Одномерные и двумерные массивы в Python. 75-ПМК-10-75. Республиканский научнометодический журнал Педагогический
Скачать 1.33 Mb.
|
Қазақ əдебиеті сабағында белсенді оқу əдістерін пайдалана отырып көркем шығармаларды оқытуИбрагимова Зухра Лесбековна Семей қ. Шəкəрім атындағы университетінің магистранты Оқушылардың өз мүдделерінің қызығушылығынан туындайтындықтан бүгінгі оқыту үдерісінде кон- структивті білім кең қолданыс тапқан. Конструк- тивті білім беру үшін оған сай оқыту əдіс-тəсілде- рін қолдану қажет. Бүгінгі мұғалім дəстүрлі оқы- туды сақтай отырып, соны əдістемелер арқылы бі- лім беруді мақсат тұтады. Бұл ретте интербелсенді оқу жəне интербелсенді оқыту əдістері алға шы- ғады. Интербелсенді оқыту – өзара əрекеттесу, үй- рену мен үйрету арқылы білімді меңгертуге жəне нақты нəтиже алуға бағытталған оқыту əдістемесі. Интербелсенді оқыту мұғалім мен оқушының оң- тайлы, тиімді қарым – қатынасына негізделіп, үй- ренуші мен үйренушілердің өзара əрекеттесуіне құ- рылады [1]. Қазақ əдебиетін интербелсенді оқыту төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады: - ұжым- дық, топтық, жұптық бірлескен жұмыстар; - дара, жеке жəне бірлескен зерттеу жұмыстары; - рөлдік жəне іскерлік ойындар; - ой-талқы, пікірталас, пі- кірсайыстар, дебат; - ақпарат көздерімен жұмыс жасау (интернет, құжаттар т.б.); - ізденісті шығар- машылық жұмыстар; - тақырыптық тұсаукесерлер; семинар, тренингтер; - интервью, сауалнама, кері байланыстар. Мəселен мұны жоғары сыныпта оқытылатын Мір- жақып Дулатов шығармашылығын құзыреттіліктер тұрғысынан талдау арқылы көрсетуге болады. Жа- зушының жалпы шығармашылығымен қатар «Ба- қытсыз Жамал» романынан төмендегідей ретте сұ- рақ-тапсырмалар ұсынылады. Мəселелерді шешу құзыреттілігі мен өзіндік ме- неджмент бойынша оның аспектілеріне сəйкес ро- манды тұтас талдауға мүмкіндік туады. Ол үшін мұғалім берілетін тапсырмалар мен сұрақтарды əр аспекті бойынша нақты дайындайды. Бұл құзырет- тіліктердің «Мəселені сəйкестендіру (айқындау)» атты бірінші аспектісінде оқушы жауабында: қала- ған жағдаятын негіздеп айтады; болған жағдаятты талдайды жəне оның өзі қалаған жағдаятпен сəй- кессіздігін көрсетеді; əр түрлі жағдайдағы мəселе- лердің түпкі себептерін анықтайды. Ол үшін мына сұрақтар беріледі: 1. Міржақып Дулатовтың 1910 жылы Қазанда басылып шыққан «Бақытсыз Жамал» романында қандай саяси-əлеуметтік, та- рихи жағдайлар туралы жазылған? 2. «Бақытсыз Жамал» қазақ даласындағы жер дауы, жесір дауы, мал дауы туралы роман» деген пікірге қалай қарай- сың? Сол кездегі тарихқа көз жібертіп, өз пайымда- уыңды айт. 3. Қазіргі заман тұрғысынан қарағанда романның ақиқаттық сипатын қалай дəйектер едің? Əрекетті жоспарлау жəне мақсат қою аспектісінде мəселеге сəйкес мақсат қояды; өз мақсатын жүзеге асыруға қажетті міндеттерді анықтайды; бағалау критерийлері негізінде өз əрекеті нəтижесінің сипа- тын өздігінен анықтайды. Бұл жерде қойылатын сұ- рақтар: 1. Романдағы тарихи жағдайларды оқып- білу үшін сол кезде жазылған ұқсас шығармаларды салыстырып көр. 2. «Бақытсыз Жамал» романына дейін қазақ даласында жер дауы, жесір дауы, мал дауы туралы мəселе көтерілген бе? 3. Ол ауыз жəне жазба əдебиетте қалай көрініс тапқан? Технологияларды қолдану аспектісінде оқушы əре- кет үстінде шешім қабылдаудың технологияларын нақты қолданады жəне өз əрекетін жоспарлайды. Бұл жерде айтып отырған технология оқыту емес, оқушының ұтымды зерттеу əдістерін таба білуіне қажет əдістер. Берілген мына екі сұраққа жауапты оқушыосы аспект бойынша іздену жұмысын жал- ғастыру үшін пайдаланады. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығарма- сында романға тəн белгілер бар ма? Болса, ол шы- ғарманың қандай маңызын көрсетеді? Жазушының стилі туралы өз пікіріңіз қандай? Ойыңызды мысалмен дəйектеп айтып берсеңіз. Ресурстарды жоспарлау аспектісі бойынша оқушы қойылған міндеттерді шешуге қажетті ресурс- тарды, яғни қажет материалдарды жоспарлайды. Ол үшін «Бақытсыз Жамал» романына берілген ба- ғаларды сараптап, өз тарапыңнан баға беріп көр», - деген тапсырма ұсынылады. Əрекетті бағалау аспектісінде оқушы өз əрекетіне бақылау жоспарлап, оны жүзеге асыру үшін мына сұрақтар беріледі: 1. Жамалдың бақытсыздығына кім кінəлі? 2. Жамалдың бақытсыздығына əке-ше- шесінің қатысы бар ма? Бар болса, олардың қай іс- терін жазғыру қажет? 3. Сəрсенбай Жамалдың ба- қыты туралы ойланды ма? Оның бай жермен құда болуының Жамалдың болашағы үшін қажеті бар ма? 4. Сəрсенбай мен Шолпан бала тəрбиесіне қа- лай көңіл бөледі? Қыздары Жамалды қалай өсіреді? 5. Сəрсенбай қызы Жамал арқылы неге қол жеткі- зуді армандады? Бұл Сəрсенбайдың қандай қасие- тін танытады? Нəтижелерді /əрекет өнімін/ бағалау аспектісінде оқушы өз əрекетінің нəтижесін өзі айқындаған кри- терийлер бойынша бағалайды. Ұжымда, топта «Ба- қытсыз Жамал» романына берілген пікірлерге өз пікірін қосып, оқушы шығарманы бағалайды. Өзі- нің өсу деңгейін бағалау аспектісі: 1. «Бақытсыз Жамал» романының сізге қандай пайдасы болды? 2. Одан не үйрендіңіз? Сол дəуірде өмір сүрсеңіз, өзіңіз не істер едіңіз? 3. Бас бостандығы дегенді қа- лай түсінесіз? Ол тек əйел адамға ғана керек пе? 4. Романды оқымаған досыңызға, жақындарыңызға қандай кеңес берер едіңіз? 5. Сөзіңіздің мəтінін жазбаша дайындаңыз. Өзіңіздің өсу деңгейіңізді бағалаңыз. Бұл сұрақтарға жауап бере отырып, оқушы өз əрекетіндегі жетістіктер мен кемшілік- тердің себебін анықтайды; қойылған міндетті ше- шуде кездескен қиындықтарды атап көрсетеді жəне оларды болдырмаудың жолдарын ұсынады; шешім қабылдауда ішкі мотивтер мен жағдаяттарды тал- дайды. Мəселелерді шешу құзыреттілігі мен өзін- дік менеджмент бойынша оның барлық аспектілері қамтылған сұрақтарды мұғалім ауыстырып, өзгер- тіп, толықтырып бере алады. Романды интербелсенді əдіс арқылы талдауда ақпа- раттық құзыреттіліктердің орны ерекше. Бұл құзы- реттіліктердің ақпараттық ізденісті жоспарлауда оқушылар алдына қойылған міндетті шешуге қа- жетті ақпаратты атайды; мерзімді басылым матери- алдарының тізімін, библиографиялық жинақтарды қолданады; интернет жүйесінің электрондық жəне карточкалық каталогтарын пайдаланады; берілген ақпаратты қайнар көздің қай түрлерінен іздеу жо- лын көрсетеді; ақпараттық ізденіс міндетіне сəйкес деректерді сипаттайды. Бұл арнаның атқаратын қызметінің ауқымы кең, əрі таңдау мүмкіндігі де жоғары. Сол себепті бұл құзыреттіліктер бойынша тапсырма орындауда оқытудың интербелсенді, ақ- параттық, дамыта оқыту, жобалау технологияла- рын қолдану ұтымдылық танытады. «М. Дулатов- тың шығармашылығы туралы кімдердің зерттеу ең- бектері бар екен? Ақпарат көздерінен іздестіріңіз» деген бір ғана сұрақпен орасан жұмыс түрлерін жүргізуге блады. Ол əрине, мұғалімнің дұрыс ба- ғыт бере алуына да байланысты. Алғашқы ақпараттарды бөліп алу аспектісінде мы- надай сұрақтар қойылады: 1. М. Дулатовтың бі- лімді азамат болып қалыптасуына Ыбырай мектебі қалай əсер етті? 2. Міржақып Дулатовтың білімді, саяси қайраткер дəрежесіне көтерілуіне қандай жағдайлар себеп болды? 3. М. Дулатовтың əлеу- меттік-саяси жұмыстармен айналысуына əсер еткен сыртқы жағдайлар қандай еді? 4. Ел санасын ояту бағытында М. Дулатов қандай жұмыстар жа- сады? 5. М. Дулатовтың өз шығармаларын бүркен- шік атпен беру себебі неде? Бұның қандай пайдасы болды деп ойлайсыздар? Сұрақ-тапсырмаларды орындауда оқушылар ақпараттық ізденіс міндетіне сəйкес өз бетімен бақылау-эксперимент жүргізеді; сауалнама арқылы ақпарат жинауды өз бетімен жоспарлайды жəне жүргізеді; белгіленген міндетке сəйкес жоспар бойынша БАҚ-на мониторинг жүр- гізеді; берілген тапсырма бойынша статистикалық, тарихи жəне көркем образ мазмұнындағы дерек көздерден ақпаратты бөліп алады. Қайта алынған ақпаратты бөліп алу аспектісінде М. Дулатовтың жазған еңбектерін жинақтап, тақырып бойынша бөлу тапсырылады. Тапсырма біреу бол- ғанымен жұмысты аспектінің атына сəйкес бірнеше түрге бөліп орындауға болады. Оқушылар белгі- ленген міндеттің сипатына орай өз бетімен негіз- деме құрайды, оларды үйлестіріп, бастапқы ақпа- ратты бөліп алады; айқындалған қайшылықтарды көрсетеді. Ақпараттарды бастапқы өңдеу бойынша «Бақыт- сыз Жамал» романының композициялық құрылы- мын жасау тапсырылады. Оқушылар берілген күр- делі құрылымның аясында іріктелген ақпараттарды жүйелейді; бір тақырып бойынша өздігінен ақпа- раттарды жүйелеуге қажетті қарапайым құрылым жасайды. М. Дулатов шығармашылығы туралы жи- нақталған ақпараттардан рефератқа қажетті мате- риалдарды топтастырады. Ақпараттарды өңдеу аспектісінде шешуге тиіс мін- деттер аясына алынған ақпараттарды енгізеді; ақ- параттардың дəлдігін, сенімділігін тексеру үшін ұсынылған тəсілді қолданады; алынған ақпарат не- гізінде өзі қорытынды жасай алады немесе өзгелер- дің қорытындысымен келіседі жəне оны бекіту мақсатында бірнеше дəйектер келтіреді. Жауапты эпизодтарға бөліп, оларға ат қояды, эпизодтар бо- йынша жоспар-тезис жасайды. Берілетін сұрақтар мен тапсырмалар: Қалай ойлайсыз, «Бақытсыз Жамал» романын- дағы кейіпкерлердің прототипі бар ма? Іздестіріп көріңіздер. Екі жас қандай шешімге келді? Оларға кімдер кө- мектесті? Қол ұстасып бақыт жолына түскен екі жастың па- налағаны кім болды? Жамал мен Ғалидың қашып кетуі елге қандай əбігер əкелді? Екі жастың бақыт сапары қалай аяқталды? Қорыта айтқанда, белсенді оқу əдістерін пайдалана отырып көркем шығармаларды оқытуды өзінің ти- імділігін көрсетуде. Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 1. Əлімов А. Интербелсенді əдістемені ЖОО-да қол- дану мəселелері: оқу құралы. – Алматы, 2013. – 448 б. |