Главная страница
Навигация по странице:

  • Бақылау сұрақтары

  • ӨНІМНІҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢСАПАСЫН ӨЛШЕУ

  • Сапа

  • Кешенді

  • метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


    Скачать 2.41 Mb.
    НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
    Анкорметрология
    Дата17.02.2023
    Размер2.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
    ТипДокументы
    #942565
    страница43 из 58
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58

    41-сурет. Мемлекеттік стандартты үлгілер.

    а) «ҚазМетрИн» РМК тағайындалған салыстырып тексеру газ қоспалары;

    б) «ВНИИЦВЕТМЕТ» шығарған мыс өндіру кезіндегі шахталық балқыту пеші шаңының құрамының стандартты үлгісі.

    Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген СҮ мемлекеттік СҮ (МСҮ) деп аталады. Бекітілген СҮ түрлерін ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету тізіліміне (ГСИ РКтізілімі) енгізу керек.

    ҚР мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында МСҮ бірге МАСҮ, КООМЕТ СҮ қолданылады. Соңғы екеуі ҚР МӨЖ тізіміне енгізілмей қолданыла береді.

    Дән ылғалдығының мемлекеттік стандарттық үлгісі
    KZ.03.01.00078-2008

    Дән ылғалдығының МСҮ ылғалдықтың жұмыс өлшем құралдарын жэне жұмыс эталондарын салыстырып тексе­ру, калибрлеу және градустау, оларды қолдану процесінде және метрологиялық бақылаудың басқа түрлерін ӨОӘ метрологиялық аттестаттау үшін арналған.

    Аттестатталған мән - ылғалдың массалық үлесі 8-ден 25% дейін, абсолюттік қателіктің жіберілетін мәннің шектері 0,2-0,25%

    Ұн ылғалдығының мемлекеттік стандарттық үлгісі
    KZ.03.01.00288-2011

    Ұн ылғалдығының МСҮ ылғалдықтың жұмыс өлшем

    құралдарын жэне жұмыс эталондарын салыстырып тексеру, калибрлеу жэне градустау, оларды қолдану процесінде жэне метрологиялық бақылаудың басқа түрлерін ӨОӘ метрологиялық аттестаттау үшін арналған.

    Аттестатталған мән - ылғалдың массалық үлесі 9-дан 25% дейін.

    СҮ аттестатталған мәнінің қателігі ±0,3 %.

    1. Өлшем құралдарын жөндеу, шығару және юстировкалау

    Өлшем құралдарын өндіруді және жөндеуді, оның ішінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін, заттардың аттестатталған қоспаларын өндіруді жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган беретін тиісті лицензияны алғаннан кейін жүзеге асыра алады.

    ӨҚ юстировкасы - ӨҚ қателігін техникалық талаптарға сәйкес мәндерге жеткізу операцияларының жиынтығы.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және градустау ұғымы.

    2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістері.

    3. Салыстырып тексеру сұлбасы.

    4. Өлшеу құралдарын калибрлеу және Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі.

    5. Эталондар және олардың жіктелуі.

    6. Өлшем құралдарын жөндеу, шығару және юстировкалау.

    7. Қасиеттің стандартты үлгілері және құрамның стандартты үлгілері.

    8. Эталондардың бағыныштылығының сұлбасы.

    9. Кезектен тыс салыстырып тексеру қандай жағдайларда жүргізіледі?

    10. Инспекциялық және сараптамалық салыстырып тексерулер.

    7 - Б Ө ЛІМ.

    ӨНІМНІҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ
    САПАСЫН ӨЛШЕУ


    Квалиметрия - өнімдердің сапасын сандық бағалау әдістерін зерделейтін және жүзеге асыратын ғылым саласы. Сапаны квалиметрияда жекелеген пайдалы қасиеттердің жиынтығы деп түсіндіреді, және де ол үнемі иерархиялық құрылыммен байланысты болады: бұл қасиеттер деңгейі және ортақтық дәрежесіне тәуелділігіне байланысты жіктеледі (мысалы, жоғарғы деңгейдегі үйдің сапасы функционалдық және эстетикалылықпен бейнеленеді, функционалдық келесі деңгейде ыңғайлылықтың қасиеті және сенімділікте бөлшектенеді, ол келесі деңгейлерге ыңғайлылықтың мінездемесі және мұндай ортақ қасиеттері азайғанға дейін болады, кейбір қасиеттерді тікелей өлшеуге болады (бөлмелердің ауданы және биіктігі, жылу изоляциясы).

    Егер сапа менеджмент жүйесінде метрологияның маңызы сапаны өлшеудегі сандық бағалау әдістерін зерделеп жүзеге асыратын ғылым саласы екендігінде болса, ал квалиметрия сапасын сандық бағалау әдістерін зерделеуді жүзеге асырады.

    Квалиметрияны келесі бөлімдерге бөлуге болады:

    1. Жалпы квалиметрия жалпы теориялық мәселелерді қа- растырады (ұғымдар жүйесі, терминология; бағалау теориясы, заңдар мен әдістемелер; квалиметрия аксиомалары (аксиомалар және ережелер), квалиметриялық шкалалардың теориясы, ранг беру, ауырлық, т.б.).

    2. Арнайы квалиметрия - бағалаудың алгоритімін және үлгісін, нақтылығы мен дәлдігін қаралады:

    • экспертті квалиметрия;

    • квалиметриялық таксономия;

    Таксономия-иерархиялық құрылысы күрделі нысандар жүйелерінің классификациясының теориясы (көрсеткіштер және қасиеттер, баған нысандары жүйесінің классификациясы, т.т.);

    • ықтималды-статикалық квалиметрия (ықтималдықтар тео- риясы және математикалық санақтың негізінде бағалау әдістері)

    • индекстік квалиметрия (сапаларды бағалауда индекстерді қолдану теориялары).

    1. Пәндік квалиметриялар - пән бойынша (нысанды) ба- ғалаулар:

    • өнім және техниканың квалиметриясы;

    • еңбек және қызметтің квалиметриясы;

    • шешiмдер және жобалардың квалиметриясы;

    -үдерістердің квалиметриясы;

    • жеке квалиметрия;

    • сұраныстың квалиметриясы;

    • мәліметтің квалиметриясы.

    Сапа көрсеткіштері

    Өнім (қызметтер) сапалары нысан қасиеттерінің жиынтығы деп аталады, өнімнің жарамдылығымен сәйкес тағайындалған нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

    Сапа көрсеткіштері - нысан қасиетінің сандық мінездемесі, нысанның тіршілік циклінің нақтылы шарттарына қарай оның сапасының қай құрамға кіретінін анықтайды.

    Өнімдер үшін - оның жасалуы, пайдалану немесе тұтынудың нақтылы шарттары.

    Қызмет үшін - оның өңдеуі және көрсетудің нақтылы шарттары.

    Процесс үшін - оның әзірлеуі және өткізудің нақтылы шарттары.




    42-сурет. Объект сапасының көрсеткіштері




    Сапа көрсеткіштері мінезделетін қасиеттердің саны бойынша (нысандар) жеке және кешенді болып жіктеледі.

    Сапаның жеке көрсеткіштері - нысанның тек бір ғана қасиетіне жататын сапа көрсеткіші (мысалы, сызықты емес бұрмалауларды коэффициент - сызықтылықты мінездейді; үзіліссіз жұмыстың ықтималдығысы - кідіріссіздік; сақтаудағы орташа мерзім - сақталатындық т.б.).

    Кешенді сапа көрсеткіші - объектінің бірнеше қасиетіне жататын сапа көрсеткіші.

    Кешенді сапа көрсеткіші негізінен нысанның сапасы немесе оның қасиеттерінің тобын бейнелеуге мүмкіндік береді. Мы­салы: дайындықтың коэффициенті бұйымның жарамдылығын, бейнелеу және кідіріссіздікті бір уақытта қолдануға мүмкіндік береді.

    Кез келген өлшемге (метр, килограмм және тағы басқалар) салыстыру эталоны керек. Сонымен бірге келесі ұғымдар қажетті:

    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58


    написать администратору сайта