|
урок. 10 кл ҚМЖ 130б 2020ж. Программалау тіліндегі функция мен процедураларды анытайды Кпшілік оушы Процедура трлерін салыстырады
Бекітемін:______________
Бөлім
| ІІІ. Веб-жобалау
| Педагогтің аты-жөні:
| Мысаева Рысты
| Күні:
| 16.02.2021ж
| Сынып:
| 10
| Сабақ тақырыбы:
| Таблицалар
| Оқу бағдарламасын сәйкес оқыту мақсаттары
| 10.4.2.1 web-беттерді жасауда HTML тегтерін қолдану
| Сабақ мақсаттары
| -HTML тілінде кесте құру алгоритмін біледі
-Кестені өзгертетін атрибуттарды анықтайды
- HTML тегтерін қолданудың қажеттілігін тұжырымдайды
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңдері/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы 5 мин
| Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: «Жүректен - жүрекке» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.
Топқа біріктіру: Үш түрлі шарлар арқылы топтарға бірігеді.
Өткен сабақты пысықтау: «555» әдісі
Мұнда оқушылар топ ішінде өткен тақырып бойынша түйінді идеяларды жазады. Мұндағы бірінші 5 – топ саны, екінші 5 – идеялар саны, үшінші 5 – уақыт.
Сондықтан топ санына байланысты 434 деп (т.б.) өзгертуге болады, яғни 4 топ 4 минут ішінде 3 ақырыптың түйінін жазуы керек.
Смайлдер арқылы бағалау.
| Оқушылар сәлемдеседі Бір-біріне жақсы тілектер айтады
| Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау
|
| Сабақтың ортасы 30 мин
| «Миға шабуыл» әдісі
Деректерді кесте түрінде берудің қандай қолайлы жақтары бар?
Web-беттерде деректерді қалай кесте түрінде ұсынуға болады?
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін жұбымен талқылайды.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
Дескриптор'>1-тапсырма.
- HTML-де кестені өзгертетін атрибуттар тізімін пайдаланып кесте құрыңдар.
Дескриптор:
Нұсқаулық бойынша атрибуттарды қолданып кесте құру жолын анықтайды.
Смайлдер арқылы бағалау
2-тапсырма.
Пифагор (көбейту) кестесін құрыңдар Төмендегі тегтерді орындағанда қандай нәтиже алынады?
мәтін |
мәтін |
мәтін |
мәтін |
мәтін |
мәтін |
Дескриптор:
Кестені өзгертетін атрибуттарды анықтайды. Смайлдерарқылыбағалау
3-тапсырма.
HTML-де өздерің күнделікті пайдаланатын кестені интернетке жариялау үшін веб-бетін жасап, ұсыныңдар.
Дескриптор:
Кестені жариялау үшін веб-бет жасайды.
Смайлдер арқылы бағалау
| Сұрақтарға жауап береді
Мәтінді түсініп оқиды
Тапсырмаларды орындайды
Жұмыс дәптері
Компьютер
Жұмыс дәптері
| Ауызша мадақтау, ынталандыру
Смайликтер
| Оқулық
bilimland.kz
| Сабақтың соңы 5 мин
| Тест тапсырмасы
Өздерін бағалайды
Кері байланыс: «Бутерброд» әдісі
Оқушылардың бір тобы тақырып туралы жағымды пікір, екінші тобы сын, үшінші тобы тағы да жағымды пікір айтады.
| Сұрақтарға жауап береді Тақырыптан түсінгенін айтады
| Бір-бірін бағалайды
|
Кері байланыс
|
Бекітемін:______________
Бөлім
| ІІІ. Веб-жобалау
| Педагогтің аты-жөні:
| Мысаева Рысты
| Күні:
| 23.02.2021ж
| Сынып:
| 10
| Сабақ тақырыбы:
| CSS (си эс эс)
| Оқу бағдарламасын сәйкес оқыту мақсаттары
| 10.4.2.2 web-беттерді жасауда CSS қолдану
| Сабақ мақсаттары
| - Идентификатор мен контекстік селекторларды біледі. -Идентификатор мен контекстік селекторларын салыстырады.
- Идентификатор мен контекстік селекторларды қолданудың ерекшелігін түсінеді
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңдері/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы 5 мин
| Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Бірақ бір оқушы айтқан тілекті басқа оқушы қайталамауы керек.
Қайталаса, айыбын өтейді. Айтылған сөздің авторының тапсырмасын орындайды.
Топқа біріктіру: Сандар арқылы топтарға біріктіру
Өткен сабақты пысықтау: «Фишбоун» әдісі Оқушылар плакатқа балық қаңқасының суретін салады. Жоғарғы қабырғаларына өткен тақырып туралы сұрақтар жазады. Келесі топ төменгі қабырғаларына жауаптарын жазады. Жұмыстарын тақтада түсіндіреді.
Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау,
ынталандыру.
| Оқушылар сәлемдеседі Бір-біріне жақсы тілектер айтады
| Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау
|
| Сабақтың ортасы 30 мин
| «Миға шабуыл» әдісі
Миға шабуыл» әдісі
HTML мен стильдер кестелері тілдерінің қандай айырмашылығы бар? Стильдер кестелерінің қандай артықшылықтары бар?
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім тақырыпты бейнежазба немесе слайд материалы арқылы көрсетеді. Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Мұғаліммен бірлесіп талдайды.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
Компьютермен жұмыс
Практикалық тапсырма ретінде Блокнот программасында 2-ші және 3-суреттерде берілген броузер жұмысына арналған кодтарды жазып, «index.html» атымен сақта. Қазақ қаріптері веб- беттер дұрыс көріну үшін сақтау терезесінде кодировкада «Юникод»-ты таңдау керек. HTML коды дұрыс енгізілгенде 2, 3-суреттердегі веб- терезелер пайда болады.
Дескриптор
Құжатты html тілінде сақтайды. Веб-құжат жасайды.
Топтық жұмыс: «Венн диаграммасы» Идентификатор бойынша және контекстік селекторларды салыстырыңдар.
Дескриптор:_Селекторлардың_ұқсастығы_мен_айырмашылығын_салыстырады.Жұптық_жұмыс'>Дескриптор:
Селекторлардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады.
Жұптық жұмыс
Танысқан 4 селектордың бірін таңдап, сол селектор жұмысы мен ерекшелігін сипаттайтын қарапайым бір мысал дайындап ұсыныңдар.
Дескриптор:
Селекторларды анықтайды. Селекторларды салыстырады. Селекторға мысал ұсынады.
Оқушылардың жұмыстарын «Температура шәкілі» бойынша бағалау. Термометр шәкіліне оқушылардың аттарын стикерге жазып жапсыру
| Сұрақтарға жауап береді
Мәтінді түсініп оқиды
Тапсырмаларды орындайды
Жұмыс дәптері
Компьютер
Жұмыс дәптері
| Ауызша мадақтау, ынталандыру
Смайликтер
| Оқулық
bilimland.kz
| Сабақтың соңы 5 мин
| 1.Идентификаторлы селектордың қызметі не?
2.Идентификаторлы селекторлар қалай жазылады?
3.Контекстік селекторлар қандай мақсатта қолданылады?
Бір-бірін бағалайды
Кері байланыс: «БББ кестесі» әдісі
Оқушылар тақырып туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін және не білгісі келетінін кестеге жазады.
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген қосымша тапсырмаларды орындап келу.
| Сұрақтарға жауап береді Тақырыптан түсінгенін айтады
| Бір-бірін бағалайды
|
Кері байланыс
| Бекітемін:______________
Бөлім
| ІІІ. Веб-жобалау
| Педагогтің аты-жөні:
| Мысаева Рысты
| Күні:
| 26.02.2021ж
| Сынып:
| 10
| Сабақ тақырыбы:
| CSS (си эс эс)
| Оқу бағдарламасын сәйкес оқыту мақсаттары
| 10.4.2.2 web-беттерді жасауда CSS қолдану
| Сабақ мақсаттары
| -«Селектор» ұғымы мен түрлерін біледі
- Селектор түрлерін салыстырады
-Селекторды қолданудың маңыздылығын түсіндіреді
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңдері/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы 5 мин
| Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
«Көпір» ойыны.
Еденде бормен көпір (түзу) сызылады. Екі топ, бір- біріне қарсы шыққан балалар көпірден құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.
Топқа біріктіру: Ойын картасы арқылы топтарға біріктіру
Өткен сабақты пысықтау: «Ұшақ» әдісі Оқушылар қағазға өткен тақырып бойынша сұрақтар жазып, ұшақ жасап, келесі топқа ұшырады. Ол топ жауаптарын жазып ұшырады. Жауаптар топта талданады. Өзара бағалайды.
Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау,
қолдау көрсету
| Оқушылар сәлемдеседі Бір-біріне жақсы тілектер айтады
| Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау
|
| Сабақтың ортасы 30 мин
| «Миға шабуыл» әдісі
HTML тілі мен стильдер кестелерінің қандай айырмашылығы бар? Стильдер кестелерінің қандай артықшылықтары бар?
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім тақырыпты бейнежазба немесе слайд материалы арқылы көрсетеді.
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Мұғаліммен бірлесіп талдайды.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
Кестемен жұмыс
Элемент бойынша
селектор
| Сынып бойынша
селектор
| Идентификатор бойынша
селектор
| Контекстік селектор
|
|
|
|
| Дескриптор
Селектор ұғымын анықтайды;
Селектор түрлерін салыстырады.
Компьютермен жұмыс:
Бұл жұмыста HTML мен СSS тілдеріндегі кодтарды пайдалану ерекшеліктерін байқауға болады.
html:
Бұл азатжолға элемент бойынша селектор қолданылған
class="green"> Бұл азатжол жасыл, себебі оған сlаss қолданылған
class ="big_red" > Бұл азатжол үлкен қаріппен және қызыл түсті болады
Бұл азатжол қарапайым болады СSS:
p {
font-family: arial, verdana, sans-serif; font-size:18px;
}
.green {color:green;}
.big_red{
Дескриптор:
HTML мен СSS тілдерінің айырмашылығын анықтайды.
Оқушылардыңжұмыстарыбағалаупарағынабаллқоюарқылыбағаланады
| Сұрақтарға жауап береді
Мәтінді түсініп оқиды
Тапсырмаларды орындайды
Жұмыс дәптері
Компьютер
Жұмыс дәптері
| Ауызша мадақтау, ынталандыру
Смайликтер
| Оқулық
bilimland.kz
| Сабақтың соңы 5 мин
| Тест тапсырмасын алу
Оқушылар тест жұмысын орындайды.
Селектор дегеніміз не? Селектордың қандай түрлері бар? Элемент бойынша селекторды қандай жағдайларда қолданады? Сынып (класс) бойынша селектор қызметі қандай? Элемент бойынша және сынып (класс) бойынша селекторлардың қызметі неде және қандай айырмашылықтары бар?
Бір-бірін бағалайды
Кері байланыс: «БББ кестесі» әдісі
Оқушылар тақырып туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін және не білгісі келетінін кестеге жазады.
| Сұрақтарға жауап береді Тақырыптан түсінгенін айтады
| Бір-бірін бағалайды
|
Кері байланыс
| |
|
|