Главная страница
Навигация по странице:

  • Операциялъщ бақылаудың міндеттеріне

  • жаппай

  • Метрологиялық қызметтің заңдық негіздері

  • Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу.

  • Бақылау сұрақтары

  • МЕТРОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕҚҰРЫЛЫМЫ

  • Метрология

  • Теориялық

  • Заңнамалық

  • метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


    Скачать 2.41 Mb.
    НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
    Анкорметрология
    Дата17.02.2023
    Размер2.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
    ТипДокументы
    #942565
    страница5 из 58
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

    2-сурет. Техникалық бақылау түрлерінің классификациясы




    Өндірістік үдерісінде орнымен кіретін, операциялық және қабылдап алу бақылаулары танып біледі.

    Кірме бақылау құрастырып жасайтын бұйымдар сапасын, шикізаттары мен материалдарының стандарттардағы көрсетілетін өлшемдері бойынша даярлануын және материалдардың сапасының сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кірме бақылаудың мақсаты сатып алынатын материалдар туралы нақты мәліметті жинау немесе материалдардың сапа көрсеткіштеріне қосымша талаптар құрастыру болып табылады.

    Операциялық бақылау - уақытында немесе нақтылы технологиялық операцияны аяқтаудан кейін жүргізілетін өнімдердің сапасын (немесе технологиялық үдерісін) бақылау.

    Операциялық бақылау конструкторлық және технологиялық құжаттаманың талаптарынан шегінулерді дер кезінде сақтап қалу үшін бөлшектер мен жиынтық бірліктерді жасау кезінде өткізіледі, сонымен бірге технологиялық үдеріс параметрлерінің ауытқуларының себептерін, олардың нормативтік мәндері мен шығарылатын өнімнің сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды өңдейді.

    Операциялъщ бақылаудың міндеттеріне:

    0 Нысандардың жарамдылық талаптарына бақыланатын өл- шемдерінің сапасына тексерудің сәйкестігі;

    0 Технологиялық құжаттар талаптарына тәртіп пен тех- нологиялық үрдіс өлшемдеріне тексерудің сәйкестігі;

    0 Технологиялық үдерістердің реттелуі үшін ақпараттардың алынуы, яғни жинақталу бірліктері және бөлшектердің сапасы немесе өлшемдері мен тәртіптердің тексеріс нәтижесі бойын- ша технологиялық үрдістің жүру барысында қажетті түзету іс- шаралардың орындалуы жатады.

    Операциялық бақылауды өнім сапасына ұсынылатын та- лаптарға тәуелді және құжаттарға сәйкес бекітілген операцияны орындайтындар, шеберлер, жоспар бойынша техникалық бақы- лау бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.

    Операциялық бақылау ережеге сәйкес өнімнің барлық дең- гейлерінде жүргізіледі. Операциялық бақылау ұйымы кезінде үздіксіз бақылау және барлық бұйымның сапасын анықтайтын технологиялық операцияларды бақылаумен жаппай қамтамасыз етілуі қажет. Үздіксіз бақылау технологиялық үрдістердің үздіксіздік байланысына және бақылау операцияларына негіз- деледі. Сонымен қатар технологиялық үрдістер орындалудың барлық уақытында бақыланады және түзеледі.

    Қабылдау бақылауының міндеті:

    0 Дайын бұйымдардың пайдалану мінездемелерін;

    0 Құрастырма бірліктің бөлшектерінің қабылдануын растай- тын құжаттарды;

    0 Қаптау, консервация, маркировканы;

    0 Дайын бұйымдардың жиынтығын тексеру болып табылады.

    Өнімді жаппай толтыру бойынша бақылаудың жалпы бақылауын ажыратады, үдеріс барысында таңдау және шы- ғарылған өнім бірлігіне бақылау жүзеге асырылады, сондай-ақ, шығарылатын өнімнің сапасының бағасын өнім партиясынан таңдалған нәтиже бойынша бағалайды. Таңдамалы әдістерге тұрақты технологиялық үдеріс барысында шығарылатын өнімді бақылау жағдайына таңдау жасайды, ол біртекті өнім партиясына таңдамалы бақылау нәтижесін таратуға мүмкіндік береді.

      1. Метрологиялық қызметтің заңдық негіздері

    Қазақстанда метрологияның алдында тұрған мәселелерді шешу үшін 1993 жылдың 18 қаңтарында Өлшем бірліктері Заңы шығып, республиканың метрологиялық инфрақұрылымының басқаруды заң шығару қағидаларына ауыстыруға мүмкіндік берді. 2000 жылдың 7 маусымында Өлшем бірлікті қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

    Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару ор- гандарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.

    Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарт- та осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

    2004 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан халықаралық тә- жірибеге өту мақсаттында стандартизация, метрология және сәйкестік бағасы саласындағы жұмыстарға байланысты ҚР Техникалық реттеу туралы заңын қабылдады.

    Республикадағы метрологиялық қызметті негізгі заңнан басқа ҚР Үкіметінің 7 қаулысы, МТРК-нің 10 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 3 бұйрығы Қазақстан Республикасының Өл- шем бірлікті қамтамасыз ету төңірегіндегі нормативтік ба- засы, сонымен бірге ҚР мемлекеттік стандарттары (ҚР СТ), халықаралық және мемлекетаралық стандарттар (МЕМСТ және ИСО, ИСО/МЭК), әдістемелік нұсқаулар (МИ), басшылыққа алы- натын құжаттар (РД), МОЗМ бойынша (МР және МД) нұсқаулар және құжаттар, әдістемелік нұсқаулар (МУ) және тағы басқалар құрайды.

    Өлшем бірлікті қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар - өлшем бірлікті қамтамасыз ету бойынша жағдай, нұсқау және басқа нормативтік және әдістемелік құжаттар жұмыстардың өткізуін реттейтін, анықтайтын талаптар.

    Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету ту- ралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс. Қазақстан Республикасының нормативтік қоры жүзден аса мемлекеттік стандарттар және өлшем бірлікті қамтамасыз ету төңірегіндегі нормативтік құжаттарынан және 2000 нан аса мемлекетаралық деңгейдегі нормативтік құжаттарынан (ГОСТ­тар, әдістемелік нұсқау, ұсыныс, өлшеу құралдарының салысты- рып тексеру әдістемесі, өлшеулерді орындау әдістемесі) тұрады.

    Нарықтық экономикаға өту жағдайында Қазақстан Респу- бликасында өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің өзіндік базасы, өзара байланысқан халықаралық талаптарға сәйкес ережелердің және талаптардың кешені жаса- луда.

    Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

    Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу.

    Осы Заң нормаларының және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың бұзылуына байланыс- ты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

    Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік

    Физикалық немесе заңды тұлға бұзушылықтары анықталған ретте ұйымдар жоғарыда көрсетілген шаралардан басқа:

    • лицензияның қолданысын тоқтата тұру;

    • алты айдың сол мерзімге дейінгі тіркеудің аттестат пікірі;

    • әкімшілік төлетулер;

    • жауапкерді жазаға тарту үшін материалдарының сотқа берілуі сияқты шараларды қолдана алады.

    Стандарттар мен техникалық шарттар талаптарын сақтамаған жағдайда, сертификаттау және метрологиялық бақылау ережелеріне бағынбаған жағдайда азаматтарға бес пен он, лауа- зымды тұлғаларға елу мен жүз, ал заңды тұлғалар үшін екі жүзге дейінгі есептік көрсеткіштер өлшемінде айыппұл салынады.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары.

    2. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі.

    3. «Қазақстан метрология институтының» стандарттау мен метроло­гия бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен байланысы.

    4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметтерінің негізгі міндеттері.

    5. Метрологиялық қызметтің заңды тұлғалары немесе олардың бөлімшелерінің негізгі қызметтері.

    6. Метрологиялық қызметтің физикалық тұлғаларының негізгі жұ- мыстары.

    7. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау нысандары.

    8. Техникалық бақылау түрлерінің классификациясы.

    9. Кірме бақылау және операциялық бақылаудың сипаттамасы.

    10. Метрологиялық қызметтің заңдық негіздері.

    1. - Б Ө ЛІМ.

    МЕТРОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ
    ҚҰРЫЛЫМЫ


      1. Метрология - өлшемдер туралы ғылым. Физикалық шамалар туралы ұғым

    Метрология - өлшемдер туралы, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және тиісті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Метрология үш бөлімге бөлінеді: теориялық, заңнамалық және қолданбалы метрология.

    Теориялық метрология - метрологияның іргелі негіздерін құру, өлшем бірліктерінің жүйесі, физикалық тұрақтыларды жа- сау, өлшеудің жаңа түрлерін әзірлеумен айналысатын метро- логияның бөлігі. Кейде «іргелі метрология» термині қолданылады.

    Заңнамалық метрология - мемлекетте қолданылатын өл- шем бірліктері, өлшеу әдістері, құралдары мен зертханаларға қатысты мемлекеттік талаптарды белгілейтін метрологияның бөлігі. Заңнамалық метрология мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұл- ғалардың метрологиялық қызметтері, енгізілетін заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мем- лекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық мет- рологияға құралдардың түрлерін сынау мен бекіту, оларды тексеру мен калибрлеу, өлшеу құралдарын сертификаттау, өлшеу құралдарын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жатады. Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұста- нымдарына сәйкес теңдірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықара- лық метрологиялық бірлескен қызметіндегі өзара түсіністікке эсер етеді.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58


    написать администратору сайта