имп. ИМП на 2022-2023 учебный год. Об особенностях учебновоспитательного процесса
Скачать 1.42 Mb.
|
«Абай мектептері» желісіне арналған «Абайтану» пәні«Абайтану» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – Абай шығармаларының тілдік ерекшелігі арқылы қазақ әдеби тілінің құнарын, көркем сөздің қуатын, эстетикалық күшін, идеялық мазмұнын меңгертіп, ұлттық мінез-құлық, сапалық ерекшеліктерді, ұлттық кодты таныту, гуманистік-көркемдік, мәдени-тарихи, ұлттық құндылықтарды бағалай алу құзыретін дамыту; әдеби-эстетикалық талғамдары мен ізгілік және іскерлік құндылықтарын, коммуникативті құзыреттерін жетілдіру; Абайдың «Толық адам», ар ілімі, адамгершілік мұрат-мақсаты, пәлсапалық көзқарастары арқылы тұлғалық қасиеттерді танытып, білімгерлердің өзіндік даму бағытын, сыни ой-пайымын қалыптастыру; әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ұстанымы бар, түрлі жағдайда оңтайлы шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру. Абай шығармалары бағдарламада 5-11-сыныптар аралығында концептілік жүйеге негізделіп жасалынды. Абайтану пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының міндеттері: Абай шығармашылығының идеялық, мазмұндық-құрылымдық сипатын, тілдік, стильдік, жанрлық ерекшеліктерінен жүйелі білім беру; Абай шығармаларындағы ізгілік, имандылық, мораль қағидаттарын таразылау арқылы Абай ілімдерінің негізін терең таныту; Абайдың қарасөздері мен өлеңдеріндегі ой-толғамдарды интерпретациялау; өзіндік ой-пікірлерін жазба тіл мен сөйлеу тілінде еркін жеткізе алу, оқу материалдарын салыстыру, саралау, талдай алу; Абай шығармаларындағы заман адамының тұлғалық ерекшеліктерін саралау арқылы пәлсапалық толғаныстарын пайымдау, қажетті тұлғалық қасиеттерді, өз заманына лайық тұлға болу қарекеттерін сыни пайымдау; «Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы» ретінде бағалау. «Абайтану» пәнінің 5-11-сыныптар аралығындағы бағдарламасына білім алушының жас ерекшелігі мен танымдық деңгейін ескере отырып, Абайдың өлеңдері мен қарасөздері шиыршық әдісімен іріктілініп алынды. Абайды зерттеуші М.Әуезовтің, А.Байтұрсынұлының, К.Ысқақұлының, А.Жұбановтың, К.Жанатайұлының, З.Ахметовтың, М.Мекемтасұлының еңбектері қосымша мәлімет ретінде ұсынылды. 10-11-сыныптарға арналған «Абайтану» пәнінің базалық білім мазмұнында: Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері мен қарасөздері, ұлы ақын туралы зерттеу еңбектерімен қатар Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамедханов, Р.Сыздықова және т.б. ғалымдардың еңбектері қосымша оқуға ұсынылған. Білімалушылардыңоқужетістіктерінбағалаудыңнормативтікталаптарына сәйкесбөлімбойыншажиынтықбағалаудыңсаны ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген ) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады. Төменде «Қазақ тілі» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны көрсетілген (2.4-кесте). 26.4-кесте. 5-11-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Төменде «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны көрсетілген (2.5-кесте). 26.5-кесте. 5-11-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Төменде «Абайтану» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны көрсетілген (2.6-кесте). 26.6-кесте. 5-11-сыныптарда «Абайтану» пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәндерібойыншажүргізілетінэлективтік курстардыңтақырыптары Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен төмендегі курстарды жүргізу ұсынылады (27.7-кесте). 26.7-кесте. Элективтік курстардың тақырыптары
«Журналистика негіздері» пәні бағдарламасы оқушыларға филологияға жақын журналистиканың қыр-сырын танытуға, жалпы сауаттарының, шығармашылық қабілеттерінің артуына, тілдерінің дамуына және ақпараттық анализ жасауға септігін тигізуге бағытталады. Мақсаты: сөзді қоғамдық пікір қалыптастырудың құралы ретінде жұмсап, көпшілікке арналған мерзімді басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, теледидар) қандай тілдік қолданыстарды алуға болатыны туралы мағлұмат беру. Пәндіоқытуміндеттері: журналистиканы теориялық негізде таныстырып, бұқаралық ақпарат құралдары жайында базалық білім қалыптастыру; журналистиканың тарихы және бүгінімен таныстыру арқылы, оқушылардың масс-медиаға деген қызығушылығын ояту; жаңа ақпараттық технологияларды игеруге септігін тигізу; журналист этикасы мен имиджін игеру арқылы, кез-келген салада медиа адамы ретінде өзін-өзі ұстаудың негіздерін үйрену. Алған білімдерінің нәтижесі ретінде оқушылар жоғары оқу орындарында өтетін жарыстарға белсенді қатысып отыратын болады. Академиялықжазылымқұзыреттілігінқалыптастыруоқылыммен байланысты. Мәтін деңгейінде коммуникативті, дискурстық құзыреттілік қалыптасады. Мәтінмен жұмыс істеу қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, тілдік материалды зерттеуге, тілдік дағды мен білікті жетілдіруге кең мүмкіндіктер ашады. Пәннің мақсаты: академиялық мәтін түрлерін, жүйелі, нақты, мазмұнды, сауатты құруға үйрету. Пәнніңміндеттері: академиялық дискурстың ерекшеліктері мен теориялық моделін зерделеу; академиялық стильдің түрлері мен жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, лингвистикалық шаблондар жасау; академиялық жазылымды игеруді деңгейлеп оқыту; арнайы мәтіндерді құрастыру, редакциялау және рәсімдеуге үйрететін оңтайлы технологиялар мен басылым таңдау, хат жазысу және жариялауға дейінгі үздіксіз процесті меңгерту. Когнитивтілингвистикапәні. Когнитивтік ғылымның негізгі пәні – «адам санасы мен оның технологиялық ойлауы». Бұл пәнаралық ғылым адам санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның жүйелі түрде ойлауымен және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған. Пәндіоқытумақсаттары: көркем ойға құрылатын, бейнелі, астарлы мағыналары басым, метафоралық, коннотанттық мәні жоғары қазақ тіл – қазақ халқының ойлау дәрежесімен, өмір сүру салтымен, ұлттық білімімен, ғұрыптық тұрмыс тіршілігімен тікелей қатысты зерттеліп, түпкі мәні, маңызы ашылмай жүрген тіл бірліктерінің уәжі анықталады. Пәндіоқытудыңміндеттері: өз мамандығы саласындағы белсенді қолданылатын терминологияны білу және оны кәсіби ортада тиімді қатынас жасау үшін ұтымды қолдана алу; кәсіби-іскери қарым-қатынас кезіндегі «маманданған» сөздерді (ұйғару, мақұлдау, сенім білдіру, келіспеу, негіздеу, дерек келтіру, бағалау, қорытынды) логикалық жүйемен құра білу; мәтіннен қажетті ақпаратты сұрыптап, оны кәсіби мақсатта сипаттап, қорыта білу; мәтіннің түзілу тәртібіне көңіл аудару, оның логикалық құрылымдық негізін құра білу; маманданған тақырыпқа сай өзіндік ой-пікір білдіре білу құзіретін қалыптастыра білу; болашақ маманның тілдік біліктілігін жетілдіріп, мемлекеттік тілді мамандық деңгейінде коммуникация құралы ретінде қолдану. «Мәтінталдау»бейіндікпәніоқу курсы мәтінді оқып-талдаудан басталып, сөздерді мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Пәндіоқытумақсаттары: алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен кез келген тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру. Пәнді оқыту міндеттері: оқылым стратегияларының ішкі дағдыларын; оқушылардың ақпарат пен идеяны синтездеу қабілетін; ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілетін; өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілетін қалыптастыру; адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ету. «Шешендікөнер»пәніноқу арқылы оқушы бойында тілдік құзыреттілік арқылы оқушы тілдік қарым-қатынастағы шешендік өнердің рөлін түсінеді; сөйлеу мен ойлаудың арақатынасын таниды; сөз мағыналарының, грамматикалық заңдылықтардың шешендік өнермен сабақтастығын біледі; шешендік өнердің тарихындағы ғылыми ұстанымдар мен басты қағидаларды игереді; шешен сөзінің құрылымдық бөліктеріндегі тәсілдерді меңгереді; шешендік сөздің сапалық белгілерін сипаттайды. Пәнді оқытудың басты мақсаты – адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалана алатын, ғылым негіздерін жүйелі меңгерген, ғылыми ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білетін, зерттеу және шығармашылық әдістерді игерген, жоғары деңгейдегі қарым-қатынастық қабілеттілігі дамыған тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін тілдің ақпараттық-танымдық, қатысымдық, кумилятивтік қызметтерін мәтін арқылы меңгерту, ғылым негіздері мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру. Пәндіоқытудыңміндеттері: тілдің функционалдық қасиеттерін меңгерту; тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде таныту; тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануға баулу; тілдің кумилятивтік қызметін мәтін арқылы негіздеу; танымдық мәтіндер арқылы ғылым негіздерін меңгерту; ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру; зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдана алу біліктілігін қалыптастыру; сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге жеткізу. Оқупәнімұғалімдерініңәдістемелікбірлестігіндеқарастырылатынәдістемеліктақырыптар Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жасмамандармектебі,педагогикалықшеберлігінжетілдірумектебі,шығармашылықтопжәнет.б.)пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады: Қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері; Онлайн сабақтарды жоспарлау және бақылау. Оқушылардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары; Оқу мақсаттарымен жұмыс жасау тәсілдері; Формативті бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары; Білім беру мен білім алуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі; Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері; Қазақ әдебиеті сабағы арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау; Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары; Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік; Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; Эссе жазу дағдысын жетілдіру; Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс - тәсілдері; Әр сыныпта қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері арасындағы тақырыптық сабақтастықтың жүйеленуі; Абайтану пәні бойынша Абай шығармаларының тілдік қабатын (лексикалық, образдық, танымдық мәнін) игерту. 27.7Пәндіоқытупроцесініңтәрбиелікәлеуетінарттыру Қазақ әдебиетін оқытуда ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени- тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелігі мен үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты және пәнаралық, пәнішілік байланыс ұстанымдарды негізге алынады. Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша «Рухани жаңғыру» идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады. «Елдіктіңжетітұғыры»қағидаттарын: «Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы арқылы тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғауға; «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан халқы Ассамблеясы тақырыбы аясында) бойынша халқымыздың бірлігі пен этносаралық татулығын сақтауға; Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге; «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға; «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға; «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білуге; «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге; «Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға тәрбиелеуді пән мазмұнында қамтылған тақырыптарды меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады. Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. Оқыту процесіндегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру үшін «Оқуғақұштармектеп»,«Тарихтағылымы»,«Қазақмәдениетініңантологиясы»әлеуметтік жобалары, «Қазақстанныңқасиеттіруханиқұндылықтары»,«Ұлыдаламұрагерлері»жобасын, «Тәуелсіздікбәріненқымбат»атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын іске асыруды жалғастыру ұсынылады. Білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында «Кітапәуесқойы», «Өзіңоқып,өзгегеұсын»,«Оқыжәнеөзгегесыйла»және т.б. акциялар өткізу ұсынылады. Шараны ұйымдастыру жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, өзі оқыған көркем шығармаларымен бөлісіп, оны насихаттауға, оқырмандарды кітап оқу өнеріне баулуға, дүниетанымын кеңейтуге, оқыған кітаптарының, көркем шығармалардың құдіретін сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты дұрыс пайдалануға баулуды үйретеді. Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау және танымал ету келесі материалдарда: ҚазақстанРеспубликасындаөлкетанудыдамытудыңТұжырымдамалықнегіздерінде; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білімберетін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелікұсынымдарда; «Өлкетану»:мәдени-генетикалықкодтыңнегізі»(мәденимекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7-сыныптар) пәнін жүргізу бойыншаәдістемелікұсынымдарда; «Туғанжер»бағдарламасыарқылыбілімберуұйымдарындабілімалушылардыңқазақстандықпатриотизмінқалыптастырубойыншаәдістемелікұсынымдардакөрсетілген (https://www.nao.kz).«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек. Мұғалім оқушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Жүйелі жүргізілген сапалы оқыту барысында оқушылар шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, берілген тақырыптарға ойтолғау, эссе, сыни мақала, т.б. жаза білуге үйренеді. Мектептесыныптантысжұмыстартөмендегішараларарқылыжүзегеасады: мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда; таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу; оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу; мерейтой иелеріне арналған тәрбие сағаттарын, әдеби кештер, мәнерлеп оқу сайыстарын, эссе, мазмұндама, шығарма жазу сайыстарын және т.б. ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. Выявление одаренных детей, становление и образование талантов для развития науки, культуры, производства всегда было в центре внимания государства, общества и рассматривалось как вклад в важный кадровый ресурс Казахстана. Одним из ключевых факторов решения задачи сохранения и приумножения интеллектуального потенциала является формирование эффективной системы работы с одаренными детьми: создание условий для выявления, развития, социальной поддержки талантливых детей, реализации их способностей, обеспечения их всестороннего развития и образования, адекватных современным требованиям. Создание системы поддержки талантливых детей – одно из главных направлений национальной образовательной инициативы, которая легла в основу «Концептуальных основ казахстанской национальной системы выявления и поддержки одаренных детей и талантливой молодежи» (Приказ МОН РК № 574 от 16 октября 2018 года). Конкурсный отбор в специализированные организации образования регламентирован Приказом Министра образования и науки РК от 12 октября 2018 года №564 «Об утверждении Типовых правил приема в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования» - (Типовые правила) (внесенные изменения от 24 июня 2020 года №264). Типовые правила определяют процедуру регистрации и приема документов, предметы и количество вопросов по каждому предмету, отводимое время для проведения конкурсного отбора в специализированные школы. Конкурс проводится с целью отбора учащихся, проявляющих выдающиеся способности к изучению отдельных предметов, склонность к исследовательской деятельности, для дальнейшего развития их креативности и достижения социальной успешности в обществе. Отбор позволяет создать конкурентную среду на рынке образовательных услуг, персонифицирует систему образования, создаёт потенциальный кадровый состав с высоким уровнем для подготовки на рынке труда, реализует принцип равных возможностей в образовании, позволяя детям из сельской местности получать образование в областных специализированных интернатах. Тестирование для поступающих в 7 класс включает 75 вопросов по следующим предметам: математика и логика – 55 вопросов; грамотность чтения – 10 вопросов; история Казахстана – 10 вопросов. Тестирование для поступающих в 6 класс включает 60 вопросов по следующим предметам: математика и логика – 35 вопросов; грамотность чтения – 15 вопросов; история Казахстана – 10 вопросов. Тестирование для поступающих в 5 класс включает 40 вопросов по следующим предметам: математика и логика – 30 вопросов; грамотность чтения – 10 вопросов. Время, отведенное на тестирование в 7 классе составляло 120, в 6 классе – 90 минут, в 5 классе - 60 минут. При вычислении итоговых результатов теста количество правильных ответов умножается на коэффициент "4" (четыре), тогда как один неправильный ответ умножается на коэффициент "-1". Таким образом, высчитывается общий итог (4* правильных ответа +(-)* неправильный ответ= общему итоговому баллу). Согласно пункту 40 Типовых правил зачисление претендентов на обучение в специализированную организацию образования происходит от максимального количества баллов в соответствии с вакантными местами в разрезе каждой специализированной организации образования. Количество квот и класс-комплектов были установлены специализированной организацией образования самостоятельно в зависимости от проектной мощности школы, эффективной организации учебно- воспитательного процесса, не противоречащей нормативно-правовым актам. Итоги конкурсного отбора были оформлены протоколом конкурсной комиссии и размещены на интернет-ресурсах центра (на сайте www.qabyldau.daryn.kz) и специализированной школы. Процесс зачисления проходит в несколько этапов: 1 марта – 10 апреля прием заявлений претендентов; 11 – 15 апреля размещение графика проведения конкурсного отбора; 30 апреля – 7 июня проведение конкурсного отбора Одаренные дети – это особые дети, и задача педагогов - понять их, направить все усилия на то, чтобы передать им свой опыт и знания. Педагог должен понимать, что эти дети нуждаются в поддержке со стороны взрослых, которые призваны научить их справляться с непомерно завышенными ожиданиями в отношении своих способностей. Развитие интеллектуального потенциала ребёнка во многом зависит от школы, которые он посещает. Определяя работу с одаренными детьми, необходимо развести главные характерные различия между такими понятиями как «задатки способностей», «способности», «склонность», «одаренность», «талант», «одаренный ребенок». Задатки способностей - анатомо-физиологические особенности организма (особенности строения головного мозга, органов чувств и движения, свойства нервной системы и т.д.), являющиеся условием более легкого овладения эффективными способами деятельности. Задатки носят общий характер, то есть на их основе нельзя предсказать, какие именно способности могут сформироваться. Уровень, качественное своеобразие и характер развития одаренности - это всегда результат сложного взаимодействия наследственности (природных задатков) и социокультурной среды, опосредованного деятельностью ребенка (игровой, учебной, трудовой). При этом особое значение имеют собственная активность ребенка, а также психологические механизмы саморазвития личности, лежащие в основе формирования и реализации индивидуального дарования. Организовывая образовательный процесс в специализированных школах, коллективу необходимо учитывать основные общие принципы обучения одаренных детей: |