Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау

  • 2.Маркстік философия тарихы

  • 3.Қазіргі өркениет оның өзгешелігі және қарама-қайшылықтары

  • 14.дәрісДін философиясы

  • 1.Дін және философиялық білім Дін

  • 2.Буддизм, христиан діні және ислам

  • Философия лекция. Ойлау мдениеті Ойлау


    Скачать 247.92 Kb.
    НазваниеОйлау мдениеті Ойлау
    Дата19.05.2022
    Размер247.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия лекция .docx
    ТипДокументы
    #538343
    страница12 из 13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

    13.дәріс Тарих философиясы

    Жоспар:

    1.Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау

    2.Маркстік философия тарихы

    3.Қазіргі өркениет оның өзгешелігі және қарама-қайшылықтары

    Пайдаланылған әдебиеттер
    1.Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау

     Тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау

    Ол адамзаттың тарихи дамуының неғұрлым іргелі заңдары мен принциптерін зерделеуге арналған. Бұл жерде мынадай мәселелер үлкен маңызға ие болады: тарихтың мағынасы мен тағайыны, тарихи үдерістердің қозғаушы күштері мен тетіктері, әлеуметтік прогресс және оның критерийлері, адамзат тарихының бірлігі мен саналуандығы.

    Тарих философиясы өтіп жатқан оқиғалардың мәнін оларды өткен заман оқиғаларымен қатар қойып салыстыра отырып ашуға және осы негізде жақын болашақты болжауға ұмтылады. Тарих мағынасы проблемасын түсіндірмелеуде екі тәсілдің болуы мүмкін. Біріншісі, адам ұғымын қоғамның жалпы сипаттамаларынан шығаруға, оның мәнін «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» ретінде түсінуге ұмтылады (К.Маркс). бұл жағдайда тарихтың барысы мен оның мағынасы «әркімнің еркін дамуы барлығының еркін дамуының шарты болып табылады» дейтін заңды болашаққа қарай қозғалыс ретінде түсініледі. Адам өмірінің мағынасы осы жарқын болашақ үшін жұмысқа және қарсыластарымен күреске телінеді.

    Керісінше, екінші тәсіл, қоғам өмірінің мағынасын жеке адам өмірінің мағынасынан, оның қасиеттері мен сапаларынан «шығаруға» ұмтылады. Бұл ретте қандай да бір дәл белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге емес, тағдырдың барлық бұрылыстары кезінде «өз бақшаңды өсіруге» ұмтылу қажет (Вольтер). Адам және оның қазіргі тарихы – біздің тіршілік етуімізге мағына беретін қоғамның шынайы және бірден бір мақсаты.

    Алайда заманауи тарих философиясының негізгі міндеттерінің шеңберіне болашақ дамудың жалпы сызықтарын немесе үрдістерін көре білу де кіреді. Кейінгі жылдары тарих философиясынан әлеуметтік эволюционизм атты бағыт бөлініп шықты. Ол тарихи үдерісті төменгіден жоғарыға қарай дамудың бірыңғай сызығы ретінде қарастырады.
    2.Маркстік философия тарихы

    19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі

    Маркстік философияның пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты – өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Маркстік философияның негізін қалаушылар: Карл Маркс, Фридрих Энгельс, В.И.Ленин.

    Маркстік философиясының негізгі сипаттары: 

    Диалектикалық әдіс материалистік принциппен біртұтас бірлікте қарастырылады. 

    Тарихи процесс материализм тұрғысынан табиғи, заңды процес ретінде түсіндіріледі. 

    Әлем тек түсіндіріліп қана қоймайды, оны өзгертудің жалпы методологиялық негіздері зерттеледі. Философиялық зерттеулер жалаң ұғымдардан гөрі адамдардың материалдық – практикалық іс - әрекеттеріне бағытталады. 

    Диалектикалық – материалистік көзқарастар пролетариаттың, барлық еңбекшілердің мүддлері мен байланыстырылады. 


    К.Маркстің философия мен әлеуметтік ғылымға енгізген екі маңызды жаңалығы бар, оның бірі – қосымша құн теориясы, екіншісі тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Маркстің пікірінше, адам табиғат қойнауынан әмбебап табиғи жан болып шықпайды. Ол тарихи процестің барысында әмбебап тіршілік иесіне айналады. Адамды жануарлар әлемінен бөліп тұратын, басқаша айтсақ, оны тіршілік баспалдағының жоғары сатысына көтеретін санасы, ақыл – ойы емес, өзіне қажетті құрал – жабдықтарды өндіру, жасау икемділігі. Осының арқасында адам табиғатты игереді, оның кеңістігі мен уақытында өз мүддесі мен талап игілегіне сай өзіндік екінші табиғаты жасайды. Осының барысында өндірісітік қатынастар қалыптасады. Осы өндірістік қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейін қоғамның басқа жүйелеріне базис, негіз болатын экономикалық жүйені құрайды. Мемлекеттік, қоғамдық институттар, қатынастар қондырма ролін атқарады. Базис пен қондырма бір – біріне әсер етеді. К.Маркс тарихи процестегі қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтау мақсатында қоғамдық – экономикалық формация ұғымын ұсынды.

    Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:

    алғашқы қауымдық,

    құл иеленушілік,

    феодалдық,

    капиталистік және

    коммунистік формациялардан тұрады.

    Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.

    Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:

    В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.

    Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.

    Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды

    Маркс адамның дамып, қалыптасуында әлеуметтік орта мен мәдени факторлар маңызды роль атқаратындығына ерекше назар аударады.

    К.Маркс, Ф.Энгельс идеяларын онан әрі В.И.Ленин, Г.В.Плеханов дамытты.


    3.Қазіргі өркениет оның өзгешелігі және қарама-қайшылықтары

    Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.

    Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

    мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

    Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);

    Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

    Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

    Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

    Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

    Қазіргі заманғы өркениеттің басты ерекшелігі әлемдік экономикалық жүйелердiң, процестердiң, ынтымақтастық, экономиканың шоғырлану және жаһандану, саясат, ғылым және мәдениет құру болып табылады. Қазіргі заманғы капитализм - әлемдегі экономикалық жүйелердің соңғы. Ол шамамен 500 жыл бар, бірақ әлемдік империясының айналады ешқашан. Трансұлттық корпорациялар бірыңғай мемлекеттік бақылау тыс болып табылады. Олар ұлттық шекаралар арқылы еркін үлкен капитал көшіп жатыр. Өркениет және жаһандану процестері тұрақты динамикасы болып табылады, және олардың сипаттамаларын білу теріс салдарын алдын алуға көмектеседі.

    Қазіргі заманғы өркениеттің келбеті өзінің көптүрлігімен, кереғарлықтарымен, қайшылықтарымен және ғылым мен техниканың мейлінше жетілуімен айқындалады. Оның негізгі бағыттарына автоматтандыру және ЭЕМ, материалдардың жаңа түрлерін шығару, энергияның жаңа көздерін ашу, ғарышты игеру жатады.Қазіргі замандық өркениетің ғаламдық проблемаларына планетаны мекендеген күллі адамзат қоғамына, сондай-ақ биосферада тіршілік ететін жанды организмдердің бәріне және Жердің өзінің табиғи ресурстарына тура қатысты дүниежүзілік мәні бар проблемалар жатады. Олардың бастылары мыналар:
    -дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;
    -дүниежүзілік экологиялық дағдарыстың бетін қайтару;
    -дүниежүзілік демографиялық ахуалды, халықтардың қоныстауын реттеу;
    -ұлтаралық кикілжіңдерді шешу;
    -экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту.
    Ғылым мен технологияның мүмкіндіктері даму өркениетінің дамуына өз үлесін қосуда. Өркениет адамдық қадір-қасиет пен қарым-қабілеттің бүршік жарып бой түзеуіне ыңғайлы жағдай туғызады. Осылайша, адам қоғамда өзіне тиесілі құрметті орнын табады.
    пікір

    Тарих философиясы
    Оқығаныңның саны маңызды емес, оны түсініп, өмірде кәдеге жарата алғаның маңызды. (Г.Гегель)

    “Адам ортаның — жемісі” (Г.Гегель)

    Философия — өтіп кеткен процесті, тарихты оймен шолу. Әйтсе де, ол тарихқа өткен шақ деп қарамайды, үздіксіз жалғаса беретін процесс ретінде бағалайды. (Г.Гегель)
    "Шынайы әділдік" жайлы айту – ақымақтық (К.Маркс)

    Уақыт — жан- жақты дамудың кілті (К.Маркс)

    Құлдың құлы болғаннан артық адамды жер қылатын жиіркенішті нәрсе жоқ. (К.Маркс)
    Саясатта белгілі бір жетістікке жету үшін жынмен де келісімге келуге болады. Бірақ ең соңында жетістікке жын емес өзің жететініңе

    сенімді бол. (К.Маркс)

    Елестете білу - адамзатты жетістікке жетелеген үлкен қасиет. (К.Маркс)

    Қилы заман болмай ма – суда жүрген ақ шортан қарағай басын

    шалмай ма?! (Асан Қайғы)

    Көшіп-қонып көрмеген – жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген – жұрт қадірін не білсін?! (Асан Қайғы)
    Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,

    Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.

    Су түбінде жатқан тас – жел толқытса шығады,

    Ой түбінде жатқан сөз – шер толқытса шығады. (Асан Қайғы)
    Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадрін не білсін. (Асан Қайғы)
    Ғылымның қандай пайдасы – білместі жолға салмаса. (Асан Қайғы)

    Әй, ха мен айтпасам білмейсің, 

    Айтқаныма көнбейсің. 

    Жайылып жатқан жерің бар, 

    Аймағын көздеп көрмейсің. 

    Қымыз ішіп қызарып, 

    Мастанып қызып терлейсің. 

    Өзіңнен басқа хан жоқтай, 

    Елеуреп неге сөйлейсің. 

    Қорған салдың бейнет қып, 

    Қызметшің жатыр ішіп-жеп... 

    Мұны неге білмейсің? (Асан Қайғы)
    Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға, 

    Мойнын бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға. (Асан Қайғы)


    Құйрығы жоқ, жалы жоқ, 

    Құлан қайтіп күн көрер?! 

    Аяғы жоқ, қолы жоқ, 

    Жылан қайтіп күн көрер. (Асан Қайғы)

    Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі – өткен істі қумаса. (Асан Қайғы)
    Көлдің суын жаманадап – Еділ қайдан табарсың, 

    Әкіміңді жамандап – әділ қайдан табарсың, 

    Өз барыңды жамандап – асыл қайдан табарсың.   (Асан Қайғы)
    Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің. (Асан Қайғы)

    Ғылымым жұрттан асты деп кеңессіз іс бастама, 

    Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.  (Асан Қайғы)

    Қайшылық — дамудың объективті заңы, дамудың көзі, импульсі. Қайшылықты болдырмау мүмкін емес. (Г.Гегель)

    Пайдаланылған әдебиеттер
    1.“Философия”- Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008ж.

    2. Қазақ энциклопедиясы

    3.“Философия”-Н.Р.Мусаева, Шымкент 2006ж.
    14.дәрісДін философиясы
    Жоспар:

    1.Дін және философиялық білім

    2.Буддизм, христиан діні және ислам

    3.Исламның қалыптасуы және тарихи формалары

    Пайдаланылған әдебиеттер
    1.Дін және философиялық білім
    Дін – дүниеге көзқарас және дүние түйсінімі, сондай-ақ осыларға сәйкес мінез-құлық пен ерекеше іс-әрекеттер (табыну). Ол Құдайдың немесе құдайлардың өмір сүруіне, оның табиғаттан тыс екендігіне сенуге негізделеген. Философиядағы сияқты дінді де әңгіме адамдар өз өмірінде негізге алуы тиіс дүние туралы ең жалпы түсінімдер туралы болады. Өйткені дін адамның дүниені түсіндіру мен өзін-өзі түсіну әркеті мен қажеттігі ретінде пайда болған.

    Әдетте, діни түсінімдер құдай туралы, дүниені құдайдың жаратқаны, жанның өлмейтіндігі, адамның орындауы тиіс құдай өсиеттері және т.б. туралы ілімде білдіріледі. Бұл іргетастық діни идеялар өз сипаты бойынша философиялық идеяларға ұқсас. Алайда олар дін шеңберінде негізделмейді, сенім негізінде қабылданады және ешқандай сынға ұшырауға жатпайды. Философия болса, өз тұжырымдарын дәлелдеуге ұмтылады. Ол логикалық пайымдаулардың көмегімен идеялардың теориялық жүйелерін дамытады және бұл ретте өз қорытындыларын үнемі сынға ұшыратады. Философиялық ой қасаң қағидалардан азат болуы тиіс, ал кез келген дінде оларға қандай да бір күмән келтіру күнә ретінде айыпталатын қағидалар бар.

    Философияда рационалдық үрдістердің дамуы оның теологиямен (құдайылық іліммен) – құдайдың мәні және іс-әрекеттері туралы ілімді негіздеудің діни-философиялық жүйесімен шұғыл жік ажыратуына әкелді. Мұны бірқатар ойшылдар (Декарт, Спиноза, Кант, Гегель, Рассел және басқалар) жүзеге асырды.

    Алайда құдай болмысын дәлелдеу, діни догматтарды рационалды негіздеу міндеті қойылған кезде дін философиямен етене жақындаса түседі. Мұндай міндет қою діни философияның құрылуына әкеледі. Алайда бұдан діни ілім философиялық ілімге айналмайды: оның өзі емес, оны негіздеу философиялық болып шығады. Философия мен діннің арақатынасын мынадай сызбада ұсынуға болады:

    Әртүрлі діни-философиялық доктриналар бар, оларда діни мазмұн дәлелдемелермен бекітіледі. Бірақ дінмен үйлеспейтін толып жатқан философиялық ілімдердің өмір сүретіні де өз-өзінен түсінікті. Философтар дінге сенушілер де, атеистер де болуы мүмкін.

    Дін философиясының пәндік саласы діннің дүниеге көзқарастық проблемаларын зерделеу, діннің негізінде жатқан жалпы идеялар мен принциптерді зерттеу болып табылатынын түсіну маңызды.
    2.Буддизм, христиан діні және ислам

    Буддизм (санскритше – बुद्धधर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.

    Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:

    Азап бар;

    Азапта себеп бар;

    Азапта соң бар;

    Жол азаптың тоқталуы бар.

    Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады.
    Христиан діні (гр. ΧριστόςKhristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) 

    ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін  .

    Әлем бойынша ең көп таралған дін. .Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдыңұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.

    Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.

    Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады. Аса көп таралған тармақтары - католицизм, православтық және протестантизм.

    Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:

    Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);

    апостолдардың арнаулы хаттары;

    Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;

    ақыр заман туралы өсиет.

    Ислам (араб.: إسلام‎) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)«мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Аллаһ тарапынан түсірілген.
    Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед ﷺ.

    Ислам дінінің екінші мәртебесі — Ислам. Бес негізден құралып, көбінесе адамның сыртқы қасиеттері мен істерін реттейді:

    Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту

    Бес уақыт парыз намазды орындау

    Рамазан айында ораза тұту

    Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру

    Өмірінде бір рет қажылыққа бару

    Ислам шариғаты — ол адамның Аллаһпен, басқа адамдармен, қауыммен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын, рұқсат етілген және тиым салынған нәрселерді реттейтін Құран, Сүннет және сәләфтардың (шииттерде — Әһлі-бейттің) сөздерімен, ғалымдардың иджтиһадымен міндетті болған заңдар жинағы. Бұл заңдардың ең маңыздысы — Исламның бес парызы
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    написать администратору сайта