Главная страница
Навигация по странице:

  • Герменевтика

  • 15.дәріс «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру » Жаңа Қазақстан Философиясы

  • 1.XXI ғасырдағы ұлттық сана

  • 2.Н.Назарбаевтың «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және рухани жаңғыру жобасы

  • 3.Қазақстанның қоғамдық санасының жаңғыртудың негізгі бағыттары

  • Рухани жаңғыру

  • Философия лекция. Ойлау мдениеті Ойлау


    Скачать 247.92 Kb.
    НазваниеОйлау мдениеті Ойлау
    Дата19.05.2022
    Размер247.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия лекция .docx
    ТипДокументы
    #538343
    страница13 из 13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

    3.Исламның қалыптасуы және тарихи формалары
    Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» (араб.: خلفاء الراشدون‎) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» (араб.: العهد الأموي‎) аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі (араб.: العهد العبّاسي‎) сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылымдар мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы басталып, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды.

    Кейбір мұсылман мемлекеттері кресшілерге қарсы соғысқа шығып, олардан басып алынған қалаларды қайтарды. Бұл жағдай Мысырда мәмлүктердің билігі келіп, кресшілерді Шам қалаларынан қуып шыққанға шейін жалғасты. Осы кезде шығыста Шыңғыс ханның немересі Хұлағу халифаттың астанасы болған Бағдадты басып алды. Аббасилер халифат атанасын Әл-Қаһираға (Каир) көшірді, бірақ осы уақыттан бастап аббасилердің билігі тек формальды түрде сақталып, нағыз билік мәмлүк сұлтандарының қолында шоғырланды. Осыдан кейін Аббасилер заманындағыдай мұсылмандарды біріктіретін мемлекет Осман империясы құрылғанға шейін болған жоқ. Осман сұлтандары мұсылмандардың қол астына бұған дейін жауланбаған көптеген жерлерді қосты. Оның ішінде Европадағы Балқан түбегін жаулау мен сол жақта Ислам дінін тарату болды. Жетінші Осман сұлтаны Мұхаммед I кезінде Константинополь қаласы мұсылмандардың қол астына өтті. 1516-шы жылы сұлтан Селим І Шам мен Мысыр жерлерін басып алып, ақырғы аббаси халифінен халиф атағын алды. Осыдан кейін 408 жыл бойы Осман әулеті халифтер ретінде билік құрды. Және бұл кезең «Османилер заманы» (араб.: العهد العثماني‎) аталып кетті. Бұл кезде Осман империясынан бөлек Ирандағы Сефевилер мемлекеті, әмір Темір мемлекеті сияқты бірнеше мемлекеттер құрылды. Осман империясы құлағаннан кейін мұсылмандар бір-бірін ортақ дін, тіл мен мәдениет біріктіретін дербес мемлекеттерге бөлініп кетті.

    Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
    Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.
    Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды.

    пікір

    Дін философиясы
    Нәпсінеергенадамадасады. Ендіжатса да, тұрса да оныңжолдасы шайтан болады. . (А.Яссауи)

    Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
    Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
    Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
    Бұл не деген заман болды, достар?!(А.Яссауи)

    Заман азар уағында - патша айналар залымға.(А.Яссауи)
    Әділ сөйлеп, адал жүр.(А.Яссауи)
    Құштарлықсызжаратқанды да таниалмайсың.(А.Яссауи)

    Арыңдысақта, болсаң да малғакедей..(А.Яссауи)
    Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
    Жолда шаршап шалдыққанға сая бол. (А.Яссауи)

     “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” (А.Яссауи)
    Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. (А.Яссауи)

    «Дін туралы білім өте керек, оны нағыз білушілер оны білгендер. Бала үлкендер әрекеті туралы біле бермейді. Ересек адам болғанымен, ол ғалымның білгенін білмейді. Сол сияқты ғалым да суфийлерге аян арқылы берілетін білімнен бейхабар». (Ә.Ғазали)

    «Өсекшілер –жетімнен де қор» (Ә.Ғазали)

    «Білмеймін» деген сөзді айтудан тартынбау, яғни білмейтін нәрсеңді «білмеймін» деп айтудан ұялмау(Ә.Ғазали)

    Ғылым мен пән объектке айналдыру жолын үйретуге тырысады. Ал, дін (христиандық) болса бізді субъективизмге және субъектке өзгеру жолын үйретеді(Серен Кьеркегор)

    Герменевтика – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім.(Ф.Шлейермахер)

    Халқыңа қызмет ет,    

    Ізгілерге ізет ет,   

    Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет. (А.Яссауи)
     Ғалымдарға кітап керек,  

     Софыларға михраб керек,  

    Мәжнүндерге Ләйлі керек. (А.Яссауи)
    Арамзамен сырлас болма,  

    Олай етсең баспайды ісің оңға,

     Бастан-аяқ батумен пәле-сорға.(А.Яссауи)

    Шын сүіспеншіліктің не екенін білмеген жан жолда қалады. (А.Яссауи)

     “Әлемдік өркениет дегеніміз әлемдік ауқымда алынған мәдениеттер бірлестігі, басқа ештеңе де емес және олардың қай-қайсысы да тек солардың өздеріне ғана тән өзіндік ерекшеліктерін сақтауға тырысады”(Леви Строс)

    Кез-келген бір миф жер жүзінің бір аймағында  ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады(Леви Строс)
    Ақыл-ой дамуының сатысымен емес, адамның мәдениеті-мен анықталады

    (Леви Брюль)

    Анимистік теория бойынша алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар жаман рухтардың жаманшылығынан сақтану үшін жақсы рухтардан жәрдем тілеу арқылы рухтарға табынған. (Э.Тайлор)
    Пайдаланылған әдебиеттер
    1. Қазақ энциклопедиясы

    2.“Философия”-Н.Р.Мусаева, Шымкент 2006ж.

    3.Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.
    15.дәріс«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру » Жаңа Қазақстан Философиясы

    Жоспар:

    1.XXI ғасырдағы ұлттық сана

    2.Н.Назарбаевтың «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және рухани жаңғыру жобасы

    3.Қазақстанның қоғамдық санасының жаңғыртудың негізгі бағыттары

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1.XXI ғасырдағы ұлттық сана

    Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы,  ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.

    Тарих өрісінен ұлттық болмысымыздың рухани негізіне айналған ұлттық сана құбылыстарын зерделеу қиын емес. Қазақ ұлтының ұлттық санасының тарих өрісіндегі құбылысы елдік, бірлік, ар-намыс, батырлық, ержүректілік, тектілік, кісілік, имандылық, адалдық, тазалық, намысшылдық, қамқорлық және ұлттық қасиетке терең болу. Қазақ қоғамының тарихи кеңістігінде ел болмысының рухани негіздеріне айналған ұлттық сана құбылыстары ең алдымен жеке адамның ерік жігерін қалыптастырып отырған. Табиғатпен етене араласқан қазақ халқы рухани өмірде елдікті, ұрпақтың ауызбіршілігін сақтайтын сапа-қасиеттерді қалыптастырып, кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен. Сезімталдықтың, дарындылықтың, даналықты қадірлеудің, зиялылардың жауапкершілігінің арқасында қазақ ұлты тарихи өмірдің күрделі оқиғаларына парасаттылық танытып, ерік жігерімен төтеп бере білетін ұрпақты қоғам алдына шығарған. Соның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымы табиғи заңдылықпен дамып, елдің әлеуметтік жағдайын өзгертетін (күрделендіретін) құбылыстар қазақ қоғамының ішіне тұтастай ене алған жоқ.  

    Ұлттың тарихы ұлт пен оның тәрбиелеп шығарған тұлғаларының интеллектуалдық болмысының өрісінен шығады. Рухани болмыстың негізі ұлттық сана. Тарихты сақтау ұлттық сананы құрметтеу, тарихты білу ұлттық сананы иеленіп отырумен тең. Әрбір тарихи уақыт өрісіндегі жекелеген адамдардың интеллектуалдық қызметі оның бойындағы ұлттық санасымен көрініп отырады. Халыққа ортақ қасиеттер мен тәжірибелерге тұнып тұрған ұлттық сана тарих даналығымен ортақ құндылыққа айналады.

    Ұлттық сана қоғам кеңістігінде ұлт болмысының және ел мүддесінің қажеттіктеріне сай шындық пен жалғанды ажыратып, халық ішінен нағыз талант иелері мен білімділерді шығарып, оларға бағыт көрсететін құбылыс. Ұлттық санаға қатысты Міржақып Дулатов былай деп жазып кеткен, «Бір кісі бір іске жарайтын болса да аз болмас. Халыққа қызмет етемін деген кісіге бәрі бір. Депутат бол, газет шығар, бала оқыт...өзгеміздің бәрі сай болып жалғыз депутатқа қарап тұрған іс жоқ. Халқың надан болса, мың депутатың болсын онан пайда тағы жоқ. Депутаттықты таңсық көріп, атағына қызығып яки бәсеке үшін баратын кісі болмасқа тиіс. Екі қазақ таласып, бір орысқа олжа болса, онан тапқан абыройға түбінде ие табылмай жүрмесін. Осыны әркім ескерсе екен» . Халықтың жағдайын, елдің қажеттігін биіктен қарағаннан, халықтың ішінде жүріп көрген ұтымды. Әлеуметтің, әлеумет мүшесі әрбір адамның көңіл күйі халықтың ішінде ғана жүргенде білінеді. Биікте тұрып қоғамда болып жатқан нәрсені адам көрсе де, оның ішкі жағдайына үңіле алмауы мүмкін. Осы себептен, тарихта қазақ зиялылары халықтың ішінде жүріп, тікелей елдің мәселесін көтеріп, оны шешудің оңтайлы жолын халықпен бірлесіп іздеген.

     Қазақтың ұлттық деңгейінен қарасақ, ұлттық сана дегеніміз елдің өткен тәжірибесімен өзінің бойындағы бар мүмкіндігін (адамгершілік, қабілет, білім) қатар иеленіп, қоғамында орын алып, өзекті болып отырған әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарайтын, жеке басына ие және қоғамын игілікке жетелей білетін, өз болашағына жауапты, ел болашағына ізгілік әкелетін нәрселерді танып, иелене алған адамның түсінігін, ұғымын, ой өрісін, іс-әрекетін айтамыз

    2.Н.Назарбаевтың «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және рухани жаңғыру жобасы

    2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді.Мемлекет Басшысының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл – шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитындығымен бірегей. Бұл ретте, Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен тығыз байланысып, мәдениет, мінез-құлық тәжірибесі, салт-дәстүр, ғылым, адамгершілік императивін қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді.  
    Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудағы басты бағыттар екендігі белгілі. – Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдымен экономикалық реформаларды жүргізіп барып, содан кейін ғана саяси реформаларды жүргізу керектігін атап өткен еді. Сондықтан да, күллі жер жүзі көз алдымызда өзгеріп жатқандықтан, қоғамдық сананы жаңғыртудың ерекше маңызға және өзектілікке дәл қазір ие болуы заңдылық. Бұл орайда мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын қалыптастыру Қазақстан табысының маңызды шарты. Олай болса, сананы жаңғырту әр қазақстандыққа әсер етуі керек, өйткені заманауи сын-қатерлер жағдайында еліміздің әр тұрғыны елдің және тұтас қоғамның прогресі үшін өзінің өмірлік стратегиясын бейімдеуге дайын болуы керек. Ұлттық комиссиямен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Соларға нақтырақ тоқталсақ. Бірінші бағыт – қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі. Президент атап өткендей, бір жағынан – латыншаға көшудің терең тарихи логикасы бар, екінші жағынан – әлемде технология мен коммуникация дамуының заманауи ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан да қазіргі латын графикасы жаңа технологиялармен, компьютермен, цифрландырумен байланыстырылады Бұдан әрі оқу-әдістемелік, көркем әдебиетті әзірлеу мен басып шығару бойынша жұмыс басталады. Екінші бағыт – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Қазақ тіліне аударылатын кітаптарды іріктеп алумен айналысатын Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары және танымал саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері бар. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқулықтарды іріктеу бойынша Іс-қимыл жоспары жасалды. ЖОО-дың ұсыныстары негізінде 800 атаудан тұратын оқулықтардың бастапқы тізімі жасалды. Алғашқы 18 оқулық мемлекеттік тілге аударылып, басылып шықты. 12 сәуірде Елбасының қатысуымен осы оқулықтардың тұсаукесері болып өтті.  Жобаның 100kitap.kz. ресми сайты іске қосылды. Жалпы, жоба, үйретудің тәсілдері мен әдістемелері спектрін кеңейтуге арналған, олар қазақстандықтарға, әсіресе, студенттер мен оқытушыларға қолжетімді болады.   Үшінші бағыт – «Туған жер». Бұл жобаның ерекшелігі – өңірлердің белсенді қатысуы, сонымен қатар, кәсіпкерлерді, меценаттарды және мүдделі азаматтарды тарту. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілген патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі. Жоба аясында 700-ден астам нақты жобалар іске асырылды, 320-дан аса жоба іске асырылып жатыр, бүкіл республика бойынша 150-ден астам жоба бастамаланды.Төртінші бағыт – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы». Бұл қоғамдағы ең танымал жобалардың біріне айналды. Осы бір жылдың ішінде барлық өңірлер өздерінің бірегей жерлері туралы айтып берді. Жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар нысандардың тізімі жасалып, жалпыұлттық маңызы бар 183 нысан анықталды.2018 жылғы 15 қаңтарда Ұлттық музейде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша ІІ Республикалық форум болып өтті. Бесінші бағыт – «Жаһандағы қазақстандық мәдениет». Жоба қазақстандық мәдениетті шетелде танымал ету бойынша жүйелі жұмыстар құруға бағытталған. Бұл ретте, заманауи мәдениетті сыртқы болмысы бойынша да, ішкі мазмұны бойынша да ілгерілетуге басымдық жасалады. 2017 жыл бойы заманауи отандық мәдениетті шетелде ақпараттық ілгерілету және танымал ету бойынша кешенді іс-шаралар атқарылды. Тәуелсіздік жылдарындағы отандық мәдениет жетістіктері түгенделді. Мәдени шығармаларды іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді: жобаға енетін шығармалар Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде өмірге келген болулары керек, олар жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп, заманауи қоғамның эстетикалық және көркем талғамына жауап берулері керек. Алтыншы бағыт – «Қазақстандағы 100 жаңа есім», бұл 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шын мәніндегі визиттік карточкасына айналды. Бұл жоба түрлі саланың көрнекті тұлғаларын бүкіл Қазақстанға таныстырды. Бұлар Тәуелсіздік жылдарында табысқа жетіп, ел мойындаған әншілер, композиторлар, спортшылар, ғалымдар, журналистер және басқа да өз ісінің хас шеберлері

    3.Қазақстанның қоғамдық санасының жаңғыртудың негізгі бағыттары

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат — мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

    Рухани жаңғыру — адамның ішкі әлемінің жаңаруы, сананың сезімі, жаңа өзгерістерді қабылдау қабілеті. Біз рухани жаңарудағы өркениеттің дамуымен байланыстымыз. Біздің Елбасымыз рухани жаңарудың бірнеше қағидаларын енгізді. Олар бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және ұлттық сәйкестікті сақтау сияқты қағидалар.

    Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:

    1. Бәсекеге қабілеттілік;

    2. Прагматизм;

    3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

    4. Білімнің салтанат құруы;

    5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

    6. Сананың ашықтығы.

    Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.
    пікір

    «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру » Жаңа Қазақстан Философиясы
    Көпұлттылық - қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы. (Н.Назарбаев)

    Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық. Осылайша, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың «Мәңгілік ел» мұратын қайта жалғадық. Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айрылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады. Дегенмен, соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады.(Н.Назарбаев)
    Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. (Н.Назарбаев)

    Алғатартқанозады, кейінкеткентозады.
    Бізжылдан-жылғажаңарып, жаңғырыпкелеміз.
    Қазақ: «Елужылда ел жаңа», дейді.
    Бізжиырмажылданасаруақыттажүзжылғабергісізжолдыарттақалдырдық.(Н.Назарбаев)

    Бізәлемдікмәдениқұндылықтарменүндесжаңазаманғықазақтыңозықмәдениетінқалыптастыруымызкерек.(Н.Назарбаев)

    Ұлтөзініңмемлекетінсіз – ұлтболыпөмірсүреалмақемес. (Н.Назарбаев)
    Саясаттың негізгі мақсаты - адам, қоғам, ел қамы. (Н.Назарбаев)
    Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.(Н.Назарбаев)
    Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. (Н.Назарбаев)
    Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз. (Н.Назарбаев)
    Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.(Н.Назарбаев)
    Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек. (Н.Назарбаев)
    Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.(Н.Назарбаев)
    Қазір - ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.(Н.Назарбаев)
    Жаһандық әлем өңiрлер бойынша бiрiгуде – бұл қазiргi дүниеде аман болудың шарты да. Бiз озық болдық, бiз мұны белсендi түрде жүзеге асырдық, бiз сөйтiп табысқа қол жеткiздiк.(Н.Назарбаев)

    Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет.

    (Н.Назарбаев)
    Шынын айту керек, азаттық жолы – кедiр-бұдыр, Тәуелсiздiк соқпағы – соқтықпалы. Қиындық көп. Алынар асулар да ауыр. Ынтымағымызды ыдыратпай, бiрлiгiмiздi божыратпай жұмыла бiрiксек, ауыр жүгiмiздiң жеңiлдерi анық.
    Бұл сөздерiмдi мен ең әуелi өз халқыма – қазақтарға, қала бердi күллi қазақстандықтарға арнап отырмын.
    Мен елге сенемiн. Елiм де маған сенедi деп ойлаймын… Өйткенi сөзiмiз – адал, iсiмiз – ақ. (Н.Назарбаев)


    Пайдаланылған әдебиеттер

    1.Қазақ энциклопедиясы

    2. «Егемен Қазақстан» газеті

    3. «Айқын» газеті


    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    написать администратору сайта