Қысқа мерзімді сабақ жоспары №27
Пәні: Информатика
| Сыныбы:10
| Мерзімі:
| Пән мұғалімі: Г.Ерниязова
| Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
Тақырыбы: Программа интерфейсі, нысандар
| Мақсаты: Оқушыларға мультимедия ұғымы жайлы түсінік беріп, нысанға қалай нүкте, сызық, шеңбер салу тәсілдерін үйретіп, меңгерту.
| Түйінді идея: Blender
| Күтілетін нәтиже: Оқушылар мультимедиа ұғымы жайлы біледі, интерфейсті қолдану тәсілдерін үйреніп, меңгереді.
| Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
|
Кезең
| Оқытудың формалары, әдістері
| Мұғалімнің іс әрекеті
| Оқушының іс әрекеті
| Ұйымдас-тыру
| Жеке жұмыс
(Ауызша)
| Бақылаусұрақтары
- Виртуалдық деген не?
- Модельдеудің мақсаты қандай?
-Үшөлшемді графикада қандай компьютерлік модельдеу түрлері бар?.
| Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
| Үй жұмысын тексеру
| "Сағат дос" әдісі
| Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
| Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
| Жана сабақ
| топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
| Blender программасы - үшөлшемді компьютерлік графиканы құруға, анимация, және интерактивті қосымшалар жасауға арналған программа.
3D Blender программасының интерфейсі 3 бөліктен тұрады:
1. Мәзір қатары
2. 3D көрінісінің терезесі
3. Батырмалар панелі
Сахнадағы нысандар: текше, шам және камера.
Текше - терезенің ккөрініп тұрған нысаны.Егер ол сізге керегі жоқ болса оны алып тастауға да болады.Шам жарық көзі қызметін атқарады, ал камера кескіннің соңғы көрінісін көрсетуге керек. Камера арқылы кескінді әртүрлі бұрыштан көре аламыз.
Рендеринг. Сахнада құрылған нысанды сурет деп айта аламыз. Графикалық кескінді алу үшін рендеринг жүргізіледі.
| Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
| Қорытынды кезең
| Жеке жұмыс
| Бақылау сұрақтары
- Blender программасы не үшін қолданылады?
-Рендеринг қандай қызмет атқарады?
-Бірнеше нысанды қалай біріктіруге болады?
| Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
| Бағалау
|
| Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау
| Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
| Үйге тапсырма
|
| Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Программа интерфейсі, нысандар
| Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
| Қысқа мерзімді сабақ жоспары №28
Пәні: Информатика
| Сыныбы:10
| Мерзімі:
| Пән мұғалімі: Г.Ерниязова
| Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
Тақырыбы: Сығып шығару. Бөлімшелер.
| Мақсаты: Оқушыларға мультимедия ұғымы жайлы түсінік беріп, нысанға қалай нүкте, сызық, шеңбер салу тәсілдерін үйретіп, меңгерту.
| Түйінді идея: Мультимедиа
| Күтілетін нәтиже: Оқушылар мультимедиа ұғымы жайлы біледі, интерфейсті қолдану тәсілдерін үйреніп, меңгереді.
| Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
|
Кезең
| Оқытудың формалары, әдістері
| Мұғалімнің іс әрекеті
| Оқушының іс әрекеті
| Ұйымдас-тыру
| Жеке жұмыс
(Ауызша)
| Бақылау сұрақтары
- Blender программасы не үшін қолданылады?
-Рендеринг қандай қызмет атқарады?
-Бірнеше нысанды қалай біріктіруге болады?
| Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
| Үй жұмысын тексеру
| "Сағат дос" әдісі
| Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
| Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
| Жана сабақ
| топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
| Кез келген 3D модельдеу ортасы дайын шаблон нысандарымен шектеулі қамтылады. Мысалы, Blender-ден текше, шар, конус, маймылдың басы сияқты нысандар табылса да, пианино, үстелисияқты нысандар жоқ. Яғни, бұл программада толып жатқан примитивтер ғана бар деген сөз. Сонда мультфильмдерден көрінетін мультипликация кейіпкерлері және т.б. нысандар қалай жасалады? Оларды mesh - нысандарды әртүрлі құралдарды пайдалана отырып өзгерту арқылы жасаймыз. Сол құралдың бірі - Extrude(сығып шығару) құралы деп атайды.
| Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
| Қорытынды кезең
| Жеке жұмыс
| Бақылау сұрақтары
- Extrude құралы қандай қызмет атқарады?
- 3D max программасы көмегімен не істеуге болады?
| Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
| Бағалау
|
| Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау
| Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
| Үйге тапсырма
|
| Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Сығып шығару. Бөлімшелер
| Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
| Қысқа мерзімді сабақ жоспары №29
Пәні: Информатика
| Сыныбы:10
| Мерзімі:
| Пән мұғалімі: Г.Ерниязова
| Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
Тақырыбы: Программа бульдік операция
| Мақсаты: Үшөлшемді графикадағы бульдік әдістер туралы мағлұмат беру.Оның маңыздылығын түсіндіру
| Түйінді идея: Мультимедиа
| Күтілетін нәтиже: Үшөлшемді графикадағы бульдік әдістер туралы мағлұмат алады.Оның маңыздылығын түсінеді
| Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
|
Кезең
| Оқытудың формалары, әдістері
| Мұғалімнің іс әрекеті
| Оқушының іс әрекеті
| Ұйымдас-тыру
| Жеке жұмыс
(Ауызша)
| Бақылау сұрақтары
- Extrude құралы қандай қызмет атқарады?
- 3D max программасы көмегімен не істеуге болады?
| Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
| Үй жұмысын тексеру
| "Сағат дос" әдісі
| Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
| Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
| Жана сабақ
| топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
| Сахнада нысанды жасай отырып оның геометриялық ерекшелігін ескеру керек. Бірөлшемді нысанды бірнеше тәсілмен модельдей алуға болатынына қарамастан, тез және қолайлы болатын тек бір ғана тәсіл болады. Сол қолайлы модельдеу тәсілдерінің бірі бульдік операция болып табылады.
Компьютерлік графикада бульдік құралдарды пайдалана отырып нысанды қзгерту бульдік операциялар логикасына негізделген. Бульдік операция математиканың бір бөлімі болып табылады.Сонымен қатар бульдік операциялар программалауда кеңінен қолданылады.
Компьютерлік графика кез келген бульдік операция екі нысанға қолданылады. Нәтижесінде нысандардың қилысуынан, қосылуынан немесе бірігуінен үшінші нысан пайда болады.
| Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
| Қорытынды кезең
| Жеке жұмыс
| Бақылау сұрақтары
- Бульдік операция деген не?
- бульдік операцияның қандай түрлері бар?
| Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
| Бағалау
|
| Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау
| Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
| Үйге тапсырма
|
| Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Программа бульдік операция
| Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
| Қысқа мерзімді сабақ жоспары №30
Пәні: Информатика
| Сыныбы:10
| Мерзімі:
| Пән мұғалімі: Г.Ерниязова
| Тексерілді
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
Тақырыбы: Модификаторлар. Mirror – айналық бейнелеу
| Мақсаты: Оқушыларға модификатор ұғымы жайлы түсінік беріп, модификаторлардың түрлерімен, қызметімен таныстыру.
| Түйінді идея: Модификаторлар. Mirror – айналық бейнелеу
| Күтілетін нәтиже: Оқушылар модификатор ұғымы, оның түрлерң мен қызметі жайлы біледі
| Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер
|
Кезең
| Оқытудың формалары, әдістері
| Мұғалімнің іс әрекеті
| Оқушының іс әрекеті
| Ұйымдас-тыру
| Жеке жұмыс
(Ауызша)
| Бақылау сұрақтары
- Бульдік операция деген не?
- бульдік операцияның қандай түрлері бар?
| Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
| Үй жұмысын тексеру
| "Сағат дос" әдісі
| Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
| Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
| Жана сабақ
| топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
| Модификатор–нәтижесінде нысанның қасиеті өзгеретіндей, нысанға арналған іс-әрекет.
Мысалы, модификатор нысанды әртүрлі жолмен майыстырып, созып, айналдыра алады. Сонымен қатар модификатор нысанға текстура қоя алады немесе нысанның қасиетін өзгерту арқылы оны иілгіш ете алады.
3D Blender модификаторы. Mirror
Blenderпрограммасында модификаторлардың бірнеше түрі бар. Әр модификатордың қызметі әрқалай. Блендердегі модификаторларға Extrude, Subdivide және бульдік операция құралдары да жатады. Өйткені бұл құралдардың көмегімен нысанды өзгерте аламыз. Графикалық модельдеудегі ең керекті модификатордың бірі –Mirror (Айна). Программада модификаторды іске қосу үшін ADD Modifier панелінен керекті модификаторды таңдаймыз.
Mirror модификаторы нысанның дубликатын айналы кескін ретінде жасайды. Айналамыздағы дүниенің көбісимметриялық нысандардан тұрады: нысанның сол жақ бөлігі оң жағының айналы көшірмесіндей. Сондықтан да симметриялық нысанды модельдеуде алдымен бір жақ бөлігін жасап алып, сосын оның көшірмесін жасап, әрі қарай сол көшірмені айнадағы кескінге келтіру жеңілірек. Міне, осы көшіру және оны айналы қылуды Mirror құралымен жасаймыз. Бір жағынан бұл құралмен жұмыс істегенде нысанның нәтижесі үшөлшемді, яғни, ұзындық, ені мен биіктіктің өздеріне сәйкес X, Ү және Z осьтеріне байланысты әртүрлі болатынын да ескеруіміз керек.
Жазықтықтағы айналы бейне осьтерімен қатар нысанның орта нүктесінің қайда орналасқандығы да маңызды рөл атқарады. Өйткені нысанның айналы кескіні оның орта нүктесіне байланысты пайда болады. Әдетте нысанды енді ғана құрған кезде оның орта нүктесі нысанның ортасында орналасады. Мысалы, сахнада шаршыны жасаймыз, оныңорта нүктесі, әрине ортада тұр делік. Бірақосы жағдайда қандай осьпен Mirror жасасақта, оның түпнұсқадан еш айырмашылығы болмайды. Бірақ, егер шаршының орта нүктесін шаршының төбе жағына орын ауыстырсақ, нәтижесінде бір-біріне қосылған екі шаршы пайда болады. Орта нүктені жылжыту үшін Mesh панеліндегі Center Cursor батырмасын пайдалануға болады.
| Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
| Қорытынды кезең
| Жеке жұмыс
| Бақылау сұрақтары
Модификатор деген не? Оның көмегімен қандай іс-әрекет, жасауға болады? Модификатордыңқандай түрлері бар? Олардың әрқайсысын сипаттаңдар. Mirrorқұралы қандай қызмет атқарады? FFDдегеніміз не? Қиып алу модификаторының қызметі туралы не білесіңдер?
Программада модификаторларды қалай іске қосамыз
| Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
| Бағалау
|
| Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау
| Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
| Үйге тапсырма
|
| Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Модификаторлар. Mirror – айналық бейнелеу
| Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
| |