Главная страница
Навигация по странице:

  • Заңнамалық

  • Заңнамалы метрологияның халықаралық комитеті

  • Заңнамалық метрологияның халықаралық бюросы бақылайды (ЗМХБ

  • ИМЕКО (Международная конференция по измерительной технике и приборостроению)

  • ЮНИДО

  • РХКК - Радиобайланыс бойынша Халықаралық Кеңестік Комитет;

  • ААХҰ - Азаматтық Авиацияның Халықаралық Ұйымы;

  • ҒКЗК - Ғарыштық Кеңістікті Зерттеу жөніндегі Комитет.

  • Метрология

  • метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


    Скачать 2.41 Mb.
    НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
    Анкорметрология
    Дата17.02.2023
    Размер2.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
    ТипДокументы
    #942565
    страница46 из 58
    1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
    Заңнамалық метрология бойынша халықаралық ұйым (ЗМХҰ) 1956 жылы қол қойылған үкіметаралық конвенцияның негізінде құрылған. Ұйым 80 мемлекетті біріктіреді.

    ЗМХҰ мақсаты заңнамалық метрологияның жалпы сұрақтарын қарастырады, соның ішінде:

    • өлшеу әдістерінің нақты сапасын құрастыру;

    • өлшеу құралдарының жүйелері мен жобаларын, типтердің біркелкілік анықтамасын қамтамасыз ету;

    • Метрологиялық сипаттаманың унификациясы үшін олардың сынамалары бойынша ұсыныстар;

    • өлшеу әдістерінің калибровкасы және бақылау реті;

    • тексеріс аппаратурасының, бірігу әдістерінің, тексеру және эталон аттестациясының, үлгі және жұмыс өлшеу құралдарының гармонизациясы;

    • метрологиялық қызмет ұйымының оптималды формасының қайта жасауы және олардың кіріспесі бойынша мемлекеттік бірлікті қамтамасыз ету;

    • метрологиялық қызмет ұйымының жұмысы және құрудағы дамып келе жатқан елдерге ғылыми-техникалық көмек көрсету сәйкестігі және олардың берілген құрылғыларын жаңарту;

    • метрология саласында әртүрлі мамандық деңгейлері бойынша кадрлар дайындаудың ұстаным бірліктерін бекіту.

    Төртінші халықаралық конференцияда 1972 жылы ЗМХҰ- ның мақсаты болып халықаралық ынтымақтастыстың негізгі тапсырмасы анықталады: шикізат сипаттамасының техникалық өлшеу нәтижесіне өзара келісімді, жартылай фабрикатқа және өндірілген өнімге бекіту, әрбір мемлекет қатысушы конвенцияда өткізілуі, заңнамалы метрологияның жалпы ұстанымдарын анықтау, қажетті және жеткілікті сипаттамалармен талаптарды бекіту, оларға өлшеу әдістері жауап беруге тиіс, бұлардың қолданылуы келісімі мемлекет мүшелерімен халықаралық жоспарда ұсынылған.

    Келесі конференцияларда ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттың негізінде сапаны басқару жүйесінің стандарттау және сертификаттау міндеттері қойылды.

    ЗМХҰ жоғарғы басқару ұйымы - Заңнамалық метрология бойынша халықаралық конференция төрт жыл сайын шақырылады.

    Конференцияның жұмысына мүше елдер ғана емес, мүше болуды жоспарламайтын елдер де қатысады, сондай-ақ қызмет саласы метрологиямен байланысты түрлі халықаралық одақтар қатыса алады. ЗМХҰ қабылдаған шешімдер ұсыныс сипатында болады.

    ЗМХҰ атқарушы ұйымы - Заңнамалы метрологияның халықаралық комитеті мүше елдерінің өкілдерінен тұрады. Басқарушыларының өз басқару мемлекетінің атынан міндетті алуға құқылары жоқ. Комитетте кеңес беруші орган - президент Кеңесі жұмыс істейді. Оның құрамына екі вице-президент, Заңнамалық метрологияның халықаралық бюросының директоры және Заңнамалық метрологияның халықаралық комитетінің бес белсенді мүшелері кіреді.

    Шешім көбінесе жыл сайын өткізіліп отыратын комитеттің сессияларында қабылданады, ал ерекше жағдайларда санақ көмегімен жүргізіледі. Комитет пен конференцияның жұмысын Заңнамалық метрологияның халықаралық бюросы бақылайды (ЗМХБ, Парижде орналасқан). Бюро ақпараттық материалдарды шығарады, құжаттар қорын жүргізеді, өздерінің демонстрация залдарында экспозиция жолымен метрология саласындағы жетістіктерін көрсетумен айналысады. Бюро әрқашан да ЗМХҰ қатысушылары мен өзара ақпарат алмасуды жүргізеді, сондай ақ жартыжылдық “ЗМХҰ Бюллетенін” шығарады. Тех- никалық комитеттер (ТК) және подкомитеттер(ПК) осыған сәйкес ұйымдардың жұмыс органдар, ЗМХҰ-де басқа атқа ие болды: осыған сәйкес секретариаты - пилоты және секретариат- докладчиктер. Қазіргі кезде ТК және ПК болып өзгертіліп жатыр, бірақ ол әлі аяқталмаған. Хатшылық-пилот метрология саласына жауап береді, ал хатшылық-баяндамашылар деп аталады әр орталықтағы нақты жұмыстарды жүргізеді.

    Ресей елі хатшылық-пилот (ТК) екеуін жүргізеді: ”Шағылған иондар үшін өлшеу құралдары” және “Физика химиялық өлшеу үшін құралдар”, сондай-ақ 12 хатшылық-баяндамашылар (ПК). Хатшылық-пилот негізінде ұлттық және халықаралық жұмыс топтары құрылады. Ұлттық жұмыс тобын мемлекеттің таныстырушылар ұйымдастырады, олар хатшылық басқарады. Топқа заңнамалық метрологияның ұлттық қызметті, стандарттау бойынша ұлттық ұйымның, сондай-ақ метрологиялық зерт- хананың мамандары кіреді.

    Халықаралық жұмыс тобына әртүрлі елдердің секретриат- пилот (ТК) және хатшылық-баяндамашылар (ПК) таныс- тырушылары кіреді, жұмысқа қатысуға деген ниеттері барлар, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар, ЗМХ¥ мен серіктес болады.

    ТК басты міндеті - жұмыс бағдарламасын құру, ол төртжылдық кезеңге бөлінген және ЗМХ¥ жоғары басқару ұйымымен бекітіледі.

    Техникалық комитеттер жасап жатқан құжаттардың сипаттамасы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

    • Метрологияның ортақ сұрақтары бойынша;

    • Өлшеудің жеке түрлері бойынша;

    Жеке салаларды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша.

    ЗМХ¥ құжаттың екі түрін шығарады: халықаралық құжаттар (ХҚ) және халықаралық ұсыныстар (Х¥). ХҚ директорлық сипаттама және ЗМХ¥ ұйымының жұмыстарына арналған, Х¥- халықаралық ұсыныс және ЗМХ¥ мүше елдеріне арналған. ХҚ және Х¥ ағылшын және француз елдерінде басылып шығады және мүше елдеріне таратылады.

    ЗМХ¥ қайта құру, келісімшартқа отыруға бағытталған, ерікті және ашық жүйе ретінде өлшеу құралдарының халықаралық жүйе сертификациясын құруға өзінің көп үлесін қосты.

    ЗМХ¥-ның бұл бағыттағы саласы ИСО/МЭК қабылдаған ұсынысына қайшы келмейді. Керісінше, МОЗМ ИСО/МЭК басшылығын ғана емес сонымен қатар метрология орталығымен тікелей байланысты, сондай-ақ ИСО-ның 30 техникалық комитетінің жұмысына қатысады және де ЗМХ¥ мынадай халықаралық ұйымдармен: МЭК, ЮНИДО, МОМВ, ИМЕКО және тағы басқалармен келісімшарт жасайды.

    ИМЕКО (Международная конференция по измерительной технике и приборостроению) - құрылғы жасау және өлшеу техникасы бойынша халықаралық конференция 1958 жылы құрылған және ғылыми кеңес беруші ұйым болып табылады. Оның жұмыс формасы халықаралық конгрестермен диагнос- тикалық техника және өлшеудің өзекті даму мәселелері бойынша семинарларды өткізу болып анықталады.

    ЮНИДО (организация системы ООН по промышленному развитию) - өнеркәсіптік даму бойынша Б¥¥ жүйесінің ұйымы. Басты мақсаты - дамушы мемлекеттердің индустриялануына жәрдемдесу.

    Сондықтан ұйымдармен іс байланыстар, олар әртүрлі болса да барлығы бір мақсатқа халықаралық экономикалық бай- ланыстарға және ғылыми техникалық дамуға бағытталған.

    Метрология саласында басқа да халықаралық ұйымдар жұмыс істейді:

    РХКК - Радиобайланыс бойынша Халықаралық Кеңестік Комитет;

    ТТХКК - Телефон және телеграфия бойынша Халықаралық Кеңестік Комитеті;

    ААХҰ - Азаматтық Авиацияның Халықаралық Ұйымы;

    АЭХА - Атомдық Энергия жөніндегі Халықаралық Агенсттік;

    ҒКЗК - Ғарыштық Кеңістікті Зерттеу жөніндегі Комитет.

    1. Метрология жөніндегі негізгі халықаралық нормативтік құжаттар

    Халықаралық деңгейде өлшеудің бірлігін жүзеге асыру үшін ұсыныстарды белгілейтін, өлшеудің бірлігін қамтамасыз ететін сәйкес нормативті құжаттар керек және де метрология саласындағы ережелер мен нормалар қажет. Метрология саласындағы халықаралық нормативті құжаттар мыналарды қамтиды:

    • метрология саласындағы терминология;

    • шама бірлігі, олардың атаулары, анықтамасы мен белгіленуі;

    • өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасына та- лаптар;

    • шаманы өлшеу нәтижесінің қателіктерін өрнектеу тәсілдері.

    Терминология саласындағы маңызды құжат “Метрология-

    1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58


    написать администратору сайта