Главная страница
Навигация по странице:

  • 10.дәріс Еркіндік философиясы

  • 1.Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.

  • 2.Тұлғаны, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.

  • 3.Алаш қайраткерлерінің философиясы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.

  • Философия лекция. Ойлау мдениеті Ойлау


    Скачать 247.92 Kb.
    НазваниеОйлау мдениеті Ойлау
    Дата19.05.2022
    Размер247.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия лекция .docx
    ТипДокументы
    #538343
    страница9 из 13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

    Сабыр — адам мінез-құлқына тән байыптылық пен ұстамдылықты білдіретін асыл қасиет.

    “Сабыр түбі — сары алтын”, “Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа” деген халық даналығында сабырлылық адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет ретінде айқындалады. Сабырлылық қажыр-қайратпен ұштасып, ер бойындағы ар, ұждан, ынсап сияқты қасиеттерге негіз болады. Сабырлылық әрбір істің ақырын ниет ақтығына табан тіреп, әділеттілікке сенімін жоғалтпай күтіп, байсалды әрекет жасаудан көрінеді. Сабырлылық өз ісінің ақтығына сенімді, ниет-тілеуі түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарап, мойымайтын адамға тән. Сабырлылықтың қажыр-қайратпен оның адам бойындағы бойкүйездік, немқұрайдылық, еріншектік сияқты жаман қасиеттермен ымыраласпайтындығының негізгі белгісі. Себебі аталмыш жаман қасиеттер үмітсіздіктен, торығудан, жасып, жабығудан, тоғышарлықтан туындайды. Сабырлылыққа қарама-қарсы тағы бір ұғым орынсыз ашушаңдық болса, ол адамның ақылға жүгінбей, шолақ ойлар байыпсыздығының, салмақсыздығының көрінісі. Сондықтан да сабырлылық адами кемелдіктің белгісі ретінде ақылды — азық, қайратты — қару, иманды — серік еткен ер бойынан байыптылық, ар-ұят, ынсап ретінде табылатын асыл қасиет.

    Әділет – жақсы мінездердің ең құндысы. Әділ адам – адамдардың ең жақсысы. Әділет – келісушілік, тепетеңдік деген сөз. Әділет болғанда екі нәрсенің не өздері немесе сипаттары тең болады. Бұл ұқсас жерлерінде біріккен деген сөз. Демек, әділет бірліктен, тек бір болудан туындайды. Әлемде кездесетін әрбір бір болу, шынайы жалғыздың болмысына ұқсайды. Әр болмыс, сол бір болған болмыстан пайда болғаны сияқты, әр бірлік те сол бірден пайда болады. Ал өлшеу, салыстыру істерінде теңдік сияқты құрметтісі, қадірлісі жоқ. Музыка саласында бұл мәселе кеңірек зерттелуде. Міне осы себептен, жақсылықтардың ең қадірлісі – әділет. Әділет – ортада болу деген сөз. Ортадан айырылатын болса, әділет болмайды.

    пікір

    Этика.Құндылықтар философиясы

    ҚұндылықұғымынатұңғышфилосиялықанықтаманыР.Лотце мен Г.Когенберді. Ежелгіфилосиялықкөзқарастардақұндылықтыңәртүрлікөріністерінежататынжәнетабиғи, қоғамдыққұбылыстарды, адамныңіс-әрекетінбағалаудапайдаланылатын сұлулыққайырымдылықмейірімділіксекілдіэтикалықжәнеэстетикалықұғымдарқолданылды.

    Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді.

    Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.

    Конфуцийілімініңерекшелігісол, оладамгершілікмәселелерінбіріншікезеккеқойған. Ал рух, аспанденелерініңқозғалузаңдылықтарынаешкөңілбөлмейді. «Өмірдің не екенінбілмейжатып, өлімнің, рухтың не екенінқайданбілейік», — дегенекенол. Алайда, көктіпіртұтқандығыақиқат, көктәңірісінеқұрбандықшалудыоғандегенадамдардыңкөрсеткенқұрметідептүсінген. КейінненҚытайдың «аспанасты империя» депаталуынада осы ұғымөзәсерінтигізгенсыңайлы.

    Жоғарыдаайтылыпөткендей, Конфуций өзілімінадамғабағыттаған. Ол – алғашретадамныңкісіліктұлғасытуралы ой қозғаған философ. Үлгітұтуғажарайтын ер адамныңадамгершілігі (жень), үлкендісыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрдіқұрметтұту (ли) жоғарғыдәрежедеболуытиіс. Адам тумысынанжаманболыптумайды, оны жаман да, жақсы да қылатынөскенортасы. Конфуций мемлекетті де үлкенотбасыдептүсіндірген. Оныңілімі, жалпыалғанда, үстемтаптыңмүддесінқорғады, құлдықтысөкеткөрмеді, сондықтан да ұзақжылдарбойымемлекеттікресмиидеологияғаайналып, Қытайдағықоғамдықөмірдіңбарлықсалаларынаөзәсерінтигізді.

    ЖүсіпБаласағүниның“Құттыбілігінде” өмірмәніпайымдалып, жалпыадамзаттықруханибайлықтар – мұрат, дін, этика, өнержәнеданалықтыңмәнісараланған. ЖүсіпБаласағүниақиқатқажетужолын адам мен әлемнің, ұлығалам мен микроғаламныңүйлесімдіболуытуралықағидағанегіздейді. Төртқұдірет – от, су, ауа, жержайлыежелгідәуірдіңфилософиялықтүсінігінесүйенеотырып, ойшыләлем осы төрттағанныңүйлесіміненжаралғандепсанайды. ОсындайтағыбіртөрттағанЖүсіпБаласағүниныңқоғамтуралыойларында, яғниқазіргітүсініктегәлеум. философиясындаәділет, бақыт, ақылжәнеқанағатретіндебейнеленіп, “Құттыбіліктің” төрткейіпкерініңбойынажинақталған. Ғалам мен микроғаламныңтұтастығы, барабарлығытуралы ой ЖүсіпБаласағүнидүниетанымыныңөнебойынанбайқалады. Бұлжалғандүниеніақылтезінесалыптүзетугеболатынына да сенгенғұламаәлемдікүйлесімділікнегізіндеәділеттіадамзатқоғамынқұрудыармандады. Сондықтанолғылым мен білімгезормән берген. ЖүсіпБаласағүнижалпығаортақпарасаттыңтанымныңнәтижесіретіндегібілімгекөшуі адам мүмкіндігініңжүзегеасуыдепбіледі. Ғұламабілімніңтуабітетіндігіжайлыпікіргеқарсышығып, оғанпарасаттыіс-әрекеттіңнәтижесіндеқолжеткізугеболатынынасенеді. Білімгемолынансусындаған адам ғанакөпнәрсегеқолжеткізеалады. Оныңпікірінше, білім – даналық, денсаулықжәне жан толысуы. ЖүсіпБаласағүнидіңойынша, қоғамқұрылымындағыкемелдіктіңөлшеміәлеум. тәртіпбұзылғандағанакөзгетүсебастайды. Солкездежаңамұраттар мен ұрандарпайдаболып, халыққолдауынаиеболады. Олқоғамдыққұрылымныңкемелдігін жеке адамныңбостандығы, тәуелсіздігіанықтайдыдепсанады. ЖүсіпБаласағүниөзініңәлеуметтікфилософиясындақоғамдағыкемелдіктіңнегіздері мен ісжүзіндегікөріністерінөзаратығызбайланыстақарастырады. Танымдағыкемелдік – білік, оныңісжүзіндегікөрінісі – укушдепбіледіол. ЖүсіпБаласағүниөзеңбегіндезердегеайрықшатоқталған. “Құттыбілікте” ол, еңалдымен, даналықяғниқазіргітүсініктегітеориялықзердетуралы ой толғап, даналықтабиғатын, оныңерекшелігін, туабіткенқабілеттер мен кейінгібілімжинақтаудағыадамныңөзрөлі, танымпроцесіндеақиқатқаұмтылу, т.б. мәселелердіқарастырады. ҒұламаөзтуындысынШығысперепатизмініңарнасында, сопылықағымныңқуаттыықпалыменжазыпшыққан. Ойлауқызметі тек адамғағанатән, жануарлардажоққасиетдепбіледіол. Егерсезімалдамшыболса, ондаоғантолықсенугеболмайды, ал ақыл, зердеәрқашанадамғақызмететеді, оныңжалғандығыжоқ. “Құттыбіліктің” негізгіайтаройы – адамның адами жетілуі мен кісіліккемелденуі, соларқылымемлекет пен қоғамдықуатты, мықты, құттыету. Кісіліккемелденужолынатүскен адам – өзініңқасиетіне, қалыбы мен негізінемейліншежақындағанасыл жан. 


    Пайдаланған әдебиеттер:

    Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2000.

    Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Құр. Әбішев Қ. Алматы, 1997.

    Выгодский Л. С. Развития высших нервных функции. М.: 1990.

    Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 тт. Алматы, 1994-2004.

    Категория мышления и индивидуальное развития. Алматы, 1991.

    Кішібеков Д. К., Кішібеков Т. Д. Речь и писменность: Трансформация звуко-

    знаковых систем. Алматы, 2004

    10.дәріс Еркіндік философиясы

    Жоспар:

    1.Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.

    2.Тұлғаны, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.

    3.Алаш қайраткерлерінің философиясы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.

    4.Пайдаланылған әдебиеттер.

    1.Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.

    Еркіндік - мәңгілік мәселе. Адамның шынайылығы—оның еркіндігінде.Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.) байланысты болып келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік саласындағы негізгі принципі — жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы. Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

    2.Тұлғаны, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.

    Бостандық дегеніміз – барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғы шарты – адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі. Өмір сүрудің жаңа, қазіргі кезеңінде табиғат пен әлеуметте еркіндік түсінігін терең түсіну қажеттілігі баю үстінде.Еркін болу – яғни, әлемде толық және ақылды болып қалуға мүмкіндік беретін шынайы тосқауылдарды түсіне білу, ал адам әлемді жасаушы объективті заңдарға сәйкес іс әрекет жасау керек.Э.Фромм еркіндікті адамның негізгі өсу мен даму жағдайы деп санаған. Ол – адам бас тарта алмайтын ұлы сый және ауыртпалық. Еркіндік – адамның өзінің іс әрекетіне жауапкершілік таныта отырып таңдаған альтернативаларды саналы ұғынуымен байланысты. Қазіргі философтар мен психологтардың зерттеулері бойынша жауапкершілік ересек тұлғаның әлеуметтік мінез құлқын ішкі реттеушісі ретінде орын алады деп қорытынды жасаған. Мұнда әңгіме жас жайында емес, оның тұлғалық өсуінде болып отыр. Кішкене бала үшін қажетті сыртқы жағдайлар мен шектеулер орын алатын болса, ал ересекте тұлғаның өзінің еркін қабылдаған мақсаттары мен құндылықтары болып табылады. Ересектер үшін сыртқы стимулдар мен еске түсірулер қажет емес. Тұлғаның ішкі еркіндігі, бостандығы оның жауапкершілігімен шектелмейді, керісінше, жауапкершілігінің арқасында мәнге және мазмұнға ие болады. Жауапкершіліктің дамымауы немесе оның тіптен болмауы адамға толығымен еркін тұлға болуға кедергі жасайды, бірақ, сонымен бірге ол оны жағдайларға құл етіп, ішкі бақылауға тәуелді етеді.Сонымен еркіндік мәселесі жауапкершілік мәселесімен тығыз байланысты.Жауапкершілік – еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің потенциалын аша алады.Сонымен, жоғарыда тұлға жайында айтылғандардың барлығын қоса келе, оның қалыптасуына әсер ететін факторларды бөліп көрсетеміз.

    Олар:

    адамның өзінің қабілеттілігі мен нышандарын көрсете білуге мүмкіндік жасайтын іс әрекеті;

    адамның басқа адамдармен ауызба- ауыз сөйлесуі кезінде ғана емес, адамзаттың адами қасиеттерін, салт дәстүрлері, әлеуметтік нормалар мен ережелерді меңгеруі арқылы көрінетін, болатын қарым -қатынасы;

    жеке және әлеуметтік мінез құлық жауапкершілік әдістері мен формаларын болып жатқан жағдайларға байланысты таңдап алуда көрінетін адамның шығармашылығы, мұны еркіндік сөзінің синонимі деп алуға да болады.

    Мінекей осы факторларды адам негізгі қоғамдық рөлдерді меңгеруі арқылы әлеуметтену процесінде дамытады.

    3.Алаш қайраткерлерінің философиясы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.

    Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш идеясы әсірешіл ұраншыл қазақтың ойы емес, жалпыадамзаттық құндылық этикасын сақтай отырып, отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шақыру болатын. Тарихшы Мәмбет Қойгелді «Тарих - күрес алаңы» кітабында Алаш идеясы жайында: «Қазақ ұлтшылдығының өзекті жібі, діңгекті ойы «менің ұлтым өзгеден ерекше, артық» сияқты мазмұндағы ұран болған жоқ. Ол елім деген қазақтың оқыған азаматының надандық пен отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шығару, өзгемен тең ету жолындағы қызметке әзірлігін білдіретін шешімі және осы мақсат үшін күреске шақырған үндеуі болатын», – дейді. Және сондай-ақ «Қазақ ұлтшылдығының концептуалдық деңгейде және жалпыадамзаттық құндылықтар арнасында қалыптасып, оны ұлт зиялыларының сенім және күрес қаруы дәрежесіне жеткізу ісінде Әлихан Бөкейхан жетекші рөл атқарды» дегенді де М. Қойгелді зерттеулерінде жиі келтіріп отырады.  «Әлихан Бөкейхан жай қатардағы ұлт азаттық қозғалысысының белсенді тұлғасы емес. Ол – жаңа мазмұн, сипаттағы қазақ азаттық қозғалысының негізін қалаушы көш бастаушысы, лидері. Оның азаттық қозғалысын жаңа интеллектуалдық деңгейге көтеру ісіндегі еңбегін кезінде бүкіл ел-жұрты, патшалық және советтік биліктер мойындаған», –деп жазды алаштанушы ғалым М.Қойгелді.  Алаш үкіметі үшін жетекші рөл атқарған Әлихан Бөкейханның қызметін тіптен қарсыластары да мойындады. Сондай оппенттердің бірі Бақытжан Қаратаев Бөкейханға жолдаған хатында: «Меніңше жалғыз сен ғана халықтың ықыласына лайықсың. Жалғыз сен ғана халқым үшін қызмет жасадым деп айтуға хақылысың», – деп жазды. 
    Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Ол тұста қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру жөн-жосығын білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Соның арқасында Алаш идеясын аясында мыңдаған қазақтың басы бірікті. Мұхтар Құл-Мұхаммед «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» атты еңбегінде: «Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындғы жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олардың басым көпшілігі ғылымға емес – утопияға, демократияға емес – авторитаризмге негізделген большевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат еткен «Алаш» партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы – «Алаш Орда» үкіметін құрып, ұлттық-аумақтық негіздегі «Алаш автономиясы» мемлекеттігін жариялауға талпыныс жасады».  Бұл идея сол уақыттағы советтік-тоталитарлық жүйеге ұнамады. XX ғасырдың басында қалыптасқан Ұлттық идеяны советтік билік өз қолымен тұншықтырып, саяси көшбасшылар мен ұлт зиялыларына қуғын-сүргін ұшыратты. «Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған XX ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, құқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы жабық тақырып саналып, зерделі зерттеулерге обьект бола алмады», – дейді алаш қайраткерлері тақырыбында сүбелі үлес қосқан ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммед.  Әлихан Бөкейхан Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру идеясы қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, халықтың сана-сезімін оята жүріп, бодандық құрсауын бұзып шығуға болатынын көрсетті. Жемісін Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көрді. Бүгінгі билік сол идеяны мойындамаса да, Әлиханды ұлт көсемі ретінде тани алмаса да, Алаш көсемінің құрған мемлекетінде өмір сүріп отыр. Ұлы «Орыс идеясы» іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында қалыптасты. Өркенін жайды.  Ұлттық идея негізінен XX ғасырдың басында әлемдегі, Ресейдегі геосаяси жағдайдың өзгеруімен жүзеге асқанымен, оның әлеуметтік, саяси, рухани тамыры ғасырлар тереңінен бастау алғанын ұмытпаған абзал. 
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    написать администратору сайта