Главная страница
Навигация по странице:

  • Бас миының қызметі мен құрылысы.

  • 2.Мишық және оның бөлімдері.

  • 3.Аралық ми, таламу, бас миының ядролары .

  • дәріс кешені невропатология doc. Невропатология негіздері пні бойынша Дріс курсы


    Скачать 1.59 Mb.
    НазваниеНевропатология негіздері пні бойынша Дріс курсы
    Дата11.03.2019
    Размер1.59 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файладәріс кешені невропатология doc.doc
    ТипДокументы
    #70005
    страница3 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    Дәріс № 3

    Тақырыбы: БАС МИЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІМДЕРІ
    Жоспары:

    1. Бас миының қызметі мен құрылысы.

    2. Мишық және оның бөлімдері.

    3. Аралық ми, таламу, бас миының ядролары .


    1.Бас миының қызметі мен құрылысы.

    Ми (encephalon), орталық нерв жүйесінің ең жоғарғы дәрежеде дамыған және организмнің барлық қызметтерін басқарып тұратын бөлігі.Ми бас сүйегінің ішінде орналасқан. Организм сыртқы ортамен мидың қызметі арқылы ғана байланысады.

    Орталық нерв жүйесінің ең жоғары дәрежедегі, соғы дәуірде құрылысы және қызыметтері жағынан өте күрделі болып дамып келе жатқан бөлігі – үлкен ми жарты шарларының қыртысы. Оның қызметтерін ғалымдар қыртыстарға түрлі операциялар жасау арпқылы зерттеп келеді.Үлкен ми жарты шарларының қыртысында қыртыс аймақтары бар. Олар осы ми қыртысының белгілі бір қызметке бейімделген бөлімдері болып саналады. Сондықтан осы бөлімдер – көру, есту, хат жазу, естіп-білу, түрлі қозғалыс – қимылдарға жауап береді. Қыртыстық бақылау - өзіне бағынатын рефлекстерді ерікті түрде басқару. Балаларда қыртыстық бақылау біртіндеп жетіледі.



    Бас миының 12 жұп нервтері:

    I жұбы - иіс сезім нервісі

    II жұбы - көру нервісі

    III жұбы - көз қимылдатқыш нерві

    IV жұбы - шығырық нерві

    V жұбы – үшкіл нерві

    VI жұбы- шетету нерві

    VII жұбы- бет нерві

    VIII жұбы- кіреберіс ұлу нерві

    IX жұбы- тіл- жұтқыншақ нерві

    X жұбы- кезеген, кезбе нерві

    XI жұбы- косымша нерві

    XII жұбы- тіл асты нерві

    Сопақша ми (medulla ablongata - myelencephalon), ол артқы мидың құрамында жатады. Оның негізгі қызметі ретикулярлы формация болып саналады. Сопақша мида күрделі қозғалуды басқаратын рефлекторлық рефлекстердің түйіскен жері және тыныс, ас қорыту (сору, жұтыну,шайнау,сілекей шығару), тамырларды тарылтып және кенейтіп тұратын, жүрек қызметін реттеуге қатынасатын, қорғаныс (түшкіру, жөтелу, құсу, жыпылықтау, жас ағу) және тағы басқалар орталықтар орналасқан.



    2.Мишық және оның бөлімдері.


    Мишық (cerebellum) немесе кіші ми. Мишық бастың шүйде бөлігінде орналасқан. Мишық организмдегі ерікті қимылдарды, тендік сақтап, проприорецетивті (ішкі) қозуларды откізіді және денені белгілі бір күйде (жағдайда) ұстап, бүлшық еттердің қызметтерін реттеп тұрады.


    Мишық организмде қимыл келісімділігіне (координация) және тепе – теңдігіне жауапты мүше. Осы арқылы организмде бүлшық етт тонусының қасиеттері өзеріп турады. Мишық арқылы нәресте – сәби – бала қимылдарын толық жетілдіреді.

    Мишық үш бөліктен тұрады:

    1. Ен ескі мишық – бүнда қурттын астынғы бөлігі арқылы вестибулярлы жүйемен байланыс жасалады. Бүл мишықты тағы – вестибулярлы мишық деп атайды.

    2. Ескі мишық – бүнда қурттын үстінгі бөлігі арқылы информация проприорецепторлардан алынып турады. Сондықтан бүл бөлігін жұлынды мишық деп атайды.

    3. Жана мишық – бүнда информациялар үлкен жарты шар қыртысынын түсіп турады. Көру, есту жүйелерімен байланысы бар. Бүнда көру, есту информациялар түскесін сигналдар талдау және жіктеуден өткесін, жауапты реакциялар беріледі.

    Көпір. Бүнда бүкіл үстіне және астына бара жатқан нерв жүйесінің жолдары өтеді. Тағы айтып кету керек осы көпірде бас мидын V жұб- тан бастап – VIII жұбтарға дейін ядролары орналасқан. Көпір үсті ретикулярлы формациямен жамылган, сондықтан осы жерде курделі рефлекторлық дөгалардын қосылатын жері орналасқан – вегетативті рефлекстер, тыныс алу, жүрек-тамыр қимылы, тамақтану жүйелерінің, жұтыну және қорғаныс пен соматикалық рефлекстер.




    Көпір. Бүнда бүкіл үстіне және астына бара жатқан нерв жүйесінің жолдары өтеді. Тағы айтып кету керек осы көпірде бас мидын V жұб- тан бастап – VIII жұбтарға дейін ядролары орналасқан. Көпір үсті ретикулярлы формациямен жамылган, сондықтан осы жерде курделі рефлекторлық дөгалардын қосылатын жері орналасқан – вегетативті рефлекстер, тыныс алу, жүрек-тамыр қимылы, тамақтану жүйелерінің, жұтыну және қорғаныс пен соматикалық рефлекстер.

    Орталық ми. Орталық миға кіретін – бүл төрт төмпешік, қара субстанция, қызыл ядрола және көгілдір дақ. Ретикулярлы формация.

    Төрт төмпешік, орта мидағы екі жұп төмпешігі. Төрт төмпешік-тін алдынғы екуі көру жолымен байланысқан, яғни көру және козді қозғалатын нервтердін талшықтары жалғасқан. Төрт төмпешік-тін артқы екуі есту нервтермен байланысты.

    Қара субстанция жұтыну мен шайнау кезіндегі ретті қымылдарды басқаруға қатынасады, сондай-ақ саусақтардын бүлшық еттерін нәзік қимыл- әрекеттерін басқарады. Егер мидын бүл бөлігі бұзылса, қызыл ядро және ретикулярлық формацияның да бұзылуы мүмкін. Сондықтан ауруларда құрысуы артады (гипертонус). Және осы қара субстанцияда тағы да бүлшық еттін тонус өзгеру қасиетің (регуляциясын) бақылап отырады.

    Қызыл ядролар – жұлынңың мотонейрондарын тежелейді, сондықтан дененің, аяқ – көл бүлшық еттердін тонусының регуляциясын атқарады.

    Көгілдір дақ - жұлынңың мотонейрондарының механизмына модуляция жағдай жасайды. Стресс жағдайда – орталық нерв жүйесін артық қозудан сақтайды. Нейрондардын қозғыштығын бір қалыпта үстайды. Өзінен төмен жатқан сопақша мидын қызметін бақылап отырады – бүлшық ет тонусын атқаруын, дене тұрысын,қалпын,кейіпін (поза), тепе-тендігін (равновесие), жүруің (шагание), қозғалуың (локомация). Және күзетші рефлекске жауапты.

    Ретикулярлы формация. Ретикулярлы формация, ми сабауынын ретикулярлы формациясы. Торы. Ретикулярлы формафия – қозушы, құрысушы, төмендеуші және өрлеме өткізгіш жолдары арқылы жұлының және ми қыртысының қызметтеріне тікелей қатысады. Сондай- ақ химиялық тітіркенулерге де жауап береді. Ретикулярлы формация бүкіл сопақша мидан бастап, копір және орта мига дейін жамылады. Ретикулярлы формация қан айналу, тыныс алу, тамақтану қызметтерін, бүлшық еттер тонусын реттейді. Сондай- ақ үлкен жарты шар қыртысының активтігін бір қалыпта реттеп отырады – фильр сияқты, коп болғанда төмендетед не активті і, ал аз болганда жоғарлатады. Осы ретикулярлы формация арқылы томендетуші жолдармен байланысы бар, сондықтан ретикулярлы формация жұлының мотонейрондарға импульс беріп бүгілдіріш бүлшық еттерін қоздырады олар жиырлады , ал жазылдырғыш бүлшық еттерге тежелеу информация беріп – олар жазылады. Ал өрмелеуші жолдармен ретикулярлы формация үлкен жарты жар қыртысын активтті жағдайда үстайды, не болмаса тежелейді. Осы ретикулярлы формация арқылы ұйқы мен сергектік циклы және ой саны (сна – сезім) дәрежесі реттеледі.

    3.Аралық ми, таламу, бас миының ядролары .

    Аралық ми (промежуточный мозг, diencephalon) ми сабуына жатады. Ол көру төмпешігі (talami optici) және төбе асты бөлімдерінен (hypothalamus) турады, негізінде вегетативті нерв жүйесінің қызметін басқарады. Аралық мида III- ми қарыншасы, эпифиз, гипофиз, иіндер орналасқан. Аралық мида қозғалу, шартсыз рефлекс орталығы жатады. Аралық ми өзінен төменгі орталықтардың қызметін тежеп тұрады.



    Таламус – тактильды, проприоцептивті, дәм, висцеральды, жарым-жартылай температураға (қызба) және ауырсыну сезгіштікке жауапты. Келген көру импульстарды шүйде қыртысына аустырады (көру сезім түйсіктері қуралады). Көздін қозғалуын реттейді. Естіген импульстарды самайқыртысына аустырады. Таламусқа түскен сенсорлық емес импулстарды қыртыс қабатына жіберіледі. Таламустын алдынғы ядролары лимбиялық жүйесі деп саналады.

    Гипоталамус – көп қызметті жүйе. Гипоталамус реттейді және интеграциялық бақылау жасайды.... Манызды орталық, бүнда вегетативті қызметтің интеграциясы жасалады және эндокринды жүйесін, жылу баллансын, үйқы- сергектік циклың, биоритмды реттейді. Организмдегі тәртіптерді (тамақтану, жыныстық, агрессивті -қорғаныс) ұйымдастырады. Қүштарлығына (мотивация) және эмоциялар көріністеріне әсерін тигізіді.

    Базалды ганглиялар үлкен жарты шар астында орналасқан. Базалды ганглиялар үш қос бөліктен түрады:

    1). Боз шар (бледный, pallidum)

    2). Ала – жолақ дене (полосатое тело, corpus striatum)

    3). Ең жас бөлімі қоршау (ограда, claustrum)

    Боз шар үлкен жарты шардағы қыртыс қабатында орналасқан моторлық зонаға, мишыкқа, ретикуляциялық формаияға және қызыл ядроға модуляциялық әсерің тигізеді. Боз шардын бұзылысы болғанда паркинсонизм пайда болады. Ал ала – жолақ денені алсақ, ол боз шарды модуляция арқылы не қозу, не тежеу әсерің тигізеді. Стриарлық жүйесінің бұзылысы болғанда гипотоникалық- гиперкинетикалық синдром ( бұлшық еттеін гипотония және шамадан тыс ырықсыз қимыл – гиперкинез) пайда болады.



    Вегетативтік жүйке жүйесі қозғаушы және нейросекреторлық нерв талшықтарынан тұрады. Олар жүректің етін, ішкі мүшелерді және қан тамырларын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жүлынның көкірек, бел жөне сегізкөз бөлімдерінде орналасады. Олардың талшықтары ядролардан шыққаннан кейін, нерв импульстерін шеткі вегетативтік түйіндерде орналасқан шеткі жүйке жүйесінің нейрондарына өткізеді. Нерв импульстерін қабылдаған екінші нейронның талшықтары жүмысшы мүшелерге жетеді. Яғни вегетативтік жүйке жүйесінен өтетін нерв импульстері 2 бөлімнен түрады: біріншісі - орталық нерв жүйесінде орналасқан нейроннан шеткі нерв жүйесінің түйіндеріне дейінгі преганглионарлық бөлім; екіншісі - шеткі түйіннен жүмысшы мүшеге дейін 2-ші нейрон арқьшы нерв импульстерін өткізетін постганглионарлық бөлім.

    Вегетативтік жүйке жүйесі. Ол симпатикалық жөне парасимпатикалық жүйке жүйелерінен түрады.

    Симпатикалық жүйке жүйесі орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады. Оның нерв орталықтары жүлынның І-көкірек омыртқасымен Ш-бел омыртқасының арасында орналасқан. Жұлындағы нерв клеткаларының аксондары алдыңғы түйіндердің орталықтары арқылы өтіп, жұлын нервтерімен ұштасады. Олардың преганглиялық талшықтары симпатикалық шекара бағанасына ауысады. Симпатикалық жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, нервтер мен нерв өрімдерінен түрады.

    Симпатикалық шекара бағанасы жұбымен орналасқан түйіндер мен түйін аралық байланыстардан қүрьшады. Оның түйіндері симпатикалық жүйке жүйесінің екінші нейрондарының жиналған жері. Ол нейрондардың талшықтарын постганлиялық талшық деп атайды. Олар тегіс еттерді, бездерді нервтендіреді.

    Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел жөне сегізкөз бөліктеріне болінеді.

    Мойын бөлігі 3 түйіннен түрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Оның ең ірі жоғарғы түйінінен ми сауытының ішіне мидың қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді нервтендіретін күре тамыр нерві кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек нервтері тарайды (жоғарғы, төменгі, ортаңғы жүрек нервтері).

    Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен түрады. Бүл бөліктің нерв талшықтары көкірек, қуысындағы барлық мүшелерге тарайды, мүнда үлкен және кіші қүрсақ нервтері басталады. Олар диафрагмадан қүрсақ қуысына етеді.

    Бел белігі 3-5 түйіннен түрады. Олардың-нерв талшықтары қүрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларына тарайды.

    Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен түрады. Соңғы, сыңар түйінде оң және сол жақ симпатикалық шекара бағаналары қосылады. Бұл бөліктің талшықтары жамбас қуысының мүшелері мен қан тамырларына тарайды.

    Симпатикалық жүйке жүйесінің 2-ші нейрондары симпатикалық шекара бағанасынан басқа қүрсақ бағанасы мен шажырқай артериясының жоғарғы жағында орналасқан түйіндерде орналасқан.

    Лимбия жүйесі (лимбическая система) мидың орта бөліктерінде орналасқан нерв құрылысы. Миды қақ жарып қарағанда онда:белдік ирек, гиппокампов ирегі, тісті қабық, жоктау және өрік дәніне ұқсаған ядролар байқалады. Лимбия жүйесі ішкі ағзалар мен секреция бездерінің қызметін басқаруға қатысады. Сондай-ақ, вегетативті нерв жүйесін, гипофиз гормондарды реттеуге және адамның көніл-күйін, мінезін өзгертуге әсер етіп, қатысады.

    Парасимпатикалық бөлімнің де орталық және перифериялық (шеткі) боліктері бар. Орталық бөлігінің ядролары ми бағанасы мен жүлында орналасқан. Ми бағанасында 4 парасимпатикалық ядро бар: ортаңғы мидағы Якубович ядросы көздің қарашығын тарылтатын еттерді нервтендіреді; көпірде орналасқан жоғарғы сілекей шығару ядросы тіл асты жөне жақ асты сілекей бездері мен көз жасының безін нервтендіреді; сопақша мида орналасқан төменгі сілекей шығару ядросы шықшыт сілекей безін нервтендіреді, ал дорсальды ядро мойынды, көкірек пен қүрсақ қуыстарының мүшелерін нервтендіреді. Жұлынның сегізкөз бөлігінде орналасқан ядролар тоқ ішек пен жамбас қуысындағы мүшелерді қамтамасыз етеді.

    Вегетативтік жүйке жүйесінің барлық бөлімдері аралық мида орналасқан жоғары дәрежелі вегетативтік нерв орталығына бағынады. Мүнда торлы қүрылымнан, мишықтан, қыртыс асты қүрылымдар мен үлкен ми сыңарларынан нерв импульстері келеді.

    Вегетативтік жүйке жүйесі тірлікке маңызды жүйе болғандықтан ерте дамиды. Дегенмен бала туғанда симпатикалық жоне парасимпатикалық бөлімдерінің қызметтері әлі теңеспеген әрі симпатикалық жүйке жүйесі басымырақ болғандықтан баланың жүрегінің соғуы жиі болады. Даму барысында вегетативтік жүйке жүйесіне жоғары дөрежелі нерв орталықтарының өсері күшейіп, ішкі мүшелердің қызметі дүрыс реттеледі.

    Орталык тежелу, жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне нейрондағы қозу мен тежелуге - негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жүмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген. Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін, қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.

    1862 ж. И. М. Сеченов орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді зерттей келе, оның 2 түрлі болатынын тапқан: пресинапстық және постсинапстық тежелу.

    Пресинапстық тежелудің негізі XIX ғасырдың 70-80 жылдары ашылды. Сондықтан оның механизмі әлі де зерттелуде. Қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның аксонының арнайы тежегіш синапстық үшы келеді де, нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.

    Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесшде арнайы тежегіш нейрондардың болуына байланысты. Тежегіш нейрондардың синапстық үшындағы тежеуші медиатордың есеріне байланысты постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады. Әрбір нерв клеткаларында коптеген қоздырушы жөне тежеуші синапстар болады. Олардың бір-бірімен байланысынан нейронда не қозу, не тежелу байқалады.

    Бұларға қоса, тежелгіш қүрылымның болуын талап етпейтін нейрондардың ерекше тежелуі де болады. Ондай тежелу қоздырушы синапсқа оте көп нерв импульстары келгенде туады. Мұндай импульстар организмге шектен тыс тітіркендіргіштер өсер еткенде байқалады.

    Лимбия жүйесі мынандай ежелгі ми қыртысынан (иіс баданасы мен бұдыры; периамигдаларлы және периформды қыртыс), ескі ми қыртысынан (гипокамп, тісті және белдеу катпалар); подкоркалық (ми қыртыс асты) ядролар (бадамша, перде ядролары). Лимбиялық жүйесі гипоталамус, сабақтын ретикулярлы формациясына қарағанда вегетативті функциясынын интеграциясын жасауы жоғары. Лимбиялық жүйеге тағы гипоталамус, орталық мидын ретикулярлы формациясы кіреді. Лимбиялық жүйеге афферентік кірулер: мидын бірнеше аймағынан, гипоталамустан. Бұл негігі қоздыру қайнары деп саналады. Ал лимбиялық жүйесінен шығатын эффекторлы шығулар: гипоталамус астында жатқан ми сабақтарына және жұлының вегетативті мен соматикалық орталықтарына. Лимбиялық жүйе жоғарғы жағына ми қыртысына ассоциативті және қоздырушы әсер тигізеді. Нейронды сақина тізбегі. Ұзақ қоздыру осы нейронды сақина тізбегінде ақырында естін қалыптасуына әкеледі. Қызметі: лимбия жүйесі сыртқы және ішкі ортадан информация алғасын, оны бір-бірімен салыстырып, сұрыптау жасап, содан кейін эфферентік шығу жолдарымен вегетативті, соматикалық және күй реакцияларды өзгертіп отырады. Осы арқылы организм сыртқы ортаға беімделеді, ынғайланады және ішкі ортаны сақтайды (гомеостаз). Бұл лимбиялық жүйесінің жалпы қызметі. Ал жеке қызметтері бұл:

    1. Висцеральдық ( ішкі, вегетативті нерв жүйесінің) қызметтерің реттейді. Сондықтан висцералды ішкі ми деп аталады. Осы қызмет гипоталамус арқылы орындалады. Гипоталамус лимбиялық жүйесінде диэнцефалды үзбесі деп саналады.

    2. Эмоциялардын қалыптасуы. Эмоция–бұл дәлелдің субъективті компоненті. Эмоция, ашу, қозу, толқу; коніл-күйідін өзгеруі. Эмоция- ренжу, қуану, мақтану, қайғыру секілді адам көніл- күиі өзгеруінің жиынтығы. Гипоталамус арқылы осы эмоциялар пайда болады


    Әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер:

    1. Бадалян Л.О. Детская невропатология. М. Медицина, 1975, 1984

    2. Бадалян Л.О. Невропатология. М. Просвещение, 1982, 1987

    3. Ляпидевский С.С. Невропатология. М. Просвещение. 1985

    Қосымша әдебиеттер:

    1. Боголепов Н.К. Клинические лекции по невропатологии. М. Медицина, 1972

    2. Болезни нервной системы. Руководство для врачей /Под ред. Проф. Мельничука П.В. М.Медицина, 1982

    3. Кроль М.Б. Основные неврологические синдромы. М.Медицина, 1976.

    4. Коган А.В. Основы физиологии ВНД. М. Медицина, 1988.

    5. Анохина П.К. Биология и нейрофизиология условного рефлекса, М. Медицина, 1998.

    6. Кольцова М.М. Развитие сигнальных систем у ребенка. М. Педагогика. 1990.

    7. Брагина Н.Н. Функциональные ассиметрии человека. М. Медицина, 1998


    4 ДӘРІС
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта