Созылмалы аурудың өршуі;
} Дуглас кеңістігінде орналасатын бөгелме ісігі қалай аталады:
{
Вирхов;
Круккенберг;
Экстраперитониальды;
+Шницлер;
Интроперитониальды;
} 70 жастағы науқаста бір тәулік бұрын сигма тәрізді ішектің бүратылуы дамыды. Операцияда оның некрозы анықталып, тоқ ішек қатты керілген. Осы жағдайда қолайлы операцияны атаңыз:
{
Қосауыз сигмостомия;
Сигма тәрізді ішектің резекциясы және ұшын-ұшына анастомозын салу;
Сигма тәрізді ішектің резекциясы және бүйірін бүйіріне анастомозын салу;
+Сигма тәрізді ішектің резекциясы және бір ауызды колосотоманы шығару;
Барлық жауаптары дүрыс емес;
} Соқыр ішектің рагы бар науқаста жедел ішек түйілуі дамыды. Шұғыл операция кезінде регионарлы лимфа түйіндері үлгаймағаны және ісіктің метастаздары анықталмады. Осы науқасқа қандай операция жасау қажет:
{
+Оң жақты гемиеколоэктомия және илеотрансверзоанастомоз;
Цекостомия;
Соқыр және жоғарлаушы тоқ ішектің резекциясы, бірауыз илеостомия;
Қосауыз илеостомия;
Гартман операциясы;
} Тік ішек ісікпен бітелгенде зақымдалған ұзындығын қандай әдіспен анықтауға болады:
{
Қолмен қарау;
Ректороманоскопия;
+Ирригография;
Екі жақты төменгі лимфография;
Лапароскопия;
} Тоқ ішек қуысы жұмырлана 3-5 мм-ге шейін қысылған, ісік шеті тегістеу және тығыз, ол қандай рак:
{
Табақша тәрізді рак;
+Скирр;
Жайылмалы;
Түйінді;
Түймешік тәрізді;
} ТNМ жүйесі бойынша Т1-2 N1 М0,тоқ ішек рагының қайсы сатысы:
{
1-а сатысы;
1- сатысы;
2-а сатысы;
+3-а сатысы;
4- сатысы;
} Тоқ ішектің үлкен көлемдегі кезкелген ісігі, көрші мүшелерге өткен, көптеген аймақтық және алыста бөгелме ісіктері бар, ол қандай сатысы:
{
І – сатысы;
0 – сатысы;
ІІ – сатысы;
ІІІ – сатысы;
+ІV – сатысы;
} Оң жақ мықын аймағында тығыз, ауырмайтын шеттері тегіс емес түзіліс анықталған, бұл қандай ауруға күдік туғызуы мүмкін:
{
Аппендикулярлы жайылмаға;
Жанұйалы түймешіктерге;
Крон ауруына;
+Соқыр ішек рагына;
Ойық жаралы колиттке;
} Морфологиялық құрылысы жөнінен тоқ ішекте жиі кездесетін рак түрі:
{
+Жайылмалы клеткалы түлегіш;
Безді;
Жайылмалы клеткалы түлемейтін;
Гипернефройдты;
Меланоцитті;
} Науқас К. 28 жаста. Шағымдары: тік ішектен мезгіл-мезгіл пайда болатын шырыш пен қанның бөлінуі, дефекация кезіндегі ауырсыну. 6 ай бойы ауырып жүр. Емханаға қаралған – геморройды емдген (науқасты ректальды зерттемеген). Тағайындалған ем көмектеспеді. Жүдей бастады. Іш кебуі, газдың нашар шығарылуы байқалады, нәжіс массаларының формасы өзгерген, тәбеті жақсы, бірақ үлкен дәрет ауырсынумен болғандықтан астан бас тартады. Науқаста ауру болуы мүмкін:
{
Проктосигмоидит;
+Геморрой;
Тік ішектің талшықты ісігі;
Тік ішектің қатерлі ісігі;
Тік ішектің созылмалы тілігі;
} Емханаға 35 жасар В.есімді науқас мынадай шағымдармен келді: дефекация актісі кезінде күшейетін артқы тесік аймағындағы қатты ауырсынулар, дене температурасының 38°С-қа дейін көтерілуі. Қарап тексергенде: перианальды аймақта терісі гиперемияланған ауырсынатын инфильтрат, жергілікті гипертермия. Саусақпен тексеру кезінде инфильтрация айдарлы сызыққа дейін екені анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:
{
Теріастылық парапроктит;
+Шырышастылық парапроктит;
Шонданайлы-тік ішекті парапроктит;
Жамбасты-тік ішекті парапроктит;
Ретроректальды парапроктит;
} Емханаға 42 жасар М. есімді науқас мынадай шағымдармен келді: дефекация актісі кезіндегі аздаған ал қызыл қанның бөлінуімен қатар жүретін анус аймағындағы кенеттен, қатты ауырсыну сезімі. Қатты ауырсынуға байланысты науқаста «үлкен дәреттен қорқу» сезімі пайда болды. Болжам диагноздардың қайсысы дұрыс:
{
Тік ішектің қатерлі ісігі;
+Анальды өзектің тілігі;
Сфинктерит;
Тік ішек полипы;
Геморрой;
} Клиникаға 50 жастағы Х. есімді науқас геморроидальды түйіннің тромбозы клиникалық белгілерімен келіп түсті. Науқас стационарға госпитализацияланып, консервативті ем тағайындалды. Осы жағдайда неге оперативті емнің қарсы көрсеткіші бар:
{
Себебі өкпе артериясының эмболясына қауіпті;
+Себебі операция көлемді геморродиальды қан кетумен қауіпті;
Себебі операйия қорытындысы аурудың асқыну кезіндегі жағдайынан қарағанда қауіптірек;
Себебі операция жасалған жердің іріңдуімен қауіпті;
Себебі рецидив кезінде асқыну тудыруы мүмкін;
} Қатты жүдеген 40 жасар науқас 38°С температурамен және анустан қан кету, үлкен дәреттің 5 күн бойы болмауы, газдың шығарылмауы шағымдарымен ауруханаға түсті. Қарап тексеру кезінде: бауыр қабырға доғасының қырынан 7-8 см төмен, бұдырлы. Тік ішекті саусақпен тексеру кезінде анустан 4 см қашықтықта ұстағанда қансырайтын, тік ішек саңылауын толығымен жауып тұрған бұдырлы, тығыз ісік анықталды. Шат лимфа түйіндері ұлғайған. Қойылған диагноз – бауыр мен лимфа түйіндеріне метастазданған, өтімсіздік тудырған тік ішек қатерлы ісігі. Операцияның болжалды көлемі және неге таңдалғанын түсіндіріңіз:
{
Нақты диагноз қою және биопсия алу үшін сынамалы лапаротомия;
Өтімсіздіктің болуын ескере отырып тік ішектің ішперде-шат аралық экстирпациясы;
+Радикалды операциядағыдай сол жақты гемиколэктомия;
Берілген патологияның асқынғанын ескере отырып екі жақты сигмостомия;
Өтімісдікті ескере отырып тік ішектің алдыңғы резекциясы;
} Науқас 45 жаста. Ұзақ уақыт ішінде мезгіл-мезгіл ректальды қан кетуге шағымданады. Қан кету дефекация актісінен кейін пайда болады (түсі ал қызыл, қан аз мөлшерде – қағаздағы қан іздерінен бірнеше тамшыға дейін). Соңғы ай аралығында қан кету күшейген, әр үлкен дәрет сайын аздаған ал қызыл қан ағуымен көрінеді.зертеу жүргізгеннен кейін науқаста келесі көріністер анықталды: сыртқы геморроидальді түйіндері бар, күшенгенде қолмен жөндеуді қажет ететін ішкі түйіндердің түсуі. Ректоскопия жүргізгенде: ішкі түйіндер борпылдақ, эрозияланған. Басқа патология анықталмаған. Бұл аурудың даму сатысын анықтаңыз:
{
1 саты;
2 саты;
+3 саты;
4 саты;
Мәліметтер жеткіліксіз;
} Науқас 45 жаста. Ұзақ уақыт ішінде мезгіл-мезгіл ректальды қан кетуге шағымданады. Қан кету дефекация актісінен кейін пайда болады (түсі ал қызыл, қан аз мөлшерде – қағаздағы қан іздерінен бірнеше тамшыға дейін). Соңғы ай аралығында қан кету күшейген, әр үлкен дәрет сайын аздаған ал қызыл қан ағуымен көрінеді. Бұл аурудың морфологиялық көзі не болып табылады:
{
Тік ішектің терминальды бөлімінің шырышасты қабатындағы кавернозды денелер;
+Геморройдальді өрім веналарының варикозды кеңеюі;
Тік ішектің терминальды бөлімінің шырышасты қабатындағы артерио-венозды жыланкөздер;
Тік ішектің терминальды бөлімінің шырышасты қабатының ангиомасы;
Тік ішектің терминальды бөлімінің шырышасты қабатының телеангиоэктазиясы;
} Анустан 13 см қашықтықта орналасқан тік ішектің ректо-сигмалық бөлігінің рагы жедел іш түйілуімен асқынуы кезінде қандай операция көрсетілген:
{
Құрсақ ішілік анастомозбен тік ішектің алдыңғы резекциясы;
+Гартман операциясы;
Қима ішекті шығарумен құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы;
Екі бағаналы жасанды анус;
Тік ішектің құрсақ-бөксе аралықтық эктирпациясы;
} Сіз 31 жастағы науқасқа жедел аппендицитке байланысты операция жасаудасыз. Құрсақ қуысын ашқанда жедел флегмонозды аппендицит бар екені, соқыр ішек күмбезі өзгермегендігі анықталған. Аппендэктомиядан кейін құрт тәрізді өсіндіні өңдеудің ең рационалды әдісін таңдаңыз:
{
Бүрме тігіске қалдықты енгізбей кетгутті лигатурамен таңу;
+Бүрме тігіске қалдықты енгізе отырып кетгутті лигатурамен таңу;
Өңдеудің «лигатуралық» әдісін қолдану;
Құрт тәрізід өсінді қалдығын бүрме тігіске алдын ала таңусыз енгізу;
Өсіндінің таңылмаған қалдығын жеке түйінді жібек тігіспен енгізу;
} Дәрігер науқасты емханада қарағанда аурудың клиникалық белгілеріне қарап-«Жедел аппендицит» диагнозын қойды, диагноз күмән тудырған жоқ. 3 сағат өткен соң хирургиялық бөлімшеде қарағанда науқастың субъективті жағдайы жақсарды, оң жақ мықын аймағындағы өздігінен ауырсынулар жоғалды, бірақ жедел аппендициттің басқа белгілері сақталған. Лейкоцитоз-14000, t-37,6С. Неге спонтанды ауырсынулар жоғалды:
{
Диагноз дұрыс қойылмаған, басқа диагноз мүмкіндіктерін ойластыру керек;
Бос құрсақ қуысына құрт тәрізді өсіндінің перфорациясы болды;
+Ауырсынудың азаюы құрт тәрізді өсіндідегі деструктивті үрдістің регрессиясының көрінісі;
Аппендикулярлы инфильтрат түзілуде;
Жедел аппендициттің гангренозды түрлері;
} Науқаста 5 күн бұрын эпигастрий аймағында пайда болған, артынан оң жақ мықын аймағына көшкен ауырсыну пайда болды. Науқас тетрациклин және анальгин қабылдаған. Дәрігерге ауыру басылмағандықтан қаралған. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,4°С, пульсі – 88 соққы /мин. Оң жақ мықын аймағында көлемі 12х8 см болатын консистенциясы тығыз, эластикалық, тығыз, қозғалмайтын, шекарасы анық аздап ауырсынатын түзіліс пальпацияланады. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Қан лейкоциттері 11,0х10^12/л. Қандай ауру туралы ойлауға болады:
{
Тік ішек ісігі;
+Терминальды илеит;
Аппендикулярлы инфильтрат;
Туберкулез;
Қысылған оң жақ шаттық жарық;
} 26 жасар науқас жедел аппендицит бойынша ауру басталғаннан 17 сағаттан кейін оң жақ мықын аймағы жолы арқылы операцияға алынды. Операция кезінде өсіндіні перфорациялаған гшангренозды аппендицит анықталды. Оң жақ мықын ойығында 50 мл шамасында іріңді бөлініс бар. Хирургтің орындауға тиіс әрекеті және неге:
{
Орталық-төменгі лапаротомия, құрсақ қуысы санациясы, екі латеральды каналды және кіші жамбас қуысын дренаждау, себебі іріңді түзілістер түзілуі мүмкін;
Аппендэктомия, құрсақ қуысын құрғату, антибиотиктерді енгізу үшін оң жақ мықын шұңқырына құрсақ қабырғасын бөлек тесу арқылы микрооирригатор орнату, себебі жергілікті перитонттің болуы;
+Перитониттің болуын ескере отырып аппендэктомия жасалмайды, тек оң жақ мықын ойығына тампонада жасау және дренаждау;
Құрсақ қуысындағы аз көлемді сұйықтықты ескере отырып аппендэктомия, операциялық жараны бітеп тігіп тастау;
Құрсақ қуысының қайтадан санациясы үшін перитониттің құбылысы есепке ала отырып аппендэктомия, лапаростомия;
} Аппендикулярлы инфильтраты бар науқаста консервативті ем жүргізу барысында оң жақ мықын аймағындағы ауырсынулар күшейіп, қызба пайда болды. УДЗ кезінде инфильтраттың абсцестену белгілері көрінді. Қазіргі уақытта іріңдікті қандай әдіспен дренждау тиімдірек:
{
Оң жақ мықын аймағы жолы арқылы абсцесті ашу, абсцесс қуысына тампонада және дренаждау жүргізу, аппендэктомияны жасамаған дұрыс;
+Оң жақ мықын аймағы жолы арқылы аппендэктомяны жүргізу және антибиотиктерді инфузиялау үшін құрсақ қуысына микроирригатор орнату;
Лапаротомия, аппендэктомия, құрсақ қуысын дренаждау;
УДЗ –мен бақылау арқылы абсцесті дернаждау;
Абсцесті қынаптың артқы күмбезі арқылы ашу;
} Науқаста келіп түскеннең соң 4 тәулікте дәл шектелген инфильтратпен және төмендеген лейкоцитозбен және ауру басталғанан соң 8 тәулікте іштің төменінде ауру сезімі пайда болды. Қарағанда тілі ылғал, пульсі 92 рет минутына, іші жұмсақ, ауырмайды және оң жақ мықын аймағын шектегенде күрт ауру сезімі бар жерде Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ректалды тексергенде тік ішектің алдыңғы қабырғасының ілініп тұруы байқалмаған. Науқаста қандай асқыну болған:
{
Пилефлебит;
Дуглас кеңістігінің абсцессі;
+Аппендикулярлы инфильтрраттың іріңдеуі;
Абсцестелген инфильтраттың іш қуысына тесіп өтуі;
Жайылмалы перитонит;
} 80 жастағы науқас терапиялық бөлімшесінде болған миокард инфарктісінің қайталануына байланысты. Сіз жедел флегмонозды аппендицитті анықтадыңыз. Сіздің тактикаңыз:
{
Консервативті ем, антибактериальді терапия;
+Аппендэктомия жедел түрде, ену Волкович – Дьяконов;
Жедел лапароскопия, диагноз қойылғаннан кейін антибиотиктерді енгізу;
Төменгі бөліктен ену арқылы операция жасау;
Оперативті емді тек қана перитониттің өршу кезінде қолдану керек;
} Катаральды және флегмонозды жедел аппендициттердің операциялық араласуларындағы ерекшелектерін көрсетіңіз:
{
Катаральды аппендицитте аппендоэктомия жасамас бұрын құрсақ қуыс ағзаларының ревизиясын жургізу қажет;
Флегмонозды аппендицитте құрт тәрізді өсіндінің шажырқайына новокаинды блокада қажет;
+Флегмонозды аппендицитте құрсақ қуысына міндетті түрде дренаж енгізу;
Катаральды аппендицитте құрт тәрізді өсіндіні алып тастағанна соң құрсақ қуыс ағзаларының ревизиясын жургізу қажет;
Флегмонозды аппендицитте аппендоэктомия жасамас бұрын құрсақ қуыс ағзаларының ревизиясын жургізу қажет;
} 20 жастағы П. деген науқас ауруханаға ішектің жедел түйілуі диагнозымен келіп түсті. Іштің пальпациясы кезінде баллон тәрізді керілген, бекітілген ішек ілмегі анықталды. Осы белгілер ішектің жедел түйілуінің қандай симптомына тән:
{
Кивуль;
+Валь;
Скляров;
Спасокукоцкий;
Греков;
} 26 жастағы Б. деген науқас ауруханаға түскен кезде ішінің бүріп ауратындығына, көп рет құсқанына, тік ішектен қанды бөліндінің аққандығына шағымданды. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ мықын аймағында «колбасатәріздес» түзіліс анықталады, ол басқан кезде спастикалық түрде жиырылады. Сіздің болжамалы диагнозыңыз:
{
Соқыр ішектің бұралуы;
Аппендикулярлық инфильтрат;
Ащы ішектің бұралуы;
+Илеоцекалды инвагинация;
Соқыр ішектің ісігіне байланысты ішектің обтурациялық түйілуі;
} Науқас Ф., 40 жаста, ауруханаға ішектің жедел түйілуі диагнозымен келіп түскен. Диагнозды нақтылағаннан кейін науқасқа тазалағыш клизма тағайындалды, бірақ ішекке 700 мл-ден артық сұйықтық енгізу мүмкін болмады. Осы жағдайда ішектің жедел түйілуінің қай симптомы оң:
{
Кивуль;
Валь;
Скляров;
Спасокукоцкий;
+Цеге-Мантейфель;
} Науқас Т., 68 жаста, ауруханаға ішектің жедел түйілуі деген диагнозбен келіп түскен. Ректалды зерттеу кезінде тік ішек ампуласының кеңеюі және артқы өтістің саңылау тәрізді ашылып тұрғаны анықталған. Осы жағдайда ішектің жедел түйілуінің қандай симптомы оң:
{
Кивуль;
Валь;
Скляров;
Спасокукоцкий;
+Обухов ауруханасы;
} Науқас Ж., 32 жаста, қабылдау бөлімшесіне ішектің жедел түйілуі деген диагнозбен әкелінген. Іштің перкуссиясы кезінде керілген ішек ілмегі үстінен металл белгісі бар тимпаникалық дыбыс естіледі. Осы жағдайда ішектің жедел түйілуінің қай симптомы оң:
{
+Кивуль;
Валь;
Скляров;
Спасокукоцкий;
Цеге-Мантейфель;
} Жедел ішек өтімсіздігіне байланысты науқасқа операция жасалды. Операцияда кезінде 1,5 м жіңішке ішектің 180°-қа айналуы анықталған.Айналған ішек қалпына келтірілгеннен кейін, новокаин еретіндісімен шарбылық блокада, ішекке жылыту жасалғаннан цианоз дақтарымен қызыл ісінулер пайда болды.Перистальтика жоқ,шажырқайдың терминальді артерияларының пульсациялары анықталмайды.Хирургиялық тактиканың оптимальді нұсқасы қайсы және осы жағдайда не себептен қолданады:
{
Аностомоз салу арқылы жіңішке ішектің резекциясын жасау,назоинтестинальді интубация,себебі ішектің некрозы бар;
Назоинтестинальді интубациямен шектелу,себебі перитониттің пайда болу белгілері көрінбейді және ішектің нақты некрозы жоқ;
+«Қырын-қырына» илеотрансверзоанастомозын салу,себебі ішектің некрозы бар;
Операцияны лапоростомиямен аяқтау,ішек резекциясынан сақтану керек, себебі перитониттің пайда болу белгілері көрінбейді және ішектің нақты некрозы жоқ;
Ноблю бойынша интестинопликация көрсетілген,себебі,ішектің қайтадан айналып кетуі мүмкін;
} Жедел ішек өтімсіздігіне байланысты науқасқа жедел операция жасалды. Операцияда кезінде сигма тәрізді ішектің 180°-қа айналуы анықталған. Тоқ ішектің көлденең және төмендеген бөлігі үрленген. Құрамында сұйықтық және газ бар. Мықын ішек диаметрі қалыпты. Айналған ішек қалпына келтірілді, новокаин еретіндісімен шарбылық блокада, ішекті жылыту жасалды. Сигма тәрізді ішек тіршілікке икемді деп танылды. Операцияны аяқтаудың оптимальді нұсқасын көрсетіңіз:
{
Сигма тәрізді ішек резекциясы;
|