окыту. оқыту әдістері. Негізгі бет стаз ебегі
Скачать 306.73 Kb.
|
Жазбаша кері байланыс Тиімді кері байланыс өздерінен не күтіліп отырғанын және өздері мұғалімнен не күтетінін білетін оқушыларға байланысты. Оқушыларға белгілі бір салада жетістікке жеткендерін, олардың себептерін және әрі қарай қалай жақсартуға болатындығы туралы түсініктеме беріп отыру қажет. Бұндай түсініктемелер оқушылардың назарын оқудың мазмұнына аударуға көмектесетін болады. Оқу мақсаттары мен оқу нәтижелері мұғалімнің ауызша және жазбаша кері байланысы үшін бастама ретінде пайдаланылуы тиіс. Оқушылар бөлініп, тапсырманы орындауға кіріспестен бұрын оларға оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелері анық түсіндірілуі тиіс. Мысалы, оқушы үшін оқу нәтижесі мектеп директорына мектеп кеңесін құруға келісім беру сұралатын хат жазу болса, кері байланыс орнату үшін дұрыс жазу ережесі мен грамматикаға ғана көңіл бөлу дұрыс емес, бұл жағдайда кері байланыс оқушылар осыған дейін өткен сөз өнеріне тән тиісті шартты белгілерді пайдалануға да бағытталуы тиіс. Оқушыларға олардың жетістіктері мен кемшіліктерін дәл бағалауды қамтамасыз ететін, терең ойлауға және талқы жүргізуге түрткі болатын, олардың оқудағы келесі қадамдарын айқындауға көмектесетін жазбаша кері байланыс ұсыну керек. Оқушылардың оқудағы келесі қадамдарын айқындау үшін мұғалімдер олардың пән бойынша прогресін түсініп, оқушылардың қате түсініктері мен қиындықтарын білуге тиіс. Сапалы кері байланыс • Кез келген оқушымен жүргізілетін кері байланыс оның ерекше қасиеттері мен мүмкіндіктеріне негізделуге тиіс. Оқушы өз жұмысын жақсарту үшін не істей алатындығы туралы кеңес беруге негізделіп, басқа оқушылармен салыстыруға жол бермейді. • Кері байланыс әрбір оқушыға оның қасиеттері мен кемшіліктерін айқын көрсеткен жағдайда ғана, оның білімінің жетілуіне ықпал етеді. Блэк және Уильям (1998). Қара жәшік ішінде. Жазбаша кері байланыс кезінде қарастыруға арналған факторлар: • оқушылардың үміттері; • мұғалімдердің үміттері; • жалпы оқу мақсаттары; • оқудың жалпы нәтижелері; • прогресс туралы идеялар; • оқушылардың түсінбеушіліктері мен кездескен қиындықтарын түсіну. Сындарлы жазбаша кері байланыс сипаттамасы: • оқу мақсатына іріктеп назар аудару; • оқушылардың дұрыс жолда екендігін растау; • қателерді түзегендерін немесе жұмысты жақсартқандарын марапаттау; • оқушылар келесі қадамдарын жасаған кезде оларға қолдау көрсету; • оқушыларға қандай да бір нәрселерді өздері ойлауға мүмкіндік беру; • бірнеше ұмтылыстан кейін ілгерілегендеріне түсініктеме беру; • басқа оқушылармен салыстыруды болдырмау; • оқушыларға жауап беруге мүмкіндік беру. ЖАУАП АЛУ ЖӘНЕ ДИАЛОГ Тиімді диалогті іске асыруға арналған оқыту стратегиялары
Жиынтық тестілерді білім беру құралы ретінде қолдану Оқушыларға өз жұмыстарын қайта қарастыруды тиімді жоспарлауға мүмкіндік беру үшін оқушылар жасаған жұмыстарының рефлексивтік шолуына қатысулары тиіс. Өздеріне бағалау үдерісін түсінуге көмектесу үшін және алдағы уақытта күш-жігерін қай саланы жақсартуға жұмсау керектігін түсіну үшін оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге тиіс. Оқушылар өздерінің жұмыстарын қалай жақсартуға болатындығын түсіну үшін өзара және өзін өзі бағалау критерийлерін қолдануға тиіс. Жалпылама тестілер өткізілу керек және олар оқыту үдерісінің жағымды бөлігі ретінде қабылдануға тиіс. Пайдаланылған әдебиет Cole, G. (2006) 101 Essentials Lists for using ICT in the classroom [Сыныпта АКТ пайдалануға арналған негізгі тәсілдердің 101 тізімі]. Continuum International Publishing Group. Biggs JB (1987), Student Approaches to Learning and Study[Оқушыларды оқыту мен оқу тәсілдері], Melbourne: Australian Council for Educational Research Bloom B.S. et al. (1956) Taxonomy of Educational goals: Handbook 1: Cognitive Domain[Білім мақсаттарының таксономиясы: 1-кітап: Танымдық сала], New York: David McKey Blogger in the Classroom[Сыныптағы блогер]. Online at: http://static.googleusercontent.com/external_content/untrusted_dlcp/www.google.com/ru//educators/activities/pdfs_GTA/CribSheet.Blogger3.pdf Accessed 18.06.2012 Bragham G. (2006) How to survive and succeed with interactive whiteboard[Интерактивті тақтамен қалай өмір сүріп, жетістікке жетуге болады?]. LDA (Learning Development Aids) Brookfield S. (1987) Developing critical thinking: challenging adults to explore Alternative Ways of thinking and Acting[Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: ойластыру мен іс-қимылдың баламалы жолдарын зерделеудің күрделі жолдары]. New York: Teachers College Press. Fisher R. (2005) Teaching children to think[Балаларды ойлануға үйретеміз]. Nelson Thornes LTD. Fontichiaro K. (2008) Podcasting at school[Мектептегі подкастинг], London. Libraries unlimited Key Stage 3 National Strategy. Crown copyright 2005 Introduction DfES 1099-2005 G Gibbs G (1981),Teaching Students to Learn: a student-centred approach[Оқушыларды оқуға үйретеміз: оқушыға бағытталған тәсілдер],Milton Keynes: Open University Press Goodhew, G. (2009) Meeting the needs of Gifted and Talented students[Дарынды және талантты оқушылардың қажеттіліктері], Continuum International Publishing Group. Honey P and Mumford A (1992), The Manual of Learning Styles[Оқу стильдері жөніндегі нұсқаулық], revised edition, obtainable from Peter Honey, Maidenhead SL6 6HB Hymer, B. (2002) Gifted and Talented learners[Дарынды және талантты оқушылар], David Fulton Publishers LTD. Kent, G. (1996) Teaching the Able Pupil[Қабілетті балаларды оқыту], Pearson Publishing. Leicester M. (2010) Teaching critical thinking skills[Сын тұрғысынан ойлауға үйрету]. Continuum International Publishing group Stephen E. Toulmin (1958) The uses of Argument[Аргументтерді пайдалану], Cambridge University Press. Top Tips 50 podcasting ideas for the classroom. A helpful guide to get you started with podcasting[Сыныпта подкастингіні пайдаланудың 50 идеясы. Сізге подкастингіні пайдалануды бастауға көмектесетін пайдалы анықтамалық]. Online at: www.podiumpodcasting.com/pdfs/podiumTopTipsGuideWEB.pdf Accessed 18.06.2012 Using Blogs to Integrate Technology in the Classroom[Сыныпқа технологияларды кіріктіру үшін блогтарды пайдалану]. Online at: http://www.glencoe.com/sec/teachingtoday/educationupclose.phtml/47 Accessed 18.06.2012 Watkins et al. (2000)Learning about Learning[Оқыту туралы ілім]. Resources for supporting effective learning. Routledge, London 5 Strategies for Using Wikis in the Classroom[Сыныпта Викиді пайдаланудың 5 стратегиясы]. Online at:http://david-r-wetzel.suite101.com/5-strategies-for-using-wikis-in-the-classroom-a124331 Accessed 18.06.2012 6 Strategies for Using a Smart Board in Class[Сыныпта ақылды тақтаны пайдаланудың 6 стратегиясы]. Online at: http://david-r-wetzel.suite101.com/6-strategies-for-using-a-smart-board-in-class-a115550 Accessed 18.06.2012 11 advantages of using a blog for teaching[Оқыту кезінде блогты пайдаланудың 11 артықшылығы]. Online at:http://www.slideshare.net/frankcalberg/11-advantages-of-using-a-blog-for-teaching Accessed 18.06.2012 |