окыту. оқыту әдістері. Негізгі бет стаз ебегі
Скачать 306.73 Kb.
|
Жалпы сипаттама Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады. Бұл әдіс игерілген білімге негізделеді және командалық жұмыс пен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Жұмыс алгоритмі 1. БББ кестесіндегі «Білемін» бағанына оқушылар олардың белгілі бір тақырып немесе сұрақ бойынша нені білетінін жазады. Егер оқушылар топтарда жұмыс істейтін болса, олар өздерінің бірлескен жауаптарын кестеге жазбай тұрып, алдымен «Стикер» тапсырмасын өткізе алады. 2. Содан кейін оқушылар «Білгім келеді» бағанына не білгілері келетіндігі туралы жаза отырып, өз білімдеріндегі олқылықтар туралы ойланады. 3. Тақырыпты меңгеру үдерісі аяқталғаннан кейін оқушылар соңғы «Білдім» бағанын толтырады. Бұл жерде олар бірінші екі бағанның дұрыстығын растайды және тақырып бойынша алған білімдерін өздерінің бұған дейін болған, «Білемін» бағанында жазылған білімдерімен салыстырады. Тақырып: Танзания
Қалай оқу керектігін үйрену жөніндегі сынып сабақтары Бұл бөлімде Уоткинс бірнеше автормен (2000) бірлесіп ұсынған сабақтар жинақталған. Қалай оқу керектігін үйренуге басты назар аударылған. Мақсаты оқушыларға зерделеуге, ойлануға және оқыту үдерістері туралы білуге көмектесу болып табылады. Бұл сабақтарға негіз болған оқушылар мен оқыту қағидаттары төменде берілген: Табысты оқушы – оқумен байланысты үдерістерді түсінетін және осы түсініктерін оқу барысында кеңінен қолдана алатын бала. Тиімді оқытуға жататын үдерістер: • түрлі мәнмәтіндерде зерделенген мәселелер арасында байланыс орнату; • басқа біреудің өз бетінше оқуы және оқу стратегиялары туралы ойлар; • оқу үдерісін тиімді ету үшін оқыту жағдайлары қандай рөл атқарғандығы туралы зерделеу; • оқытудың алдағы мақсаттарын белгілеу; • оқу кезінде өзгелермен жұмыс істеу. Оқушының оқуға деген жалпы бейімділігін дамытуға бағытталғандықтан, бұл тарауда сөз болатын әдістер белгілі бір пәндік салаға қатысты емес, олар оқыту үдерістері мен түрлі жағдайларда оқу туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Бұл тараудың көздеген мақсаты түрлі жағдайларда оқушыларды оқытуды жақсарту болып табылады. Олар оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайлы болу үшін әзірленген, мұғалімдер бұл әдістерді орта және кіші буын оқушыларына қолдана алады, бірақ бастауыш сынып оқушыларына пайдалану үшін біршама жетілдірілуі қажет. Тиімді оқытуды жоспарлау кезінде тапсырмалар мен үдерістер • белсенді тыңдауға; • бірлесіп оқуға; • оқу нәтижесі үшін жауапкершілік алуға; • оқу туралы білім алуға ықпал етуі тиіс. Осыған қол жеткізу үшін сабақтар оқыту циклінің кезеңдері бойынша құрылған:
Жоғарыда аталған төрт кезеңде мұғалім атқаратын әрекеттер:
Алда келтірілген әдістер сипаттамасында ол әдісті қай кезде қолдану тиімді екенін көрсету мақсатында осы төрт кезең ерекшеленіп, қою бояумен беріледі. БІЗ ҚАЛАЙША ЖАҚСЫ ОҚИМЫЗ? Бұл әдіс Г.Гиббс зерттеуіне негізделген (1981) «Оқушыларды оқуға үйретеміз: оқушы көзқарасы», Мильтон Кейнс: Open University баспасы. Бұл кіріспе жаттығу оқушыға: • өзінің оқуы туралы ойлай бастауға; • өзінің оқуына әсер ететін аспектілерді айқындауға; • оқушы ретінде өзі туралы кейбір сәттерді аңғаруға; • өз оқуын қалай жақсарту туралы пікірталасқа араласуға көмектеседі. Талдау: 1. Өз бетіңізше өткен кезеңдердегі аса жақсы емес деген оқу тәжірибеңізді еске түсіріңіз. Бұл мектеп, спорт немесе әуестенетін ісіңіз болуы мүмкін – сіз оқуға, білуге сонша ұмтылғаныңызбен де, бұл жақсы тәжірибе бола алмады. Мүмкін сіз оқудан көңіліңіз қалғаныңызды сезген боларсыз, немесе өзіңізге қажет деген нәрсені оқымаған шығарсыз. Оқуыңызды егжей-тегжейлі еске түсіріңіз және содан кейін оқу тәжірибеңіздің нашар болуына не себеп болғанын ойлаңыз. Бұған себеп болған аспектілерді жазып алыңыз [3 минут]. 2. Енді оқу тәжірибеңіз сәтті болған оқиғаны еске алыңыз – өзіңізге қажетті нәрсені үйреніп алған, немесе сізге білім алған қатты ұнаған болар, не сіз оқуға аса құныққан жағдайларды және т.б. еске түсіріңіз. Бұған не себеп болды? Кейбір аспектілерді жазып қойыңыз. [3 минут] 3. Жұп болып бір-біріңізге таңдап алған тәжірибеңіз туралы әңгімелеп беріңіз. Тәжірибе неліктен сәтті болғаны немесе сәтті болмағаны туралы түсіндіріңіз. Екеулеріңіз айтқандардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табыңыз. Жұптағы адамыңыз бен сіздің тәжірибелеріңізде ұқсас аспектілер болды ма? Пікірлеріңіз бір-біріне қарама-қайшы келетін ұстанымдар болды ма? [10 минут] 4. Топ болып әр қатысушының кейбір түсініктемелерін жинақтаңыз. Содан кейін тәжірибе неліктен жақсы болатынын және неліктен онша жақсы болмайтынын сұраңыз. Зерделеу: Сәтті және аса сәтті емес тәжірибелерді түсіндірген кезде мынадай мәселелерге көңіл бөлуге тырысыңыз: • Сіз не үшін оқыдыңыз, өз мақсаттарыңыз туралы айтыңыз? • Бұны Сіз қалай істедіңіз, Сіз оқушы ретінде қолданған стратегия? • Сіз және басқалар үшін сіздің оқуыңыздың нәтижелері, салдары қандай? • Аталған оқуға қатысты сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз – оқуға дейін, оқу кезінде, одан кейін? • Оқыған кезде сіз қашан, қайда, кіммен бірге болдыңыз, сіз болған жағдай қандай болды? • Сіз өзіңіздің немесе біреудің оқуы туралы қызық жайларды білдіңіз бе? Қолдану: Бұл тапсырманы орындағаннан кейін оқу кезінде байқап көргің келетін жаңа нәрселер пайда болды ма? Қандай жағдайды таңдар едіңіз? Қашан? Сіз жаңа нәрсені орындап көргеннен кейін не болғанын басқалармен қай уақытта талқылайсыз? ОҚУ СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА «Сіз өзіңіздің оқуыңызбен айналысасыз ба?» Бұл сауалнама сіздің кейбір оқу стратегияларыңызды айқындауға көмектеседі, содан кейін олар туралы ойлауға мүмкіндік береді. Орындау төменде келтірілгеналты тұжырымның әрқайсысын оқыңыз және: Үзілді-кесілді қарсы болсаңыз ҮКҚ деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз; Қарсы болсаңыз Қ деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз; Білмесеңіз Б деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз; Келіссеңіз К деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз; Толығымен келіссеңіз ТК деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз. 1. Мен мектепте аса қызықты болатын пәндерді емес, маған кейін жұмыс табуға көмектесетін пәндерді таңдар едім 2 Менің мектептегі жұмысым өзімді іштей қолайлы сезінуге мүмкіндік береді деп санаймын 3 Мен барлық пәндер бойынша жоғары баға алуға тырысамын, себебі маған басқа балалардан артық болған ұнайды 4 Мен тек мұғалімнің айтқанын ғана оқимын, артық оқымаймын 5 Мектепте оқып жүрген кезімде бұны алдағы өмірде қалай кәдеге жарататынымды ойлаймын 6 Сыныпта кітаптарды, конспектілерді және басқа да заттарды өзім ойлап тапқан тәсілмен сақтаймын, осылайша оларды оңай тауып аламын
Жоғарыда көрсетілген алты пікірдің ішінде сіз толығымен келісетін пікір болды ма? Бұл қандай пікір: а, ә, б, в, гәлде ғ (соңғы бағанды қараңыз)? Төменде келтірілген тұжырымдармен жоғарыдағы жұмысты қайталаңыз:
7 Егер мен тестіні нашар жазсам, келесі жолы оны қалай жазатынымды ойлап, қатты уайымдаймын 8 Тіпті басқалар менен де көп білсе де, өзімді дұрыс ойлаймын деп санаймын 9 Мен мектепте шынымен де басқаларға қарағанда жақсы оқығым келеді 10 Мен барлығын түгел жаттап алғанда, оқу маған жеңіл тиеді 11 Жаңа материалды оқыған кезде мен өзіме таныс нәрселер туралы есіме түсіремін де, оларға басқа көзқараспен қараймын 12 Мен бүкіл оқу жылында өз оқуымды жоспарлауға тырысамын, осылайша мен жоғары баға аламын Тағы да жоғарыда көрсетілген алты пікірдің ішінде сіз толығымен келісетін пікір болды ма? Бұл қандай пікір: а, ә, б, в, г әлде ғ? Есептеңіз: «Толығымен келісемін» дегені үшін екі ұпай «Келісемін» дегені үшін бір ұпай «Келіспеймін» дегені үшін минус бір ұпай «Үзілді-кесілді қарсымын» дегені үшін минус екі ұпай Енді кестедегі алты түрдің әрқайсысындағы ұпайлардың жалпы сомасын есептеңіз.
Сіздің айтқандарыңызда жүйе бар ма екенін анықтау үшін, төменде тағы да бірнеше нұсқа берілген: 13 Меніңше, мектепте жақсы оқу керектігінің жалғыз себебі – бұл мектепті бітіргеннен кейін жақсы жұмыс табу 14 Көптеген мектеп пәндерін оқу мен үшін қызықты 15 Маған тест нәтижелерін дауыстап айтқан ұнайды, осылайша басқалар менің қаншалықты озық екенімді байқайды 16 Мен фактілерді не бір нәрсенің мәнісін түсіну үшін, оларды толық зерделеуді қалаймын 17 Риза болғаннан бұрын маған тақырып бойынша өз пікірімді қалыптастырған ұнайды
18 Мен тапсырма берілісімен-ақ өзімнің барлық тапсырмаларымды орындауға тырысамын 19 Мен тестіге ынтамен дайындалған болсам да, оны жақсы жаза алмай қаламын ба деп уайымдаймын 20 Мен кейбір тақырыптарды оқу шынымен де қызықты деп санаймын 21 Өз сыныптастарымның арасында танымал болғаннан да, мектепте жақсы оқығаным дұрыс 22 Көптеген пәндер бойынша тестіден құлап қалмау үшін жеткілікті жұмысты орындаймын, бірақ одан асырмаймын 23 Мен бір пән бойынша оқығанымды басқа пәндер бойынша оқығанмен салыстыруға тырысамын 24 Жақында өткен сабақты түсінгеніме көз жеткізу үшін бірталай сабақтардан кейін материалды қайта қарап шығамын
25 Мұғалімдер біз тестіге енгізілмеген тақырыптарды оқиды деп күтпеуі тиіс 26 Күндердің күнінде мен әлемдегі өзім дұрыс емес деп санайтын заттарды өзгерте аламын 27 Пәннің маған ұнайтынына немесе ұнамайтынына қарамастан, жоғары баға алу үшін жұмыс істейтін боламын 28 Маған жалпы пікірді түсінудің орнына, фактілер мен кейбір нәрселерді жаттап алған жақсы 29 Мен мектепте оқытылатын көптеген тақырыптар қызықты деп санаймын және оларды оқып үйрену үшін қосымша уақыт бөле аламын 30 Тест нәтижелерін таратқан кезде мен өзімнің барлық қателерімді түзетіп, оларды неге жібергенімді түсінуге тырысамын
31 Мен жақсы жұмыс табу үшін мектепте жақсы оқығым келеді 32 Мектеп менің идеяларымды қалыптастыруға көмектесу қажет деп санаймын 33 Мен үшін мектепте жақсы оқу – бұл жарыс, мен онда жеңуге ниеттімін 34 Мен тестілерде кездеспейтін тақырыптарды оқуға уақыт жұмсамаймын 35 Мен өзімнің бос уақытымды сыныпта талқыланатын қызықты тақырыптар туралы көбірек білуге жұмсаймын 36 Мен мұғалімнің айтқанының барлығын оқуға тырысамын
Енді кестеде алты топтың әрқайсысы үшін жалпы балды есептеңіз
|