Бөлім
| ІІІ. Веб-жобалау
|
Педагогтің аты-жөні:
| Мысаева Рысты
|
Күні:
| 26.01.2021ж
|
Сынып:
| 10
|
Сабақ тақырыбы:
| HTML (аш ти эм эл) web(веб)-сайттарын әзірлеу әдістері
|
Оқу бағдарламасын сәйкес оқыту мақсаттары
| 10.4.2.1 web-парақшаларды жасауда HTML-тегтерін қолдану
|
Сабақ мақсаттары
| -HTML тілі құжатының құрылымымен танысады
-HTML тілінде құжаттың ішкі элементтерін басқару тегтерін қолданады
-Web-сайтты жасақтау жұмысын қолданады
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы 5 мин
| Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.
Өткен сабақты пысықтау: «Ыстық орындық» әдісі Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен тарау бойынша сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап беруі керек, себебі орындық ыстық.
| Оқушылар сәлемдеседі Бір-біріне жақсы тілектер айтады
| Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау
|
|
Сабақтың ортасы 30 мин
| «Миға шабуыл» әдісі Web-бетте қандай ақпаратты орналастыруға болады? HTML, HTML файл, тег, мазмұн дегеніміз не? Web-беттердің сыртқы бейнесін басқаратын тегтерін атап шығыңдар және сипаттаңдар?
-Мәтінді форматтау тегтерін атап шығыңдар және сипаттаңдар?
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін қасындағы құрбысына айтып береді. Мұғалім оқушылардың білімдерін толықтырады.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
1-тапсырма. «Венн диаграммасы» әдісі Оқушылар HTML тілі мен WEB-программалауды салыстырады.
Дескриптор: HTML тілі мен WEB-программалау ұғымдарын анықтайды.
Фигуралар арқылы бағалау
2-тапсырма. Оқулықта 134 бетте «Қателерді табыңдар» тапсырмасын орындаңдар 3-тапсырма.
Қарапайым құжаттың жобасын дайындап, оның HTML тіліндегі кодын жазып ұсыныңдар (мысалы, сынып оқушыларының тізімі).
Дескриптор:
Жасалған құжат жобасына HTML тілінің кодын жазып ұсынады.
Оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижесін бағалау парағына балл қою арқылы бағалау
| Сұрақтарға жауап береді
Мәтінді түсініп оқиды
Тапсырмаларды орындайды
Жұмыс дәптері
Компьютер
Жұмыс дәптері
| Ауызша мадақтау, ынталандыру
Смайликтер
| Оқулық
bilimland.kz
|
Сабақтың соңы 5 мин
| Тест (электронды тест)
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
Өздерін бағалайды
Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі Оқушылардың бір тобы тақырып туралы жағымды пікір, екінші тобы сын, үшінші тобы тағы да жағымды пікір айтады.
| Сұрақтарға жауап береді Тақырыптан түсінгенін айтады
| Бір-бірін бағалайды
|
Кері байланыс
|