метрология. Р. Қ. Ниязбекова метрология каз (через файн ридер). Р. . Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. . Бектранова, В. А. Донбаева, К. У. Тоызбаев, Л. А. Байбосынова
Скачать 2.41 Mb.
|
38-сурет. Эталондардың бағыныштылығының сұлбасы Мемлекеттік алғашқы және екінші эталондардың жиынтығы мемлекеттегі өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізі болып табылатын, мемлекеттің эталон базасын құрайды. Эталон базасының құрамына кіретін эталондар саны өндірістердің пайдалануынан, ғылыми және техникалық мүмкіндіктерге байланысты өзгереді. Әдетте уақыт өте келе эталондар саны өседі, ол әрқашан өлшеу әдістерінің дамуымен байланысты болады. Халықаралық жүйенің (SI) негізгі бірліктерінің жаңғыртылуы орталықтанған тәртіпте мемлекеттік эталондардың көмегімен жүзеге асырылады. Эталон конструкциясы, оның қасиеті және бірлікті жаңғырту әдісі физикалық шаманың сипатымен және өлшеу техникасының даму деңгейімен анықталады. Физикалық шаманың эталондық мәнінің ұдайы жаңғырту үшін жеке және топтық эталондар, сонымен қатар жиынтық эталондарды қолданады және құрастырылады. Егер өлшемді бір алғашқы техникалық эталонмен жаңғырту қолайсыз болса, бұл жағдайда бірнеше алғашқы эталондарды жасайды. Эталондарды ФШ бірліктерін сақтау үшін қолданады. Бірлікті сақтау дегеніміз - белгілі бір өлшеу құралына сәйкес бірлік өлшемінің уақыт бойынша тұрақтылығын қамтамасыз ететін әрекеттер жиынтығы. Бірлік өлшемін беру тәртібін арнайы құжат - салыстырып тексеру сұлбасы белгілейді, ал іс-шараны салыстырып тексеру әдістемесінде тіркейді. Сұлба бойынша бірліктер өлшемі жо- ғары тұрған эталондық өлшеу құралдарынан бір саты төмен тұрған эталондық өлшеу құралдарына немесе жұмыстық өлшеу құралдарына беріледі. Бірлік өлшемін беру - салыстырып тексеру (калибрлеу) кезінде салыстырып тексерілетін өлшеу құралының физикалық шама бірлігінің өлшемін эталон жаңғыртатын немесе сақтайтын бірлік өлшеміне келтіру. Өлшеу құралдары үшін салыстырып-тексеру сұлбасы (салыстырып тексеру сұлбасы) - бірлік өлшемін эталоннан жұмыстық өлшеу құралдарына беруге қатысатын өлшеу құралдарының бағыныштылығын белгілейтін құжат. Салыстырып тексеру сұлбасының графикалық бөлігінің құрылымы 39-суретте көрсетілген. 39-сурет. Салыстырып тексеру сұлбасының жалпы құрылымы Салыстырып-тексеру сұлбалары таралу ауқымына қарай мына түрлерге бөлінеді: мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары; мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары; жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары. Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы - мемлекеттегі барлық физикалық шаманы өлшеу құралдарына таралатын салыстырып тексеру сұлбасы. Жергілікті тексеріс сұлбасы - аймақта, салада, ведомствода немесе жеке кәсіпорында (ұйымда) қолданылатын физикалық шаманы өлшеу құралдарына таралатын салыстырып тексеру сұлбасы. Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбасын “Стан- дарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы” Келісімге қатысушы мемлекеттер қолданады. Мемлекеттер мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбасына қайшы келмейтін нормативтік құжаттар әзірлеу жолымен өлшем бірлігін қамтамасыз етеді. Өлшеу құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбасы - бұл бірлік өлшемін эталоннан жұмыстық өлшеу құралдарына беруге қатысатын өлшеу құралдарының бағыныштылығын бел- гілейтін белгіленген тәртіппен бекітілген нормативті құжат. Салыстырып тексеру сұлбасы бірлікті берудің кем дегенде екі сатысынан тұруы тиіс. Салыстырып тексеру сұлбасының сызбасы шрихтелген сы- зықтармен бөлінген жолдардан тұруы керек және мынадай атаулары болуы керек: мемлекеттік эталон; 1-разрядты жұмыстық эталондар; жұмыстық өлшеу құралдары. Салыстырып тексеру сұлбасының сызбасында мыналар көрсетілуі тиіс: өлшеу құралдары мен салыстырып тексеру әдістерінің атауы; шамалардың номиналды мәндері немесе мәндер диапазоны; өлшеу құралдары қателіктерінің жіберілетін мәндері; салыстырып тексеру әдістерінің қателігінің жіберілетін мәндері; Салыстырып тексеру сұлбасында көрсетіледі: эталондар үшін - қателіктерінің жіберілетін мәндерінің төменгі шектері; жұмыстық өлшеу құралдары үшін - қателіктерінің жіберілетін мәндерінің жоғарғы шектері. Алғашқы эталондар үшін көрсетіледі: эталонның жүйелі қателігінің шегі Ө (Ө0); тәуелсіз өлшеулер санын көрсете отырып бірлікті жаңғырту кезіндегі өлшеу нәтижесінің орташа квадраттық ауытқуы S (S0); белгілі уақыт аралығындағы t эталонның тұрақсыздығы v (v0). Индексі жоқ символ абсолютті қателікті өрнектейді, ал индексі «0» бар символ салыстырмалы қателік сипаттамасын көрсетеді. Екінші эталондар үшін қателіктер қосындының сипатта- масы көрсетіледі: екінші эталонды алғашқы эталонмен беттес- тіру кезіндегі өлшеу нәтижесінің орташа квадраттық ауыт- қуының жіберілетін шекті мәні SE (SE0) немесе P=0,99 кезіндегі өлшеу нәтижесі қателігінің сенімді шекараларының жіберілетін шекті мәні. Салыстырып тексеру сұлбаларында келесі салыстырып тексеру әдістері қолданылады: тура өлшеулер; тікелей беттестіру немесе өлшем көмегімен беттестіру; компаратордың көмегімен беттестіру; жанама өлшеулер. ЖИІЛІК ПЕН УАҚЫТТЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ҮШІН САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ СҰЛБАСЫ 40-сурет. Жиілік пен уақытты өлшеу құралдарын салыстырып тексеру сұлбасы Эталондардың барлық қызмет ету мерзімінде олар сақтайтын және жаңғыртатын бірліктердің өлшемдерінің тұрақтылығы мен эталондардың дәлдігін арттыруды қамтамасыз ету үшін олардың қасиеттерін зерттеу керек. Мемлекеттік эталондарға халықаралық немесе мемлекет- аралық беттестірулер жүргізіледі. Эталондарды дұрыс сақтау, беттестіру мен зерттеуді бақылау үшін эталондарды сақтаушы ғалымдарды тағайындайды. Ұзындық бірлігінің мемлекеттік алғашқы эталоны Ұзындық бірлігінің мемлекеттік алғашқы эталоны ҚР СТ 2.29 - 2004 «ҚР МӨЖ. 110-6 -ден 50 м дейінгі ауқымдағы ұзындықтың және 0,2-ден 50 мкм дейінгі толқын ұзындығының өлшем құралдарына арналған мемлекеттік эталон және мемлекеттік салыстырып тексеру сызбанұсқасына» сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында бірлік өлшемін жаңғыртуға, сақтауға және жұмыстық эталондардың көмегімен (немесе тікелей) республикада қолданылатын жұмыстық өлшем құралдарына беруге арналған. Метрологиялық сипат- тамалары: оптикалық сәулелену толқынының ұзындығы 0,633 мкм; абсолют жиілік дәлдігі 2,5 ■ 1011 (12 kHz); жиілік тұрақтылығы (Аллан нұсқасы): 1 с кезін- де 1 • 10"11, 10 с кезінде 3 • 1012, 100 с кезінде 1 • 1012, 1000 с кезінде 3 ■ 10-13. Эталонда толқын ұзындығы 0,633 мкм болатын жиілік бо- йынша тұрақталатын газдық лазерлерге салыстырып тексеру/ калибрлеу жүргізуге болады. Тік сызықтықтан және жалпақтықтан ауытқуды өлшеу саласындағы ұзын- дық бірлігінің мемлекеттік эталоны Эталон ұзындық бірлігі- нің өлшемін 1-ші дәрежелі жұмысшы эталондарға беру- ге арналған (оптикалық сыз- ғыштар). Метрологиялық сипаттамалары: 0 разрядты эталон тік сызықтықтан ауытқу 6,61 мкм өлшеу нәтижесінің СКО 0,37 мкм көпір ұзындығы 4 м р=0,95 және k=2 кезінде ± 1,0 мкм шегінде тік сызықтықтан және жалпақтықтан ауытқуларды өлшеу саласында ұзындық бірлігін жаңғыртудың кеңейтілген белгісіздігі 1-ші және 7-ші қатарлар - 1980 жыл; 4-қатар - 1991 жыл, 8-қатар 1995 жылдары өткізілген өлшеу нәтижелері бойынша көпір профилін білдіреді. Екінші және үшінші қатарлар 1999 және 2004 жылдары өткізілген өлшеу нәтижелері бойынша көпір профилін білдіреді. 1991, 1994, 1999 және 2004 жылдардың өлшеу нәтижелерін ГЭТ 130-80 эталон құрамына енгізілетін өлшеу жүйесінің көмегімен Орал метрологиялық ғылыми-зерттеу институтының (УНИИМ) мамандары алды. Салмақ бірлігінің мемлекеттік эталоны Салмақ бірлігінің мемлекеттік эталоны ҚР СТ 2.28-2005 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі Салмақтың өлшем құралдарына арналған мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына сәйкес салмақ бірлігін жаңғыртуға, сақтауға және (компараторлар көмегімен) алғашқы эталондарға (0 және 1 дәрежелі кіртастарына) және жоғары дәлдікті жұмыстық өлшем құралдарына (салмақтың номиналды мәні 1 мг-нан 20 кг дейін болатын Е1, Е2 дәлдік класты кіртастарға) беруге арналған. Эталонның құрамы және метрологиялық сипаттамалары Эталон өлшем құралдарының жинағын білдіреді, оның құрамына мыналар кіреді: - салмақтың но- миналды мәні 1 кг - KZ1, KZ2, KZ3 жиынтық белгісіздігі u 0,015 мг болатын (қамту коэффициенті k=2 кезінде) дара кіртастар; - салмағының номиналды мәні 1 мг-нан 20 кг дейін болатын 0 дәрежелі эталондық кіртастардың жинағы. |