|
дәріс кешені невропатология doc. Невропатология негіздері пні бойынша Дріс курсы
Дәріс №7 Тақырыбы: СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ СИНДРОМДАРЫ. ЕСТУ. КӨРУ. Жоспары:
Сезімталдық бұзылыстарының сипаттамасы.
Көру анализаторларының бұзылысы.
Есту анализаторларының бұзылыстары.
1.Сезімталдық бұзылыстарының сипаттамасы
Терінің сезімталдығы. Терінің сезімталдығы жаңа туған балада жеткілікті ажыратылған. Терінің ең сезімтал аймақтарына саусақтардың ұшы, ерін, жыныс ағзалары жатады. Жаңа туған балалардың тактильді (сүйкеніс) сезімталдығы туралы шартсыз рефлекстердің пайда болуы арқылы қорытындылайды: кірпіктеріне және қабақтарына тигенде бала көзін жұмады, ерінге тигенде сору қозғалыстарын жасайды, табанды сипағанда аяқтың саусақтарының сыртқа қайырылуы, алақанға тигенде ұстай алу рефлексі пайда болады. 2-3 айдағы бала тітіркендіру орнына қолын созады. Екінші жарты жылдықта табанды, қолтық астын, мойынды қытықтау балада жауап реакциясын тудырады (күлу, жылау).
Терінің температурасының өзгеруі 2 түрлі рецепторлармен - жылу және суық -қабылданады. Жаңа туған бала жылуға және суыққа сезімтал болып, сыртқы ортаның температурасының өзгеруіне жауап береді. Ауаның температурасының күрт төмендеуіне козғалыс мазасыздану, айқай, терінің бозаруы пайда болады. Жылы суда бала тыныштанады, терісі қызарады.
Ауру сезіміне жаңа туған бала жалпы қозғалыстармен, айғаймен, тыныс жиілігінің өзгеруімен және жүрек қағумен жауап береді. Бірақ ересектерге қарағанда, неғұрлым күшті тітіркендірулер қажет. Бұл жаңа туған балада ауру сезімталдығының салыстырмалы төмен деңгейі туралы айтады. Ауру тітіркендіргіштерін ажырату балада 7-8 жаста басталады.
Қыртыстың сенсорлық зонасы (белдеуі). Қыртыстың анализаторлық бөлімдері, осы зоналарға сенсорлық информация келіп түседі. Бұл зоналар төбе, самай және шүйде (желке) бөліміндерінде орналасқан.
Ең манызды сенсорлық бөлімі-бұл төбе ми қыртысы посторталық қатпар (извилина)-соматосенсорлық бөлімі-терісезгіштік (сезімталдық), тактильдік-тән (тело); ауырсыну; температурлық рецепторлардан интероцептитвті сезімталдық және тірек-қимыл сезімталдық аппаратынан (бұлшық еттерден, буындардан және тарамыс рецепторларынан).
Сезімталдық бұзылыстарының сипаттамасы. Сезімталдық, сезгіштік - организмнің ішкі не сыртқы ортадан әсер ететін тітіркендіргіштерді сезуі, сезу жүйкелерінің қызметі.
2. Көру анализаторын бұзылыстары.
Көру анализаторы үш бөлімнен: көз ағзасы, көру нервтері және көру орталығынан құралады. Шүйде (желке) қыртысында I көру аймағы орналасқан (17 алаң)-көз торы рецепторы. 17 алаңның қасында тағы 18 мен 19 алан жатыр- II көру аймақтары. Бұнда жалғыз жарыққа емес, тағы тән және есту қоздыруларға жауап береді. Көру талдағышының қалған екі топ құрылымдары көз алмасында орналасқан. Көз алмасы - күрделі құрылысты мүше. Ол бас сауытының көз шарасында орналасқан, пішіні шар төрізді, тек алдыңғы жағы сөл дөңестеу келеді.
Көздің сыртын тығыз ақ қабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат-пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәріздес денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру жүйкесі кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсі ондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т.б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигменті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады.
Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Бұл арнайы сұйық көз бұршағын қоректендіруге (көз бұршағының қан тамырлары болмайды), шыны тәрізді денені толықтыруға пайдаланылады. Көз бұршағы екі жақты дөңес келген мөлдір қапшықтың ішіндегі өте мөддір қоймалжың зат. Көз бұршағының орта тұсы шетіне қарағанда тығыздау. Оның қапшығы тарамыс арқылы жоғары жөне төменгі жағынан бекітілген. Ол тарамыстарды Цинн тарамыстары дейді. Цинн тарамыстары көз бұршағының дөңестелуін реттейді.
Сонда көзге түскен бейне көздің тор қабығында қабылданып, ол сезуші жүйке арқылы көру орталығына жетеді және одан түйсік пайда болған соң көрудің қозушы жүйке арқылы қайта келеді. Көру анализаторы арқылы осылайша көрген нәрсе анықталады.
Көру, организмді қоршаған ортадағы бейнелердің түсін, пішінін, үлкен-кішілігін, алыс-жақанын, пайдалы-зияндылығын білдіретін күрделі физиологиялық процесс.
Көру анализаторы. Көздің қалауы құрсақ ішіндегі дамудың 3 аптасында басталады. Бірақ жаңа туған балада көздің және көру анализаторының дамуы аяқталмаған. Көздің қалыптасуының аяқталуы үшін тітіркендіргіш ретінде жарық қажет. Көру анализаторы жарық тітірпендіргіштерін қабылдап, талдайтын күрделі сенсорлы жүйе болып табылады. Рецепторлардағы күрделі фотохимиялық процесс жарық энергиясын нерв қоздырғышыра айналдырады, ол ми қыртысына жетіп, онда көру сезімдері мен қабылдауларына талдам мен синтез жасалады. Көру талдағышы құрылысының тұтастығы көру фукцияларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Көру жолы. Көру жолы көздің тер қабығын мимен байланыстырады. Көру жүйкесінің жуанырақ талмықтары қарашың талшықтары болып табылады. Жіңішке талшықтары көру талшықтары. Көру жүйкесінде шамамен 1 млн талшық бар. Көру жүйкесі диспісінде фоторецепторлар жоқ, ол көз шарасының көрмейтін зонасы болып табылады. Көру жүйкесі диспісі проекциясы соқыр таңба деп аталады. Оның көлемі дасы көлеміке, тамыр, тер қабық күйіне байланысты болады, ол түрлі паталогиялық процесстер барысында өзгеруі мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы балалардың көру жүйкесінің диспісі ересептердінінен шағын болғанымен, соқыр таңба көлемі оларда үлкен. Екі көздің тор қабығының сыртқы самай бөлігінен шығатын талшықтар қиысады. Көру жүйкелері қиысқан соң оң және сол көру траптілері түзіледі.Оң көру траптісінде оң көздің тор қабығының оң самай бөлігінің қиыспаған талшықтары мен сол көз тор қабығының мұрын бөлігінің қиысқан талшықтары болады. Демен, оң көру траптісінде соң көз тор қабығының самай бөлігінің қиыспаған талшықтары мен оң көз тор қабығының мұрын болігінің қиысқан талшықтары өтеді. Екі көру траптісі де көру орталықтарына өтеді.
Нәрестеге жарыққа шамалы қорқыныш (фотофобия) тән, көздері үнемі дерлік жабық, қарашықтары кішірейген. Жас бездері қызметін әлі атқармайды, жас ағу 1,5-2 айдан бастап дамиды. Нәрестенің көру функциясын көзіне жарықты жақындатып тексеруге болады. Егер бала ояу жатса көзін қысып, бетін жарыққа бұруға тырысады. Кенеттен жа-рық түскенде, баланың қабақтары жабылып, басы артқа шалқаяды (Пейпер рефлексі).
3-апталық жастан бастап, бала қозғалмайтын жылтыраған заттарға бинокулярлы көзқарасын бекітеді. 2 айдан бастап, көретін бала бетіне жақын қозғалған ашық түсті ойыншықтарды көзімен бақылайды. 6 айлығында бала ірі заттарды ғана емес, ұсақ заттарды да жақсы көреді, көзі мен қолдарьшың қозғалысын сәйкестіре алады. 6 айдан 9 айға дейін баланың үш өлшемді, стереоскопиялық қабылдау мүмкіндігі калыптасады, заттардың орналасу қашықтығы мен тереңдігі туралы түсінігі пайда болады.
Көрудің өткірлігі 1 жастағы балаларда төмен, бірінші жарты жылдықтағы- 0,02, 1 жасар балада-0,1, содан өткірлігі жоғарылайды, 4-5 жасар балаларда ересектер дең-ейіне жетеді-1,0. Осы кезде баланы кітап оқуға үйретуге болады. Түсті қабылдау қабілеті емшек жасында дами бастайды, 1,5-2 жаста бала 2-3 ұқсас түсті заттарды таңдап ала алады, 3 жастан кейін барлық балаларда дамыған түс ажырату анықталады, бұл қабілет мектеп дейінгі және мектеп жасында одан әрі жетіледі. Ересек жастағы балаларда көру аппаратының функциясы көру өткірлігі, көру аймағының көлемі, түсті ажырату арнайы кестелердің көмегімен зерттеледі.
Көруінің тұрақты бұзылуы байқалған балаларды, соқыр және нашар көретіндер деп бөлу қалыптасқан. Соқыр, мүлде көрмейтін балалар – көріп сезуі мүлдем жойылған балалар немесе жарықсезгіштігі сақталғандар немесе шамалы көретіндер (көзілдірік арқылы жақсы көретін көздің шамамен көру өткірлігі 0,04 қарапайым түзету амалдарын қолдану, сонымен қатар, көру аймағы 10 град-қа дейін тарылған балалар.
Көрудің жойылу дәрежесінің түрлерін ажырату: абсолютті (тотальды) соқырлық, мұнда көріп сезу мүлдем болмайды (жарықсезгіштік және түсті ажырату); іс-жүзінде көрмеу (қалдық көру, мұндай көруі бар балаларды, жартылай көретіндер деп атайды), жарықсезгіштік жарықты қараңғыдан ажырату деңгейінде немесе қалдық көру, бет алдындағы қол саусақтарын санай алу, тура көз алдындағы заттардың түсі мен пішінін, контурын ажыратудың сақталуы. Көптеген соқыр балаларда қалдық көру болады.
Нашар көретін балалар соқыр балаларға қарағанда көп топ құрайды – бұл-0,05-тен 0,4-ке дейінгі қарапайым түзету (көзілдірік) амалын қолдануда жақсы көретін көзде өткір көретін балалар. Егер нашар көретін баланың жарық сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар бейнеленгенін көре алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі байқалады.
Сопақша мида жатқан көзді қимылдатқыш нервтардын ядролары
Көз көру жолдарының проекциясы.
Көру анализаторы үш бөлімнен: көз ағзасы, көру нервтері және көру орталығынан құралады. Шүйде (желке) қыртысында I көру аймағы орналасқан (17 алан) - көз торы рецепторы. 17 аланңың қасында тағы 18 мен 19 алан жатыр – II көру аймақтары. Бүнда жалғыз жарыкқа емес, тағы тән және есту қоздыруларға жауап береді.
Сонда көзге түскен бейне көздің тор қабығында қабылданып, ол сезуші нерв арқылы көру орталығына жетеді және одан түйсік пайда болған соң көрудің қозушы нерв арқылы қайта келеді. Көру анализаторы арқылы осылайша көрген нәрсе анықталады.
Көру, организмді қоршаған ортадағы бейнелердің түсін, пішінін, үлкен – кішілігін, алыс- жақанын, пайдалы – зияндылығын білдіретін күрделі физиологиялық процесс.
Көру аиализаторы. Көздің қалауы құрсақ ішіндегі даму-дың 3 аптасында басталады. Бірақ жаиа туған балада көздіц және көру анализаторының дамуы аяқталмаған. Көздіа қа-лыптасуының аяқталуы үшін тітіркендіргіш ретінде жарык кажет.
Нәрестеге жарыққа шамалы корқыныш (фотофобия) тән, көздері үнемі дерлік жабық, қарашықтары кішірейген. Жас бездері кызметін әлі атқармайды, жас ағу 1,5—2 айдан бас-тап дамиды. Жаксы айқындалған корнеальды рефлекс, ни-стагм а-нықталады. Нәрестенің көру функциясын кезіне жа-рықты жақындатып тексеруге болады. Егер бала ояу жатса көзін қысып, бетін жарыққа бұруға тырысады. Қенеттен жа-рық түскенде, баланық қабақтары жабылып, басы артқа шалқаяды {Пейпер рефлексы).
3-апталық жастан бастап, бала қозғалмайтын жылтыра-ған заттарға бинокулярлы кезқарасын бекітеді. 2 айдан бас-тап, көретін бала бетіне жакын қозғалған ашық түсті ойын-шықтарды көзімен бақылайды. 6 айлығында бала ірі заттар-ды ғана емес, ұсақ заттарды да жақсы көреді, көзі мен қол-дарьшың қозғалысын сәйкестіре алады. 6 айдан 9 айға дейін баланың үш өлшемдз, стереоскопиялық кабылдау мүмкіндігі калыптасады, заттардың орналасу қашықтығы мен тереңдігі туралы түсінігі пайда болады.
Көрудің өткірлігі 1 жастағы балаларда темен, біріншІ жарты жылдықтағы — 0,02, 1 жасар балада 0,1, содан өт-кірлігі жоғарылайды, 4—5 жасар балаларда ересектер дең-гейіне жетеді — 1,0. Осы кезде баланы кітап оқуға үйретуге болады. Түсті қабылдау қабілеті емшек жасьшда дам.и бас-тайды, 1,5—2 жаста бала 2—3 үксас түсті заттарды таңдап ала алады, 3 жастан кейін барлық балаларда дамыған түс ажырату анықталады, бүл қабілет мектеп дейінгі және мек-теп жасында одан әрі жетіледі. Ересек жастағы балаларда керу аппаратының функциясы көру өткірлігі, көру аймағы-ның кәлемі, түсті ажырату арнайы кестелердің көмегімен зерттеледі.
Көру анализаторын бұзылыстары
Көру агнозия – көргенді ажырата алмау, танымау, затты, адамды көріп тұрса да танып айыру үшін қолымен ұстап қарау. Бұндай адамдардың үлкен жарты шарының шүйде бөлігі, миы қатты зақымданған болады.
Көру мүшелерінде кездесетін ауру түрлері. Көздің шаршауы. Көздің шаршауы астенопия деп аталады. Көздің шаршау симптомына жатады: ұсақ заттарды, әріптерді жақыннан қарағанда олардың бұдырауы, көздің, қабықтың сынып ауыруы, қастар арасының ауыруы, жарықтан қорғану. Астенопияның мынадай түрлері бар: аккомадативті, бұлшық еттік, жүйкелік, аралас. Блефаритер. Бұл қабақ шеттерінің қабынуы. Блефариттердің үш түрі бар: қарапайым, қабыршақты, жаралы. Конъюктивиттер. Конъюктивиттің негізгі белгісі жарықтан қорғану, блефароспазм, жас ағу, көздің қызуы, қышынуы, ауыруы балып табылады. Көбіне көздің кірпікті шетіне қабыршақ тұрып, тәңертең қабақ жабысып қалады. Трахома - бұл арнайы жұқпалы кератоконъюктивит, әдетте А типті вирустан туындап, созылмалы түрде жүреді. Жалпы пайдалынатын заттар арқылы жұғады. Көзді қозғау аппаратының патологиясы. Үйлескен қылшық. Қылилық этиологиясы мен патогенезі әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Қазіргі зерттеулерде қылшық көз қозғалысының шартты-рефлекторлы координациясының бұзылысы ретінде қарастырылады. Ол бала жаста бинокулярлы көрудің қалыптасуы кезінде туындайды. Қылилық себебі ми бұзылыстары, жүйке және соматика саласының бұзылуы, сыртқы факторлар рөлі болуы мүмкін. Салдық қылилық. Салдық қилылықтың негізгі белгісі көз қозғалысының зақымданған бұлшық ет жаққа қарай шектеулі болуы немесе болмауы болып табылады. Нистагм. Нистагм көз қозғалысының спонтанды тербелісі болып табылады. Оның негізінде орталық немесе жергілікті генез жатыр. Нистагмның дамуы мишық, сопақша ми, гипофиз зақымдағанда, ісікті қабынуларда орын алуы мүмкін. Түріне қарай нистагм маятник тәрізді, дүмпу тәрізді, аралас, бағытына қарай: горизонтальді, ұзыннан, дөңгелек, диагональді болып бөлінеді. Көру агнозия – көргенді ажырата алмау, танымау, затты, адамды көріп тұрса да танып айыру үшін қолымен ұстап қарау. Бұндай адамдардың үлкен жарты шарының шүйде бөлігі, миы қатты зақымданған болады.
3. Есту анализаторын бұзылыстары.
Есту анализаторы. Естуді қабылдағыштар, ішкі құлақтың ұлу бөлігінде, самайдағы пирамида сүйегінде болады. Вестибулярлық талдағыштың шеткі, яғни сезгіш бөліміне ішкі құлақтағы жартылай айналмалы 3 каналдар мен солардың табалдырығындағы отолит жатады. Жартылай айналмалы каналдардың табалдырығының іші эндолимфа сұйығына толы. Бұл сұйықта отолит немесе статолит деп аталатын кальцийдің фосфор қышқылды тұздарынан тұратын құрылым бар. Табалдырықты лабиринт деп те атайды. Лабиринттің бір-біріне перпендикуляр орналасқан 3 жарты ай терізді каналдарының бір ұштары кеңейіп ампулаға айналған. Олардың ішінде орақ іспетті сүйекті құрылым бар. Бұл құрылымға жарғақты лабиринт жалғасады. Онда екі ұштарында 10-15 шақты ұзын түктері бар сезгіш жөне тірек клеткалары болады. Тірек клеткалары бір-біріне киіз төрізді жабысқан талшықтарды түзеді. Бүл талшықтарға түкті клеткаларға жалғасқан отолит сүйекшелері байланысады.
Орақшаның түкті клеткалары мен отолит қапшықтары ішкі құлақтың түкпірінде орналасқан вестибулярлық түйінімен байланысқан биполярлы нейрондардың талшықтарымен жалғасады. Бұл нейрондардың аксондары вестибулярлық нейронды құрап ұлу жүйкесімен бірге дыбыс жүйкесіне айналады.
Дыбыс жүйкесі ішкі құлақтан шығып, сопақша миға барады. Сопақша мида вестибулярлық жүйке қайтадан ұлу және вестибулярлық жүйкелерге бөлінеді. Сопақша мида вестибулярлық жүйке жоғарғы және төменгі талшықтарға жіктеледі. Бұл талшықтар сопақша мидағы вестибулярлық ядроларда аяқталады. Вестибулярлық ядролар талшықтар арқылы мишықпен, сопақша ми мен ортаңғы мидың вегетатаивтік орталықтарымен, ортаңғы мидан шығатын III және ІУ қозғаушы жүйкелермен, жұлын және ми шарларының самай бөлігімен байланысады.
Дыбыс тербелесі сыртқы құлақ тесігі (түтігі) арқылы дабыл жарғағына, одан есту (дыбыс) сүйекшелеріне, ішкі құлақ сұйықтығына және ұлу жарғағына барып жетеді. Есту ми қыртысы (41, 42, 52 алаң) латералды салада орналасқан. Көлденең жатқан самай Гешля қатпарлар. Осы самай бөлігінде үстінгі және ортаншы қатпаларда (20, 21 аланда) вестибуляторлық анализатордың орталығы орналасқан. Вестибулярлы аппараттың функциясы. Ми қыртысының есту аймағы мидың самай бөлігінде орналасқан. Ол бөлікті-аймақты бұзса өте нәзік күрделі дыбыстарды естуі жойылады.
Дененің кеңістіктегі орынын анықтау мен тепе-теңдік сақтауда, қимылды үйлестіруде бұлшық еттерден, буындар мен сіңірлерден, яғни олардың проприорецепторларынан үнемі келіп тұратын кері байланыс импульстерінің маңызы өте зор. Бұған терінің тактильді рецепторларынан келіп тұратын импульстері де қатысады.
Нәрестенің құлағы морфологиялық дамығанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Сыртқы есту жолы қысқа, дабыл жарғағының өлшемдері ересектердегідей дерлік болғанымен, горизонтальды орналасқан. Евстахий түтігі қысқа және кең.
Ортаңғы құлақта туғанға дейін ауа болмайды, ол шырышты сұйықтықпен толтырылған. Туғаннан кейін дабыл қуысы 1 айдың ішінде Евстахий түтігі аркылы тыныс алу және жүтыну кезінде ауамен толтырылады. Қыска және кең есту түтігі оның мұрын-жұтқыншақпен байланысын жеңілдетіп, ортадғы құлаққа инфекция түсуіне және одан іріңнің оңай ағып шығуына қолайлы жағдай жасайды. Вестибулярлық аппарат өте сезімтал болған жағдайда ұзақ қозғалыс кезінде, әсіресе шайқалмалы қозғалыста (мысалы, ұшақпен ұшқанда, кемеде жүзгенде, жүріп келе жатқан машинада отырғанда) «теңіз ауруының» белгілері пайда болады: бас ауырып, жүрек қобалжиды, пульс жиіленеді, қан тамырлары өзгереді, қанның қысымы артады, тер шығады, ішіек-қарынның қозғалысы үдеп, адам құсады, яғни түрлі вегетативтік рефлекстер туады. Вестибулярлық аппаратқа өте күшті және ұзақ жүктемелер – «теңіз ауруы», ғарыштық дағдарыс т.б. - әсер еткен кезде қозғалыс үйлесімділігі төмендейді. Арнайы жаттығулар арқылы тепе-теңдік рефлекстерінің түрақтылығын нығайтуға болады. Ғарышкерлерді дайындауда мұндай жаттығулардың маңызы зор. Жаттығуды алдымен аз шапшандықтан бастайды, содан соң жылдамдықты үдетеді. Әуелі көлденең тербеліс бағытында, кейіннен жоғары-төмен тербеліс бағытында жаттықтырылады. Бастапқы кезде бас айналып, лоқсу, құсу т.б. жағымсыз сезімдер пайда болады, бірақ бірнеше жаттығудан кейін организм бейімделіп, вестибулярлық аппараттың сезімталдығы төмендеп, болашақ ғарышкер тербеліске үйренеді. Ғарыштық салмақсыздық отолиттік қабылдағыштың қасиетін өзгертеді. Оның қызметі алғашқы 2-3 тәулікте тым төмендеп кетеді де, содан кейін жоғарылай бастайды. Бесінші тәулікте қабылдағыштың қызметі бүрынғы, яғни жердегі қалпқа сәйкестенеді.
Қатты дыбыстарға реакция ұрықта да анықталады. Құрсақ ішіндегі соңғы айларда катты дыбыстар ұрықтың қозғалуын тудырады. Нәрестенің есту анализаторының функциясын катты дыбысқа, шапалаққа жауап реакциясы бойынша тексереді. 7-8 аптадан бастап, бала басын дыбыс тітіркендіру жаққа бұрады. Екінші жарты жылдықтағы балалардың есту қабілетін былайша тексеруге болады, балаға айда түскенін керсетпей, ойыншықты жерге тастал жібереді. Сау бала қолын ойыншық еденге соғылған жаққа созады. Егер бала естімейтін болса, ол ойыншықтың құлаған дыбысына жауап бермейді. Ересек балалардың есту функциясын сыбырлап сөйлеуді, қатты сөйлеуді және камертонның дыбысын қабылдауы арқылы зерттейді. Дыбыс бөлімдерінің (сектор) жеке бөліктерін қабылдау аудиограмма көмегімен зерттеледі.
Есту қабілеті тұрақты бұзылған балалардың 2 категориясы бар: керең, нашар еститін немесе құлағы мүкіс балалар. Сөйлеуіне қарай барлық керең балалар 2 топқа бөлінеді: сөйлемейтін керең балалар немесе керең-мылқаулар, және сөйлейтін керең балалар немесе кейіннен керең болғандар.
Есту агенезиясы - дыбысты ажыратпау, дыбысты естігенмен оны ажырата алмау. Ал оларды танып- білу үшін қолмен ұстап көруі тиіс. Бұндай адамдардың миының самай бөлігі бұзылған болады. Олар айтылған сөзді естісе де түсінбеуі мүмкін. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Бадалян Л.О. Детская невропатология. М. Медицина, 1975, 1984
Бадалян Л.О. Невропатология. М. Просвещение, 1982, 1987
Ляпидевский С.С. Невропатология. М. Просвещение. 1985
Қосымша әдебиеттер:
Боголепов Н.К. Клинические лекции по невропатологии. М. Медицина, 1972
Болезни нервной системы. Руководство для врачей /Под ред. Проф. Мельничука П.В. М.Медицина, 1982
Кроль М.Б. Основные неврологические синдромы. М.Медицина, 1976.
Коган А.В. Основы физиологии ВНД. М. Медицина, 1988.
Анохина П.К. Биология и нейрофизиология условного рефлекса, М. Медицина, 1998.
Кольцова М.М. Развитие сигнальных систем у ребенка. М. Педагогика. 1990.
Брагина Н.Н. Функциональные ассиметрии человека. М. Медицина, 1998
|
|
|