метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
Скачать 2.41 Mb.
|
1-сурет. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандары Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандарына қойылатын талаптар. Шамалардың бірлік эталондары бастапқы немесе жұмыс ретінде нығайтылуы керек. Бастапқы эталондар МӨЖ тізіміне енгізілу тиіс. Өлшеу құралы: сынаудан өту керек, нығайтылып МӨЖ тізіміне енгізілуі тиіс немесе метрологиялық іскерлік сараптаудан, өтіп сонымен бірге МӨЖ тізіміне енгізілу қажет; олардың тексерілгені және қолданылуы туралы растама алынуы керек. Өлшеулерді орындау әдістемесі аттестациялануы және МӨЖ тізіміне тіркелуі керек. 4. Метрологиялық қызметті орындайтын физикалық және заңды тұлгалар: өлшеу құралдарының тексерілуі мен калибрлеуін жүзеге асыратын заңды тұлғаның анықталған ретте аккредиттелген; өлшеу құралдардың өндірісін және жөндеуін жүзеге асыру- да физикалық және заңды тұлға осы қызметтің түрлеріне лицен- зиясы; - өлшеулерді орындау әдістемелерінің іскерлік сараптау- ларды өткізуде заңды тұлға анықталған ретте аккредиттелген болуы керек. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау аясы Мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшем нәтижелері: азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтама- сыз ету жөніндегі жұмыстарға; өнімнің және көрсетілетін қызметтер сапасының нор- мативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін сынау мен бақылауға; қоршаған ортаның жай-күйін бақылауға; еңбек жағдайларының қауіпсіздігін бақылауға; сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметте- рін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысуларға; мемлекеттік есеп операцияларына; бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттарда- ғы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерін анықтауға байланысты операцияларға; қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнімнің басқа да түрлерін өндіруге; геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстарға; салық, банк, кеден және пошта операцияларына; энергетикалық қорлардың барлық түрлерін шығару, өндіру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтынуға; құрылыс салуға; мемлекеттік басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұ- мыстарға; ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеуге; өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, са- лыстырып тексеру, калибрлеуге; ғылыми-зерттеулер жүргізуге; қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; ойын автоматтарын шығару және қолдану кезінде пайда- ланылатын өлшемдерге қолданылады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері Мемлекеттік метрологиялық қадағалауға: өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қол- данылуын, шамалар бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалау; сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарыла- тын тауарлардың санын қадағалау; бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалау жатады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау: жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіз- дер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асы- рылады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды қойылған реттегі іскерлік сараптауға жататын, Қазақстан Республикасының заңымен орындалатын, атқаратын қызметімен және олардың кәсіби бағасын анықтау мақсатында тексеруді мемлекеттік ин- спекторлар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспектор қойылған форманың тексеруіне тап- сырманы әзірлейді және оның прокуратура органдарында тір- кеуге алады. Тексеріс нәтижелері актпен әзірленеді, тексеруге қатысушы барлық комиссия мүшелері қол қояды. Мемлекеттік инспектор метрологиялық ережелер және нормалардың бұзушылықтарын анықтағанда қойылған форман- ың ұйғарымын құрайды. Жеке тұлға немесе заңды тұлғалардың жетекшісі айқындал- ған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады. Мемлекеттік инспекторлар: мемлекеттік метрологиялық қадағалау үшін нақтылы ны- сандарды тексеруді және қызметтік куәліктегі тапсырмаларды кедергісіз рұқсат алуға; физикалық және заңды тұлғалардан құжаттар мен мә- ліметтерді сұрауға (олар метрологиялық қадағалауды өткізуі үшін қажетті); техникалық құралдарды қолдану және тексерілетін ны- сандардың мамандарынан мәліметтер алуға; өндіріс және өлшеу кұралдарының сәйкес келмейтін түр- лерін, метрологиялық іскерлік сараптаудан өтпегендерінің шығарылуын тыюға; дәлдеу таңбасын өшіру немесе өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттарды жоюға (егер өлшеу құралы жарамсыз болса); метрологиялық ережелер және нормалардың бұзылуы кезіндегі ұйғарымды орындауға толықтай құқылы. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік ба- қылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерулер түрінде жүзеге асырылады. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйін және қолда- нылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық қадағалау қарастырады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыра- тын лауазымды адамдардың құқықтары Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды техникалық рет- теу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтеріне сәйкестігін анықтау және кәсіби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті ат- тестаттаудан өтуге тиіс. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың: тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтік куәлігін көрсеткен кезде заңдарға сәйкес мемлекеттік мет- рологиялық қадағалау үшін белгіленген нысандарға кедергісіз кіруге; жеке және заңды тұлғалардан мемпекеттік метропогияпық қадағапау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер сұра- туға және апуға; техникалық құралдарды пайдалануға және тексерілетін нысандардың мамандарынан ақпарат алуға; сынаудан және түрін бекітуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекітілген түрге сәйкес келмейтін өлшем құралдарын қолдануға, өткізуге, өндірістен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға; егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса, олар- дың көрсетулерінің қателігі рұқсат етілген нормалардан асып кетсе немесе салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзімі бітсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшін жоюға; 5-1) өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін оған инспекциялық салыстыру тексеруін жүргізуге; метрологиялық нормалар мен ережелердің бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастауды орындауға міндетті нұсқамалар бе- руге; буманың ішіндегі тауардың санын көрсететін шаманың буманың бетінде белгіленген шамаға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, бума тауарлар тобын өткізуге тыйым салуға құқығы бар. Метрологиялық бақылау Тексерулерді метрологиялық бақылауда мемлекеттік басқару құрылымдарының метрологиялық қызметтері немесе заңды тұлға мамандары іске асырады. Метрологиялық бақылау нысандарына: - шамалардың бірлік эталондары; өлшеу құралы; өлшеулерді орындау әдістемесі; өндіру, жөндеу және өлшеу құралдарын дәлдеуді тексеру, калибрлеу орындайтын қызметші жатады. Эталондарға қойылатын талаптарды мемлекеттік мет- рологиялық қадағалау тексереді, ол үшін: бастапқы эталондарды тексеруден өткізу үшін келісім- шарттар; сақтау және эталондарды пайдалану шарттары болуы тиіс. Метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін өлшеу құралдарының жай күйлері тексеріледі: өлшеу құралының дұрыстығы; өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу мерзімі; өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу іс-шараларының сәйкестігі және тағы басқалар. Метрологиялық бақылаудың жүзеге асыруында өлшем- дердің сол шарттарда орындалуы мемлекеттік метрологиялық қадағалаумен бірге орындалады. Сонымен бірге метрологиялық бақылауға: олардың актуализациясын қамтамасыз ететін нормативтік құжаттар; шама бірлігі, олардың аты және белгісі; өлшеулерді орындау әдістемелерінің қолданылуы; құралдар мен өлшем әдістерінің таңдалуының дұрыстығы сияқты нысандар мен қызмет түрлері жатады. Тұлғалардың құқықтары мен жауапкершілігін, метрологиялық бақылау нәтижелерінің ресімделуін Қазақстан Республикасының заң шығарушы мемлекеттік құрылымдарының метрологиялық қызметтері бекітеді. Техникалық бақылау Техникалық бақылау өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуінің ең маңызды элементі және өнім сапасын басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Техникалық бақылау - қойылған техникалық талаптарға нысанның сәйкестігінің тексерілуі. Техникалық бақылаудың түрлері: бақылау нысаны, өндіріс үдерісінің кезеңдері, бақылауды толық қамту, бақылау нысанының уақытымен байланысы, өндірістік үдеріс, бақылау- дың тиімділігі келесі белгілер бойынша классификацияланады (2-сурет). |