окыту. оқыту әдістері. Негізгі бет стаз ебегі
Скачать 306.73 Kb.
|
Тапсырмаға қойылатын талаптар: Жаңа білім бөлек-бөлек факты ретінде емес, тұжырымдамалық негіз мазмұнында сабақтастырылып беріледі. Мұғалім проблемалы сұрақтар қою және оны шешу тәсілдерін пайдалана отырып, санасын дамытады. Мұғалім оқу үдерісін барынша терең «ғылыми» ойлау дағдыларын қалыптастыратындай етіп құрады. Абстрактілі түсініктерге, сондай-ақ негізгі түсініктерге де ерекше назар аударылады. Қолданылатын материалдар сапасы жағынан жоғары, ал оларды оқыту деңгейі кешенді, жаңашыл сипаттарды талап етеді. Тілді қолдану: Сабақтың зияткерлік талаптары сабақ үстінде жүзеге асатын тілдік қарым-қатынастың деңгейімен, жылдамдығы және сапасымен анықталады. Негізінен, ауызекі емес, тиісті дәрежедегі сөйлеу дағдылары қолданылады. Мақалдап, жұмбақтап сөйлеген мадақталады. Жауап алу: Күнделікті оқудың маңызды бөлігі болып табылады және ойлау мен проблеманы шығармашылықпен шешу дағдыларын дамытуға бағытталған. Ақпаратпен алмасу: Оқушылар өз құрбыларымен бұрынғы және жаңа білімдерін, идеяларын салыстыра отырып, дауыстап түсіндіреді. Зерттеу жүргізу дағдылары оқушылардың өз идеяларын өздері түсіндіре алатындай етіп ұсынылады. Үздік жетістіктерге ұмтылдыру: Оқушылар жоғары дәрежелі жетістіктерге қол жеткізгені үшін уақтылы марапатталып отырғаны дұрыс. Бұл оқушылар мен мұғалім арасындағы келісімге сәйкес ерекше жобалар түрінде жүзеге асырылады. Мақсаттар жоғары, кәсіби деңгейде қойылады. Тәлімгерлер тағайындалады. Шығармашылық қабілеттер қалыптастырылады. Жобалар аяқталып, жұмыс тексерілуге тиіс. Сыныптың дарынды және талантты балаларға арнап дайындалуы(Гудхю, 2009) Сыртқы сарапшылар «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» тарауын қараңыз Идеяларды ойластыруға уақыт беріледі. Сынып жайдарлы Жұмыс көлемі аз, бірақ ол алуан түрлі, сапалы Оқуды жетілдіретін үй жұмысы Айырмашылығы: қарқыны, қолдау, тапсырмалар, тілдің қолданылуы Дарынды және талантты балалар үшін сыныптағы дайындық «Оқыту мен оқудың белсенді әдістері»тарауын қараңыз Ыңғайлы топтастыру Жоғары деңгейлі сұрақтар Қабілеттері өздерінікі сияқты адамдармен ынтымақтастық «Сын тұрғысынан ойлау» тарауын қараңыз Жоспарлау үдерісінде саралау маңызды қағидат болып қала береді, осыған байланысты қабілеттері әртүрлі бір топ аясында анағұрлым қабілетті оқушыларға арнап бір сабақты жоспарлау әртүрлі орындалуы мүмкін. Бұндайда қолданылатын тәсіл оқушылардың жасына, пәнге және мұғалімге байланысты болады. Мысалы, әртүрлі мұғалімдер пайдаланатын екі үлгі бар: 1) ІСТЕУГЕ МІНДЕТТІ-ІСТЕГЕНІ ДҰРЫС-ІСТЕЙ АЛАДЫ Істеуге міндетті (істелуі тиіс нәрсе); Істегені дұрыс (түгел сыныпқа қажет); Істей алады (барынша ашық жаттығулар). 2) НЕГІЗГІ БІЛІМГЕ ЖЕТІЛДІРУДІ ҚОСУ Табысты оқушылар нәтижеліліктің жоғары деңгейін талап ететін кеңейтілген тапсырмаларды шешуге көшеді Білімді жетілдіру Дарынды және талантты оқушыларға арналған эксперименталды стратегияның мәні сыныпта және сыныптан тыс кеңейтілген оқу жоспарын ұсынумен айқындалады. Оқушылардың оқуын ынталандырып, олардың қабілетін арттыратын қызықты және маңызды тәжірибемен қамтамасыз ету мақсатында оқу жоспарын толықтыру қажеттілігі туындайды. Оқушыларды ойлануға, өз көкжиектерін кеңейтуге ынталандыру керек. Осылайша Грэм Кентке (1996: 44) сәйкес, "кеңейту үдерісі алуан түрлі жауап беріп, алуан түрлі шешім табуға мүмкіндік бере отыра, қабілетті балалардың сөйлеу қарқынына көмектесуі қажет. Бұл идеялармен, жағдайлар және әдістермен тәжірибе жасауға көмектесе отырып, балалардың ептілігін дамытпақ, балаларға ойлау қабілетін пайдалана отырып, өзіндік ерекшелігін қалыптастыруына мүмкіндік бермек. Ол балаларды өздерінің қосымша идеяларын және басқалардың идеяларын пайдалана отырып, жауаптарын жетілдіруге итермелеуі қажет". Гудхю (2009: 80) белгілеген дарынды және талантты балаларды сыныптағы жұмысқа жұмылдыру жөніндегі жалпы ұсыныстар 1. Дарынды және талантты балалар үшін жұмыс санымен емес, сапасымен ерекшеленетініне көз жеткізіңіз, дарынды оқушылар басқаларынан көп тапсырма орындамауы керек. 2. Джон Фримен атап көрсеткен «үш қайталау» проблемасынан аулақ болыңыз; бірінші – бүкіл сыныпқа тапсырманы түсіндіру, одан кейін тыңдамағандарға арнап бір қайталау, кейіннен тағы да бір рет – жай ғана, барлығының есіне тағы бір рет түсіру үшін. Қайтадан түсіндіруді соған мұқтаж оқушылар үшін ғана қайталау қажет. 3. Көбірек ынталандыруға мұқтаж және сыныптағы алуан түрлі тапсырмалармен жұмыс істей алмайтын оқушыларға тапсырма беру үшін әрбір оқушыға арнап жеке үй тапсырмасын дайындаңыз. 4. Тапсырмаларды орындауды ерте бітіретін оқушылар үшін кабинет бұрышында қызықты жұмбақтары бар қорап қойып қойыңыз (кейбір оқушылар мұғалімнің кері байланысына/қатысуына мұқтаж болады). 5. Сабақтың соңында пайдалану немесе жұмысты басқа топтартан бұрын бітірген топқа беру мақсатында ойлауды дамытуға бағытталған, тез шешуге болатын тапсырмалары бар қорабыңыз болсын. Әрбір оқушының даралығын дамыту үшін сараланған тапсырмаларды дайындау ұсынылады. 6. Тақырыпты тереңірек қарастыруды қалайтын оқушыларға арнап пайдалы веб-сайттар тізімін құрастырыңыз. Бұл істе мұғалімге мектеп кітапханашысы көмектесе алады. 7. Зерек оқушылардан талқылау кезінде айтылған негізгі ұғымдарды, ойларды тақтаға жазып отыруды сұраңыз. 8. Сабақ басында зерек оқушылар тобынан жалпы сабақты дайындауды өтініңіз. 9. Редакцияланған мәтіндерді қолданған кезде анағұрлым қабілетті деген оқушыларға мәтіннің толық түпнұсқасын қарастыруға мүмкіндік беріңіз. 10. Кейде қабілетті оқушылардың белгілі бір идеяларды нақты баяндау үшін пайдаланатын сөздер санын шектеңіз. Ол қабілетті оқушылардың тілді нақты пайдалануына мүмкіндік береді. 11. Сыныптағы оқу үлгерімін жақсарту мақсатында оқушылардың дарындары мен қабілеттерін әртүрлі салаларда қолданыңыз. Мысалы, суырыпсалмалығы бар оқушыға сабақтағы тақырыпқа байланысты рэп шығаруды ұсыныңыз; жобалаумен айналысатын оқушыға география сабағында белгілі бір ландшафттың моделін жасау тапсырмасын беріңіз. 12. Уақытты көңілді өткізіңіз. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ Қалыптастырушы бағалау кезінде қолданылатын негізгі стратегиялар Сыныпта барлық оқушылар қабілеттілікті тұрақты емес, өспелі ұғым ретінде қарастыратын орта құру. Оқушыларды сабақтың мазмұнын, сондай-ақ оның не мақсатпен жүргізілетінін көрсететін жоспарлау үдерісіне тарту. Оқу мақсаттарын түсіндіру және оқушылардың табыс критерийлерін белгілеу. Сыныпта тиімді әңгімелесу және мақсатты жауап алу тәсілдерін пайдалану және жоспарлау. Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық пікірталасқа тарту – табыс критерийлеріне сәйкес болып қана қоймай, осы критерийлерге қалайша сәйкес болу қажеттілігін білу. Оқушыларға өзара және өзін өзі бағалау жөніндегі жақсы сарапшы болуға мүмкіндік беру. Жетістік пен жетілдірудің неден тұратынын анықтауға, түсініктемелерге сәйкес жұмыс істеуге уақыт беруге баса назар аудара отырып, оқушылар мен мұғалімдерге уақытында шолу жасап, кері байланыс орнатуға үздіксіз мүмкіндік беру. Қалыптастырушы бағалаудың осы стратегиялары мұғалімдерге де, оқушыларға да міндеттер мен әдістерге қатысты қабылданатын шешімдерді реттеуге болатын құрылым ұсынады. Әдістер өзгеріп отырады және стратгияларды орындауда қолдануға болатын көптеген тәсілдер баршылық, бірақ қағидаттар тұрақты әрі негізді болуы қажет. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде қолданатын әдістер алуан түрлі болып келеді, бірақ тиімді тәжірибе үшін соңғы критерийлер жүйесін құрастыратын стратегиялар мен қағидаттар үнемі бір.
Оқушылармен оқу мақсаттарымен бөлісу Оқу мақсаттарын жазу (жалпы негіздері) Сабақ соңына қарай оқушылар: • ... білетін болады (білім: нақты ақпарат, мысалы, есімдер, жерлер, белгілер, формулалар, оқиғалар); • ... жетілдіреді/істей алады (дағдылар: білімдерін қолдану, әдістерді пайдалану, ақпаратты талдау және т.б.); • ... қалай екенін/неге екенін түсінеді (түсінік: ұғымдар, себептер, әсерлер, қағидаттар, үдеріс және т.б.); • ... қалыптастырады/білетін болады (қарым-қатынастар мен құндылықтар: аяушылық, қамқорлық, әлеуметтік мәселелерге түсіністікпен қарау, сезімдер, адамгершілік мәселелері және т.б.). Оқу мақсаттары оқушылардың қалай оқитындығына бағытталуы мүмкін (мысалы, өзара бағалау өзінің жұмысын жақсартуға қалай көмектесе алады). Оқу мақсаттарын белгілеу • Оқыту мақсаттары оқу мақсаттарын даралап оқытуға бағыттауға мүмкіндік береді. • Негізгіпәндер бойынша жұмыс жоспарларында/зерттеу тарауларында орта мерзімді оқыту мақсаттары берілген. • Көптеген сабақтарда екі немесе үш мақсатты көздеген дұрыс болады. • Кейбір оқу мақсаттары оқушылардың үлгерімін жақсартуға қатысты болуы мүмкін (мысалы, ойлау қабілетін немесе оқыту стратегиясын дамыту). • Бір оқу мақсаты оқуда бірқатар нәтижелерге қол жеткізуді көздеуі мүмкін. • Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер оқушыға түсінікті тілмен жазылған кезде, олардың сұрақты дұрыс қойып, жалпы ақпарат дайындауға көмектесуде ықпалы зор болмақ. Оқу мақсаттарын пайдаланудың қолданыстағы тәжірибесін жеке бағалау
|