Главная страница
Навигация по странице:

  • Пікір Болмыс.Онтология және метафизика

  • Абайдың

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • Субстанция

  • 5.дәрісТаным және шығармашылық

  • Эпистемология

  • Таным

  • 2.Таным мүмкіндіктері мен шекаралары

  • Философия лекция. Ойлау мдениеті Ойлау


    Скачать 247.92 Kb.
    НазваниеОйлау мдениеті Ойлау
    Дата19.05.2022
    Размер247.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия лекция .docx
    ТипДокументы
    #538343
    страница4 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    3.Виртуалды шындықтыфилософиялықзерделеупәніретіндеталдау

    Жаңазаманфилософиясындаболмысөзінен-өзітуындайтын субстанция кейпінеауысты. Бұл онтология депаталады. Болмысмәселесін жан-жақтынемісклассикалықфилософиясыныңұлыөкіліГ.Гегельқарастырды.

    Маркстікфилософиядаболмысұғымын материя категориясыығыстырдыжәнеоныңбастыбелгісіретіндесанадан, адамнантәуелсізөмірсүруұсынылады. Бұладамсыздандырылғанболмысқаәкелді. Қазіргі философия ғылымында (экзистенциализм, философиялық антропология жәнет.б.) болмысмәселесініңәртүрліқырлары жан-жақтыталқыланыпкеледі. ХХ ғ. Соңындафилософтарболмыстыкөпжүйелі процесс ретіндеқарастырады.

    Философиялықәдебиеттердеболмыстыңмынадайнегізгітүрлеріаталады: 1) материалдықболмыс (табиғижәне адам жасағанзаттар мен процестерболмысы); 2) идеалдық (рухани) болмыс; 3) адами, адам болмысы; 4) әлеуметтік (қоғам, социум) болмысы.

    Соңғыжылдары адам қызметініңәртүрлісалаларында “виртуалдыреалдылық" (шындық) немесе “виртуалдыболмыс" деген термин кеңтаралуда: адам мен компьютердіңөзараіс-әрекетіменжасалғанреалдылықтыңмоделі, яғнибұлерекшежағдай, иллюзорлық, жорамалдылықреалдылық (болмыс).

    Пікір

    Болмыс.Онтология және метафизика

    Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл ‑ әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс ‑ бұл ақыл ‑ оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе ‑ тең. Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне жеткізе алатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой адамға сенімділік береді.

    Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс ‑ әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.

    Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты.

    Болмыстың шын негізін ол, уақыт бірлігінде шексіз деп атады. Парменидтің болмыс проблемасын жалғастыру мен жетілуін қалыптастыруда философтар үшін шынайы «өмірде» болмыстың барын сезінуіне байналысты болды. Мысалы, жасанды болмысты философтар орта ғасырда құдайдан, —  деп білді, ал басқалары шынайы материалды және материалды емес, — деп ойлады, бірақ әртүрлі дәрежеде болмыстың жасанды қатысы бар. Жасанды болмыс сөзсіз мойындаса адам болды, оның ойы, оның қажеттілігі оның өмірі. Болмыс қатынасының келесі формалары бар: табиғатына бөлінетін заттар, денелер процестер болмысы, әлемдегі адамдар болмысына бөлінетін адам болмысы, адамның индивид ретінде тіршілік етуі. Рухани (идеалдық) болмыс, ол индивидуалды рухани және объективті руханиға бөлінеді. Әлеумет болмысы индивидуалды болмыс пен тарихи болмысқа бөлінеді.

    Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз Идеялар әлемі. Оның болмысы Прменидтікі секілді біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

     Абайдың“Отыз сегізінші қара сөзінде” Жаратушы мен ол жаратқан дүниенің тұтастығы принципін сатылап көрсететін

    оның діни-филос. тұжырымдамасының түйіні тарқатылады. Абайтұжырымдамасындағы Жаратушыға көзқарас пен оған қызмет етудің екі қырын, бағытын нақты және анық бөліп қарау қажет: біріншісі – сана күшіне сүйене отырып, сенімнің не үшін қажеттігін анық түсініп, оның принциптерін ұстанып, исламды қабылдау, екіншісі – исламды соқыр сенімге сүйеніп қабылдау. Абайәрбір адам үшін ең бастысы сенімнің күштілігіне сену және сенімді ұғынуға ұмтылу деп біледі. Қазақ ойшылының айтуынша, адамға Алла берген сана оны Құдаймен жақындатады. Ислам философиясы. идеяларын Шәкәрім Құдайбердіұлы өз шығармаларында жалғастырып, одан әрі дамытты. Шәкерім үшін ақиқатты іздеу – дүниетанымдық позиция үлгісін таңдап алумен тең. Шәкәрім жақсы меңгерген және өзінің “Үш анығында” көрсетіп берген филос. зерттеу методологиясы Ислам философиясын зерттеушілердің назарын . 

    Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

    1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);

    2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);

    3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;

    4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;

    5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;

    6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

    Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

    Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.

    Субстанция- өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:

    1.материалды (заттар),

    2. рухани (идеялар).

    Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.

    Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.

    Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.

    Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.

    Пайдаланылғанәдебиеттер

     Словарь Дворецкого

     Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Философия/жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1

     Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Философия/жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006 жыл. ISBN 9965-808-82-1

    ↑ a b Қоғамдықбілімнегіздері: Жалпыбілімберетінмектептіңқоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналғанокулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2

     “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.


    5.дәрісТаным және шығармашылық

    1.Таным – философиялық мәселе ретінде

    2.Таным мүмкіндіктері мен шекаралары

    3.Таным және шығармашылық

    Пайдаланылған әдебиет

    Эпистемология (көне грекшеἐπιστήμη — «ғылым»[1] және көне грекшеλόγος — «сөз»[1]) немесе гносеология (көне грекшеγνῶσις — «білім»[1] және λόγος — «слово», «речь») немесе таным теориясы— философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.[2]. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.

    Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды.[3][4]

    Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

    "Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білімтаным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісідеп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекулаатом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

    2.Таным мүмкіндіктері мен шекаралары

    Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: — бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; — кез келген танымдық мән бар ақпарат; — практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән — таным теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады.[4]

    Қазіргі уақытта танымдық іс-әрекет психологияда, жоғары нерв қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формалді логикада, тіл туралы ілімде, семиотикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым тарихында зерттеледі. Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе танымдық психология деген бағыт пайда болды. Ол үшін ең бастысы компьютермен аналогия болып табылады. Негізгі мақсаты-белгілі бір жүйедегі информация ағының қозғалысын бақылау.

    Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Философия да осы аталған мәселелерді қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз-қоғам‚ табиғат құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.

    Таным процесінде объект затсызданады (распредмечивается) және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды-идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, адамдар қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін, соның ішінде келесі практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа істе адамдардың белгілі бір құралы, адамдық күш, мән, адамдық қабілет ретінде қатысады.

    Философияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе оның жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Біріншіден, практика танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы болып табылады. Практиканың нақты сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-әрекеттің түрі ретінде тудырды. Мысалы, Ежелгі Мысырда жер өңдеу геометрия мен математиканыңқалыптасуын жеделдетті, ол кеме жөндеу мен сауда ісі астрономия мен басқа ғылымдардың дамуын ілгерілетті.

    Екіншіден, практика өзінің сұраныстарымен танымның мақсаты болып табылады. Адамдар алатын білім оларға өмірде пайдалану үшін қажет. Олар заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын өндіретін өндіріс үшін бірден-бір қажеттілік. Біздің өмірімізде аса маңызды қажеттілікке айналып отырған радио, теледидар, физика және басқа да ғылымдардың жетістіктері нәтижесінде пайда болған. Егер де білім практикада қажет болмаса, оның әлеуметтік құндылығы төмендей береді.

    Үшіншіден, практика адам білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының өлшемі. Ғылыми болжамдар мен теориялардың нақтылығын практика дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. Бірақ, бұл өлшем өзінің жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы көптеген болжамдар мен идеаларды практика жүзінде тексеруге немесе бағалауға болмайды. Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу үшін басқа да тәсілді қолданады, мысалы, логикалық дәлелдеу.

    Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады:

    Сезімдік таным:

    Тікелей бейнелеу;

    Сыртқыны бейнелеу;

    Жекеніі бейнелеу.

    Рационалдық таным:

    Жанама бейнелеу;

    Ішкіні бейнелеу;

    Жалпыны бейнелеу.

    Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта