Главная страница

окыту. оқыту әдістері. Негізгі бет стаз ебегі


Скачать 306.73 Kb.
НазваниеНегізгі бет стаз ебегі
Анкорокыту
Дата21.06.2022
Размер306.73 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаоқыту әдістері.docx
ТипЛекция
#608658
страница2 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

КРЕАТИВТІ МАТРИЦА

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • креативтілік;

  • ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу;

  • бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларды жағдайлардың, нұсқаулардың, идеялар мен оқиғалар топтамасы туралы (болжамды түрде) креативті ойлауға ынталандырады. Бұл ойлау және проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, оқушыларға сұрақтарға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп, басқа оқушылар идеяларының негізінде өз нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді.

Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға белгілі бір мәселеге негізделген болжалды сценарийлері бар матрица беріңіз:

КРЕАТИВТІ МАТРИЦАМенің қоғамым

Проблема:

Не?

Маскүнемдік/

нашақорлық

Темекі шегу

Нәсілшілдік

Қатыгездік

Ластану

Адамдар:

кім?

Зейнеткерлер

Ата-аналар

Этникалық аз топтар

Отбасы

Жеткіншектер

Орын:

қайда?

Жұмыста

Мектепте

Қалада

Үйде

Демалыста


2. Оқушылардан үстіңгі әрбір қатардан, олардың пікірінше, өмірде болуы мүмкін және болуы мүмкін емес бір нұсқаны таңдап және оларды бірге қосуды сұрайды. Мысалы:

Анағұрлым ықтимал = маскүнемдік – жеткіншектер – демалыста

Ықтималдығы төмен = қатыгездік – зейнеткерлер – жұмыста

3. Оқушылардан жауаптарын басқа топтардың жауаптарымен салыстыра отырып, өз нұсқаларын дәлелдеу, сондай-ақ олардың ықтималдығы төмен сценарийлері іске асуы мүмкін жағдайларды анықтау сұралады.

4. Бұл тапсырма бірқатар идеялар бойынша шығармашылық қабілеттілікті ынталандыруға арналған жоспарлау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА

Азық-түлік өнеркәсібінде қандай іс аса табысты болуы мүмкін?

Түрі

Үнді

Француздық

Британдық

Қытайлық

Итальяндық

Адамдар

Зейнеткерлер

Мамандар

Этникалық аз топтар

Отбасы

Жеткіншектер

Қалай?

Конвейерлік таспада

«Фастфуд»

Автодәмхана

Өзіне өзі қызмет көрсететін тамақтану орны

Дәмхана


Оқушылардан анағұрлым табысты немесе табысы шамалы бизнес идеяларды таңдауды сұраңыз:

Аса табысты = үнді - мамандар үшін – конвейерлік таспада

Табысы шамалы = француздық – жеткіншектер үшін – «Фастфуд»

5. Бұдан кейін оқушылардан топ ішінде олар атқарған жұмысты талқылауды сұраңыз – топтар өздерінің идеяларын дәйектей алды ма? Топтар өз талқылауын қалай құрылымдады? Үйлестіруші болды ма? Келісімге қол жеткізді ме, егер олай болса, қалай қол жеткізді?

6. Бұл әдіс өзекті мәселелерді одан әрі зерделеуге түрткі болуы мүмкін. «Барлық факторларды ескеру» және «Басқа адамдардың пікірлері» сияқты жаттығулар оқушылардың «Креативті матрицадан» туындайтын басты мәселелерді түсінуін тереңдету үшін қолайлы бола алады.

ГАУҺАРЛАР ИЕРАРХИЯСЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқаларман жұмыс істеу;

  • ойлау, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл тапсырманы шағын топтар орындайды, ол ақпараттар мен идеялардың артықшылықтарын айқындауға бағытталған. «Стикерлер топтамасы» және «Идеялар тасқыны» сияқты ақпаратты жинақтауға арналған жаттығулардан кейін орындалатын жаттығу болуы мүмкін. Бұл оқушылардың белгілі бір сұрақтарды белгілі бір тәртіппен орналастырып, неге ол ретпен орналастырғанын түсіндіру дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. Басымдықты айқындау жөніндегі жаттығулардан «Карточкалар иерархиясын» қараңыз.

Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтар үстел басында жұмыс істей алады.

Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушыларға карточкада немесе стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея беріледі (немесе өздері алдын ала жазады).

  2. Олар өзінің бірінші басымдық берген карточкасын жоғарыға қояды, бұдан кейін екі карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге орналастырылады. Осылай гауһар тас пішіні пайда болады.

  3. Оқушылар бір-бірімен бітімге, келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Сондықтан олар карточкалардың ретін өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.

  4. «Бес сұрақ» сияқты жаттығуды пайдалана отырып, бірінші кезектегі карточкаларды анағұрлым толық зерделеуге болады.



Талқылауға арналған идеялар үлгісі:

  • Қылмыстық деңгейін қалай төмендету керек.

  • Қоршаған ортаның ластануын болдырмау жөніндегі шаралар.

  • Жолдағы қауіпсіздік.



ӘРҚАЙСЫ ӘРҚАЙСЫН ОҚЫТАДЫ(сондай-ақ «Біреуін аласың – біреуін бересің» деген атпен танымал)

шаукет

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • бірлескен жұмыс;

  • ақпараттарды басқару.


Жалпы сипаттама

Бұл – оқушылар арасында нақты ақпараттың ауқымды көлемін таратудың балама тәсілі. Мұғалім дәріс оқығанның немесе айтып түсіндіргеннің орнына, оқушылар тақырыпқа қатысты ақпаратты өздерінің құрбыларымен бөліседі. Ақпаратты тарату бойынша басқа да пайдалы ойын үшін «Кластерлерді» қараңыз.

Сыныпты жоспарлау

Жүріп-тұру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет. Немесе төрт адамнан тұратын топта оқушылар партада отырады, екі оқушы белгілі бір уақыт өткеннен кейін тобын ауыстыра алады.

Жұмыс алгоритмі

1. Белгілі бір факт немесе статистикалық деректері бар қағаз парағы әрбір оқушыға таратылады. Мүмкіндігінше әрбір оқушы үшін әртүрлі тұжырым болғаны жақсы.

2. Оның тұжырымның мағынасын түсінетіндігін анықтау мақсатында, оқушылар өздерінің тұжырымдарын оқиды.

3. Оқушылар сынып ішінде жүріп, өздерінің тұжырымдарын басқа оқушылармен бөліседі. Оның мақсаты өзінің фактісін барынша көп адамға түсіндіру болып табылады.

4. Оқушылар мысал келтіре отырып, өз түсініктемелерін толықтыра алады. Егер қисыны келсе, олар өз тұжырымдарын басқа оқушылардың тұжырымдарымен байланыстыруға тиіс.

5. Фактілермен алмасуға арналған уақыт аяқтағаннан кейін, оқушылар тапсырманы орындау барысында алынған ақпаратты жүйелеу үшін шағын топтарда жұмыс істейді.

6. Кейіннен жауап алу жүргізілген кезде оқушылар өздерінің санаттау жүйесін түсіндіреді және дәйектейді.

7. Олар сонымен қатар әртүрлі фактілерге/деректерге қатысты өздерінің реакциясымен бөлісуі мүмкін. Оларды не таң қалдырды? Оларды не абыржытты? Қандай да бір тұжырым оларды мұңға батырды ма немесе бақытты етті ме? Немесе қандай тұжырым оларды қызықтырды?

8. Оқушылар өзінің жеке оқуы туралы ойлануы мүмкін. Олар қандай ақпаратты есте жеңіл сақтайды? Олар үшін ең маңыздысы не?

9. Барлық сауалдар бойынша басты тұжырымдарды тақтаға немесе оқу плакатына жазып қоюға болады.

ФАКТ немесе ПІКІР
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу;

  • бірлескен жұмыс.


Жалпы сипаттама

Бұл әдіс бойынша оқушылар оларға ұсынылған нәрсе факті ме, әлде қарапайым пікір болып (құндылық туралы ойға негізделген) табыла ма, соны шешуге тиіс. Плюралистік қоғамда дәлелдердің негізінде фактілер мен пікірдің ара-жігін ажырата білу маңызды дағды болып табылады. Осы қиын тапсырма оқушыларды білімнің қалай алынатынын түсінуге ынталандырады (көптеген жағдайда бір нақты жауап болмауы да мүмкін). Оқушылар өз ұстанымдарын талқылау үшін топтарда жұмыс істейді. Осы жаттығу нәтижелі болуы үшін одан кейін жауап алу ұсынылады.
Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға белгілі бір мәселеге қатысты бірқатар тұжырымдар беріледі. Көптеген жағдайларда олар талқыланып отырған мәселенің екі қырын бейнелейтін пікір болып келеді.

2. Оқушылар тұжырымдарды талдап, олар факті ме, әлде пікір ме екендігін шешеді. Оқушылар өз шешімдерін дәйектеу үшін дайындалып, кері байланыс кезінде сынып алдында олармен таныстырады. Сонымен қоса оқушылар топтар арасындағы пікірлердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын қарастыра алады.

3. Тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу кезінде оқушылар осы пікірге тоқтауға ықпал еткен үдерістерге тоқталады. Топтар қандай тоқтамға келді? Әртүрлі пікірлер көп болды ма, бір шешімге, келісімге келуге мүмкіндік болды ма? Пікірлер жеткілікті дәрежеде негізделді ме? Пікірлер дәйекті баяндалды ма? Топтың ішінде рөлдер бөлінді ме?

4. Кері байланыстың негізінде оқушылар «Барлық факторларды ескеру» сияқты жаттығулар арқылы сұрақтарды одан әрі зерделей алады. Себептер мен салдарларды қарастыру үшін «Салдарлар дөңгелегі» немесе «Себеп-салдарлық байланыстар стратегиясын» пайдалануға болады.

БЕС СҰРАҚ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • ақпараттарды басқару.


Жалпы сипаттама

Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.
Жұмыс алгоритмі

  1. Үлкен қағаз бен маркер керек.

  2. Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.

  3. Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.

  4. Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.

  5. Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.



Зерделеніп отырғанмағына: Жергілікті қоғам, қауым

  • Жастарды қауымдастыққа қалай тарта аламыз?

  • Жастарды қызықтыратын мәселелерді қарастыру керек.

  • Осы мәселелерді қалай алға жылжыта аламыз?

  • Жастар проблемалары туралы хабардарлықты арттыру арқылы.

  • Хабардарлықты қалай арттыра аламыз?

  • Онлайн-форум жүргізу арқылы.

  • Онлайн-форумды қалай жүргізе аламыз?



ТАҚТАДАҒЫ ГРАФФИТИ
Қалыптастырылатын дағдылар:

 ойлау, шешім қабылдау;

 проблемаларды шешу.
Жалпы сипаттама

Бұл әдісті қолдану кезінде оқушыларға белгілі бір тақырып байынша өздерінің ойларын, сезімдерін, идеяларын және ұсыныстарын жазу ұсынылады. Осы әдіс «Күрделі жауаптар тақтасы» әдісіне ұқсас.
Сыныпты жоспарлау

Бұл жаттығуды жүргізу үшін үлкен қабырға қажет болуы мүмкін.
Жұмыс алгоритмі

1. Бөлменің бір бөлігі граффитиге арналған тақтаға берілген, онда оқушылар талқыланып отырған сұрақ бойынша өздерінің ойларын жазады.

2. Оқушылардан әртүрлі уақытта граффитиге арналған тақтаға «БББ» тұжырымдамасы арқылы өз үлестерін қосу, олар осы сұрақ туралы не ойлайды, не «біледі», нені «білгісі келеді» және тақырыпты талқылау қорытындысында олар нені «білгендігі» сұралады.

3. Жауап алу жүргізу нәтижесінде туындаған түсініктемелер де жазылады.

4. Оқушылар тақырыпты талқылау барысында кез келген уақытта граффитиге арналған тақтаға өз ойларын жазуға ұялмаулары керек.

5. Тақырыпты талқылау соңында граффитиге арналған тақтаны сұрақтарды қорытып, тұжырым жасау үшін пайдалануға болады.


ӘУЕ ШАРЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу;

  • ақпаратты басқару.


Жалпы сипаттама

Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.
Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.



2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:

- Әуе шарында кім болуы керек?Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.

- Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушыларжобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.

- Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады.

- Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.

- Шарды бағытынан не шатастыра алады?Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.

3. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.

4. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға болады.

ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • креативтілік;

  • ойлау, шешім қабылдау.


Жалпы сипаттама

Бұл шығармашылық рөлдік тапсырма белгілі бір мәселені талқылауға және ақпарат алмасуға көмектесетін тиімді құрал болуы мүмкін.

Сыныпты жоспарлау

Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Болмаса барынша жайлы пікір алмасуға жағдай жасау мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.

Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға белгілі бір персонаж беріледі немесе олардың өздері қарастырылып отырған мәселеге қатысы бар рөлді ойлап табады.

2. Оқушылар рөлді топта немесе жеке қарастырып, талдайды.

3. Топтағы басқа оқушылар «ыстық» орындықта отырған адамға қою үшін күрделі сұрақтарды дайындайды.

4. Талқыланатын кейіпкер «ыстық» орындыққа отырып, сыныптастары оған сұрақ қоя бастайды. Бұл оқушыларға адамның қиналысын сезініп, өздері келіспейтін көзқарасты, пікірді қалай қабылдайтынын түсінуге көмектеседі.

5. «Ыстық» орындықтың тақырыбы жел электр стансаларын пайдалану, адамдарды клондау, Ирактағы соғыс сияқты проблемалар немесе идеялар болуы мүмкін. Бұл тәсілді пайдаланғанда сыныптағы кез келген оқушы жауап бере алады. Жаттығудың аяғына қарай мұғалім «ыстық» орындыққа отырып, өзінің пікір/көзқарасымен бөлісе алады.

6. Бұл тәсілді пайдалана отырып, құпияны ашу ойынын ойнауға болады, ол жағдайда оқушылар «ыстық» орындықтағы адамның кім екенін табулары қажет.

7. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоюға болады: олар не білді, оларға не қызықты болды, «ыстық» орындықтағы адамның айтқандарынан олар бірнәрсеге қатысты дау айта алды ма.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта