метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
Скачать 2.41 Mb.
|
3-сурет. Физикалық шамалар бірліктері МЕМСТ 8.417-81 Кельвин судың үштік нүктесінің термодинамикалық тем- пературасының 1/273,16 бөлігіне тең. Бұл эталон басқа шамаларға тәуелді емес. Кандела 540-1012 Гц жиілікті монохроматты сәулеленуді пайдаланатын берілген бағытта бағытталған жарық күшіне тең, осы бағыттағы жарықтың энергетикалық күші 1/683 Вт/ср құрайды. Моль - массасы 0,012 кг көміртегі-12 атом саны қанша болса, сонша құрылымдық элементтерден тұратын жүйедегі заттарының мөлшері. Моль эталоны оны анықтаудың біркелкі болмағандығынан жүзеге асырылмаған. Сондықтан бірліктер жүйесіндегі негізгі бірліктің бірінің эталоны жоқ. Туынды бірліктер физикалық байланыстар формулалары арқылы, СИ жүйесінің ережелері бойынша негізгі бірліктерден жасалған. 1-кестеде негізгі бірліктерден жасалған СИ туынды бір- ліктерінің мысалдары келтірілген. 1-кесте Негізгі және қосымша бірліктерден жасалған туынды бірліктердің мысалдары
2-кестеде өзіндік жеке атауға ие және басқа туынды бірліктер- ді жасау үшін қолданылатын СИ туынды бірліктері көрсетілген. Арнайы атауларды қолданатын СИ жүйесіндегі туынды бірліктердің мысалдары 3-кестеде көрсетілген. Арнайы атауларды қолданатын СИ жүйесіндегі туынды бірліктердің мысалдары
Жүйеден тыс бірліктер - бірліктердің қабылданған жүйесі- не кірмейтін бірліктері. Мысалы, СИ бірліктеріне кірмейтін бірліктер келесі топтарға бөлінеді: - мерзіміне шек қойылмай жіберілетін шамалардың бірлік- тер қатары; салыстырмалы және логарифмдік қолдануларға жіберілетін шамалардың бірліктері; тиісті халықаралық шешімдер қабылдануға дейін қолдануға уақытша жіберілетін бірліктер; жаңа өңдеулерде бірлік жүйеден тыс, қолдануға рұқсат етілмейтін бірліктер. ГОСТ 8.417-81 бойынша СИ бірліктерімен қатар мерзімі шектеусіз қолдануға рұқсат етілетін жүйеден тыс бірліктер 4-кестеде көрсетілген. кесте |