Кезең
| Оқытудың формалары, әдістері
| Мұғалімнің іс әрекеті
| Оқушының іс әрекеті
| Ұйымдас-тыру
| Жеке жұмыс
(Ауызша)
| Ауызша сұрау
-Қарапайым программаның қатесін қалай тексеруге болады?
-Қатені тексеру және қадамдық әдіспен қатені тексерудің қандай айырмашылықтары бар?
-Программада қандай қателер болады?
-Қатені тексеру құралдары қай мәзірде орналасқан?
| Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
| Үй жұмысын тексеру
| "Сағат дос" әдісі
| Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
| Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
| Жана сабақ
| топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
| Файл - біртиптегі байттардың тізбегі.
Файл сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қапшық» дегенді білдіреді. Файлға жататындар: программалар, мәліметтер немесе олардың бөлігі. Файл атауы өзара нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігі өз атауы, екіншібөлігі кеңейтілуі.
Файлдың ақпарат өлшемін бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас нысан ретінде файлдармен жазу, өшіру (жою), даярлау, көшіру, қайта ат қою операцияларын жүргізуге болады. Сыртқы тасушыдағының барлығы файл түрінде сақталады, олар: амалдық жүйелер, қолданбалы программалар, программалар жүйесі. Visual Basic тілінде бірнеше файл бар.
Сондықтан кез келген программаны қолданғанда мәліметтермен жұмыс жасаймыз, егер мәліметтер керек болса, оларды арнайы файлдарда сақтауға болады. Осы сақталған файлдарды ашып оқуға және өзгертулер енгізугеболады.
Файлдар 2 түрге бөлінеді:
1. Тізбектей қатынайтын файлдар.
2. Ерікті қатынайтын файлдар.
Тізбектей қатынайтын файлдарға аудиотаспаларды жатқызуға болады. Мұнда керекті әндерді тыңдау үшін таспаны айналдырып, кезекті әнді тыңдауға болады.
Тізбектей қатынайтын файлдар
Тізбектей қатынайтын файлдар операторларының қызметі:
файлға жаңадан мәлімет жазу үшін, файлдан мәліметті оқу үшін операторлар файлды ашады; файлдан керексіз жерлерді алып тастау үшін; файлдармен жұмысты аяқтаған кезде, файлды жабуоператоры бар.
Файлмен жұмыс істеу барысында файлдық жүйеменқалай байланысқанын білуіміз қажет.
| Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
| Қорытынды кезең
| Жеке жұмыс
| Бақылау сурақтары
Файл дегеніміз не? Файл атауы неден тұрады? Қажетті мәліметтер қалай сақталады? Тізбектей қатынайтын файлдар операторларыныц қызметін сипаттаңдар. Файлды ашу, жазу, жабу бұйрықтары қалай жүзеге асырылады? Файлдың түрлерін атаңдар.
| Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
| Бағалау
|
| Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау
| Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
| Үйге тапсырма
|
| Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Файл, файлдарды сақтау және ашу
| Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
| Қысқа мерзімді сабақ жоспары №21
Пәні: Информатика
| Сыныбы:10
| Мерзімі:
| Пән мұғалімі: Г.Ерниязова
| Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
Тақырыбы: Графикалық әдістер мен процедуралар
| Мақсаты: Оқушыларға графикалық файлдарды қолдану тәсілдері жайлы түсінік беріп, нысанға қалай нүкте, сызық, шеңбер салу тәсілдерінүйретіп, меңгерту.
| Түйінді идея: Графикалық әдістер мен процедуралар
| Күтілетін нәтиже: Оқушылар графикалық файлдарды қолдану тәсілдері жайлы біледі, нысанға қалай нүкте, сызық, шеңбер салу тәсілдерін үйреніп, меңгереді.
| Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
|
Кезең
| Оқытудың формалары, әдістері
| Мұғалімнің іс әрекеті
| Оқушының іс әрекеті
| Ұйымдас-тыру
| Жеке жұмыс
(Ауызша)
| Бақылау сурақтары
Файл дегеніміз не? Файл атауы неден тұрады? Қажетті мәліметтер қалай сақталады? Тізбектей қатынайтын файлдар операторларыныц қызметін сипаттаңдар. Файлды ашу, жазу, жабу бұйрықтары қалай жүзеге асырылады? Файлдың түрлерін атаңдар.
| Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
| Үй жұмысын тексеру
| "Сағат дос" әдісі
| Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
| Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
| Жана сабақ
| топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
| Visual Basic тілі графикалық файлдарды қолданудың 3 тәсілін ұсынады:
1. Кез келген графикалық редакторда салынған суреттерді және компьютердің жадында сақталған графикалық файлдарды көшіріп немесе адресі бойынша сілтеме жасау арқылы пішінге немесе PictureBox графикалық терезесіне файлдарды кірістіруімізге болады.
2.ТооlВох құрал-саймандар тақтасынан Line (сызық) және Shape (фигура) басқару элементтерін кірістіру арқылы.
3. Пішін мен PictureBox нысандарына графикалық әдістер арқылы нүкте, сызық, төртбүрыш, шеңбер, эллипс, бұрыш, доғалар салуға болады. Графикалық пішіндерді салу үшін графикалық әдістерді қолданып, процедура жазамыз.
Scaleәдісі
Scale әдісі жаңа координаталарды ұсынады. Scale әдісін қолданғанда Picture Box пен Пішін абсолютті координатаға ие болады, олардың өлшемі (ені мен биіктігі) арнайы твип өлшем бірлігімен өлшенеді. Ал Scale әдісі жаңа координаталар жүйесінде салынады (43-сурет).
Scale әдісінің жазылуы:
[нысанның аты] Scale (X1, У1) – (Х2, Ү2)
Pset әдісі
Pset әдісі нысанға нүкте салуға мүмкіндік береді, Pset әдісінің жазылуы:
[нысанның аты]. Pset (X, Ү) [түсі]
Line әдісі
Lineәдісі нысанға түзу сызықтар және іші боялған немесе боялмаған төртбұрыштар салады. Lineәдісінің жазылуы:
[нысанның аты]. Line (X1, Ү1) – (Х2, Ү2) [, түсі] [,белгі]
Circle әдісі
Нысанға шеңбер, доға, эллипс, сектор салу үшін Circleәдісін қолданамыз. Circle әдісінің жазылуы:
[нысанның аты] Circle (X, Ү), радиус [, түсі] [, 1-ші бұрыш, 2-ші бұрыш] [сығу коэффициенті]]]
| Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
| Қорытынды кезең
| Жеке жұмыс
| Бақылау сурақтары
VisualBasicтілі графикалық файлдарды қолданудыңқанша тәсілін ұсынады? Графикалық әдістің графикалық файлдардан қандай айырмашылығы бар? PictureBoxжәне Imageэлементтерінің айырмашылығы неде? Қандайграфикалық әдістердібілесіңдер?
Графиканың процедурасын жазғанда қандай функциялар қолданылады?
| Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
| Бағалау
|
| Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау
| Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
| Үйге тапсырма
|
| Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Графикалық әдістер мен процедуралар
| Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
| Қысқа мерзімді сабақ жоспары №22
Пәні: Информатика
| Сыныбы:10
| Мерзімі:
| Пән мұғалімі: Г.Ерниязова
| Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
Тақырыбы: Пішінге Line (Түзу) және Shape (Фигура) графикалық нысандары арқылы фигураларды кірістіру
| Мақсаты: Оқушыларға графикалық нысандар арқылы фигураларды кірістіру тәсілдері жайлы түсінік беріп, нысанға қалай нүкте, сызық, шеңбер салу тәсілдерінүйретіп, меңгерту.
| Түйінді идея: Line (Түзу) және Shape (Фигура) графикалық нысандар
| Күтілетін нәтиже: Оқушылар графикалық нысандар арқылы фигураларды кірістіру тәсілдері жайлы біледі, нысанға қалай нүкте, сызық, шеңбер салу тәсілдерін үйреніп, меңгереді.
| Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
|
Кезең
| Оқытудың формалары, әдістері
| Мұғалімнің іс әрекеті
| Оқушының іс әрекеті
| Ұйымдас-тыру
| Жеке жұмыс
(Ауызша)
| Бақылау сурақтары
VisualBasicтілі графикалық файлдарды қолданудыңқанша тәсілін ұсынады? Графикалық әдістің графикалық файлдардан қандай айырмашылығы бар? PictureBoxжәне Imageэлементтерінің айырмашылығы неде? Қандайграфикалық әдістердібілесіңдер?
Графиканың процедурасын жазғанда қандай функциялар қолданылады?
| Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
| Үй жұмысын тексеру
| "Сағат дос" әдісі
| Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
| Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
| Жана сабақ
| топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
| Visual Basic тілі арқылы пішінге кез келген графикалық редакторда салынған суреттерді, дайын суреттерді немесе басқа да кез келген графикалың файлдарды енгізуге болады. Ол үшін пішінге Image немесе Picture Box элементтерін орнатып, керекті файлдардың адресіне сілтеме көрсету керек. Егер пішінге Image батырмасын орналастырып қасиеттер терезесінен Picture батырмасын шертсек, файдар жинағының адрестік диалогтік терезесі пайда болады. Осы жерден файл адресін таңдап алып, Ашу (Открыть) батырмасын шертсек, автоматты түрде файл элементке орналасады, бірақ өлшемдері үлкен болуы мүмкін. Сондықтан биіктігі (Height) мен енін (Width) қасиеттер терезесі арқылы немесе кодтау арқылы өзгертеміз. Пішінге файл кірістіргенде пішіннің екі жағынан айналдыру жолағы пайда болады.
Line(Түзу) нысаны пішінде түзу сызықтар салу үшін қолданылады. Түзудің сыртқы түрін BorderWidth (қалыңдығы), Border Style (сызық типі), BorderColor (түсі), Visible (көрінуі) қасиеттерімен сипатталады.
Shape(Фигура) нысаныгеометриялық фигуралар салуда қолданылады. Shape нысанының негізгі қасиеттері: Backstyle, ол екі мәнді береді, 0 – Transparent (мөлдір) және 1 – Oraque (мөлдір емес), BorderColor (контурдың түсі), BackColor (фигураның түсі), FillColor (құю түсі), FillStyle (бояу типі), Visible (көрінуі).
1-мысал.Көк түсті туды бейнелейтін графикалық сурет салыңдар.
Орындалу тәртібі:
Line (Түзу) нысанын белгілеп алып, пішінге вертикаль бойы созамыз. BorderColor қасиетіне ақ, BorderWidth қасиетіне 2 мәнін береміз. Shape (Фигура) нысанын белгілеп алып, төртбұрыш сызамыз. Shape қасиетіне – Rectangle, FillStyle қасиетіне – Solid, FillColor қасиетіне ақ, BorderColor қасиетіне ақ түстерін береміз.
Ақ түске боялған төртбұрыш салынады.
| Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
| Қорытынды кезең
| Жеке жұмыс
| Бақылаусұрақтары
Line(Түзу) нысаны не үшіп қолданылады? Shape(Фигура) нысаны арқылы не салуға болады? Туды салу процедурасында Rectangleдеген нені білдіреді? Мұнда қандай процедуралар қолданылған? FillStyleқасиетпіндегі Solidдеген нені білдіреді? Күннің суретін салу үшін қандай фигуралар қажет? Күннің түсін сарыға бояу үшін пайдаланылатын қасиеттерді атаңдар.
| Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
| Бағалау
|
| Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау
| Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
| Үйге тапсырма
|
| Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Пішінге Line (Түзу) және Shape (Фигура) графикалық нысандары арқылы фигураларды кірістіру
| Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
| |