Главная страница
Навигация по странице:

  • Дельфтер әдісі

  • Бақылау сұрақтары

  • МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

  • Халықаралық салмақ пен өлшемнің бюросы (ХСӨБ)

  • Халықаралық салмақ пен өлшемнің комитеті (ХСМК)

  • метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова


    Скачать 2.41 Mb.
    НазваниеР. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
    Анкорметрология
    Дата17.02.2023
    Размер2.41 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаР. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер).docx
    ТипДокументы
    #942565
    страница45 из 58
    1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58

    Сараптама нысандарына дэреже беру нәтижелері


    W =

    12 • 630
    25 (343 - 7)

    = 0,9

    (124)

    3. Конкордация коэффициенті




    Сарапшылар пікірлерінің келісушілігі дәрежесін қана- ғаттандырарлық деп санауға болады. Егер сарапшылардың пікірлерінің келісушілігі дәрежесі қанағаттанарлықсыз болса оны жоғарылату үшін арнайы шара қолданады. Олар нәтижелерді талқылауға және қателерді талдауы жаттығуларды өткізуге негізделеді. Егер сарапшылардың алдын ала әзірлеуі үшін мүмкіндіктер жоқ болса, сарапшылық әдіспен өлшем Дельфтер әдісі бойынша жүргізіледі. Бұл әдістің ерекше белгілері мыналар:

    • жасырын; сарапшылар біреудің мәртебесі және шешендік ықпалына кірмеу үшін бір-бірімен кездеспейді;

    • көп сатылылық; әр сұрау турынан кейін барлық сарапшылар бір-бірінің пікірімен танысып қажет болғанда өз көзқарастары- ның жазбаша негіздемелерін береді. Олар өз көзқарастарын өз әріптестерінің пікірлерімен келісіп немесе келіспей қайта қарай алады;

    - бақылау; әрбір турден кейін жеке пікірлердің алдын ала таңдалған мәнге дейін жеткенше сарапшылар пікірлерінің ортақтығы тексеріледі.

    Сарапшылар біліктілігінің маңызды коэффициенттері са- рапшылық әдістің ерекше жауапты өлшемдерінде есепке алынады.

    Сарапшылардың саны да маңызды рөлді, атқарады. Топтағы сарапшылар санының өсуімен өлшеу дәлдігі жоғарылайды. Сарапшылық топтың саны кемінде әдетте 7 адамды құрайды. Ол кейде (жаппай сұрау қалай жүргізіледі, тек қана социологиялық зерттеулерде) 15-20 сарапшыларға жетеді.

    Кейбір жағдайларда сарапшылық әдіспен өлшенудің макси- малды мүмкін дәлдігіне барынша қамтамасыз ету керек болады. Осы жағдайда сарапшылық топтың құрамы n сарапшылар санын шеутеуі керек, өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық және дисперсия бағаларының арасындағы айырмашылық n және n + 1 сарапшылары кезінде маңыздылығын жоғалтады. Бұл шарттар алгоритмдар бойынша тексереді.

    Сонымен бірге, сарапшылық комиссияны мұндай көрсеткіш- тер сипаттай алады: сарапшылық комиссияның шешімдерінің сапасы, сарапшылық комиссияның кешенді сапа көрсеткіші, сарапшылардың шешімдерінің тең дәлдігі. Сарапшылық ко- миссияның біліктілік сипаттамаларын қалыптастыру келесі әдістері ұсынылған. Конкордацияның коэффициенті а маңыз- дылық немес Р ықтималдылық минималды мүмкін мән деңгейінің анықтауы жолымен қалыптастырыла алады. Са- рапшылық комиссияның шешімінің сапасының көрсеткіші са- раптық комиссиның дұрыс шешімінің ықтималдылығы болып табылатындылығы көрсетілген, және ол дұрыс шешімдердің шартты ықтималдылық төменгі шектерімен мөлшерленуі мүмкін. Орташа өлшенгендер бойынша анықталатын сараптамалық комиссияның кешенді сапа көрсеткіші 0-ден бастап 1-ге дейінгі мәнді қабылдайды және кешенді көрсеткіштің төменгі шегімен мөлшерленуі мүмкін. Сарапшылардың шешімдерінің тең дәлдігі Р. А. Фишердің критерийі бойынша анықталады және таңдалған Р ықтималдығымен мөлшерленеді.

    Квалиметрияны қолдану аумағы тұрғындар тұрмыс сапасын анықтайтын салалар болып табылады:

    • тұрғын үй-коммуналды қызметтердің сапасын өлшеу олардың сапасына байланысты осы қызметтер бағасы мен тарифтерін қайта өлшеу механизмін іске қосуға мүмкіндік береді;

    • білім және білім беру сапасын өлшеу барлық деңгейлер меен меншік формаларындағы білім беру мекемелерінің лицензиялау, аттестациялау, аккердитациялау процедураларын қатаң ғылыми негізге қоюға мүмкіндік береді;

    • медициналық қызметтердің сапасын өлшеу денсаулық сақтаудағы медициналық көмекті алу үшін пациенттердің медициналық мекемелерді таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Квалиметрияның жалпы және арнайы бөлімдері.

    2. Өнім сапасының көрсеткіштері.

    3. Өнімнің негізгі сапа көрсеткіштері.

    4. Кешенді және интегралды сапа көрсеткіштерінің сипаттамасы.

    5. Бағалаудың сараптамалық және органолептикалық әдістері.

    8 - Б Ө ЛІМ.

    МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
    ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


    1. Метрология бойынша халықаралық ұйымдар

    Өнім сапасын сынау және бақылау, зертханаларды метро- логиялық аккредиттеу ұлттық өлшеу жүйелеріне негізделген. Өнім бағасының сәйкестігі стандарт талаптарына әртүрлі өлшемдерді өлшеу мен анықталады, өнімнің сипаттамасынаң оның сыртқы параметрлеріне сақтау, транспорттық және қолдану көрсетілді. Сертификаттық сынау кезінде, өнім сәйкестігінің міндетті талаптарын бекітеді, өлшем тәжірибесі мен әдістері нәтиженің сәйкестілігімен анықталады, яғни ол сертификатты мойындаумен байланысты болады.

    Метрология халықаралық сауданың қызуғышылығын қамтамасыз етеді, егер өлшеудің бірлігі сақталған болса өнімнің сертификаты мен сынау нәтижесінің сәйкестендірілуі - қажетті шарт. Бұл метрология бойынша халықаралық ұйым саласында маңызды болып табылады, осыған байланысты көптеген әлем елдерінде физикалық өлшемдердің халықаралық бірліктер жүйесі қабылданған сәйкестік терминологиясы әрекет етеді, өлшеу әдістерінің метрологиялық сипаттамасының әдіс тәсілдері бойынша ұсыныстар қабылданған.

    Халықаралық метрологиялық ұйым халықаралық электротехника мүшелерімен және стандарттау бойынша ха- лықаралық ұйыммен байланыста жұмыс істейді, ол өлшем бірлігінің халықарлық таралуына сәйкес келеді.

    Ең ірі метрологиялық халықаралық ұйымдар - салмақ және шама бойынша халықаралық ұйым (СШХҰ) және заңнамалық метрология бойынша халықаралық ұйым (ЗМХҰ).

    1875 жылы 17 ел (соның ішінде Ресейде бар) Метрикалық конвенцияға қол қойды, оның мақсаты - ұлттық өлшем бірлік- тер жүйесінің унификациясы және масса мен ұзындықтың бі- рыңғай эталондарын бекіту. Осы конвенцияның негізінде үкіметаралық өлшем мен салмақ бойынша халықаралық ұйым құрылды. Ұйымның іскерлік тілі француз тілі. Ұйымды құру мүшелерінің арасында Петербург ғылым академиясы бар. Әлем мемлекетінің 50-дейі осы ұйым мүшесінің құрамында бар. Конвенцияға сәйкес Халықаралық салмақ пен өлшемнің бюросы (ХСӨБ) құрылды (бірінші халықаралық ғылыми зерттеу зертханасы) онда халықаралық эталондарды сақталады және қолдайды: метр мен килограммның түрлерін, шағылуды иондайтын бірліктер, электрлік кедергі және т.б. ХСӨБ Францияда орналасқан, оның салаларын Халықаралық салмақ пен өлшемнің комитеті (ХСМК) басқарады. ХСМК-ның негізгі тәжірибелік міндетті-ұлттық эталондардың әртүрлі өлшем бірліктерінің халықаралық эталондармен сәйкестенуі. Негізінен ХСМК кем дегенде 100 мемлекеттің метрологиялық ұйым саласын қамтамасыз етеді.

    Бұл ұйымның ғылыми бағыттағы жұмысы - өлшемнің метрикалық жүйесін жүзеге асыру. ХСМК әрқашанда халықара- лық эталондарды жүзеге асырады, өлшемнің нақты әдістері- нің жаңа әдіс тәсілдерін қабылдайды және құрастырады, өл- шем бірліктерінің негізгілерін құрайды және ескі концепцияла- рын жаңартып отырады, мүше мемлекеттердің метрология- лық бақылауларын тексереді.

    ХСМК-ның ғылыми бағдарламасы және тәжірибелік са­ласы өлшем және шама бойынша басқару конференциясын

    - бірліктерді бекіту сұрақтары бойынша халықаралық ұйым, оларды шығару әдістері мен анықтамасын бекітеді. Оның жұмысына Конвенцияға қосылған барлық елдер қатысады. Басқару конференциясы төрт жылда бір рет өткізіледі, біріншісі 1898 жылы болды. СШХҰ аралық жұмыс конференциясын Халықаралық салмақ пен өлшемнің комитеті конференциясында таңдап алынған басқарады. Комитеттің құрамына әлемнің ірі физиктері мен метрологтары кіреді, барлығы 18 мүше. Кезінде Ресей елінің комитет мүшесін Д. И. Менделеев басқарған.

    Халықаралық салмақ пен өлшем комитетінің құрамында сегіз кеңес беруші комитет жұмыс істейді, олар басқару конференция­сы үшін материалдар мен шешімдер дайындайды. Комитет атта- ры СШХҰ саласының диапозонына эсер етеді: Электр бойынша комитет, термометр бойынша, метрды анықтау, секундты анықтау, бірлік пен масса бойынша, иондалған шағылу үшін фотомет­рия мен эталон. Комитеттері СШХҰ мемлекет мүшелері өздері- нің ірі ғылыми институттары мен комитеттерінде, яғни Ресей- Жалпыресейлік метрология бойынша ғылыми зерттеу институты және жалпыресейлік физика-техникалық ғылыми зерттеу институты және өлшеудің радиотехникалық әдісі ұсынылған.

    СШХҰ ғылыми құрастырылуының үлкен тәжиребелік мағынасы бар. Халықаралық бірліктер жүйесі СИ (1960 жыл) қабылдануы, секундтың жаңа анықтамасы (1967 жылы) және жиіліктің жаңа стандарттарының құрылуы жеткілікті болып табылады. Соңғысы жиілік пен уақыттың ұлттық эталондарын нақтылығын 100-1000 бірнеше есеге көтеруге мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде ғарыштық ұшу нақтылығын қамтамасыз етуде көрінді, сондай-ақ кейбір нақты ғылыми сынауларда қолданылды.

    Қазақстан СШХҰ қатысушысы ретінде уақыт шкаласының TAI уақыт атомының халықаралық шкаласымен бірігуімен қолдануға бастады, бекітілуінде США, ФРГ, Канаданың, ұдайы байланыстың желісі, жұмыс эталоны және батыс еуропа мемлекеттерінің жиіліктің өндірістік атомдық стандарты бірігуі мен қолдануды бастады. Қазақстанға бұл тапсырылған нақтылықты жиілік пен уақыттың мемлекеттік эталонын және олардың аз шығынмен берілу жүйесін қолдауға мүмкіндік береді.

    Метрдің жаңа анықтамасына көшу 1983 жылы он жылдық дайындыққа әкелді, осы уақытта мемлекеттің мамандар қатары ондаған миллион долларға тең көлемді құрастыруды жасап шығарды. Бірақ әрбір елдің шығыны жалпы шығынның 30% құрады.

    СШХҰ жұмысына қатысуда маңызды салдары өлшемнің жаңа бірліктеріне немесе бірліктің жаңа эталондарына біркелкі өтуі болып табылады. Бұл өлшем мен сынау нәтижесінің өзара мойындауының негізін құрады, халықаралық сауда да техникалық қиындықтарды жоюға, технологиялармен, ғылыми техникалық ақпаратпен алмасуға рұқсат етеді.

    1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58


    написать администратору сайта