Главная страница
Навигация по странице:

  • Халықаралық бірлік жүйесі

  • «Халықаралық бірлік жүйесі

  • Басылым 27 “Электроникада қолданылатын әріптік белгі- ленулер”

  • Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің мет- рологиялық ұйымы

  • Еуропалық метрологиялық ұйым (ЕВРОМЕТ)

  • Батыс-Еуропалық заңнамалық

  • ТМД елдеріндегі

  • Бақылау сұрақтары

  • метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


    Скачать 2.41 Mb.
    НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
    Анкорметрология
    Дата17.02.2023
    Размер2.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
    ТипДокументы
    #942565
    страница47 из 58
    1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
    дағы негізгі және жалпы терминдердің халықаралық сөздігі” болып табылады. Ол 1993 жылы екінші рет басылып шығарылды. Оның жасалуына жеті халықаралық ұйымның мамандары қа- тысты, олардың қатарына ИСО, МЭК, МОЗМ, МБМВ кіреді. Сөздікті ИСО бастырады, осы терминологиялық сөздікті құру оның идеясы болып табылады. Сөздік алты бөлімнен тұрады: ”Өлшем және бірлік”, ”Өлшеу”, ”Өлшеу нәтижесі”, ”Өлшеу әдістері”, ”Өлшеу әдістерінің сипаттамасы”, ”Эталондар”. Со- нымен қатар “Заңнамалық метрология бойынша сөздік” шыға- рылады, онда әртүрлі елдердегі мемлекеттік метрологиялық қызмет саласы анықталады. Бұл сөздікті заңнамалы метрология бойынша халықаралық ұйым құрастырды.

    Өлшем бірлігінің негізгі құжаты Халықаралық бірлік жүйе- сі СИ 1960 жылы XI салмақ және өлшем бас конференция- сында қабылданған.

    Халықаралық бірлік жүйесі СИ - өлшем бірліктерін қамтамасыз ететін өлшем бірліктерін унификациялаудың негізі. Халықаралық бірлік жүйесі СИ, Халықаралық салмақ және өлшем бюросы «Халықаралық бірлік жүйесі СИ” деп атала- тын жинағын шығарды, ол метрология бойынша маңызды негізін салушы халықаралық нормативтік құжат болып есепте- леді. 1970 жылдан бастап осы құжат француз тілінде алты рет, сондай-ақ ағылшын тілінде аудармасы шықты.

    Метрология саласындағы өлшем және мен бойынша ірі халықаралық ұйымдар - ИСО және МЭК айналысады.

    МЭК/ТК12 “Өлшемдер, бірліктер және олардың қолданылуы” техникалық комитеті байланыс және электроника, логарифмдік бірліктер мен шамалар, айналмалы машиналарға қатысты Басылым 27 “Электроникада қолданылатын әріптік белгі- ленулер” жасап шығарды.

    Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасына талап- тарды белгілейтін халықаралық құжаттарға мыналар жатады:

    • ХӨСБ жасайтын эталондарға спецификация;

    • Халықаралық температуралық шкала бойынша ереже, 1990 ж. (МТШ-90);

    • ЗМХҰ-ның халықаралық ұсыныстары, өлшеу құралдарына техникалық талаптарды және оларды салыстырып тексеру әдістерін белгілейтін ИСО мен МЭК стандарттары.

    МЭК, ИСО, ЗМХҰ қатысуымен “Өлшеудегі белгісіздікті өрнектеу үшін басшылық” құжаты жарияланған.

    Өлшеу нәтижелерін өңдеу барлық мемлекеттерде ықти- малдылық теориясы және математикалық статистика аппараты арқылы жүргізілетіні белгілі, осыған орай, қателіктер кездейсоқ және жүйелік деп ажыратылады.

    1. Метрология бойынша аймақтық ұйымдар

    Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің мет- рологиялық ұйымы (КООМЕТ). Мемлекеттердің метрология бойынша ұлттық ұйымдары 1991 жылы метрология са- ласында ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойды. Сонда КООМЕТ-тің Бративславтағы штаб-пәтері бекітілді. Ынтымақтастықтың мақсаты - елдегі тауар алмасуды қыс- қарту, қуат қорларын үнемдеу, еңбек қауіпсіздігі мен елдегі экономикалық жағдайлардың жақсарту. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары - ұлттық метрологиялық ұйымдардың тап- сырмалары халықаралық ұйым басшылары мен ұсыныстың қажетті есебінде сәйкестендіріліп қайта құрылады.

    Меморандумның негізгі жағдайы территориялық меншікке, ұйымға басшылық, ынтымақтастық облысы, ұйымдардың құрылымы және олардың халықаралық ұйымдарына жатады. КООМЕТ басқа аймақтағы елдермен ынтымақтасуға ашық деп жарияланған. Ұйымға мүше болу басқа да халықаралық ұйымдарға қатысуға және келісімшартқа отыруға кедергі болмайды. Ынтымақтасу саласы деп физикалық өлшемдердің метрологиялық эталоны, заңнамалы метрология, және калибрлеу саласы деп анықталған.

    КООМЕТ құрылымына мемлекеттік метрологиялық мекеенің тұрақты басшылары белгілі бір кезеңге сайланады. Ұйымның жиналысы жылына бір рет өткізіледі. Ұйым мүшелерінің бастамасы бойынша нақты жағдайларды қайта құрастыру үшін жұмыс топтары құрылады, сондай-ақ әр жұмыс тобы өздерінің үйлестірушілерін қояды. КООМЕТ ИСО, МЭК, ЕВРОМЕТ бі- ріккен батыс еуропамен заңнамалы метрология және калибровка бойынша ынтымақтасады. Ұйымда қаражат болмайды.

    КООМЕТ-тің мүшелер Беларусь, Болгария, Германия, Поль­ша, Россия, Қазақстан, Румыния, Словакия, Украина, Куба елдері болып табылады. Ынтымақтасуға өздерінің өтініштерін білдірген елдері Армения, Грузия, Литва. КООМЕТ мүшелері бұл ұйымға қатысудың метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен байланыс орнату үшін маңызы зор дейді. Жиі жағдайда, EAL және ЕВРОМЕТ байланыс орнатылған, олар

    КООМЕТ мүше елдерінің мамандарына басқарушы органдар дың отырысына және батыс еуропалық ұйымдардың мамандарының кеңесіне қатысуға құқық береді. Сонымен қатар, ақпараттық материалдар және хаттамалармен алмасу үдерісі жүргізіледі.

    Эталондар бойынша біріккен комитет КООМЕТ (ЭБК КООМЕТ) КООМЕТ 12 отырысында құрылған (Гавана қ., мамыр 2002 ж.).

    ЭБК КООМЕТ 12 техникалық комитеттен тұрады.

    ЭБК КООМЕТ өз қызметінде КООМЕТ әрекет етуші құжаттары және КООМЕТ іс-шараларына негізделе жұмыс атқарады.

    ЭБК КООМЕТ өлшеу түрлері бойынша техникалық комит- терді әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіруді жүзеге асырады. Олар мына салалар:

    • КООМЕТ мүшелер мемлекеттерде ұлттық эталондарды, калибрлеу және өлшеу сертификаттарын өзара келісіммен келісімшартты жүзеге асыру;

    • жоспарлау, негізгі, қосымша және екіжақты КООМЕТ бірлестіктерін ұйымдастыру және әдістемелік серіктестіру;

    • эталондарды жақсарту мен жаңа эталондарды жасау үшін КООМЕТ жобаларын ұйымдастыру және өткізу;

    • эталондар саласында серіктестік туралы ұсыныстарды құрастыру;

    • заттар мен материалдар құрамының үлгілерін әзірлеу және стандартты үлгілерді пайдалану;

    • эталондар саласында серіктестікке жататын өзге сұрақтар.

    Техникалық комитеттер бекітілген тематикалық салада

    КООМЕТ шегінде қызметтер атқарады.

    Эталондар бойынша бірлескен комитет КООМЕТ және оның техникалық комитеттерін төраға басқарады, оны КООМЕТ Комитеті төрт жыл мерзімге сайланады.

    Техникалық комитеттер сәйкес тематикалық салалардағы корреспонденттерден тұрады. Корреспонденттер өз мемлекет- терінде КООМЕТ Комитетінің мүшелері болып тағайындалады.

    Техникалық комитеттер өз ішінде кіші комиттер құра алады (ПК), олар тұрақты тапсырмаларды шешеді және жұмыстық топтар (ЖТ) құрай алады, олардың құрамында сәйкес ТК/ПК құрылымы бар.

    КООМЕТ мүшелері қажет болса, техникалық комиттер жұмысына қатысу үшін өзінің өкілдерін жібере алады (эксперттерді, кеңесшілерді және т.б.).

    Эталондар бойынша бірлескен комитет КООМЕТ Кеңесі жылына бір реттен кем емес өткізілмейді. Техникалық комит- тердің кеңесі қажеттілік мөлшері бойынша шақырылады, бірақ,

    1. жылда бір реттен кем емес.

    Еуропалық метрологиялық ұйым (ЕВРОМЕТ) 1987 жылы құрылды, ол ЕС мүше мемлекеттерін қамтиды. Оның мақсаты - метрология саласындағы эталондарды жақсартуда тығыз серіктестікті дамыту; метрология бойынша ұлттық ресурстарды қолдануды жетілдіру; өлшеу қызметтерінің сапасын жақсарту және т.б.

    Тәжірибелік қызметтің негізгі бағыттары: эталондарды жасау бойынша жобаларды үйлестіру; метрологиялық қажеттіліктерге жұмсалатын қаржылық құралдарды әзірлеуді үйлестіру; алғаш- қы және ұлттық эталондарды сараптау; жеке жобалар бойынша мүше мемлекеттердің серіктестіктеріне жағдайлар жасау; мүше мемлекеттерді ақпараттық қамтамасыз ету. ЕВРОМЕТ негізгі константтар облысында зерттеу жұмыстарын жүргізеді, эталондарды жасауда ең жоғарғы дәлдік деңгейін алудың өлшеу әдістерін қарастырады; «Еуропадағы метрология» атты анықтамалық шығарады. Ұйымның ерекшелігі болып, тұрақты орналасу орны мен өз бюджетінің жоқтығы болып табылады. Нақты жобаларды ұйым мүшелері өздері қаржыландырады.

    Батыс-Еуропалық заңнамалық метрология бойынша бірлестік (BEJIMET) 1989 жылы құрылған, ол Еуропалық одақ ішінде саудадағы кедергілерді жою үшін, ЕО мемлекеттерінің заңнамалық метрологиялық ұлттық қызметін үйлестіру мақ- сатында құрылған.

    1990 жылы 13 мемлекет өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, ол қол қойған жақтарға заңды эсер етпейді және тек ұсыныстық сипатқа ғана ие.

    BEJIMET өз қаржыландырмайды әр мүше өз қызметін қоса отырып, өздігінен қаржыландырады.

    Батыс-Еуропалық калибрлеу бойынша бірлестікті (EAL)

    1989 жылы ЕО мемлекеттері құрған, оның мақсаты мемлекеттік метрологиялық тексеріске жатпайтын өлшеу құралдарын ка­либрлеу жөніндегі ұлттық сертификаттарды қабылдау. Бұл өлшеу құралдары міндетті тексеріске жатпайды және заңнамалық метрологияның қызметтік саласына қатысыз.

    Ұйымның мақсаттары мен міндеттері өзара түсіністік туралы 15 мемлекет қол қойған Меморандумда көрсетілген.

    Бірлестіктіктің тұрақты орны жоқ. Хатшылық қай мемлекеттің өкілі хатшы болып сайланса, сол мемлекетте орналасады. Ұйымның жеке бюджеті жоқ, ал қажетті шығындарды ұлттық калибрлеу қызметінің мүше мемлекеттері өтейді.

    ТМД елдеріндегі метрология бойынша серіктестік. Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында өзара келісімді саясат жүргізу туралы ТМД мүше мемлекеттер арасында басқармааралық Келісімге қол қойылған. Сол себепті құжатқа өлшеулер біркелкілігі сақталады, ол физикалық шамалар үшін қолданыстағы эталондар негізінде. Көптеген эталондар Ресейде орналасқан.

    Жоғарыда аталған Келісімнің дамуы үшін басқа да құжаттар қабылданған:

    • мемлекеттік сынаулар мен типті бекіту, метрологиялық аттестаттау, өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеу, сынау зертханасының аккредиттеу нәтижелерін өзара мойындау туралы келісім;

    • заттар құрылымы мен материалдардың физикалық тұ- рақтылары туралы келісім;

    • заттар мен материалдар құрылымының стандартты үлгілерін қолдану мен әзірлеу бойынша серіктестіктік келісімі.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Салмақ және шама бойынша халықаралық ұйымның (СШХҰ) және заңнамалы метрология бойынша халықаралық ұйымның қызметі.

    2. Заңнамалық метрология бойынша халықаралық ұйымның (ЗМХҰ) мақсаты және қарастыратын сұрақтары.

    3. Метрологияда негізгі және жалпы терминдердің халықаралық сөздігін” жасауға қандай ұйымдар қатысты және құжат қандай бөлімдер- ден тұрады?

    4. Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің метрологиялық ұйымының (КООМЕТ) мақсаты.

    5. Еуропалық метрологиялық ұйымның (ЕВРОМЕТ) тәжірибелік қызметінің негізгі бағыттары.

    6. ЮНИДО ұйымының қызметі және басты мақсаты.

    7. ИМЕКО ұйымының жұмыс түрі.

    8. Батыс-Еуропалық заңнамалық метрология бойынша бірлестік (BEJIMET).

    9. Батыс-Еуропалық калибрлеу бойынша бірлестік (EAL) ұйымының қызметі, мақсаттары мен міндеттері.

    10. ТМД елдеріндегі метрология бойынша серіктестіктің қызмет бағыты.




    1. «Өлшеу анықталмағандығының түрі бойынша нұсқау», Санкт- Петербург, 1999.

    2. «Өлшеудегі анықталмағандықты бағалау» (жаттығу оқу құралы), БелГИМ, Минск.- Н. Ю.Ефремова. 2003.

    3. Еа-4/02 «Expression of the Uncertainty of Measurement in Calibration». 1999.

    4. DKD-3 «Калибрлеудегі өлшеу анықталмағандығының түрі».- Брауншвайг. 1998.

    5. EURACHEM/CITAC Guide Quantifying Uncertainty in Analytical Measurement, Second Editor

    6. Аналитикалық өлшеудегі анықталмағандықтың сандық сипаттамасы. ЕВРАХИМ/СИТАК нұсқаулығы.- Санкт-Петербург, 2002.

    7. И. П. Захаров, В. Д. Кукиш. «Өлшемдердегі анықталмағандық теориясы», «Консум».- Харьков 2002.

    8. А. А. Дегтярев, В. А. Летягин, А. И. Погалов, С.В. Угольников. Метрология. М: Академиялық жоба, 2006.

    9. П. Н. Агалецкий. Метрологияның жалпы сұрақтары. Таңдаулы еңбектер. П. А. Красовский ортақ редакциясы. Менделеево-: «ВНИИФТРИ» ФМУК, 2009.

    10. А. Г. Cергеев, М. В. Латышев, В. В. Терегеря. Метрология, стандартизация, сертификация. Оқу құралы. - М: Логос, 2005.

    11. Ю. М. Правиков, Г. Р. Муслина. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету. Оқу құралы. - М: КНОРУС, 2009.

    12. И. Ф. Шишкин. Метрология, стандартизация және сапаны басқару. - М: Стандарттар баспасы, 1990.

    13. И. Ф. Шишкин. Теориялық метрология. 1-ші 6өлім. Өлшемдердің ортақ теориясы. - С-Петербург: СЗТУ баспасы, 2008.

    14. Г. Д. Бурдук, Б. Н. Марков. Метрология негіздері. - М.: Стандарттар баспасы, 1984.

    15. М. Д. Вайсбанд, В. И. Проненко Метрологиялық жұмыстардың орындау техникасы. - Киев: Техника, 1986.

    16. В. А. Кузнецов, Г. В. Ялунина. Метрология негіздері. - М: ИПК «Стандарттар» баспасы. 1995.

    17. Г. Д. Крылова Стандартизация, метрология және сертификация негіздері. - М: Аудит, ЮНИТИ, 1998.

    18. В. Я. Плахотин. Метрология негіздері және азық-түлік өнімдерінің тауар қозғалысын метрологиялық қамтамасыз ету. - Қарағанды: ККИ, 1990.

    19. Н. И. Тюрин. Метрологияға кіріспе.-М: Стандарттар баспасы, 1985.

    20. Метрология негіздері және электр өлшемдері. Б. М. Душина редакциясы бойынша. - Л: Энергоатомиздат. 1987.

    21.2011 жылдың 1 қаңтарындағы метрология саласындағы нормативтік құжаттар нұсқаулығы. - Астана, 2011.
    1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58


    написать администратору сайта