Главная страница
Навигация по странице:

  • Философия дегеніміз

  • 3.Философияның анықтамасы, түрі мен бағыттарының сан қырлылығы.

  • Теоцентризм

  • 3.дәрісДүниені философиялық түсінудің негіздері.Сана, рух және тіл.

  • Ақыл

  • Философия лекция. Ойлау мдениеті Ойлау


    Скачать 247.92 Kb.
    НазваниеОйлау мдениеті Ойлау
    Дата19.05.2022
    Размер247.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия лекция .docx
    ТипДокументы
    #538343
    страница2 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Миф–бұл:
    1)   Қоғамдық сана, қоғамның қарапайым рухани формасы; 
    2)   Бастапқы білім, сенімнің элементтері, саяси көзқарастар, өнердің әр-түрлі түрлері мен өзіндік философияға байланысқан адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы формасы.
    3)    Сол дәуірдегі дүниені қабылдау және дүниені түсіндірудің сананың ортақ синкретикалық формасы.
       Дін (Теоцентризм) – дүниетанымның тарихи, әлеуметтік және психологиялық негізделген типі. Оның негізінде дүниеге қөзқарастың қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешу және «о дүниелік» күшке деген сенім жатар.
       Философия дүниетанымның рефлексивті типіне жатады. Адамның бұл өмірдегі орны мен дүниеге көзқарасы жайлы ойлаулардан тұрады. Өзінің ойлауына, өзінің санасына, ішкі жан дүниесіне сырттай қараған көзқарас – философиялық сананың бір қыры.
    Философияның негізгі бөлімдері.

    Философия дегеніміз – табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия пәнін осылай түсінумен бірге, ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.
    Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):
    1. Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) – болмыс туралы ілім.
    2. Гносеология (гр. gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.
    3. Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.
    Философияның пәндері:
    1. Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мәселелері).
    2. Антропология философиясы - адам болмысы.
    3. Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі.
    4. Тарих философиясы.
    5. Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі.
    6. Дін философиясы. 

    Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.

    Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.[

    Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды факторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және оның өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.

    Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.

    Эпистемология (көне грекше: ἐπιστήμη — «ғылым» және көне грекше: λόγος — «сөз») немесе гносеология (көне грекше: γνῶσις — «білім» және λόγος — «слово», «речь») немесе таным теориясы— философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.

     Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды. Әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді. ХІХ ғасыр философиясында әлеуметтік философия онтологияны, гносеологияны, философиялық антропологияны, этиканы толықтырып отыратын қосалқы пән ретінде дамыған. Дүрбелеңге толы XX ғасырда әлеуметтік философияның қоғамдық маңызы аса түскенін атап айтуымыз қажет. Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы. Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен‚ қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі, шым-шытырық, тіпті шатасылған, онда күтпегендік жиі болып тұрады. Ол әртүрлі көріністерге өте бай, оның көріністерінің терең қабаттарына бойлай отырып, ондағы заңдылықтарды анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек.
    3.Философияның анықтамасы, түрі мен бағыттарының сан қырлылығы.

    Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананыңформасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлемқоршаған ортақоғамдін,ділбілімсаясатмәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққадеген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі ҮндістанҚытай жәнеГрекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.

    Философия дүниеге көзқарастың бір түрі.Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

    Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.

    Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.

    Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

    Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

    Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).

    Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

    Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.

    Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.

    Онтологиялық сұрақ - дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология - дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.

    Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.

    Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

    Материя — адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.

    Материалист - философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.

    Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.

    Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

    - Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

    - Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).

    Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.

    Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.

    Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализмдеизм саналады.

    Монизм(гр. Monos - біреу, жалғыз) – дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама - идея, сана. Материалистер үшін - материя алғашқы бастама болып табылады.

    Дуализм(лат. Duo - екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.

    Деизм- (лат. Dues - Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.

    Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.

    Гностицизм (гр. gnostos - білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.

    Агностицизм(гр. а - теріске шығару, ал gnostos - білім) - дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.

    Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып-білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

    Диалектика (гр. Diolegomai - әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).

    Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды.

    Метафизика - заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда - «физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).
    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.  Кішібеков Д. Философия. Алматы, 1991.

    2.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2002.

    3.  Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 1994.

    4.  Ғабитов Т.Х. Философия. Алматы, 2004.

    5.  Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Алматы, 2004.

    6.  Әбішов Қ. Философия. Алматы, 2001.

    7.  Қасабек А, Мұхабеталі Қ. Философия тарихы. Алматы, 1999.

    3.дәрісДүниені философиялық түсінудің негіздері.Сана, рух және тіл.

    Жоспары:

    Жан, ақыл, парасат, рух.

    Сананы онтологиялық түсіну.

    Ойлау және тіл.
    1.Жан, ақыл, парасат, рух.

    Жан — адамның ,жан-жануарлардың (кейдеөсімдіктердің де) бойындағытіршілікқуатытуралытүсінік. Жанныңзаттыққасиеттеріжоқболғандықтан, оны ғылымжолментанумүмкіндігішектеулі. Сондықтанжантуралыдінде,мифологиядафилософияда әртүрлітүсініктерқалыптасқан. Дінидүниетанымдаадамдарғажанберушіжәне оны алушы — Құдай. Бұлбарлықдіндергеортақтүсінік. Демекжаниесі —ҚұдайИслам философиясындажан— АлланыңнұрынемесеАлланыңнұрынанжанпайдаболады. Қалайболғанда да жанадамғақатыстыемес, ол Алла әміріменболатыніс. Жанныңтәнгетұрақтағанкезі “жалған” өмірболса, тәнненбөлініп “ұшып” кеткенсоң, ол “мәңгілік”. О дүниедежаратушысұрақтарынажауапберетін де жан Философия тарихындажантуралыкөптегенғұламаларпікірайтқан.Аристотель жантәнніңформасыдеген. Грек философы Плотин жантәнніңформасыемес, ол — ақылиесідейді. Оныңайтуыншаақылтәндеемес, жанда. ибн Сина өсімдіктержаны, хайуанаттаржаныжәнеадамдаржаныдепжіктеген. ибн Сина дүниетанымындаақылсызжандеген — түйсік, яғнихайуандаржаны, ал ақылдыжаниесі — адам. Мұндайжағдайдаөсімдікжанныңхайуанжанына, оданадамжанынаөтуі, немесекерісіншеболуымүмкінемес. Жанныңбірденеденекіншіденегеауысуыбуддадініндегітүсінік. Жан мифологияда, көркемөнердетүрліобраздарғанегізболған. Жанғақатысты философия тарихындағынегізгіпроблемалармынандай:

    Жанныңрастығы. Плотин жан субстанция деген. Жанныңрастығын Платон, Аристотель, ибн Сина, т.б. мойындаған;

    Жанжаратылмаған.жанжаратылғанболса, оныңөлімімойындалуыкерек. Жанөлімідегендінде, мифологиядажоқ;

    Жанныңмәңгілігі;

    Жанныңдаралығы. Жантуралыжазушылароныңдаралығынмойындайды.

    Ақыл— адамдыбасқатіршілікиелеріненерекшелейтін аса маңыздықасиет. Ежелгіойшылдареңбектеріндеақылдыңекідеңгейіболатыныайтылады. Ол — пайымжәнепарасат.

    Пайым— ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.

    Парасат— ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.


    Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философыКант зор үлес қосты. Олойлаужүйесініңүшқасиетінбөліпатайды:

    Жалпынытануқабілеті (тіршілікережелерінбелгілеуінемесеұғыпалуы) — пайымдылығы;

    Ерекшеніжалпыменбайланыстыруы (яғнижекежағдайлардыжалпыныңерекшелігінеендіруі) — тұжырымдауқабілеті;

    Ерекшеніжалпыарқылыанықтауқабілеті (яғнипринциптердішығаруқабілеті) — парасаттылығы.

    Ақыл-ой дамуыныңеңжоғарғыдәрежесі — даналық (өмірліктәжірибегесүйенетінтереңақыл). Адамныңкейбіринтеллектуалдыққызметтерін “жасандыинтеллектіге” беру — компьютерлердікеңіненқолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарайжетілдіреді.

    Парасат – жекетұлғаның қадір-қасиетін, кісіліккемелдігінбілдіретінжиынтықұғым.

    Әдетте, бұлсөзтілдерімізде ақылпайымсөздеріменқосарлана, қоссөзжасай: ақыл-парасат, парасат-пайымтүрінде де айтылады. Парасатсөзіжастардангөрікөбінеоң-солынажыратып, ақылтоқтатқан, сақажастағыжәнеүлкенадамдарғақатыстықолданылды. Олжекетұлғаныңинтелектуалдықжәнемінез-құлықжағынантолысып, жетілгендігін, жоғарымәдениеттілігінкөрсетеді. Француз философы Г.Мабли «Біздіңбойымызғабіткенқасиеттердіңішіндегіеңмаңыздысыжәнееңізгісі- парасат»,- дейді.

    Парасаттыадамғаістейтінісін, сөйлейтінсөзін, қабылдайтыншешіміналдыменақылтаразысынанөткізіпалу, әдеп-инабат, адамгершілікжағынанкінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кеңмінезділіктән. Сондықтанпарасатданалықұғымынажақын, көптегенавторларсолмәнде де қолданабереді. Басқақандайартықшылығыболғанымен, ұшқалақ, күйгелекмінездіадамдардыпарасаттыдемейді. Сонда парасатұғымыжекеадамныңтолысқанкемелдігініңбелгісіретіндеүлкен сана мен келістіәдетинабаттылығының, кең, бай мінезініңжарастытұтастығынбілдіреді.

    Рух деп біз адамның психикалық өмірінің биік, сапамен байланысты, оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз.

    Енді рухтың өмір сүру формаларына келер болсақ, уақытында оны Г. Гегель егжей – тегжейлі талдаған болатын. Ол оны субъективті, объективті және абсолютті рухтарға бөледі.

    Субъективті рух деп біз тарих сахнасыында өмір сүріп жатқан тірі өзіндік сана – сезімі бар адамды айтамыз. Рух жеке адамның психикалық ерекшеліктеріне сай қалыптасып, дамиды.

    Объективті рухқа біз белгілі бір әлеуметтік өауымның мойындаған ортақ құндылықтар әлемін жатқызамыз. Оған оның дүниесезімі, көзқарасы, этикалық, эстетикалық, саяси – құқықтық, философиялық т.с.с түсініктері, көңіл – күйі, идеялары жатады.

    Гегельдің уақытында айтқан абсолюттік рухы – ол кемеліне келіп жетіліп, өзінің шеңберіне қайта оралғанабсолюттік идеяның (Құдайдың) жердегі өмірмен ешқандай байланысы жоқ рухы.

    Сананы онтологиялық түсіну.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта