Главная страница
Навигация по странице:

  • Адамды қарастырудың философиялық тәсілдерінің ерекшеліктері.

  • Адам, индивид, индивидуалдық тұлға.

  • Философия лекция. Ойлау мдениеті Ойлау


    Скачать 247.92 Kb.
    НазваниеОйлау мдениеті Ойлау
    Дата19.05.2022
    Размер247.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия лекция .docx
    ТипДокументы
    #538343
    страница6 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    7 .дәріс Адам философиясы және құндылықтар әлемі.

    Жоспар:

    1.Адамды қарастырудың философиялық тәсілдерінің ерекшеліктері.

    2.Қазақ философиясындағы адам мәселесі.

    3.Адам, индивид, индивидуалдық тұлға.

    Адамды қарастырудың философиялық тәсілдерінің ерекшеліктері.

    Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым

    Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.

    Алайда әлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл жағдай «адам феноменiн» тамаша зерттеушi, атақты француз философы, биологы, палеонтологы және антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң мынадай сездерiмен түсiндiрiледi: адам «эволюцияның өзегi мен шыңы» болып табылады және «адамның кiлтiн табу, демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн бiлуге ұмтылу деген сөз».

    Жетiспейтiн айғақтардың жоқтығы, адамға деген eскi көзқарасқа күмән келтiретiн жаңа ашылымдар адамның мәнi мен табиғаты туралы әр түрлi концепциялар туғызды. Оларды жалпы, шартты түрде рационалистік және иррационалистік деп бөлуге болады. Иррационалистiк көзқарас негiзiне адам әpeкeтi немесе оның кең мағынасында адам болмысы түсiндiруге келмейтiн iшкi сарындар, ыpықтар, көңіл — күйлер көpiнici позициясымен талданатын идеялар құрайтын экзистенциализм, неотомизм, фрейдизм iлiмдерiн жатқызуға болады. Бүтiндей алғанда иррационалистiк концепциялар адамның кейбiр қырлары мен қасиеттерiн ашқанымен, адамның шығу тегi жөнiнде ешқандай логикалық тұрғыда дайындалған теория немесе ең болмағанда гипотеза да бермейдi.

    Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы ойшылдар жетiстiктерiн eскepгeнiмeн, көбiне рационалистiк, материалистiк және идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған жылдарға созылған адамның жануарлар әлемiнен бөлiнiп шығу үдерiсiн түсiндiре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: «адамдарды жануарлардын санасына, дiнiне жалпы тағы басқаларына қарап айыруға болады. Ал олар өздерiн жануарлардан өмiрлiк қажеттi құралдарды өндiре бастаған кезден айыра бастайды, адамдар өздерiнiң материалдық өмipiн жанама жолмен өздерi өндiредi». Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкiндiк беретiн басты критерий оның мәдениеттенуi – бұл жерде материалдық өндiрiс болып көрiнедi. Адамның әлеуметтiк — биологиялық эволюциясын түсiндiруде Энгельс ұсынған антропогенездiң еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияны жақтаушылар еңбек биологиялық заңдар әcepiн тepicкe шығармайды, бiрақ ол табиғи сұрыпталу әpeкeтi сипатын өзгертедi, қалыптасушы адам өз жеке өлшемi бойынша табиғатты өзгерту қабiлетiне және адамның өзi қалыптасуына ықпал етедi деп санайды. Еңбек әpeкeтi арқасында адамның биологиялық және рухани қажеттiлiктерi өтеледi, адамдардың бiрiгу ауқымы көбейе түседi. Еңбек арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық және ақыл — ой қабiлеттерiн көрсете алады.

    Адам және адамзат тұлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесiлi. Тiл арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әpeкeті практикалық тұрғыда мүмкін eмecтiгiмeн сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бiр — бiрiмен байланыс орнатты, өзара әрекеттiң әр түрлi мәселелерi бойынша келiстi, тәжiрибе бөлісті және т.б. Тiлдiң көмегімен бiр ұрпақ келесісіне ақпарат, білім, әдет — ғұрып және дәстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмip cүpeтiн әр түрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.

    Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».

    Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан, әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз — таңбасы мен шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмip сүру осы қажеттiлiксiз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесiнсiз мүмкін емес. Сонымен қaтap, оның мәнi де оның өмip cүpyiнeн тыс бола алмайды. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтiлiктiң арақатынacы мәселесi де осы өмip сүру мен мәндiлiк мәселесiмен байланысты. Өзiнiң мәнi жағынан адам әлеуметтiк жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi және оның шектерiнен тыс өмip сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады, оның бiр жағын «әлеуметтiк сапаға» ие тұлға құраса, екiншi жағын табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.

    Қазақ философиясындағы адам мәселесі.

    Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған.

    Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған.

    Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды.

    Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі — адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты — бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін — адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі — түйсіктен, екіншісі — елестетуден, үшіншісі — ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік — бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.
    Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген әл фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Басшы адам, имам, ен әуелі өзін басқарып, тәрбиелейтін басқа басшыны қажет етпейді. Дененің басты мүшесі ретінде әуелі жүрек, сонан соң ғана дененің басқа мүшелері одан төмен орналасатыны секілді, басшы бәрінен жоғары, ол қала, ұйымының және оның мүшелерінің басты себебі. Қала тұрғындарының бойында жігерден туындайтын қасиеттерді тудыратын да осы басшы. Дене мүшелерінің біреуі бұзылғанда оны жүрек түзететіні сияқты, басшы қала ұйымының бұзылған мүшесін түзеп отырады. Әл Фараби басшы бола алатын адамға қажетті он екі қасиетті атайды: оның дене мүшелері кез-келген харекетті қиындықсыз орындай алатындай мінсіз, жан-жақты жетілген; оған айтылып отырған нәрсені түсінетіндей және онын іс жүзінде қандай болатындығын көз алдына елестете алатындай табиғи қасиеті бар; түсінген, көрген және қабылдаған нәрсесінен ешттеңені ұмыт қалдырмайтындай жақсы есте сақтай біледі; заттың кішкене ғана қасиетін байқау арқылы оның не нәрсені білдіріп тұрғанын тез түсінетіндей қырағы ақылға ие; ойлаған нәрсесін айқын жеткізе алатын шешен: оқуға және танып-білуге деген махаббаты бар және бұл істе шаршамайды, азаптанбайды; тамақ пен сусын ішуде, жыныстық қатынастарда шектен шықпайды, табиғатынан ойынды және одан туындайтын рахатты жек көреді; шындықты және ол үшін күресетіндерді сүйеді, өтіріқті және өтірік айтатындарды жек көреді; маңғаз жанға ие және арнамысты биік ұстайды: оның жаны табиғатынан төмен істерден жоғары тұрады және асқақ істерге ұмтылады; дирхем, динар және күнделікті өмірдің тағы басқа да атрибуттарын жек көреді; әділеттілік пен оны жақтаушыларды сүйеді және тирания мен оны тудырушыларды жек көреді; өз адамдарыңа және жат адамдарға әділ, әділеттілікке бағыттайды және әділетсіздік құрбандарының шығындарын өтейді, ол ізгі және әсем деп түсінетін нәрселерді барлық адамдарға береді; әділетті, бірақ бірбеткей емес, әділеттіліктің алдында мінез көрсетпейді, бірақ кез-келген әділетсіздік пен төмен істерге қатысты қайтпастай мығым; өзі қажетті деп есептейтін нәрсені жүзеге асыруда батыл және ержүрек, үрейлену мен қорқақтықтың не екенін білмейді.

    Адам, индивид, индивидуалдық тұлға.

    Адамды анықтауда адам, индивид, индивидуалдық тұлға деген терминдар қолданылады. Индивид – адам тегінің жекелік өкілі, адамгершіліктің барлық психологиялық және әлеуметтік белгісі: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық нақты тасушысы. Индивид түсінігі мағыналық жағынан нақты адам ретінде қолданылады. Әрбір жеке адам балалық шақтан бастап адамзат баласымен қол жеткен ұрпақтар санасы кезінде адам баласы өз жаратылысын иеленеді.

    Сонымен қатар баласының жеке адамы – тек табиғи, биологиялық жаратылыс қана емес, олар адамдардың қоғамдық өмір сүру әрекетінің ұзақ мерзімді үрдісінің өкілі болып, саналатын екінші табиғатқа ие. Әлеуметтік жеке адам болып табылады.

    Жеке адамның бірегейлігін салыстыру үшін осы саладағы адам баласының белсенділігін басқа әрекетпен міндетті түрде салыстыру керек. Сондықтан даралық өзіне жеке адамның өзіне ғана тән биологиялық түр және адамзат қоғамының өнім ретінде жалпы ерекшеліктерді қосады. Өзара байланыспен тұтастықтан алынған бұл жаратылыстар адамның даралығын бейнелейді. Сонымен бірге сондай — ақ даралықты әлемдегі ерекше тұрмыс формасы арқылы анықтауға болады. Адам болашақта қоғамдық жаратылыс ретінде қоғаммен тығыз байланысты.

    Жеке өзін анықтауда зейін әлеуметтік сапаға және адамның әлеуметтік белсенділігіне бөлінеді. Қазіргі философияда адамның тұрмыстық мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Адамда екі өмір бар: біреуі — өмір сүретін, қоршаған ортаға және қоғамға дағдыланған; екіншісі – сыртқы әлемнен жасырын жатқан өмір. Философиялық көзқараспен қарасақ, соңғы өмір, шынайы өмір: бұнда біз қуанамыз, қобалжимыз, толық өмірмен ғұмыр кешеміз. Осындай тұрпатта адам екі өмірлік. Адам тұрмысының негізгі категорияларын анықтайтын өмір – бұл бостандық, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, болып табылады.

    Айтылғандарды қарастыра келе, адам қоғамдық – тарихи үрдістің материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі өзге формалармен генетикалық байланысты биологиялық жаратылыс дегенді анықтайды. Алайда олардан еңбек құралдарын жасау қабілеті бар адамға тән сөйлеу мен санасының арқасында ерекшелігі арқылы білініп тұратын жаратылыс.

    пікір

    Адам

    Ницше былай дейді: "Бірегей адам дегеніміз теңіз, оның ішінде сенің үлкен менсінбеуің тұншығады".Ф,Ницше ұсынған "Бірегей" тұлғаның негізгі ерекшелігі: Өзінен үздіксіз асып өтетін, әлсіздікті жеңетін, өзін толық әйгілейтін, тобырларға жолсілтейтін асқан адам; Бірегей ақиқат пен этиканың жаңа арқаны, ереже мен құндылықтың жаратушысы; ол еркін, өзімшіл, жетілген, кемел; Бірегей адамзаттың ең негізгі қайғысы мен ең ұлы үмітіне өкілдік етеді; Ол жайсыз орта шектемесін бұзып шығушы, оған деген өшпенділік, қызғаныш, күдік, қаталдық, ашкөздік, зұлымдық дегендер оны тіпті де күшейтеді. Демек, ол бейшара әлжуаз емес, ол толыққанды түбегейлі адам. Ф.Ницше Бірегейді обсолютті Құдай деп есептемеген, ол Ақырласқан адамғасалыстырмалы айтылған, ол соңғы жетілген нұсқа емес, үздіксіз жетілуге құштар тұлға. 

    Бірегей мен жай адам ұқсамайды. Адамға мораль керек, ал Бірегей моралдың тар шанағынан аттап өтеді. Бәлкім, Ф.Ницше эволюция теориясының ықпалына ұшырағандықтан болар, "мораль дегеніміз әлсіздердің этикасы" дегеннен айнымады. Әлсіз қортықтар күштілерді жеңе алмағанда моральдық құндақ арқылы күштілерді тұсап, өз қауіпсіздігін сақтағысы келеді. Бірегей әлсіздерге жанашырлық танытпайды, ол әлсіздердің құрып жоғалуын күйттейді. Ф.Ницшенің ойынша әлсіз-қортықтар құрып жоғалуға тиіс, әлсіздер бекіткен мораль құндағын үзіп, қоғам Бірегейлік ұстанымға қарай ауысуы шынайы әділет есептеледі.

    Балалардың ой – өрісін дамытудағы математикалықойын-жаттығулар.Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ой-өрісі дамыған жанаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғымы «Жасаушы адам» ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату – оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады. 

    Маркузеге Гегель, Маркс, Ницше, Фрейд идеялары үлкен әсер етті. Ол жеке адамның бостандығына қатер төндіретін индустриалды қоғам мәдениетіне қарсы бағытталған "сыни теорияны" жасауға қатысты. Ол "бір өлшемді қоғам" және "бір өлшемді адам" ұғымдарын енгізді. Бір өлшемді қоғам деғеніміз - бұрынғы адамгершілік құндылықтарының бәрінен айырылған, басты құндылығы индустриалды даму болып табылатын тоталдық жүйе; бұл қоғам жүйенің өз ішіндегі қандай да бір еркіндікке шек коя отырып, "сыртқы еркіңдік" үшін күреседі. Бірақ күрес қанша нақты жүргізілгенімен, адамға еркіндік берілмейді. Бір өлшемді қалып-күйден шығарылу үшін мәдени құндылықтардын өзгеруі және "ішкі еркіндікті" таба алу кажет. Бір өлшемді қоғам саяси және рухани теңгермешілдік катерлі тенденциясын тудырды және бүған "бір өлшемді" адамның қалыптасуына кінәлі құқьіқ пен бостаңдықтың мән-мағынасына деген парықсыздығымен ғылыми, оқу-ағарту, білім мүмкіндіктердің тудырды.Бір өлшемді қоғам, бір есептен, конструктивтіліктің жоқтығынан қалыптасты, ал бұл оппозицияның болмауына әкеп соқтырды. Бір өлшемді қоғамның қауіптілігі — ол ерекше "адам типін", ештеңе айта алмайтын және айтқысы келмейтін, мемлекеттік құрылымдарға толық тәуелді адамды тудырады. Жалпылық қоғамда сананы баспасөз, теледидар, радио, жарнама, сән және т.б. арқылы қалыптастыру өдістері қоғам мүшелерінің пікірлері мен қажеттіліктерін ғана емес, ішкі сезімдері мен ақылдан тыс реакцияларын да манипуляциялайды .

    Сократ философиясындағы адам мәселесі. Софистер және Сократ. 
    Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. Сократ: «өзіңді өзің танып біл» деген тұжырымды ұстанған. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде.


    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2008.

    2. Мырзалы С. Философия. А., 2008.

    3. Қ.Ермеков. Философия негіздері. А., 2000ж.

    4. Тұрғынбаев Ә. Философия. А.2008.

    5. Философиялық сөздік. А., 1996ж.

    6. Ғабитов Т.Х. Философия. Оқулық. А., 2008 ж.

    7. Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. –Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта