Одномерные и двумерные массивы в Python. 75-ПМК-10-75. Республиканский научнометодический журнал Педагогический
Скачать 1.33 Mb.
|
Салқындатқыш сұйықтықтарМурзаева Тлектес Еркинтаевна "Ақсай техникалық колледжі" МКҚК арнайы пəндер оқытушысы
Салқындатқыш сұйықтықтар туралы қысқаша мə- лімет Қозғалтқыштың салқындату жүйесіне арналған сұ- йықтар төмендегідей талаптарға сай болуы керек. -жоғары сыйымдылыққа, жылу өткізгіштікке жəне белгілі тұтқырлыққа ие болуы керек; -қайнаудың жоғары температурасы мен тоңазудың төменгі температурасы- ның болуы; -жуылатын қабырғаларда шөгінділердің түзілмеуі жəне салқындату жүйесін ластамауы; -метал бөлшектерінде тотығуды туғызбау жəне ре- зеңке бөлшектерді бүлдірмеу; -берік химиялық жəне физикалық тұрақтылық ие болуы; -қату жағдайында салқындату жүйелерінің бөлшек- терінің сынбауы, қыздыру жағдайында көлемін аз өзгерту мүмкіндігі жəне мұнай өнімдері түскен кезде көпіршіктенбеуі; -өрт қауіптілігін ұлғайтпау; -арзан жəне тапшы болмауы. Салқындату сұйығы ретіндегі судың артықшы- лығы: арзан, жылу сыйымдылығы жоғары, жылу өткізеді. Судың кері қасиеттері: төмен температу- рада қатып қалады, 1000С жоғары температурада қайнайды, қақ түзеді, коррозияға бейім. Антифриз 40, Антифриз 60 – ашық сары түсті, же- ңіл майланған сұйық, этиленгликоль мен судың қоспасы. Сандар – қату температурасы. Тосол А-40, Тосол А-65- бұл сары –жасыл сұйық- тық. Тосолдар – спирт-глицеринді сұйықтықтар. Аталған сұйықтардың барлығы да улы, көлемдік кеңею коэффициенті жоғары болғандықтан жүйені 92%- ға ғана толтыру керек. Температура төменде- генде антифриз мұзға емес қою массағы айналады жəне жүйе бөлшектерін сынып кетуден сақтайды. Сабақты бекіту үшін «Дұрыс –дұрыс емес» əдісін қолданамыз. Ол үшін сабақ тақырыбын қамтитын мəтін сөздері мен сөйлемдері өзгертіліп əр оқу- шыға таратылады немесе экраннан көрсетіледі. Əр оқушы дəптерлеріне дұрыс үлгісін жазу керек жəне дұрыс - дұрыс еместігін айтып топ оқушыларымен бөліседі. Мысалы: 1.Салқындату сұйығы ретіндегі судың артықшы- лығы: арзан, жылу сыйымдылығы жоғары, жылу өткізбейді. (Жауабы- дұрыс емес) Дұрыс жауабы: сұйық жылуды жақсы өткізеді. 2.Судың кері қасиеттері: төмен температурада қа- тып қалады, 800 С температурада қайнайды, қақ түзбейді, коррозияға бейім. (Жауабы- дұрыс емес.) Дұрыс жауабы:1000 С температурада қайнайды, қақ түзеді. Антифриз 40, Антифриз 60- ашық сары түсті, же- ңіл майланған сұйық, этиленгликоль мен судың қоспасы. (Жауабы- дұрыс). Температура төмендегенде антифриз мұзға емес қою массағы айналады. (Жауабы- дұрыс). Тосолдар – спирт-глицеринді сұйықтықтар мен су қоспасынан дайындалған. (Жауабы- дұрыс емес) Дұрыс жауабы: тосолға су қосылмайды себебі қату температурасы мен қасиеті бұзылады. Үй тапсырмасы: Қазіргі қолданысқа енгізіліп жа- тырған шетел салқындатқыш сұйықтары туралы мəлімет жазып келу жəне топ оқушыларымен бө- лісу. |