дәріс кешені невропатология doc. Невропатология негіздері пні бойынша Дріс курсы
Скачать 1.59 Mb.
|
Дәріс №6. Тақырыбы: ҚИМЫЛ-ӘРЕКЕТТЕРІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ СИНДРОМДАРЫ. СӨЙЛЕУ. Жоспары:
3. Тілдің нейрофизиологиялық аспектілері. 1.Қозғалыс әрекетінің бұзылыстарының сипаттамасы. Қозғалыс белсенділігінің даму заңдылықтары. Қозғалыс белсенділігінің даму жылдамдығы бас миы қыртысының даму дәрежесіне тәуелді. Ересек организмнің қозғалысы неғұрлым күрделі және әртүрлі болса, соғұрлым бас миы қыртысы үлкен рөл атқарады және де оның жетілу кезеңі соғұрлым ұзақ. Алғашқыда өз қызметін жоғары анализаторлары бастайды, кейін ғана козғалыстың күрделі координациясын белгілі бір кезекпен қажет ететін локомоторлы актілер (әрекеттер) дамиды. Бұл заңдылық өте маңызды және баланы әр жастағы ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір кезекпен қозғалыс тәрбиесінің қажеттігін дәлелдейді. Бала туар кезінде экстрапирамидалык жүйесінің қызметін біріктіріп сәйкестіретін қозғалыс анализаторының қыртыс асты туындылықтары қалыптасқан. Бұл деңгей таламопаллидарлы деп аталады. Нәрестенің қозғалыстары мақсатсыз (хаосты), жалпылама, атетоз тәрізді, бүгетін бұлшық еттерінің басымдылығымен бұлшық еттердің гипертонусы байқалады. Балаларда қозғалыс координациясы туғаннан кейін дами бастайды, козғалыстардың ұйымдастыру деңгейі пирамидалы-стриарлы деп аталады. Алғашқыда көз бұлшық еттерінің координациясы дамиды, ол өмірдің 2-3 аптасында көзқарасты жылтыр затқа бекіту түрінде анықталады, кейін мойын қозғалыстарының координациясын айғақтайтын, басының бұрылуымен бала қозғалыстағы ойыншықты қадағалайды. Бала 1,5 айда басын ұстай бастайды. Кейін қолдарының координациялық козғалыстары дамиды. Бала қолдарын көзіне, мұрынға жақындатып, бетінен жоғары көтеріп, оларды зейін салып қарай бастайды. 3-3,5 айдан бастап өз қолдарын сипай бастайды, саусақтарымен жаялықты сипайды. Мақсатқа бағытталған қозғалыстарды қалыптастыру үшін басының үстінен биік емес жерге ұсақ ойыншықтарды іліп қояды. Алғашкы кезде бала оларды екі қолымен ұстайды, кейін белсене ұстап алуға тырысады. 5 айдан бастап қана қолын созуы және затты ұстап алуы ересектердің қозғалыстарына ұқсайды, бірақ қозғалыстардың жетілмегендігін дәлелдейтін ерекшеліктері болады. Осы кезеңдегі ұстау қозғалыстары екінші қолдың қатарлас қозғалыстарымен бірлесіп жүреді, аяқтарында, тұлғасында қозғалыстар байқалады, кейде бала ауызын ашады. Затты шап беріп ұстау алақанымен жүзеге асады: ойыншықты алақанына басып, саусақтарын бүгеді. Кейін көру және қозғалыс анализаторларының өзара әсерлері жетіледі. Балалық шақтың барлық кезеңінде біртіндеп әртүлі тиімсіз, бірлескен қозғалыстар сөнеді. 4-5 айда арқа бұлшық еттерінің қозғалыстарының координациясы дамиды, ол арқадан ішке карай, кейін 5-6 ай іштен арқаға аударылумен айқындалады. Бала 6 айда өздігінен отыра бастайды, бұл аяқтардың қозғалыстары координациясының дамуын дәлелдейді. Басын және иықтарын көтеріп көзқарасы мен алға ұмтылып, ішімен жату қалпы-еңбектеудің бастапқы позициясын. Бала алдында жатқан ойыншыққа қолымен жетуге тырысады, егер ойдағыдай шықпаса, ол тұлғасын тартып, қолын алға қайтадан созады. Қол-аяқтарындағы қозғалыстары ретсіз, жиі бүйіріне аунаумен немесе артқа жылжумен аяқталады. 2.Сөйлеудің функционалдық бұзылысы. Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бүзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауыткуын айтамыз. Қатынас теориясын көзқарасында тіл кемістігі ауызша сөйлеу қатынасының бұзылуы болып есептеледі. Сонымен бірге тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады :
Әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді, сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының екі қабат кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус - фактор бойынша қанның сыйымсыздығы, Босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия; өмірінің алғашқы жылдарындағы әр түрлі аурулар; бас сүйегінің жарақаттануы; тұқым қуалаушылық факторлар; әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін. Жоғарғы атап өтілген себептер өзгешеліктеріне қарай табиғи функционалды болып екі түрге бөлінуі мүмкін. Табиғи себеп деп шеткі немесе орталық бөлімдердегі тіл механизмдері анатомо-физиология құрылысының қатты бұзылуынан болатын себепті айтады. Функционалды себептер анатомо-физиология құрылысы әдеттегі күйінше сақталып, тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады. Сонымен барлық тіл кемістіктерінің, оларды туғызатың себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады: а) табиғи тіл кемістіктері (органикалық); б) функционалды тіл кемістіктері. Тілдің табиғи бұзылуының орталықпен пайда болуына алалия, афазия, сонымен бірге тіл мүкістіктерінің кейбір түрлері жатады. Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Сөйлеу тілінің кұрылымдарын іштей жинақтап, мәнді түрде ауызша жеткізу қабілетінің бұзылуы немесе сөйлеу тілінің толық жетілмеуі. Тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін. Соған байланысты олар логопедияда белгілі терминдерімен белгілінеді. Дислалия - есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің иннервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы. Синонимдер: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік. Ринолалия - сөйлеу мүшелерінің анатомиялық-фунционалдық кемістіктерінің салдарынаң дауыс әуезділігінің (тембрінің), тіл дыбыстарының айтулуының бұзылуы. Синонимдер: мұрнынан сөйлеу паталогия. Дизартрия - жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады. Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айырылады. Тұтықпа - сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынаң сөйлеудін ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Синонимдері: логоневроз. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып келеді, көбінесе баланың тілінің жедел даму кезеңінде пайда болады. Брадилалия - сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баялауы. Синоним: брадифазия. Сөйлеу жеделдеген кезде сөз шапшаң, екпінді шығады да, сөйлем құрастырғанда қателер кездеседі. Кейбір жағдайда мұндай ауытқулар жеке тіл кемістіктері деп есептеліп, мынадай терминдермен аталады:баттаризм, парафазия. Шапшаң сөйлеген кезде өздігінен кідіріп, мүдіріп, тоқтап қалу - полтерн деген терминмен белгілінеді. Дисфония - дауыс шығару мүшелерінің қалытан тыс өзгеру себептерінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы немесе мүлдем айта алмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, вокалдың бұзылуы Алалия - бас ми қабығының тіл аймақтарының жастайынан зақымданудың әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Синонимдері: дисфазия, балалар афазиясы, мылқау. Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Сөйлеу тілінің жойлуы, жоғалуы. Ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынаң адам сөйлеу қабілетінің айырылады. Егер де мұндай бұзылу үш жасқа дейінгі кезеңде байқалса, зерттеушілер афазия диагнозын қоюға асықпайды. Жазбаша тілдің бұзылуы. Бұзылу түріне байланысты екі топқа бөлінеді:
Казіргі уақытта арнайы логопедиялық мекемелерге балаларды іріктеп жинақтаудың және жалпы жүмыс барысында пайдалы ықпал жасаудың негізі ретінде сөйлеу тілі кемістіктерін психология–педагогикалық жолмен топтастыруды қолданады. Дислалия. Дислалияның түрлері, олардың себептері. Дислалия (гректің dis – бұзылу, logos – сөйлеу деген сөздерінен құралған.). Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Этиологиялық себептері бойынша дислалия механикалық (органикалық) және функционалдық болып екі түрге бөлінеді.
Функционалды дислалия оның себептері. Функционалды дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа сөзбен айтқанда - ешқандай органикалық негіз жоқ. Функционалды дислалия көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжындасып сөйлесетін болады. Қортындысында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады. Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдін айтылу ерекшелігінең екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі аусып отырады. Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұксас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынаң да болуы мүмкін. Соның салдарынаң бала тілің қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті қимылдарды тез арада орын алмастыра алмайды. Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керең балалардың 10%-на дейінгілерінің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұзылған. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатан дауссыз дыбыстарды бөлшекпен мүшелегенде байқалады.Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл-ойының жеткіліксіз дамуы де себеп болуы мүмкін.Іштен туа біткен ақыл ойы кеміс балалардың 55 % - тен көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы белгілі. Механикалық дислалия, оның себептері. Механикалық (органикалық) дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының салдарынаң сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Верник орталығы самайдын үстінгі ортаншы қатпардын үштен бір ( 1/3) бөлігінде орналасқан – 22 алан. Сонын қасында тағы әуен, үн мен саздын орталығы бар. Самай, төбе және шүйде бөліктердін шекарасында жазба сойлеу анализатордын орталығ орналасқан 39 (алан). Бұл орталық Верник орталығымен (самай бөлігі), көру орталығы (шүйде бөлігінде) және төбе бөлігіндегі орталықтарымен мықты байланысқан. Бүкіл информациялар сыртқы және ішкі ортадан сенсорлық қыртысқа жеткізіледі, содан кейін әрі қарай ассоциативті қыртысқа жібіріледі. Мүнда информацияның өндеу өтіп – оған коніл қүй реакция пайда болады – моторлық (қозғалу, қимыл) ми қыртысының әсерімен. Сойлеу жазба орталығы орталық мандай қатпарының артқы бөлігінде орналасқан. Дәл қасында қолдын проекциясы жатыр. Бүл орталық жазбаның автоматизымын жасайды және Брок орталығымен байланысы бар. Рефлекторлы қызметтің дамуында тұкым куалайтын, бас миының генетикалык ерекшеліктерге байланысты қасиеттері мацызды орын алады, бірақ жасы ескен сайын көбінесе сырткы ортаның әсерлеріне йән беріледі. Баланың бас миының функцияларынын калыпты дамуы тітіркендіргіштеірдің жеткілікті саналуандығында -мүмкін, әсіресе баланың ересектермен, алдымен анасымен қарымқатынасының маңызы зор. Нәрестелердің жеке-дара бейімделуіиің ең ерте турі табиғи (жаратылыс) шартты рефлекстер болады. Олардын ең бІріншісі тамақтанудың қатаң тәртібі кезінде туғаннан кейін 2-ші аптада пайда болады. Кезекті тамақтандыруға 30 мин. қалғанда, қандағы лейкоциттер мөлшері көтеріледі, газ алмасу удейеді, содан кейін бала оянады. Бұл құбылыстарды уақытқа табиғи рефлекс деп бағалайды. Бір мезетте дерлік ему қимылдары.түрінде табиғи шартты тамак рефлексі пайда болады. Баланы «тамақтандыру» қалпына алғанда, яғни жылап жатқан баланы кеудеге кысса, ол тыныштанады. Баланың күн тәртібіие бейімделуі (тамактануы, сергектенуі) тітіркендіргіштердің дәйекті турде бірқалыпта қайталай бергеннен кейін уакытша байланыстар жүйесінің пайда болуына негізделген (динамикалық стереотип). Бірінші жарты жылдықтағы балалар үшін сыртқы шартты тітіркендіргіштердің тиімділігі әлі аз, оларда тек ұйқы мен тамақтану тәртібі бузылғанда теріс реакциялар болады, ал сыртқы қоршаған ортанық бұзылуының әсері шамалы. Сыртқы тітіркендіргіштердің мацызы 9—10 айда артады. Осы кезде бала ушін кун тәртібі ғана емес, сыртқа орта, белгілі күтуші адамдар да маңызды. Бул әртүлі сыртқы сигналдардың әсерінен пайда болған шартты рефлекстердің коптігіне байланысты. Оралды апраксия- бірнеше күрделі сатыласқан әрекет жасауға керекті (сойлеуге) қимылдың бұзылуы. Афазия – айтқанды түсіне алмау, немесе сөзді толық айта алмау. Алалия - сойлеу жүйесінің толық дамымау . Алексия - әріпті еске сақтау қабілетінің нашарлығынан жазылған сөзді оқи алмаушылық. Дизартрия- сөзді анықтап айта алмау. Кекештену, тұтыгу, тіл мүкістігі. Тыныс бұлшық еті және дыбыс шығаруға қатысатын барлық бұлшық еттердің кейбірінің нашарлауынан сөздің бұзылып шығуы. Кекештену нерв жүйесінің бұзылуынан да пайда болады. Тахиалалия және брадиалалия – сойлеудің екпіндігінің (жылдамдығының) бұзылысы. Тіл астындағы сінірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетің себептеріне жатады. Бұл ақаулықта тілді қалыпты денгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл астынғы желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмаунан да, дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады. 3.Тілдің нейрофизиологиялық аспектілері. Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстінгі және астыңғы тістердің ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістермен қабысқанда дәлме-дәл қиюласып тістегенде тістену дұрыс болып шығады. Тістенудің ауытқуларының бірнеше түрлері болады. Кемиек (прогнатия) - үстінгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен тістенбейді. Опырауыз (прогения) - астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді де, қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек арасында болады. Азу тістердің қабыспауы - сол жақтық, он жақтық екі жақтық болуы мүмкін. Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы, тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған тандай құрылысы да зиян тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс тандай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді. Еріннің қалындығы, астынғы еріннің салпиып тұруы, немесе қысқа әрі қимылдайтың үстінгі ерін, ерін және ерін-тісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді. Сөйлеу тілі мүшелерінің қүрделі қимылдарың және тілдің қатысуын онша көп керек етпейтін м, н, т, п, дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауссыз дыбыстардың көз келгені жиі бұзылып айтылатындығы байқалады. Әсіресе сөйлеу тілі мүшелерінің қиын айтылатың р, л тіл дыбыстары , ысқырақ (с, з, ц) және ызың (ш, ж, ч, щ) дыбыстары жиі бұзылады. Сөйлеу тіліндегі айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшелері бойынша дислалия қарапайым және қүрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін болса, оны қарапайым ал одан көп болса күрделі дислалия дейді . Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынадай түрлерге бөлінеді:
Ринолалия (грек тілінде rhinos - нос, lalia - речь) - сөйлеу тілі аппаратының анатомо – физиологиялық ақаулығын салдарынан дауыстың әуездігімен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалиямен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқытшақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын куысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады бұл қуыстар жұмсақ тандай мен жұтқыншық артқы және жаныңдағы бұлшық еттердін жиырылуының әсерінең тандай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылымен жұтқыншақтың артқы жағының қалындауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ тандайдың арт жақ үстінгі жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуға мүмкіндіқ туғызады. Тандай мен жұтқыншақтын ен нашар қабысуы дауссыз в дыбысында, ал ен қатты қабысуы с дыбысының айтқан кезде болады. М, ң , н мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағымы мұрын резонаторының кеңестігіне емін-еркін кіріп кетеді. Тандай жұтқыншақтың қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады. Жабық ринолалия. Жабық ринолалияға шалдыққан кезде мұрын жолды дауыссыздардан басқа дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстарды айтқан кезде өлімсіреп мыңқылдаған үн шығады. Жабық ринолалия пайда болуының себебі мұрың кеністіктеріндегі органикалық өзгерістердің немесе тандай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылудың салдарынаң болады. Органикалық өзгеріс ауыруға шалдыққан мұрынның ауа өтетін жолы тарылып тыныс алуының қиындап кетуі салдарының болуы мүмкің. Алдынғы жабық ринолалия мұрыннаң артқы бөлігінің төменгі қабыршағының қалыптан тыс ұлғайып кетіп (гипертрофия) тұрақтап ұзаққа созылуынан (хроникалық) кеңсіріктің клегей қабығының қабынуынан мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісуінен пайда болады. Артқы жабық ринолалия балаларда жиі кездесетін тамақ, көмекей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, мұрын жұтқыншақ қабынуынан, мұрын-жұтқыншақтың фибромасы немесе басқадай ісіктерінен пайда болады. Органикалық бітеу ринолалия кезінде ең алдымен мұрын қуысының тарылуын жояды. Мұрыннан дем алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының таралуын жойғаннан кейін де бітеу ринолалия немесе ринолалия дағдылы тұлғасынан өзгермесе, онда оған функционалды бұзылуға жүргізілген жаттығуды қолданады. Функционалды жабық ринофонияны түзету жұмысы көп емес . Ал ринолалияны алдың ала болжау қиын болғандықтан түзету жұмысының мерзімі де ұзақтау. Оның себебі функционалды бітеу ринолалияның артикуляциясындағы дыбыстардың ақаулықтарың да жоюға тура келеді. Сондай –ақ ринолалияның бұндай түрлерімен шалдыққан балалардың психикалық дамуына кейбір ерекшеліктерде жиі байқалып қалады. Ашық ринолалия. Ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы етеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы өтіп кетеді. Соның тәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың үні жанғырып естілетін болады. Бүндай жағдайда,әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде «и» мен «у» дыбыстарының үн әуездері көбірек өзгереді өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тарылады. «Е» мен «о» дыбыстарын айтқанда үн әуездері білінер – білінбес қана естіледі. Ал «а» дыбысының мұрыннан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады қатар кейбір дауссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен қырылдап естіледі. Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін.Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты тандайдың жарылуы жатады. Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ тандайдың болбырап босансуы мысал болады. Ринолалиядағы тандай мен еріннің іштен жарық болып туудың себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылыми үшін манызды мәселе болып саналады (хирургиялық, стоматология, ортодонтия, отоларингология, медициналық, генетика және т.б.) Ерін мен тандайдың жырығы өмірде тараған және іштен дамыған ауыр кесел.Осы кеселдік салдарынаң баланың дамуы барысында қатты функционалдық бұзылу пайда болады. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
|