оны қоршаған орта, объектілер мен идеялар және т.б. арасындағы қарым-қатынастар жүйесін бақылауды қамтамасыз етуді көздейді. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: Түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан түрлі мәнмәтіндерде фраза, түсінік, идеялар, бағаны қалай қолдануға болатындығын талқылауды ұсыныңыз. Баламаларды ұсыну және зерттеу Әдетте баламаны ұсына алу қабілетін креативті ойлау қабілетімен байланыстырады. Оқушылар ойлаудың немесе бірдеңені орындаудың бір ғана жолы бар деп түсінбеулері керек.Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: «Көзқарасты» өзгерту. Оқушылар мінездері әртүрлі адамдарға арнап диалог құрады (мысалға, алдымен олар әйелдердің пікірі тұрғысынан диалог құрады, содан кейін осындай диалогты ер адамдардың пікірі бойынша құрады). Бір проблеманы шешудің әртүрлі әдістерін іздеу. Мысалы, математика немесе жаратылыстану ғылымдары сабағында оқушылар бір тапсырманы, проблеманы шешудің әртүрлі тәсілдерін іздестіреді. Рефлексивтік скептицизмді дамыту Оқушылар оқу барысында өздерінің дәлелдеу және дәйектеу жүйесіне негізделген жеке пікірлері мен идеяларын қалыптастыруы тиіс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: Талқылау барысында мұғалімдер оқушыларға: өз мәлімдемелері үшін негіздемелер мен дәлелдемелер ұсынуға; негізделмеген деп санаған мәлімдемелермен келіспеуге; расталмаған болжамдарға күмән келтіруге; пікірлер мен көзқарастарының алдын ала пішілмей, дұрыс болуына; түсініксіз нәрселерді түсіндіруді сұрауға; басқалардың өз көзқарасын ұстануға құқығын (тіпті онымен келіспесе де) сыйлауға көмектесулері қажет. Оқушылардың сенімін нығайту Оқушыларыңыздың қандай да бір пікір қалыптастыруына бөгет болмаңыз және тыйым салмаңыз; Ешқашан жете бағаламауға жол бермеңіз; Әрқашан оқушыларға, олардың пікірлеріне қызығушылық білдіріңіз; Егер оқушыларыңызда өз күшіне деген сенімділігі жетіспей жатса, сізге онымен жұмыс істеу қажет. ХХ ғасырдағы британ философы Стефан Тулмин былай деген: «Орынды, тәжірибеге негізделген дәлелдемелер әдетте алты бөліктен тұрады». Аталған бөліктерді сипаттау үшін ғалым мынадай терминдерді пайдаланған: Деректер: дәлелдеу үшін пайдаланылатын фактілер немесе негіздемелер. Мәлімдеме: дәлелденуі тиіс пікір (тезис) Растаулар: мәлімдемелер мен деректер арасында «көпір» болып қызмет ететін жалпы, гипотетикалық (әдетте - тұспалданатын) логикалық пікірлер. Ескертпелер: дәлелдер немесе тұжырымдардың күшін шектейтін және де дәлелдердің дұрыс болып шығуына жағдай жасайтын пікірлер. Жоққа шығару: басты дәлел өз күшін жоятын жағдайларды көрсететін қарсы аргументтер немесе тұжырымдар. Негіздеме: растауларды қамтамасыз ететін тұжырымдар, яғни, теріске шығарылатын мәселені дәлелдейтін емес, ол пікірдің дұрыс екендігінің растауларын дәлелдейтін аргументтер. Тулминнің аргументтер диаграммасы төмендегі суреттен көруге болады: Тулмин аргументтерінің құрылымы ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АКТ-ны ПАЙДАЛАНУ АКТ-ны пайдалана отырып өткізілетін сабақтарды жоспарлау әдістемесі АКТ-ны жай ғана «пайдалану керек» деген ұстаныммен пайдаланбаңыз. АКТ сіздің оқыту мен оқу мақсаттарыңызға жетудің ең оңтайлы тәсілі екендігін/еместігін анықтап алыңыз. Егер сіз АКТ-ны пайдалануға сенімсіз болсаңыз, әріптестеріңізден кеңес сұраңыз. Есіңізде болсын, көптеген оқушылар компьютерлендірілген әлемде өсіп келе жатқандықтан, АКТ-ны сенімді пайдаланады. Мұны сіздің құзыреттілігіңізге төнген қауіп ретінде қарастырмай, керісінше қосымша көмек пен қолдау ретінде қабылдаңыз. Оқушылар өздерін «сарапшы» ретінде сезінгенді ұнатады, бұл олардың өзіндік бағасын арттыруға ықпал етеді. Олар көмек сұрады деп, сізді сыйлауын тоқтатпайды. «Велосипед ойлап шығарудың» қажеті жоқ. Көптеген мұғалімдер АКТ-ға арналған ақпараттық материалдар мен стратегияларды әзірлеп қойған. Әріптестеріңіздің тәжірибесін талқылаңыз, бүкіл мүмкіндіктерді пайдалану арқылы олармен байланыста болыңыз: адамдардың идеялармен, сабақ жоспарларымен, тәжірибелерімен алмасуға көмектесетін мектептің, мұғалімдердің веб-сайттары және желілік қауымдастықтар өте көп! Төменде оқыту мен оқу үдерісін мейлінше интерактивті және оқуға ынталандыратын үдеріске айналдыру мақсатында АКТ-ны пайдаланудың кейбір тәсілдері ұсынылған. ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА Интерактивті тақтаның негізгі басымдығы - Web 2.0 құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды кез-келген сабаққа қосуға мүмкіндік беретіндігінде. Осы тақталардың көмегімен мұғалімдер сабақ кезінде веб-сайттарға, бейнежазбаларға және подкастыларға сілтеме жасай отырып, РowerРoint таныстырылымы арқылы ақпарат бере алады. Мұғалімдер жұмыс барысында анықталған мүмкіндіктерді есепке ала отырып, өз таныстырылымдарына түзету енгізе алады, сонымен бірге күрделі ұғымдар мен қиын тапсырмаларды түсіндіру мақсатында сабаққа қосымша анықтамалық материалдар енгізе алады. Интерактивті тақта жұмысты сақтауға, басып шығаруға немесе алдағы уақытта пайдалану үшін бейімдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері негізінен визуалдар мен кинестетиктер үшін анағұрлым қолайлы, ал вербалдар мен аудиалдар үлкен топтардағы интерактивті сабақ барысында материалды жақсырақ түсінеді. Экранға жанасу және оқылатын материалға жақын болу, оған қол тигізу мүмкіндігі оқушылардың сабақтағы тікелей физикалық белсенділігін арттырады. Интерактивті тақтаны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Мәселен, ол сабақ мақсатымен және кіріспе материалдармен жедел таныстыру құралы бола алады. Осыған байланысты, таныстыруды жалғастырмас бұрын, оқушыларға көрсетілетін жаңа ақпаратты екшеу және өңдеуге уақыт бөлу қажет болуы мүмкін. Танысудан кейін оқушылар тақырыпты бекіту үшін интерактивті тақтада мысалдармен жұмыс істеуді жалғастырады. Жұмысты орындау барысында оқушылар шынында да өзара байланыста болуы үшін, бұны мұқият ойластырған жөн. Немесе кіріспе материалды беруді кейінге қалдыра тұрып, сабақтың соңында еске түсіруге болады. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы сабақты түрлендіру және қолдау көрсету мүмкіндіктері Интерактивті тақта ұсынатын мүмкіндіктер сізге сөздер ойыны, ауызша және жазбаша тексерістер, сканвордтар және кесте бойынша іріктеу, оқу құралдары, суреттер, кескіндемелер, диаграммалар және басқа сканерленген материалдар, сонымен қатар жүктеп алынатын ресурстар (бағдарламалық өнімдер), веб-сайттарға, бейнежазбаларға, анимациялар мен подкастыларға сілтеме жасалған PowerPoint таныстырылымдары сияқты қызықты материалдар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар сабақтың қызықты өтіп, оқушылардың қатысуын қамтамасыз ете алады. Жауапты жасыру / сөздерді (нөмірлерді) табу Мәтін жазылатын жерге сұрақтың жауабын жазып, жауапты жасыру үшін таныстырылым фонының түсі қандай болса, сондай түсті қарындашпен оны бояңыз. Дұрыс жауапты айтатын уақыт келгенде интерактивті тақтаның өшіргішін пайдаланып, жауапты көрсетіңіз. Жасырылған сөзді (санды және т.б.) ашпас бұрын, Сіз оқушылардың нұсқаларын талқылай аласыз. Мәтінді (кез-келген ақпаратты) реттеу, жүйелілікті анықтау Мәтінді қайта реттеу оқушылардың белгілі бір ақпаратқа немесе жазу стиліне тән тиісті белгілерді түсінетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіз мәтіннің әр алуан бөліктерін (сандарды) флипчартта беріп, осыларды қате тәртіпте интерактивті тақтада бере аласыз. Оқушылар жұмыс барысында сілтеме жазбалар жасай отырып, мәтінді қалай реттеуге болатынын жұптарда немесе топтарда талқылай алады. Осыдан кейін мәтіннің үзінділерін дұрыстап жүйелеу үшін бір оқушы тақтаға шығады. Оқиға бөліктерінің жүйелілігін, ретін анықтау оқушыларға өзінің тақырыпты түсінетіндігін көрсетудің мақсатты тәсілі болып табылады. Кескіндеме, суреттер, мәтіндер, оқушылардың жұмыстарына және т.б. түсініктеме беру Сіз кескіндеме, сурет немесе мәтінді интерактивті тақтадан көрсету үшін сканерлеп, ал оларға түсініктеме беру үшін қарындаш және тақтада жазу жазуға арналған басқа да экрандық құралдарды пайдалана аласыз. Белгілі бір тақырыпты жақсы және нашар көрсеткен оқушы жұмысын үлгі ретінде алып қарастырып, оны жақсарту жолдарын бірлесіп талқылаңыздар. Бұл жаттығу оқыту үшін бағалауды педагогикалық тәжірибеге кіріктірудегі интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін паш етеді. Сандық микроскоп Сандық микроскоп оқушыларға әртүрлі заттар мен объектілерді түрлі қырларынан қарастыруға мүмкіндік береді. Визуализаторлар Олар жаратылыстану сабақтарында пайдалы болуы мүмкін. Оқушылар эксперименттің мәнін жақсы түсіну мақсатында эксперименттік жұмыстың үлкейтілген бөлшектерін интерактивті тақтада көрсетуге болады. Деректерді тіркеушілер Деректерді тіркеушілер интерактивті тақтаны пайдалана отырып және оны пайдаланусыз ғылымда кеңінен қолданылады. Оқушылар әртүрлі деректерді тіркеу үшін оларды компьютерден бөлек пайдалана алады. Компьютерге қосқан кезде бағдарламалық жасақтама деректерді компьютерге жүктейді, жұмыс барысында алынған нәтижелермен таныстыру үшін ол деректерді кестелер мен графиктерге айналдыруға болады. Сонымен қатар айнымалы өлшемдердің барлық тәсілдерін зерттеу үшін оларды интерактивті тақтада көрсетуге болады. Оқушылардың жұмысын вики немесе блог үшін сақтау Оқушылар математикалық есептерін шығарып, ағылшын тілінің грамматикасын түзеп, ғылыми картамен жұмысты немесе басқа да жобаны аяқтап болғанша, материалдарды компьютер жадысынан өшірмеңіз. Бір есептің немесе идеяның көптеген шешімдері болатынын көрсету үшін беттің көшірмелерін жасаңыз. Сабақты PDF форматында экспорттап, оны slideshare.net-ке (тегін) жүктеңіз, «slideshare» сайтында берілген кодты көшіріп алып, оны Викиге немесе блогқа салыңыз. Интерактивті тақтаның көмегімен байланыс орнату Сабақтың өзінде және сабақты интерактивті тақталарда дайындау барысында қолдануға болатын Web 2.0 қосымша құралдарының қатарына Facebook.com, ilike.kz. Kaztube.kz, YouTube.com кіреді. Бұлар сабақты мүлдем жаңа интерактивтілік деңгейіне шығарып, оқушыларды оқу үдерісіне тартудың жаңа стилін ұсынады. PowerPoint таныстырылымдары PowerPoint таныстырылымы – мектептерде ең көп таралған, таныстырылым жасауға арналған бағдарламалық құрал. Төменде таныстырылымдарды тиімді етіп жасауға арналған кейбір ұсыныстар берілген: Құралдың техникалық мүмкіндіктері ең алдымен ынталандырушы, ақпараттық және қызықты таныстырылым жасау үшін пайдаланылуы тиіс. Барынша көп құралдарды пайдаланыңыз (мәтін, графикалық деректер, анимациялар, дыбыс және бейне, сайттарға сілтеме, таныстырылымның негізгі ақпараттарының түйінді тұстары, еренсілтемелер). Күрделендірмеңіз: әрбір слайдта тым көп мәтін пайдаланбаңыз, өйткені ақпараттар ағымы қатты болған жағдайда оқушылар қабылдай алмай қалады. Мүмкіндігінше үлкен шрифтімен жазып, жолдардың арасында жеткілікті аралық сақтаңыз. Көп түстерді пайдалана бермеңіз, өйткені бұдан бас ауруы мүмкін. Фонның түсі мәтіннің үйлесімділігін бұзып, оқуды қиындатпауын қадағалаңыз. |