Главная страница
Навигация по странице:

  • Пікір Таным және шығармашылық

  • Білім, ғылы 6.дәріс Білім,ғылым,техника және технология

  • 1.Танымның негізгі әдістері

  • Тәсіл

  • Методология

  • 2. Ғылымды – білім , қызмет және әлеуметті институт ретінде талдау

  • Пікір Білім,ғылым ,техника және технологиялар

  • Философия лекция. Ойлау мдениеті Ойлау


    Скачать 247.92 Kb.
    НазваниеОйлау мдениеті Ойлау
    Дата19.05.2022
    Размер247.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия лекция .docx
    ТипДокументы
    #538343
    страница5 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    3.Таным және шығармашылық

    Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.

    Танымдық психология білімді игеріп, ұйымдастырып, пайдаланудағы танымдық белсенділіктің заңдылықтарын зерттейді. Ойлау психологиясында жасанды интеллект мәселесін зерттейтін бағыт қалыптасты. Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Автоматтандырылған оқудың дидактикасы пайда болуда. Жасанды интеллект ғылыми, техникалық, көркемдік салаларға де кеңінен ене бастады.

    Жасанды интеллект туралы еңбектер психикалық және ақпараттық процестердің өзара қарым – қатынасы, писхикалық және одан тыс жүйелерді бөлектеу, бейорганикалық тасымалдау жүйелерінде жасанды психиканы дүниеге келтірудің мүмкіндіктері туралы мәселелерді қоюда.

    Жалпы психология танымдық формалар мен процестерді, түйсіктерді қабылдауды, ес, қиял, ойлауды, сонымен қатар, сенім, көңіл – күй, аффект мәселелерін жеке адамдар мен коллектив арасындағы қарым – қатынас тұрғысынан зерттейді.

    Философия да осы аталған мәселелерге көңіл бөледі., бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым – қатынасы тұрғысынан қарастырады.

    Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс - әрекетінің немесе оның тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз – қоғам, табиғат, құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.

    Философия таным мәселелерін зерттеуде басқа ғылымдардың жетістіктерін жоққа шығармайды, қайта оған сүйеніп отырады. Таным теориясы философия тарихына, жеке ғылымдардың тарихында баланың ақылы қалыптасуы тарихына, тіл тарихына сүйенеді. Таным – бұл тек ізденіс қана емес, ол, сонымен қатар, білімнің одан әрі дамуы. Таным процесс ретінде субъект пен объектінің өзара қарым – қатынасы. Таным процесінің субъектісі – пенде, әлеуметтік топ, жалпы қоғам – танымдық іс - әрекетті іске асырады, кез келген мақсатты қояды және оны шешеді. Субъектің танымдық белсенділігі танымның объектісіне – жеке зат, материалдық әлемнің бір бөлігі немесе бүкіл әлемге – бағытталған.

    Пікір

    Таным және шығармашылық

    Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

    Локктың таным теориясының үш қағидасы

       1.Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың  өзі тәжірибе арқылы пайда  болады;

       2.Адамның дүниеге келген кездегі ақыл ойын ештеңе жазылмаған таза  тақта немесе «ақ қағаз» сияқты,ол  тек тәжіри-бе арқылы мазмұнға  толады.

    3.Ақыл -ойда тек сезімдік түйсіктер  арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге  шығатын терезе - түйсік.

    Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. 

    М.Хайдеггер – адам болмысты тыңдай білу керек. Болмысты тыңдау – тіл арқылы жүрмек. Тіл – болмыстың үйі. М.Хайдеггердің негізгі шығармасы – «Болмыс және уақыт».

    "Білу деген не?" деген сұраққа берілетін жауаптың маңыздылығы Гетенің"Фаустында" былай жазылған:



    "... Білудің мәні не?

    Міне, досым, мәселе қайда?

    Бұл тұрғыда бізде бәрі орнында емес.

    Заттардың мәніне үңілгендерді,

    Барлық жандарға сырын жайып салғандарды

    Алауларға өртеді және тепкіледі.

    Бұл сізге бесенеден белгілі..."

    Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

    Танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, онаң ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.

    Пайдаланылған әдебиеттер

     Словарь Дворецкого

     Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1

     Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006 жыл. ISBN 9965-808-82-1

    ↑ a b Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2

     “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.

    6-шы тақырып. Білім, ғылы6.дәрісБілім,ғылым,техника және технология

    1.Танымның негізгі әдістері

    2.Ғылымды – білім , қызмет және әлеуметті институт ретінде талдау

    м, техника және технологиялар.

    11-ші лекция

    1. Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Танымның негізгі әдістері.

    2. Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.

    12-ші лекция

    1. Сциентизм және антисциентизм.

    2.. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері.

    Пайдаланылған әдебиет

    1.Танымның негізгі әдістері

    Танымның негізгі әдістері. Логика және әдіснама ғылыми танымның әдістері. Философиялық әдістер.

    Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

    Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.

    Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.

    Тәсіл– күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.

    Методика– бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.

    Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.

    Жүйе– күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

    Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.

    Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.

    Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:

    қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;

    экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.

    Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті. 

    2. Ғылымды – білім , қызмет және әлеуметті институт ретінде талдау

    Ғылым әлеуметтік институт ретінде: негізгі ыңғайлар (подходы).

    Ғылыми іс-қызметтің институтциональдық формаларының тарихи дамуы: негізгі тенденциялар.

    Жалпы алғанда дүниетану процесін, ал сөзбе-сөз алғанда таным теориясын білдіретін ертедегі Грециядан бері келе жатқан бірі "гносеология", екіншісі "эпистемология" деген екі термин сөз бар. Грекше "gnosis" те, "ерisteme" де "білім" деген мағынаны білдіреді екен, олай болса, алғашқы келтірілген екі термин сөздің екеуі де таным теориясы дегенді білдіреді деп жазылыпты философиялық сөздіктерде. "Эпистемология" термині негізінен ағылшын, американ тілдерінде және сирек болса да француз, неміс тілдерінде қолданылады екен.

    Бірақ философия тарихын зерттеумен көбірек айналысқан кейбір авторлар, әсіресе ғылым философиясымен айналысушылар ертедегі Грецияда "эпистемология" деп ақиқаттығы негізделген, дәлелді математика, логика деген білім салаларын атаған, ал қалған басқа білімдер жай пікір (dоха) деп саналған дейді. Осындай дәлелдерді басшылыққа ала отырып, қазіргі философтар, оның ішінде әсіресе ғылым философтары таным процесін күнделікті жай таным және ғылыми таным деп екіге бөліп, жалпы таным теориясын (күнделікті таным процесін қоса) "гносеология" деп атап, ал ғылыми таным теориясын "эпистемология" деген терминмен атауды ресми түрде болмаса да қабыл алыпты. Сондықтан біз де эпистемологияны ғылыми таным теориясының атауы ретінде қолданып отырмыз.

    Ғылыми білімнің өзі эмпириялық (тәжірибелік) және теориялық болып екіге жіктелетіндіктен, алдымен эмпириялық білімнің құрылысын қарастырып, содан кейін теориялық білімге көшуді орынды санадық.

    Шындық дүниеде өмір сүретін заттар мен құбылыстар туралы хабар беретін түйсіктер мен қабылдаулар олармен тікелей байланысты, өйткені олардың көрнекі белгілері мен сапаларын бейнелеңдіреді. Сондықтан олар заттардың сезімдік бейнесі болып табылады. Сыртқы дүние нәрселерінің тікелей әсер етуінің нәтижесінде бізде, мәселен, олардың түсі, түрі, көлемі, формасы т.б. туралы нақты түйсіктер туады, ал олардың табиғи бірлігінің нәтижесінде біртұтас қабылдау бейнесі туады. Танымның бұл деңгейін шындық дүниенің тікелей сезімдік бейнелену процесі деп қарауға болады, бірақ мұны ғылыми танымның эмпириялық деңгейімен бірдей, тепе-тең деп қарауға болмайды.

    Кейде бізге заттар қалай көрінсе, іс жүзінде олар сондай сияқты көрінеді. Мұндай түсінік күнделікті ойлау процесінде кең тараған. Мұндай түсінік философияда "қарапайым реализм" деп сипатталады. Бұл түсінікте шындық дүниенің объективтік өмір сүретініне деген сенім бар екендігі күмәнсіз, бірақ ол шындықтың танымдық бейнесі дұрыс болмауы мүмкін: алғаш қарағанда, мәселен, жер қозғалмай бір орында тұрған сияқты, ал Күн шығыстан батысқа қарай жылжып бара жатқан сияқты, материяның (атомның) көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектері, вирустар мен микроптар дүниеде өмір сүрмейтін, жоқ сияқты. Ал ғылым Күн жерді емес, Жер күңді айнала жылжитынын дәлелдейді, арнайы приборлар мен ультрамикроскоптар ұсақ бөлшектердің, вирустар мен микроптардың бар екендігін көрсетті т.т.

    Пікір

    Білім,ғылым ,техника және технологиялар

    Абай – халықтыбілімге, ғылымға, еңбеккекөпүндегенақын. Ғылымдыоләлеуметтікжағдайдыжақсартудыңқұралығанаемес, бүкілпрогрескеапаратынжолдептүсінді. Ғылымныңәлеуметтікорнынадамдардыңжақсықасиеттеріменбайланыстырақарады.

    «Ақыл, қайрат, жүректібірдейұста,

    Сонда толықболасыңелденбөлек.

    Жеке-жеке біреуіжарытпайды,

    Жол да жоқжарыместі «жақсы» демек...

    Біреуініңкүніжоқбіреуінсіз,

    Ғылымсолүшеуініңжөнінбілмек», -депақылдытереңдетіп, шалқытатүсетін, адамныңжігерін, қайратынөсіріп, жөнінежұмсауғажолкөрсететін, оны тасытатүсетін, жүректі де ізгілікке, адалдыққа, адамдыққабаулитын, адам бойындағы осы үшқасиеттіңбасынқосып, оны үлкенәлеуметтікізгікүшкеайналдыратын осы ғылымдегенқорытындығакеледі. Абай ғылымның әлеуметтік рөлінтереңталдап, қайрат, ақылжәнежүрекүшеуінайтыстыракеледі де ғылымғажүгіндіреді. Ғылымжүректіңәділеттілік, ұят, рақымшылық, мейірбандыққасиеттерініңартықшылығынқолдайды. Бұдан, Абайдыңтопшылауынша, әлеуметтікжағдайдыңжақсаруы, әділеттіңорнауыадамдардыңұятына, рақымшылдығына, мейірбандығына, әділдігінебайланысты. Ғылымды оны бақталастықүшінемес, ақиқаттыбілмекүшінүйренукерекекенін баса айтады. Өйткені, бақастықадамдыбұзады, «жүз тура жолдағылардышатастырушыкісі, бірқисықжолдағыкісінітүзеткенкісіденсадағакетсін», - депқорытады Абай. Ақынбірқатаршығармаларындаеңбеккенемқұрайлықараушылықтың, жалқаулықтың, еріншектіктіңқоғамдыжұтатып, тоқыраушылыққаұшыратыпотырғанын, соныңнәтижесіндеәлеуметтікжүдеуліктіңорыналыпотырғанынсынайды, еңбекетугешақырады. «Еңбекжоқ, қаракетжоқ, қазақкедей, Тамақаңдыпқайтедітентіремей...» - депеңбексіздік пен қаракетсіздіктіашынашенейді. Өзтұсындақулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен мал тапсамдегенәлеум. Топтыңқалыптасқанынсипаттайкеле, ақын: «Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, Сұмнәпсіңүйірболса тез тыйылмас... Еңбекқылмайтапқан мал дәулетболмас, Қардыңсуысықылды тез суалар...» - депеңбексізтапқанолжаныңқұтсыздығынескертеді. Абай адалеңбекпен мал тап, еріншекболмадепүйретеді.

    Ғылымтаппаймақтанба

    «Ғылымтаппаймақтанба...» өлеңінде: «Бес нәрседенқашық бол, Бес нәрсегеасық бол, Адам боламдесеңіз. Өсекөтірікмақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаныңбілсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахымойлапқой - Бес асыліскөнсеңіз...» -деп, адамныңәлеуметтік қасиеттерінжинақтапкөрсетеді. Кісініңадамшылыққасиетінбіріншіорынғақояды. Адам боламдесең, байлықпенозбайақыл, әділеттілік, ғылым, ар, жақсымінезбеноздейді. Абай қазаққоғамында жан-жақтыжетілгенадамдыарманетеотырып, оныңмінездіболуына, мінездіңәлеуметтік өмірдегіқызметінеайрықшамәнбереді. Абай – демократқызметіне, халықтыңшығармашылықкүшінесенді. Туғанхалқынбарыншасүйгендіктен, оныңәлеуметтікөміріндегікемшілігінмінеп, сонныжоюғакүш салды. Өзмінінкөреалмағанхалықтыңпрогрескеұмтылмайтынынтүсінді. Сондықтан, олкертартпа патриарх.-феод. дәстүрлергеқатал да батылқарсыкүресті, әлеум. Өмірдіңжаңа да озықөлшемдерінуағыздады. Өзшығармаларындапрогресшіләлеум. Күштердіңмүддесінқорғады. Кемеңгер Абайдыңәлеум. ойлары – әлеуметтікілімінеқосылғанүлкенүлес.

    Абай Құнанбайұлы:Махаббат – әуеліадамныңадамдығы, ғылымдегеннәрселерменбайланысты.

    Исаак Ньютон:Ғылымдытанып – білудеережеденмысалпайдалырақ.

    АльбертЭнштейн:Дін, өнержәнеғылым – бірағаштыңбұтақтары.

    Жак-ив-Кусто:Алғашқысаяхатшылардықызуғышылықтартса, келесіізіменғылымкеледі.

    Оноро де Балзак:Сұраубелгісі (?) – барлықғылымдаркілті.

    Генрих Гейне:Ғылымүшінбарлығы да маңызды.

    Дмитрий Менделеев: Ғылымдыкүштімеңгерген және оны сүйетінмұғалімғанаөзшәкірттерініңбәрінежемістіықпалжасайтынболады.

    Василий Вильямс :Ғылымдадемалысжоқ. Ғылымүшіндемалысжұмыстыңөзгеруіғана.

    Саади Ширази:Ғылымдыүйреніп, оны өміргеқолданбағанкісі — жерінайдап, дәнінсеппегенадамғаұқсас.

    Луи Пастер:Ғылымныңотаныжоқ.

    Пайдаланылған әдебиеттер

     Словарь Дворецкого

     Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1

     Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006 жыл. ISBN 9965-808-82-1

    ↑ a b Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2

     “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта