|
дәріс кешені невропатология doc. Невропатология негіздері пні бойынша Дріс курсы
Дәріс №8 Тақырыбы: ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ. Жоспары:
Мінез-құлықты анықтайтын нерв процестерінің негізгі қасиеттері.
Типтер жіктелуі.
Жоғары жүйке әрекетінің пластикалығы.
Қыртыс әрекетінің патологиялық бұзылыстары.
Болмыстың екі сигналдық жүйесі.
Екі сигналдық жүйенің функциональдық бірлігі.
1. Мінез-құлықты анықтайтын нерв процестерінің негізгі қасиеттері. Павлов жануарлардың мінез-құлқын, темпераменттерін анықтайтын нерв процестерінің 3 негізгі қасиеттерін айырады.
Қыртыс клеткаларының жұмыс қабілетінің шегін сипаттайтын қозу және тежелу процестерінің күші. Бұл қасиет оң және теріс шартты рефлекстер жасауға болатын тітіркендірудің ең жоғарғы күшімен анықталады. Кейбір иттерде шартты рефлекстер әлсіз тітіркендіргіштерге де, күшті тітіркендіргіштерге де оңай жасалады, ал 2-ші біреулерде күшті тітіркендіргіштер әсерінен, керісінше, шектен тыс тежелу дамиды. Оларда шартты рефлекстер тек әлсіз және орта күші бар тітіркендіргіштерге ғана жасалады.
Қозу және тежелу процестерінің бір-біріне қатнасы, не болмаса байланысы, басқа сөзбен айтқанда, олардың теңдігі. Кейбір иттерде оң рефлекстер де, теріс рефлекстер де оңай жасалады, 2-шілерінде қозу және тежелу процестерінің күші бір-бірімен тең емес. Егер қозу процесі тежелуден басым болса, онда оң шартты рефлекстерді алу оңай болады да, ал дифференцировка жасау қиындайды. Егер қозу тежелуге қарағанда әлсіздеу болса, ондай иттерде күшті тітіркендіргіштер жалпы қыртыс тежелуін тудырады.
Қозу және тежелу процестерінің жылжығыштығы, яғни олардың бірін-бірі ауыстыру жылдамдығы. Кей иттерде туған қозу не тежелу тұрақты болады, олар қарама-қарсы процеске жәй ауысады. Оң рефлексті теріс рефлекске және керісінше, теріс рефлексті оңға айналдыру қиындықпен болады. Басқа иттерде керісінше, мұндай ауыстыру, қайта жасау процестері оңай жүреді.
2. Типтер жіктелуі. Жеке иттердің жоғарғы жүйке әрекетінің индивидуальдық ерекшеліктері туралы болады, себебі олардың жүйке процестерінің күші, балансы және жылжығыштығы әр түрлі болып келеді. Дегенмен, Павлов осылардың ішінен ең негізгі 4 типті бөледі - бірі әлсіз, қалған үшеуі күшті. Қыртыс клеткаларындағы қозу және тежелу процестерінің күші жеткілікті иттердің өзін Павлов ұстамсыз және байсалды (ұстамды) деп, ал байсалдылардың өзін ширақ және инертті деп бөледі. Осы жоғарыдағы айтқандарға сүйене отырып, Павлов ең соңында жоғары жүйке әрекетінің мынадай типтерін айырады: 1. әлсіз; 2. ұстамсыз; 3. ширақ; 4. салмақты немесе инертті.
Әлсіз типкежататындардың үлкен жарты шарлар қыртысы жүйке клеткаларының физиологиялық лабильдығы төмен болады, осыған байланысты миға келетін импульстер әсерінен ол клеткалар оңай тежелу қалпына келеді. Соңғы жағдай жүйке клеткаларының жұмыс жасау мүмкіндігінің төмендігін алдын-ала көрсетеді. Бұл типке жататын жануарлар қорқақ болады.
Ұстамсыз типкежататындарда қозу мен тежелу процестерінің күші жеткілікті болады және қозу тежелуден басым келеді. Қыртыс клеткаларының қозуының күші жоғары болып, ол қыртыста оңай иррадиациялана алады, бұл қозу және тежелу процестерінің қалыпты қатынасын бұзады. Бұл типке жататын жануарлар шамадан тыс қозғыш, агрессивті ұстамсыз келеді, тәрбиеге көнуі қиын.
Ширақ типкежататындарда да қозу мен тежелудің күші жеткілікті әрі шамалас және бұл екі процесс бір-біріне оңай ауысады. Оң және теріс индукция айқын байқалады; осыған сәйкес жүйке процестері шамадан артық иррадиациялана алмайды. Олардың қыртыс клеткаларының тұрақты активті қалпы сақталуы үшін импульстер үнемі тоқтамай түсіп отыруы қажет. Бұл типке жататын жануарлар жаңа ортаға тез бейімделіп кетеді және әрбір жаңа тітіркендіргіштерге тез назар аударады, тез танысады. Біркелкі өзгермеген жағдайда оңай ұйқтап қалады.
Инертті (салмақты) типөкілдерінде де жүйке процестерінің жеткілікті күші бар, бірақ олардың бір-біріне ауысуы жай жүреді яғни нерв процесінде тоқырағыштық сипат байқалады. Қыртыс клеткасында туған қозу не тежелу біраз уақытқа дейін иррадиацияланбай, сол туған орнында қалып қоюы мүмкін. Мұндай типке жататын жануарлар сыртқы тітіркен-діргіштерге әлсіз жауап береді, тұйық келеді. Бұл келтіріп отырған жіктеу тек схема, олай болса шындықты толығымен көрсете алмайды. Өмірде бұл типтердің түрлі вариацияларының болуы мүмкін. Дегенмен, осы схеманың өзі жеке жануарлар жоғары жүйке әрекетінің негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін сипаттап бере алады. Атап өткен негізгі типтерді адамдарда да кездестіруге болады.
Өз уақытында Гиппократ сурттеген адам темпераменттері мен жануарлар типтерінің арасында ұқсастық бар. Әлсіз типке - меланхолик, ұстамсыз типке - холерик, ширақ (жылжығыш) типке - сангвиник, салмақты, инертті типке - флегматик темпераменті сай келеді.
Жоғары жүйке әрекетін типтерге ажыратудың басқа да варианттары бар. В. Д. Небылицынның түсінігі бойынша типтерді сипаттау үшін жүйке процестерінің үш қана қасиетін алу жеткіліксіз. Жүйке жүйесінің сегіз алғашқы және төрт соңғы қасиеттерін ажырату керек. Алғашқы қасиеттерге жататындар:нерв процестерінің күші, жылжығыштығы, динамикалығы (шартты рефлекс-тердің жасалу жылдамдығы) және лабильдігі (пайда болу және тоқтау жылдамдығы). Аталған бұл төрт қасиет қозуға да, тежелуге де қатысты яғни қозудың күші және динамикалығы қандай алғашқы қасиет болса, тежелудің де күші мен динамикалығы сондай алғашқы қасиет деп есептелу керек т.с.с. Теңдікқасиет аталған төрт қасиеттегі көріністері бойынша олардың соңғы қасиеті болып есептеледі. Сөйтіп жоғары жүйке әрекетінің типтерін сипаттау үшін жүйке жүйесінің 12 қасиеті еске алынуы тиіс.
3. Жоғары жүйке әрекетінің пластикалығы. Жануардың да, адамның да мінез-құлқы олардың жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерімен және организмді қоршаған орта әсерінен пайда болған ерекшеліктермен сипатталады. Жоғары жүйке әрекетінің қалыптасуында ортаның атқаратын ролін мынадай тәжірибеден байқауға болады. Павловтың лабораториясында күшіктердің бір группасын толық еркіндікте ұстап, 2-группасын клеткада ұстаған. Сонда еркіндікте жүрген күшіктердің жоғары жүйке әрекеті негізінен күшті типтің қасиеттерін көрсеткен. Ал клеткада өскендерде күшті пассивті қорғану рефлексі байқалады, олар қорқақ келеді, яғни әлсіз типтің қасиеттерін көрсетеді, сөйтіп туа пайда болған күшті типтің қасиеттері көрінбей қалады. Олай болса туа пайда болған жоғары жүйке әрекетінің қасиеттерін өзгермейтін нәрсе деп қарауға болмайды. Оларды тәрбие арқылы, ұзақ уақыт белгілі тітіркендіргіштермен әсер ету арқылы өзгертуге болады. (Тәрбиенің бала мінезін қалыптастырудағы ролін осылай түсіндіру керек).
4. Қыртыс әрекетінің патологиялық бұзылыстары. 1924 ж Санкт-Петербургте күшті су тасу болып, Павловтың лабораториясындағы иттер тұратын бөлмелерді су алып кетеді. Осы жағдайға байланысты көптеген әлсіз және ұстамсыз типі бар иттерде алғашқы кезде бұрын жасалған барлық шартты рефлекстер жойылып кетіп, кейін қайта пайда болады, бірақ көп уақытқа дейін әлсіз күйінде қалады. Осыған орай мынадай тәжірибе жасалады. Бір иттің барлық шартты рефлекстік әрекеті толығымен бастапқы қалпына келген соң 1,5 ай өткеннен кейін бір күні оның белмесіне насостан су жіберіледі. Сонда жануар өте күшті қозу қалпына көшеді, қойылған тамаққа қарамайды. Барлық шартты рефлекстер қайтадан жойылады. Көп айлар бойы оң шартты тітіркендіргішке теріс реакция алынады. Дәл осыған ұқсас қыртыс әрекетінің бұзылуын басқа да әдістер арқылы эксперимент жасап алуға болады. Мысалы, өте күшті тітіркендіргіштерді қолдану, тежеуші тітіркендіргіштің әсер ететін уақытын ұзарту, өте нәзік дифференцировка жасау, бір уақытта оң және теріс тітіркендіргіштерді қолдану, бұрын жасалған тұрақты динамикалық стереотипті қайта езгерту арқылы т.б. Бұл тәсілдердің бәрі қыртыс клеткаларының жұмысы үшін қиын жағдай тудырып, қозу немесе тежелу процестері шамадан тыс күшейіп кетеді және бұл процестердің тікелей бір-бірімен соқтығысуына (Павловша айтқанда «қағып құлатуына») әкеліп соғады. Сонда жоғарғы жүйке әрекетінің типіне байланысты кей кездерде тежелу процесінің әлсіреуі мүмкін, яғни ит қатты тынышсызданып кетеді, ал кейде, керісінше, қозу процесінің әлсіреуі мүмкін, бұл кезде үлкен жарты шарлар қыртысы тежелу қалпында болады. Қозу және тежелу күйлері кезеңді ауысып та отырады. Жоғары жүйке әрекетін экспериментальдық жолмен бүкіл қыртысқа, яғни оның көп, не оның белгілі бір бөліміне әсер ету арқылы да бұзуға болады. Кейінгі жағдайда бұзылудың ерекше формасы байқалады. Мұны Павлов жүйке клеткаларының локальдық (бір орындағы) патологияның инерттігідеп атады. Егер осындай бір орнындағы бұзылу бір-біріне ұқсас оң және теріс шартты тітіркендіргіштердің өте тез қайталап ауысып отыруы арқылы болса, кейін жүйке әрекеті қалыпты жағдайға келгенде мынадай құбылысты байқауға болады: бұзылуды тудыратын тітіркендіргіштерді қолданбаса тәжірибе қалыпты жүреді.
Түрлі типті иттердің қыртыстағы бұзылуларын зерттеу арқылы Павлов адамдардың кейбір жүйке және психикалық ауруларының туу механизмін түсіндіреді. Локальдық патологиялық инерттікті алу тәжірибелері арқылы мәселен, қорқыныш маниясын (сана мен сезімнің бір идеяға беріліп кетуінен туатын психикалық ауру), галлюцианацияның түрлі формаларын (галлюцинация - миға зақым келгендіктен көзге әр нәрсенің елестеуі, құлақтың жаңылыс естуі, мұрынның иісті айыра алма-уы) т.б. түсіндіруге мүмкіндік туды. Қыртыс клеткаларының локальдық инерттігі кейбір сау адамдардың өздерінде де байқалатын «қалмаушылық», «байланғыштық» құбылыстарының негізі болып табылады. (Кей-біреулердің ойынан белгілі идея, ой, музыка мотиві, жеке қимылдар, істелген істер т. б.- үнемі қалмай қояды).
Павлов осымен қатар иттің бұзылған жоғары нерв әрекетін бұрынғы сау қалпына қайта келтіру жолындағы тәжірибелері негізінде үлкен жарты шарлар қыртысына әсер етудің емдік тәсілдерін негіздеді. Мысалы, Павлов жасаған тежелудің қорғағыштық маңызы туралы теория. Көпшілік жағдайда жоғары жүйке әрекетінің экспериментальдық бұзылуы қыртыс клеткаларының ұзақ уақыттық тежелуін тудырады. Мұндай тежелу ауру клеткаларды белгілі сәттерде зиянды болып табылатын қозудан корғайды. Олай болса, жүйке клеткаларын колдан, әдейі ұзақ уақыт тежелу қалпында ұстау арқылы оларды ауру тудыратын агенттердің әсерінен сақтап қалуға болады (мысалы, ұзақ уақыт ұйықтату).
5. Болмыстың екі сигналдық жүйесі.
Бізге белгілі, жануарлардың жүйке жүйесінің жоғары бөліміне келіп, сыртқы орта мен организмнің өзіндегі өзгерістер мен құбылыстарды сигналдайтын импульстердің көзі сол өзгерістер мен құбылыстардың өздері болып табылады. Бұл - болмыстың тікелей сигналдау жүйесі. Ол адамға да тән. Бірақ болмысты сигналдаудың тағы бір ерекше, адамға ғана тән жүйесі бар. Ол 2-ші сигналдық жүйе. Бұл арқылы сыртқы және ішкі ортада болып жатқан құбылыстар, өзгерістер сөз арқылы хабарланады. Мұны Павлов «бірінші сигналдың сигналы» - деп атады. Екі сигналдық жүйеге сай адамның рецепторларына әсер ететін тітіркендіргіштердің өзі 2 түрлі:тікелей және сөздік. Сөздің өзі кез келген тікелей тітіркендіргіштердің әсерін ауыстыра алады, сондықтан оларға сай реакцияларды тудыра алады. 2-ші сигналдық жүйе арқылы адам бол-мысты толығырақ, анығырақ бейнелейді одан дерексіздене де алады, толып жатқан тікелей тітіркендіргіштерді жинақтай алады. Осы жаңа, жинақталған сигналдарды анализдеу мен синтездеу ерекше адамдық жоғары ойдықұрайды. 2-ші сигналдық жүйенің таңқаларлық ерекшелігі - шартты байланыстар жасалуының жылдамдығы: адам бір рет естісе не кітаптан оқыса болғаны, оның ми қыртысында жаңа байланыстар пайда бо-лады. Олардың мықтылығы соншалық, кейде ешқандай бекітусіз көптеген жылдар бойы сақталады. Саналы ойлау сөз, сөйлеу арқылы көрінісін,мазмұнын білдіреді яғни тілге байланысты. Тіл қызметі рефлекторлық си-патта. Бізге белгілі, жануарлардың жоғары жүйке әрекетінің 1-сигналдық жүйесінің бірінші және негізгі заңы - үлкен жарты шарлар қыртысында жүретін процестердің рефлекторлық сипаты болып табылады. Бұл заңның күші екінші сигналдық жүйе үшін де жоғалмайды. Сөз сейлегенде тілдің қозғалысының рефлекторлық сипатының болатындығы туралы пікірді кезінде И. М. Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңірлеріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульстер осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Сөйтіп сөз сөйленеді. Ал бұл кезде туатын афференттік импульстср ағыны ми қыртысына түсіп сөз сөйлеудің әрбір сатысып сигналдап отырады.
Егер де адамға белгілі бір қимыл актысын ойлап, сол сәтте осы қимыл актысына қатысы бар еттердің функциональдық қалпы өзгереді, соларға сәйкес органдардың қанмен жабдықталуы жақсарады. Кейде адам өзінше (іштей) ойлағанның өзінде, екі сөзбен айтқанда, іштей сөйлегенде де жоғарыдағы қанымызға ұқсас құбылыстар байқалады. Бұл кезде эфференттік импульстер естілетін сөздерді сөйлеуді сызбаса да, кейде адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, тіпті кей жағдайларда эфференттік импульстердің күшею салдарынан біраз дыбыс шығарып сөйлеп те кетеді.
Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актысының өзі, тіпті ол сөз арқылы берілмесе де, күрделі тізбекті рефлеке болып табылады. Сөйлеу органына келетін импульстер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен жарты шарлар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал олар қайтадан жаңа эфференттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз, бірін-бірі тудырып отыратын афференттік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық процестің негізгі бір компоненті деп қаралу керек.
Сөйлеунегізгі үш түрлі қызмет атқарады: коммуникативтік(өзара қарым-қатынас орнатушы), түсіндірушіжәне реттеуші. Коммуникативтік қызметте субьектінің екі жағы қатысады: бір жағынан тиісті информацияны сөз арқылы айтатын, хабарлаушы субьект болады (экс-прессивті формадағы сөз),ал екінші жағынан сол сөйленген сөзді қабылдаушы, тыңдаушы субьект (сөздің импрессивті формасы)болады. Сөйлеудің түсіндіруші қызметі тиісті түсінік, абстракциялық ойлау тудырады. Бұл үшін түскен информация анализденіп-синтезделеді, тұжырым-қорытынды, үғымдар қалыптасады. Сөйлеудің реттеуші қызметі арқылы организмдегі әр түрлі жүйелердің (жүрек, асқазан, өкпе, бүйрек, зат алмасу т.б.) әрекеті өзгереді. Бір сөздің өзі қалай айтылғанына қарай адамның көңіл-күйін әр түрлі бағытта, деңгейде, түрде өзгерте алатыны өмірден белгілі.
Сөйлеудің үш формасын ажыратады: акустикалық(дыбыстық сигналдар түрінде көрінеді), оптикалық(әріптік символдарды анализдеу-синтездеу түрінде байқалады) және кинестезиялық(сөздің дыбыстық формасын ұйымдастырушы артикуляциялық органдардағы ет аппаратының жұмысынан керінеді).
Сөйлеуді іске асыруға үш анализатор қатысады: сөйлеу-қозғалыс, сөйлеу-есту, сөйлеу-көруанализаторлары, Бұлармен қатар аса үлкен рольді ми қыртысының маңдайбөлімі атқарады. Сөйлеу-қозғалыс анализаторы тілден, ауыз қуысынан, көмекейден, диафрагмадан шығатын сигналдарды қабылдайды да сезді құрауға және айтуға қатысады. Ми қыртысы ядросы маңдайдағы Екінші және үшінші иректер облысында (Брок орталығы),Бродманның 44, 45, 46 - алаңдарында орналасады. Сөйлеу-есту анализаторы сол жақтағы ми сыңарының жоғарғы самайоблысында (Вернике орталығы),сөйлеу-көру анализаторы шүйде облысындажатады. Аталған бөлімдердің қатысуында акустикалық, символдық сөздердің күрделі қолдануы жүреді.
6. Екі сигналдық жүйенің функциональдық бірлігі. Адамның қалыптасу барысында екінші сигналдык жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде, қоғамдық-еңбек нәтижесінде пайда болды және біртіндеп өмірлік қатынастардың ең тұрақты, негізгі реттеушісіне айналады. Бірақ, бұдан 1-ші сигналдық жүйе енді '2-щі планға көшті деген ұғым тумауы тиіс. 2-ші сигналдық жүйе 1-шінің негізінде, сонымен байланысты болып қана қызмет атқара алады. Екі сигналдық жүйе әр уақытта функциональдық бірлікте болады, сондықтан болмысты толық және терең бейнелеуге мүмкіндік бар. Павловтың айтуынша: «Адам болмысты ең алдымен бірінші сигналдық жүйе арқылы сезеді, (қабылдайды), содан соң екінші сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз сөйлеу, ғылыми ойлау)».
Сигналдық жүйелердің бірінде пайда болған шартты байланыс екіншісінде де пайда бола алады. Мысалы, қызыл жарыққа жасалған шартты қимыл рефлексін қызыл жарықтың өзін керсетпей, бірақ оның әсерін сөзбен ауыстырса да алуға болады және керісінше. Осындай жүйенің бір-біріне байланысты қызмет атқаруының негізінде қозудың бір жүйеден екіншіге таңдап иррадиациялануы жатады. Таңдаудың шамасы мен дәрежесіне қарай екі сигналдық жүйенің бір-біріне әсері де түрліше болады.
Кейде адам шартты қимыл рефлексін жасайды, ол туралы айтады да, бірақ тікелей тітіркендіргіштердің әсерін жоққа шығарады. Кейде адамның жауап реакциясы 2-ші сигналдық жүйеде байқалмайды: ол тітіркендіргішті көргендігін жоққа шығармайды, бірақ қимыл реакциясын жасаған жоқпын дейді. Мұндай жағдайлардың болатын себебі қыртысқа келетін импульстердің бәрінің күші бірдей емес болу керек, яғни жүйке клеткасын бәрі бірдей жеткілікті қоздыра алмайды. Адам өзі де байқамайтын, автоматты қимылдар, бірінші сигналдық жүйедегі болып жатқандардың 2-де толық көрінісінің жоқтығымен түсіндіріледі. Қозудың бірінші сигналдық жүйеден екіншіге шектеліп берілуі адамның үлкен жарты шарлар қыртысы қызметінің негізгі бір ерекшелігі болып табылады, осы-ған байланысты санаға шамадан тыс көп тітіркендірулер ағыны келе алмайды. Мұның негізінде екінші сигналдық жүйенің қыртыстағы белгілі пункттеріндегі тежелу жатады.
Адам көпшілік жағдайда бір затты, мысалы, алманы кермей-ақ бірақ оның түсін, дәмін, иісін көз алдына елестете алады. Бұл кезде қыртыстағы процесс І -ші сигналдық жүйеге тереңірек қозғау салады, сүйтіп зат туралы толық мағлұмат туып, сілекей ағады. Түрліше адамдарда ойлау процесі кезінде І-ші сигналдық жүйенің қатысуы түрліше болады. Осыған байланысты Павлов жалпы типтермен қатар адамдарда кейбір жеке типтердің болатындығын керсетті: көркем, ойшылжәне орташа. Көркем типте 1-ші сигналдық жүйе көбірек қатысады. Ал ойшыл тип көбінесе болмыстан жекеленген, аулақтатылған абстракциялық ойға ыңғайлы келеді. Ондайлар кейде болмыстағы қалыпты қатынасты бұрмалап көрсетуі мүмкін. Адамдардың көпшілігі орташа типке жатады, олардағы ойлаудың айрықша басым көрінген керкемдік те, ойшылдық та сипаты болмайды.
Нерв жүйесінің қызметінің негізі - рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне байланысты организм сыртқы жөне ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне - рефлекс аймағына - тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зөр шығару, жыныс, тыныс, жүрек-қан тамырлар рефлекстері т.б. болып бөлінеді.
Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жүлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді.
И. П. Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлген.
Рефлекторлы доға. Онын бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды жөне көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады:
Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады.
Афференттік жолрецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды.
3. Нерв орталыгы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады.
Эфференттік жолорталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жүмысшы мүшеге) өкеледі.
Эффектор орталықтанкелген қозуға байланысты қызмет атқарады.
Эффектордың рецепторлық қүрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады.
7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқтатып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады.
Рефлекс пайда болу үшін рефлекторлы доғаның барлық бөлімдері қызмет атқаруы тиіс, яғни рефлекторлы доға бүтін болуы керек. Егер оның бөлімдерінің бірі қызмет атқармаса, рефлекс пайда болмайды. Рефлекторлы доғаның қозу жүретін жоддарын екіге бөлуге болады: тура және кері байланыс жолдары. Рефлекторлы доғадағы сезім мүшесінде, яғни оның қабылдаушы аймағында пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне барып, одан жауап қозу жүмысшы мүшеге келетін жолды рефлекторлы доғаның тура байланыс жолы дейді. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторларында пайда болған қозудың қайтадан орталық жүйке жүйесіне баратын жолын кері байланыс жолы деп атайды. Рефлекторлы доғаның тура байланысы арқылы орталық жүйке жүйесі эффектордың қызметін басқарады, ал кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мөлімет алып түрады. Рефлекторлы доғада бір нейроннан екінші нейронға қозу синапс арқылы ауысады. Орталық жүйке жүйесінде синапстар өте көп. Орталық жүйке жүйесіндегі синапстар арқылы қозудың жүруі ерекше болады:
Орталық жүйке жүйесінде қозу бір бағытга ғана жүреді: пресинапстық бөлімнен тек қана постсинапстық белімге қарай. Себебі пресинапстық бөлімнің мембранасы медиатордың өсерін қабылдамайды, сезбейді. Оньі тек қана постсинапстық мембрана сезеді де қозу тудырады; қозудың ырғағы мен күші өзгереді (трансфор-мацияланады). Себебі пресинапстық бөлімге келген қозудың ырғағы постсинапстағы пайда болған қозудың 59 ырғағынан өзгеше жоне оның күші мен үзақтығы да басқаша. Ал клеткалық мембранада қозудың ырғағы үшінші түрлі болады.
Сыртқы жөне ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі таддағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дөм жөне висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), ягаи ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық таддағыштар 3 бөлімнен түрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім жене ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан түрады. Олар тітіркендіргіштің өсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық болімін есіңізге түсіріңіз).
Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден түрады.
Талдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары қүрады. Мысалы: Көру талдағышының сезгіш рецепторларына көз алмасында орналасқан таяқша жөне сауытша пішінді жарық қабыдцағыш рецепторлар - фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервтерінен түрады да, қыртыс бөліміне ми қыртыстарының желке түсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығы, яғни Бродманның 17,18,19 аймақтары жатады. Керу орталығында жоғары дөрежедегі талдау мен талқылау жасалады және заттың бейнесі туралы сезім пайда болады.
Талдағыштардың рецепторлық белімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі. Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.
Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады.
Талдағыштардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бүл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.
Талдағыштардың ортақ қасиеттері. Талдағыштардың орқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің өсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Таддағыштардың рецепторлары адекватгы тітіркендіргіштергеоте сезімтал болады. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары, иіс талдағышына -жеңіл химиялық заттардың иісі сай келеді. Дөм таддағышыеритін химиялық заттар адекватты тітіркендіргіштер. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды. Немесе, түзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың түзы дүрыс секілді болады. Ал содан кейін түзы дүрыс асты жей бастаса, алғашьщца оның түзы аз сияқты болып, кейіннен сезім қайтадан қалпына келеді. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде етірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді. Бүл мысалдардың бәрі талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштің күшіне тез бейімделетінін дөлелдейді. 3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қьізметі төмеңцейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде дайындальш, кітап оқьш отырған (айталық, көзімен, ішінен ғана оқып отырған) оқушы маңайьщдағы көлденең дыбыстарды есгігенімен мағынасын түсінбейді. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың үшының дыбысынан қай затты, дауысынан адамды таниды т.б. Мұндай жағдайда ауру талдағыш пен сау талдағыштардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасывда тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады. Біздің мысалымызда соқыр кісінің көру орталығы мен дыбыс, иіс, тері сезімдері орталықтарының арасында жуйкелік байланыс пайда болады.
Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жапықтыру арқылы не күшейтіп, не томендетуге болады. Мысалы, үшқыштар тепе-тендік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен үшып келе жатқан үшақтың ішінде еркін қозғалып үзақ жүре алады. Ал жай жолаушы үшып келе жатқан үшақтың ішінде үзақ уақыт түрегеліл жүрсе, жүрегі айнып, басы айналып, қүсуы мүмкін. Я болмаса ғарышкерлер зымыранда үзақ болған кезде өте күшті жылдамдыққа төзу үшін, тепе-тендік сақтау мүшесін үзақ жаттықтырады. Сол сияқты, өткеншекті көп тепкен бала көлікте үзақ жол жүре алады, яғни оның вестибулярлық аппараты жаттығып, езінің сезімталдығын төмендеткеңдіктен шайқалысты қозгалуды сезу қабілеті төмендейді.
Талдағыштар өр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың өсерін сезу жөне контактты (лат. контактустүйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін талдағыштар.
Дистантты талдағыштарға керу, есту, иіс талдағыштары жатады, ал дөм, тері, висцеральдық, қозғалыс контактты талдағыштарға жатады. Дистантты талдағыштар қысқа мерзімнің ішінде өжептөуір қашықта орналасқан заттар туралы көп мәлімет бере алады. Бүл жағынан керу жөне есту талдағыштарының маңызы зор.
Нерв импульстері орталық жүйке жүйесінде белгілі бір тәртіппен бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді. Олардың айырмашылығы техникадағы код жүйесі іспетті белгілен<щн болғандықтан импульстер сол төртіппен беріледі деп айтуға болады. Код - ақпаратты белгілі ережелер бойынша шартты түріне түрлеңдіріп аудару.
Қосақталған код арқылы, яғни өрбір нейронда серпініс дүркінінің болуы немесе жойылуы түрінде беріледі.
|
|
|