метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
Скачать 2.41 Mb.
|
4 103 Па дейінгі өлшем ауқымында қысымдардың әр- түрлігіне арналған қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны Мемлекеттік эталон қы- сымдардың әртүрлігіне арнал- ған қысым бірлігінің өлшемін 1 -ші дәрежелі жұмысшы эталондарына - ПМКМ, МКМ-3 және МКМ-4 типті микроманометрлерге беру үшін қолданылады. Метрологиялық сипаттамалары: Шама бірлігі жаңғырты- латын мемлекеттік эталонды өлшеу ауқымы 1'102-дан 4'103 Па дейін құрайды. k=2 кезінде таратудың қалыпты заңы үшін калибрленетін микроманометрмен өлшенетін баған биіктігін анықтау кезінде кеңейтілген белгісіздік (U) ±0,4 % Па шегінде болады. Сұйықтықтардың кинематикалық тұтқырлық бірлік- тердің мемлекеттік эталоны Сұйықтықтардың ки- нематикалық тұтқырлық бірліктердің мемлекеттік эталоны ҚР СТ 2.142-2008 «ҚР МӨЖ. Сұйықтықтар тұтқырлығының өлшем құ- ралдарына арналған мем- лекеттік эталон және мем- лекеттік салыстырып тек- серу сұлбасы» сәйкес өл- шем бірлігін қамтамасыз ету мақсатымен, республикада қолданылатын, жұмыс өлшем құралдарына жұмыс эталондарының көмегімен бірліктерді беру, сақтау және жаңғырту үшін арналған. Сұйықтықтардың кинематикалық тұтқырлық бірліктердің мемлекеттік эталоны өлшем құралдар жинағынан тұрады: асулы деңгейі бар 30 шыны капиллярлық вискозиметрлер жинағы; эталондық вискозиметрлерде сұйықтықтар ағымы уақы- тының есептейтін үшін аппаратуралар; эталондық вискозиметрлерде сұйықтықтың температура- ларын өлшеу және ұстау үшін аппаратуралар Метрологиялық сипаттамалар: Сұйықтықтардың кинематикалық тұтқырлығын өлшеу ау- қымы, мм2/с 4-10-7 - ден 1*10-1 дейін; Кеңейтілген салыстырмалы белгісіздік ,% 0,001 мм2/с -тен 0,003 мм2/с дейін 0,1 0,01 мм2/с - тен 0,3 мм2/с дейін 0,15-0,23 1 мм2/с - тен 100 мм2/с дейін 0,21-0,31 77-ден 273,16 К дейінгі ауқымдағы температура бірлігінің мемлекеттік эталоны Эталон температура бірлігін сақтауға және оның өлшемін 77-ден 273,16 К дейінгі ауқымда, 1-ші дәрежелі жұмыстық эталондарға және жоғары дәл- дікті жұмыстық өлшем құрал- дарына беруге арналған. Метрологиялық сипатта- малар: Температураларды жаңғырту ауқымы - 77-ден 273,16 К дейін.
Сыну көрсеткіші бірлігінің мемлекеттік эталоны Сыну көрсеткіші бірлігінің мемлекеттік эталоны сыну көрсеткіші бірлігінің көлемін жаңғыртуға, сақтауға және «Сыну көрсеткіші өлшемдері құралдарына арналған мемлекеттік эталон және мемлекеттік салыстыру схемасы» 2.143-2008 ҚР ТС-ға сәйкес 1 дәрежелі жұмыс эталондарына беруге арналған. Эталонды сыну көрсеткіші бірлігі көлемін 1,47-ден 1,94-ге дейінгі өлшем диапазонында компаратор арқылы салыстыру туынды эталонымен беру үшін қолданады. Метрологиялық сипаттамалар: 1,47-1,94; 1*10-6; Сыну көрсеткіші өлшемдерінің диапазоны Орташа квадратикалық ауытқу Алып тасталмаған жүйелік қателік 2*10-6, 50 дербес өлшемдер болғанда; Кеңейтілген белгісіздік 3,9*10-6. Жарық күші бірлігінің мемлекеттік эталоны Эталон жарық бірліктерінің кө- лемдерін жаңғыр- туға, сақтауға және оптикалық сәуле- лендіру көздері мен қабылдауыштары өлшемдері, тексе- рулер мен калибр- леулер бірлігін қам- тамасыз етуге ар- налған. Метрологиялық сипаттамалар: жарық күшін өлшеу диапазоны 35-500 кд; жарық ағымы өлшемінің диапазоны 500-1500 лм. Өлшем нәтижесінің орташа квадраттық ауытқуы: жарық күші 0,1*10"2, жарықтық ағынның 0,13*10"2. Шығарылмаған жүйелік қателік,13х10"2 Кеңейтілген белгісіздік (k=2, р=95%) жарық күші 0,34х10"2, жарықтық ағынның 0,38*10"2. Түс координаттар және түстік координаттар бірлігінің мемлекеттік эталоны Эталон оптикалық-физикалық өлшемдер өлшеулер саласында Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатымен, мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасымен сәйкес, жұмыс өлшем құралдары (жарық сүзгіштер, шамдар, колориметрлер және т.б.) жұмыс эталондарының (спектрометр) көмегімен түс координаттар және түстік координаттар бірліктерінің өлшемдерін беру, сақтау және жаңғырту үшін арналған. Метрологиялық сипаттамалар: түс координаттары: Х=2,5-1090, Y=1,498,0 Z=1,7-107, 0 - түстік координаттар -х=0,0039-0,7347, у=0,0048-0,8338, -кіргізу коэффи- циенті-1-100%, шағылу диффузиясының коэффициенті 1-100% Шығарылмаған жүйелік қателігі Sх= 0,0004, Sу=0,0006. Уақыт және жиілік бірліктерінің мемлекеттік эталоны Эталон уақыт және жиі- лік бірліктері көлемін жаңғыртуға,сақтауға және беруге арнал- ған, Уақыт және жиілік бірлігінің мемлекеттік эталоны ар- қылы жүзеге асырылады. Уақыт және жиілік мемлекеттік эталоны әлемдік уақыт пен эталондарды салғастыру шкаласын қалыптастыру жөніндегі әлемдік ынтымақтастыққа белсенді және табысты қатысуға мүмкіндік береді. Өлшем ақпаратының негізгі тұтынушылары: Телекоммуникациялық компаниялар, көлік, ғарыш саласы, қорғаныс кешені және т.б. Метрологиялық сипаттамалар: - Бірлік жаңғыртылатын уақыт кезеңі мәндерінің диапазоны 110-9 -Н-108 с-ты құрады. Бірлік жаңғыртылатын жиілік мәндерінің диапазоны 1^5^10-106 Гц-ны құрады; - Эталон үш айда 1-10-13-тен аспайтын өлшем нәтижелерінің орташа квадратикалық ауытқуы бар бірлікті жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Стандарттық үлгі (СҮ) - метрологиялық аттестаттау нәтижесінде белгіленген заттардың (материалдардың) қасиеттері мен құрамын сипаттайтын бір немесе бірнеше шамалар мәндері бар заттардың (материалдардың) үлгілері. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгісі (СҮ) - белгіленген тәртіпте стандарттық үлгі ретінде бекітілген және өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және градустау, өнімді сынау және зерттеу, сынақтарды, зерттеулерді, өлшеулерді жүргізу әдістемелерін аттестаттау кезінде бірлік өлшемін беру үшін пайдаланылатын, мәндері метрологиялық аттестаттау нәтижесінде белгіленген, заттың (материалдың) құрамын немесе қасиетін сипаттайтын шама мөлшерлерін жаңғыртуға және сақтауға арналған заттар немесе материалдардың анықталған саны түріндегі өлшем құралы. Қасиеттің стандартты үлгілері және құрамның стандартты үлгілері деген түрлерге ажыратылады. Материалдар мен заттар қасиеттерінің стандартты үлгілері метрологиялық тағайындалуы бойынша бірмәнді өлшемдер рөлін атқарады. Олар эталон ретінде қолданылуы мүмкін. Құрамның стандарттық үлгісі - заттағы белгілі компоненттердің құрамын сипаттайтын бекітілген шама мәні бар стандарттық үлгі (химиялық элементтер, олардың изотоптары, химиялық элементтер қосылысы және т. б.). Мысалы, алюминий иондары ерітіндісінің стандарттық үлгісі, фенол ерітіндісінің стандарттық үлгісі. 2009 жылдан бастап ҚР салыстырып тексеру газ қоспалары шығарылады, олар СҮ жатады (ауадағы метан құрамының СҮ, азоттағы оттегінің СҮ). Қаситеттің стандартты үлгісі - заттың физикалық, химиялық, биологиялық және басқа да қаситеттерін сипаттайтын бекітілген шама мәні бар СҮ. Мысалы: салыстырмалы диэлектрлік өткізгіштің СҮ, жоғары таза бензин қышқылының СҮ. СҮ аттестатталған мәні - аттестаттау кезінде анықталған және оның қателігімен қатар төлқұжатында және басқа да құжаттарында көрсетілетін СҮ аттестатталатын сипатының мәні. СҮ аттестатталған мәннің қателігі - аттестатталған мәннің СҮ данасының аттесталатын сипаттамасының нақты мәнінен ауытқуы. ҚР қолдану саласына және мойындау деңгейіне байланысты СҮ келесі категорияларға бөлуге болады: мемлекетаралық (МАСҮ); метрология жөніндегі аймақтық ұйымдар шегінде тағайындалған СҮ; мемлекеттік (МСҮ); кәсіпорын (өндіріс) СҮ - заңды тұлғалар СҮ. Өлшем бірлігі мен өлшеу құралдарының біркелкілігін қамтамасыз ету үшін, 10 млн. жуық өлшеу құралдары мен заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілеріне метрологиялық қызмет көрсету үшін Республикада эталондық база және стандарттардың үлгілер қызметі құрылған. 2003 жылдың қаңтар айында республикамыздың эталон базасында 20 мемлекеттік эталон болды, оның ішінде: масса эталоны КГЭ (1 кг); масса эталоны ГЭ-1-1110 (0-ден 500 г дейін); ұзындық бірлігінің эталоны (0,1-ден 100мм дейін) түзу сызықтық пен жазықтықтан ауытқуды өлшеу саласындағы ұзындық бірлігінің эталоны; қысым бірлігінің алты эталоны (0,04-тен 0,6 МПа дейін; 0,1- ден 6 МПа дейін; 1 ден 60 МПа дейін; 100-ден 4-Ю3 Па дейін); айнымалы ток кернеуінің бірлігінің эталоны (0,6 дан 300 В дейін); ММЕ-4 электр сыйымдылығының бірлігі эталоны (0,1 пФ - 10 мкФ); рН бірлігінің эталоны (1,68 ден 9,18 рН); меншікті электр өткізгіштік эталондарының кешені (10,0 ден 0,01 см/м); температура бірлігінің төрт эталоны (77 - ден 273,15 К; 273,15 ден 3 К; 273,15 ден 1357 К; 273 ден 2074 К); екпінді қозғалыс кезіндегі үдеу өлшеу құралдары үшін эталон (50 ден 5000 м/с2); уақыт пен жиілік эталоны; Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 518 бірінші разрядты жұмыстық эталондар, 710 екінші разрядты жұмыстық эталондары және 879 үшінші разрядты жұмыстық эталондар қолданылады. Еліміздің өлшеу жүйесіндегі физикалық шамал ардың негізгі бірліктері қателігі мына шамалардан аспайтындай етіп жаңғыртылады: ұзындық бірлігі (м) - 1 • 10-8; масса бірлігі (кг) - 2 • 10-2; уақыт бірлігі (с) - 5 • 10-4; электр тоғы күшінің бірлігі (А) - 7 • 10-6; термодинамикалық температура бірлігі (К) - 0,45 • 10-3; жарық күшінің бірлігі (кд) - 2 • 10-2; артық қысым бірлігі - 1,2 • 10-5. Келешекте еліміздегі түрлі физикалық шамаларды өлшеу деңгейін әлемдік деңгейге дейін жоғарылату көзделген (25-кесте). 25-кесте
Өлшем бірлігінің эталоны тек қана өлшемдерді берумен байланысты жұмыстар (салыстырып тексеру, калибрлеу, беттестіру) үшін қолданылады. Мемлекеттік эталондар бекітілген ережелерге сәйкес, сонымен бірге мемлекеттік схемалардың талаптарына сәйкес сақталып, зерттеліп, қолданылады. Мемлекеттік эталонға болған ерекше жағдайлар тіркеліп, олардың себептері мен сипаты көрсетілуі тиіс. а) б) |