метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
Скачать 2.41 Mb.
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялық қызметі Мемлекеттік метрологиялық қызметті ұйымдастыру негізі ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» Заңына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің құрылымына: ұйымдық негізді құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі; шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары, шама бір- ліктерінің эталондары және техникалық негізді құратын өлшем құралдары; нормативтік құқықтық актілер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйым- дастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді. Метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі: мемлекеттік метрологиялық қызметтен; уақыт және жиілік мемлекеттік қызметтерінен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама де- ректерден, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің өзге де мемлекеттік қызметтерінен; мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінен; өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы- аудиторлардан; өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалардан тұрады. Метрологиялық қызмет өз қызметтерінде: Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлікті қамтамасыз ету» туралы заңын; заң шығару және Қазақстан Республикасының норматив- тік құжаттарын, соның ішінде өлшем бірлікті қамтамасыз ету бойынша: мемлекетаралық нормативтік құжаттарын; стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уә- кілетті органның бұйрықтарын; Метрологиялық қызмет туралы жағдайымен, игерілген уә- кілетті органның ұсыныстарының негізінде: басқаруды мемлекеттік құрылым және заңды тұлғаның бұйрық-жарлықтарын негізге алады. Метрологиялық қызметтерді мемлекеттік метрологиялық қойылған реттегі уәкілетті органды қадағалау ҚР СТ 2.2 ПК РК 50.2.24 мемлекеттік қадағалау бойынша аймақтық дәрежеде жүзеге асырылады. Метрологиялық қызметтердің негізгі міндеттеріне: бірлік және тиісті өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулердің деңгейі, өндірістің тиімділігі, тех- никалық деңгей және өнім сапасының жоғарылатуына, жұмыс- тар және қызмет бағытталған әдістер тәжірибесіне енгізу; зерттеулердің метрологиялық қамтамасыз етуі бойынша қызметтің негізгі бағыттарын анықтауы, өндірулер, сынаулар, өнімнің пайдалануы және басқа да жұмыстар; қолданыстағы заң, қойылған метрологиялық ережелердің дер кезінде енгізу және орындалуы жатады. Метрологиялық қызметтің негізгі қызметтері: Мемлекеттік басқару органдары метрологиялық қызметінің негізгі қызметтеріне: бірыңғай техникалық саясат жүргізу, біртұтастықты қам- тамасыздандыратын және қажетті дәлдіктік өлшемдер жұмыстарына жалпы басшылықты іске асыру; метрологиялық бақылауды жүргізу; метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде жұмыстар мен қызметтердің және өндірістің тиімділігін жоғарылату; біртұтастықты қамтамасыз етудің сұрақтары бойынша уәкілетті органмен және осы мекемеге қарасты бөлімшелермен өзара байланысын жүзеге асыру; мекеменің метрологиялық қамтамасыз етуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау; ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары бойынша өл- шемдердің жағдайы, бақылау мен талдау; мекеменің метрологиялық қамтамасыз етуінің бағдар- ламалары, мекемеге қарасты бөлімшелерді ұйымдастыру және орындау бойынша жұмыстар басқару; мекеменің бөлімшелерімен дайындалған нормативтік құ- жаттардың метрологиялық сараптамасы; өлшеулер жүргізуге арналған әдістемені дайындаудың жұмыстарын ұйымдастыру; өлшеу құралдары үшін сызбанұсқаларды дайындау және оны енгізу жұмыстарын ұйымдастыру; өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясын өт- кізуге қатысу; сертификаттау сынақтарын өткізу бойынша сынақтық, аналитикалық зертханалардың аккредитациясына қатысу; ҚР 50.2.2 басшылығына сәйкес аналитикалық, сынақтық және өлшеу зертханаларындағы өлшеу жағдайларының бағалауына қатысу және жұмысты ұйымдастыру; метрология саласындағы кадрлардың квалификациясын арттыру, дайындық және дайындық алдындағы жұмыстарды ұйымдастыру түрлері; біртұтастық өдшемдерін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша уәкілетті органмен, оның бөлімшелерінің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру; уәкілетті органды мемлекеттік қадағалау бойынша аймақ- тық бөлімшелерге жәрдемдесу және мемлекеттік метрология- лық қадағалауды жүзеге асыру; метрология саласындағы халықаралық байланыстар не- гізіндегі жұмыстарға атсалысу; метрологиялық ведомстваларды қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жиналыс, семинар, конференция мен көрмелер ұйым- дастыру; метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтары бойынша са- лааралық, аймақтық және халықаралық жиналыстар, семинарлар, конференциялар мен көрмелер ұйымдастыру кіреді. 1. Метрологиялық қызметтің заңды тұлгалары немесе олардың бөлімшелерінің негізігі қызметтеріне: метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында барлық өнім түрлерінің өндірісі мен дайындау алдындағы сатылардың өлшеу жағдайларын талдау анализі жұмыстары мен қызметтерін іске асыру; метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде бо- лашақта өндірістің тиімділігін арттыру іс-шараларының жоспа- рын дайындау; өлшенетін өлшемдер мен өлшеу дәлдігі нормаларының номенклатурасының сәйкестігі, шикізат пен дайын өнімнің сапа көрсеткіштерінің өлшеу дәлдігінің талаптарға және нормаларына сай өлшеу құралы, шамалардың бірлік эталондары, жұмыстары мен қызметтері қолданылатын өлшеулерді орындау әдістемелері, өнімділік және технологиялық жабдықтың дәлдік, ең төменгі қиындық және бақылаудың ақиқаттығының материалдары мен сипаттамаларын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу; өнімді сертификаттауға дайындауға қатысу, қызметтері мен сапа жүйелері; қойылған талаптарға сәйкес технологиялық жабдықты тек- серуде, технологиялық үрдістер мен жұмыстарды, қызметтерді және жаңа өнім түрлерін дайындауға қатысу; метрологиялық қызмет және оның іс-әрекетін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есепке алу; метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау; өлшеу құралы мен сынақтарға қажеттікті заттарды, ша- малардың бірлік эталондарын, құрамы стандартты үлгілер, зат- тар және материалдардың қасиеттері; оларды өңдеу және алу туралы ұсыныстарды әзірлеу; тағы басқа жабдықтың өлшеу құралдарының алуға мәлімдемелерін құрастыру және зерттеу; техникалық жағдайларды даярлау және оларды енгізу мен тіркеуге алуынуына қатысу; өлшеудің құралдары мен әдістері және оларды уәкілетті ор- ганмен тағайындалған күйде енгізу; сынақ аралық кезеңдерінің анықтауы бойынша өлшеу құ- ралдарының өңделуіне, техникалық тапсырмаларын анықтауға, жұмыстардың сынақтарын өткізуге араласу; физикалық және заңды тұлғалардың, мемлекеттік бас- қару органдарының дайындау мен шығаруға деген қызы- ғушылықтарын, метрологиялық қамтамасыз ету үшін дайын- далатын және шығарылып жатқан өлшеу құралдарын, тексеру құралдары мен шамалардың бірлік эталондарын жасауға қатысу; өлшеу құралының түрін тағайындау мақсатымен өлшеу құ- ралының сынаққа уақытылы таныстырылуын бақылау; метрологиялық аттестация үшін өлшеу құралының уа- қытылы таныстырылуын бақылау; бастапқы және бағыныңқылы эталондарды өлшеу құ- ралдарының тексерісі мен калибрлеуін ұйымдастыру кезінде анықтау; материалдарды дайындау мен өлшеу құралдары импорты- ның мәлімдемелерін келістіруге қатысу; өлшеу құралдарының тексерісі мен калибрлеу бойынша жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, тексеріске арналған өлшеу құралдары жайлы уақытылы түсінікті қамтамасыз ету; ішкі бақылау сапасы тексерісі мен өлшеу құралдарын калибрлеу салыстыруларын ұйымдастыру және жүргізу; қолданыстағы өлшеу құралдарының жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу; шамалардың бірлік эталондарын, өлшеу құрылғыларын есепке алуға кіріспе, өлшеу құрылғыларын қолдануға жағдай жасау, осы құрылғылардың тексеріс пен калибрлеу кестелерін келістіру мен мұқият сақтау, тағайындалған міндеттемелерге сәйкес келмейтін құрылғыларды уақытылы алып тастау; нормативтік және техникалық құжатқа сай міндеттеме- лерге сәйкес өлшеу құрылғыларының пайдалану жағдайын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу; стандартты үлгілердің құрамы, заттар мен материалдардың қасиетіне байланысты дайындау және ұйымдастыру, зертхана аралық зерттеулерге қатысу; әзірлемелерді дайындау кезіндегі жұмыстар мен өлшеуді жүргізу әдістемесінің аттестациясын жүргізу; өнімнің сапалық көрсеткіштерін бақылау кезіндегі өлшеу- дің барынша дәлдік нормасын, өлшенетін өлшемдердің тиімді рационалды номенклатурасын тағайындауға қатысу; метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарына байланысты өндірістің дайындығын жүргізу; өлшеу үдерістерінің автоматтандыру жұмыстарын жүргізу; метрологиялық қамтамасыз ету бойынша өнімнің сынақта- ры мен сертификациясы жұмыстарын іске асыру; өлшеулерді жүргізу әдістемесінің метрологиялық аттеста- циясы мен өлшеу құрылғыларын тексеру мен калибрлеуге ар- налған тексеру мен калибрлеу зертханаларының аккредитация- сына қатысу; сертификаттау сынауларын жүргізу үшін талдау, сынақтық аккредитацияға қатысу; өлшеу, сынау және талдау зертханаларында өлшеу жағдайының бағалау жұмыстарын ұйымдастыру мен оған қатысу; жергілікті тексеріс сызбанұсқаларын дайындау және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келісу; шамалардың бірлік эталондарын, тексеру мен калибрлеу құрылғыларын қажетті деңгейде ұстау және сақтау; метрологиялық қамтамасыз етудің регламенттеуші сұ- рақтары бар нормативті құжаттарды дайындау мен енгізу, өл- шеудің біртұтастығын қамтамасыз ететін саланың нормативті базасының жетілдіру жұмыстарына қатысу; нормативті құжаттардың жобаларын, конструкторлық, жо- балық, технологиялық құжаттамалардың және техникалық есептердің метрологиялық сараптамаларын ұйымдастыру мен жүргізу; метрологиялық бақылауды іске асыру; метрологиялық қызметпен табылған біртұтастық өлшемде- рін қамтамасыз етудің кемшіліктерін жою бақылауын жүзеге асыру; уәкілетті орган мен осы мекемеге қарасты бөлімшелер арасындағы біртұтастық өлшемдерін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өзара байланысты орнату, мемлекеттік бақылау уә- кілетті органдарына мемлекеттік метрологиялық бақылау жасауға аумақтық бөлімшелердің көмек көрсетуі; метрология саласындагы халықаралық қарым-қатынас жұмыстарына қатысу; метрология саласындағы кадрларды дайындау, квалифика- циясын арттыру және аттестациялауды ұйымдастыру; метрологиялық қамтамасыз етудегі сапа өнімінің кемшілік- тер көзқарасынан арыздардың анализін жүргізуге қатысу жатады. Метрологиялық қызметтің физикалық тұлғаларының негізгі міндеттеріне: метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатымен дайындау сатыларындағы өлшеу жағдайына және өндірістегі барлық өнім түрлелерін талдау жүргізу жұмыстары мен қызметтері; сапа жүйелері мен қызметтерін және өнімнің сертификат- талуын дайындауға қатысу; тағайындалған міндеттемелерге сәйкес технологиялық қондырғыларды тексеру үшін жаңа өнім түрлерін және технологиялық үдерістерді дайындауға қатысу; физикалық және заңды тұлғалардың, мемлекеттік бас- қару органдарының дайындау мен шығаруға деген қызы- ғушылықтарын, метрологиялық қамтамасыз ету үшін дайын- далатын және шығарылып жатқан өлшеу құралдарын, тексеру құралдары мен шамалардың бірлік эталондарын жасауға қатысу; метрологиялық қызмет пен оның іс-әрекеттерінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есепке алу; метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау; өлшеу құрылғыларын сынақ жасауға уақытылы таныстыру мақсатымен өлшеу құрылғыларыньщ түрлерін белгілеу; метрологиялық аттестацияға, тексеріске және калибрлеу үшін өлшеу құрылғыларын уақытылы таныстыру; пайдаланудағы өлшеу құралдарының жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу; нормативті және техникалық құжатқа сай міндеттемелерге сәйкес өлшеу құрылғыларыньщ пайдаланылу жағдайын қам- тамасыз ету жұмыстарын жүргізу; шамалардың бірлік эталондарын, өлшеу құрылғыларын есепке алуға кіріспе, өлшеу құрылғыларының қолдану жағдайын жасау, осы құрылғылардың тексеріс пен калибрлеу кестелерін келістіру мен мұқият сақтау, тағайындалған міндеттемелерге сәйкес келмейтін құрылғыларды уақытылы алып тастау; стандартты үлгілердің құрамы, заттар мен материалдардың қасиетіне байланысты дайындау және ұйымдастыру; өлшеуді жүргізу әдістемесін дайындау; метрологиялық қамтамасыз етудің регламенттеуші сұ- рақтары бар нормативті құжаттарды дайындау мен енгізу, өлшеудің біртұтастығын қамтамасыз ететін саланың нормативті базасының жетілдіру жұмыстарына қатысу; өнімнің сапалық көрсеткіштерін бақылау кезіндегі өлшеудің тиімді дәлдік нормасын, өлшенетін өлшемдердің пайдалы номен- клатурасын тағайындауға қатысу; өлшеу үдерістерінің автоматтандыру жұмыстарын жүргізу; метрологиялық бақылауды жүргізу; уәкілетті орган мен осы мекемеге қарасты бөлімшелер арасындағы біртұтастық өлшемдерін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өзара байланыс орнату, мемлекеттік бақылау уәкілетті органдарына мемлекеттік метрологиялық бақылау жасауға аумақтың бөлімшелердің көмек көрсетуі; мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде анықталған ескертпелерді жою кіреді. Мемлекеттік метрологиялық қызмет: стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органнан және оның аумақтық бөлімшелерінен; шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау- ды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз етуді, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуді, шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды, шама бірліктерінің эталондарын және жоғары дәлдікті өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүргізетін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан тұрады. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган- ды және оның аумақтық бөлімшелерін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерін қамтиды. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтері техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Уақыт пен жиілік мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуді және Жердің айналу өлшемдерін анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін әзірлеуге және ендіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамала- ры мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерді әзірлеуге және ендіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері де бар: Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін метрологиялық қызметтер құрады. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен келісілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау Метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органда- рының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет- терін метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тек- серу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - техникалық рет- теу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орын- дау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызмет болып табылады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды осы Заңның, өл- шем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республи- касының басқа да норматив™ құқықтық актiлерiнiң, халықара- лық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандарына: шама бірліктерінің эталондары; өлшем құралдары; өлшемдерді орындау әдістемелері; жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі; өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі оралған тауарлардың саны. сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар саны жатады. |