Главная страница

Одномерные и двумерные массивы в Python. 75-ПМК-10-75. Республиканский научнометодический журнал Педагогический


Скачать 1.33 Mb.
НазваниеРеспубликанский научнометодический журнал Педагогический
АнкорОдномерные и двумерные массивы в Python
Дата16.02.2023
Размер1.33 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла75-ПМК-10-75.docx
ТипНаучно-методический журнал
#939691
страница7 из 42
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық іс-əрекетке баулудың психологиялық-дидактикалық шарттары



Слямова Гүлім Жумабекқызы

«К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі


Қоғамның əлеуметтік-экономикалық, ғылыми-тех- никалық т.б. үрдістері жастардың белсенді, шығар- машылықпен жұмыс істейтін жəне кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, мектеп- тегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - арнайы педаго- гикалық əдістер арқылы мақсатты жəне жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық- пен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен бел- сенділігін қалыптастыру, өз бетінше -білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу.

Қоғамның денгейі қандай болса, мектептердегі бі- лім беру сапасы да соған лайық болмақ. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сəйкес оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудың мақсаты анықта- латыны, соған лайықты білім беру жүйесі құрыла- тыны, мақсат өзгерсе білім беру жүйесінің де өзге- ретіні педагогикалық ғылымдар тарихынан белгілі. Өйткені, қоғам - тапсырыс беруші, ал мектеп - осы тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе. Олай болса, еліміздегі нарықтық қатынастардың орнығуы жүріп жатқан жағдайда мектептегі оқу- шының жеке тұлғасын қалыптастыру мақсаттары- ның өзгеруі де заңды құбылыс.

Қазіргі кездегі оқушы мұғалімнің белсенді əсерінің объектісі -«білім толтырылуы тиіс құмыра», илеуге көне беретін «балшық» емес (Галперин П.Я). Ол өсіп, дамып отыратын өзіндік тұлға. Оқушыны оқыту субъектісі ретінде қарай отырып қана бейне- леу өнері, дүниетану, еңбек, математика оқытудың мақсаты мен міндетін нəтижелі іске асыруға бо- лады. Сол себептен де Л.М.Фридман: оқыту мен тəрбиелеудің барлық күрделі міндеттерінің жүзеге асырылуы, оқушының қаншалықты мөлшерде өзі- нін оқу-тəрбиелік қызметінің субъектісі болуына байланысты - деп көрсеткен болатын.

Сондықтан да, педагогикалық үрдіс барысында мұ- ғалім-тəрбиеші басты ролге ие бола отырып, бар- лық уақытта оқушының қызмет субъектісі болуына ықпал жасауы тиіс.

Қазіргі, адамға қажетті білімдер көлемі қауырт, əрі тез өсіп отырған жағдайда, оқушылардың белгілі - бір деректердің жиынтығын ғана меңгеруіне ден коюына болмайды. Сондықтан субьектінің өз бе- тінше білімін толтыру ғылыми жəне саяси инфор- маииялардың ағынында бағдар ұстай білу біліктілі- гіне дағдыландыру қазіргі кездегі аса маңызды іс. Бұл мəселе, мектептегі оқытудың дəстүрлі түсін- діру-көрсетпелік түрімен қатар, белсенді-шығарма- шылыққа ден қоюды талап етіп отыр. Өйткені осы кезге дейін білім жүйесі біліммен біршама

қаруланған “атқарушылар” даярлап келді.Ендігі жерде білім беру жүйесін шығармашыл, ғылымда, техникада, экономика мен басқаруда жаңа жолдар мен əдістер іздеп таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл -ойы дамыған адамдарды даярлау талап еті- луде. Білім беру жүйесі – өзіндік ақыл -ойы дамы- ған адамдарды даярлау талап етілуде. Білім беру жүйесі өзіндік ақыл ой “фабрикасы” болуы тиіс (Г.И. Волков).

А.Е. Əбілқасымованың пікірінше, жеке адамның белсенділігі дегеніміз «серпімді» ізденімпаздық, ал ізденімпаздық - тұрақты белсенділік. Танымдық белсенділік пен ізденімпаздық əлеуметтік белсенді- лік пен ізденімпаздықтың түрлері болып табылады. Танымдык кажетсіну - белсенділіктің жəне ізденім- паздықты дамытудың қайнар көзі.

Танымдық қажетсіну - өзіндік заңдылықтары бар ерекше қажетсіну - сəби дүниеге келген күннен бас- тап пайда болып, адам жасының үлкеюіне қарай біртіндеп күрделеніп, принципті түрде өзгеріп оты- рады, бұл орайда танымдық қажетсінудің қарапа- йым деңгейінің орнына неғұрлым күрделі деңгейі келеді. Жасқа жас қосылған сайын танымдық қа- жетсінуді қанағаттандыру тəсілдері де өзгереді.

Таным барысындағы қиыншылықтарды жеңу, бұл үшін қажетті ерік пен жігерін жұмсау жеке тұлға- ның өзінің танымдық əрекетін нысаналы түрде жəне саналылықпен реттеуін талап етеді. Еріктің болуы жеке тұлға үшін елеулі, маңызды мақсаттар меп міндеттерге тікелей байланысты. Мақсаткерлік адамның ерік мінез-құлқының негізгі нысандары- ның бірі тұлғаның ерік күшін іске асыру үшін зор маңызы бар. Алға мақсат қою жəне оны қабылдау - жеке тұлғаның мақсатқа жету жөніндегі бұдан бы- лайғы ерік-күшін айқындайтын кезең болып табы- лады.

А.Н.Леонтьевтің қызмет теориясына сəйкес мақ- саттың қызметті ұйымдастырудағы реттеушілік ма- ңызы, оның субъектіге сырттай берілетін-берілмей- тініне немесе ізденімпаздықтың жемісіне айнала- тын-айналмайтынына байланысты. Таным қызмет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік -күші таным қызметінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дəрежеде байланысты деп жорамалдауға болады. В.И.Селиванов оқушылардың ерік - күшінің түрлі сипатын айқындайтын оқу-танымдық əрекеттің мақсатын қоюдың үш нұсқасын бөліп көрсетеді:

  1. Шығармашылық əрекет мақсатын мұғалім қояды. Оқушы бұл мақсатты ат үсті қабылдайды.

Мұның өзі ерік, күшінің төмен денгейде болуына алып келеді;

  1. Мұғалім тапсырманы немесе тақырыпты хабар- лайды, осыған сəйкес оқушының өзі шығармашы- лық əрекетті жүзеге асыруга тиіс, сөйтіп осы не- гізде оқушы мақсатын өзі немесе мұғаліммен бірге анықтайды. Мақсаттың койылуына ізденімпаздық үлесінің көп болуы ерік, күшінің неғұрлым жо- ғарғы деңгейде екендігін көрсетеді;

  2. Оқушы өзінің шығармашылық əрекетінің мақса- тын өз бетінше анықтайды, бұл - өз бастамасымен өз бетінше жұмыс істеу болып табылады. Мұндай жағдайда ерік күшінің деңгейі неғұрлым жоғары. Өз бетінше жасайтын жұмыстардың ішіндегі ерекше орын алатындардың қатарына шығармашы- лық сипаттағы жұмыстар жатады. Шығармашылық жұмыс - оқушының өз бетінше жасайтын жұмыс- тары жəне олардың белсенділігінің дамуындағы қа- жетті кезең. Өз ізденісінің жəне шығармашылық жұмысының жемісін сезінген оқушылар педагог- тардың еңбегін бағалай біледі жəне оқуға деген ын- тасы арта түседі. Таным үрдісінің шығармашылық- пен жақындаса түсуі окуға деген пригматикалық қатынасқа сенімді кедергі болады. Шығармашылық- дəл сипатталатын, қатаң реттеуге келмейтін интеллектуалдық іс-əрекеттер мен опе- рациялар арқылы адамның объективті немесе субъ- ективті жаңа нəрсе жасау үрдісі. Мұның атқаратын функциясы - жинақталған тəжірибені қайта жаң- ғырту ғана емес, жаңа элементтер жасай отырып оқушы мен оның ептіліктерін дамыту. Шығармашылық жайлы əңгіме қозғалғанда біздің санамызда -Евклид, Гомер, Леонардо да Винчи, Моцарт, Бетховен, Ньютон, Лобачевский, Гете, Пушкии, Пуанкарс сияқты жəне т.б. өткен уақыт- тың ойшыл -даналары еске түседі. Бұлар өз ойла- рымен, мəселелерге жаңаша көзқарасымен келу ар- қылы қоршаған ортаға, оның заңдылықтарын ашуға деген адамзаттың мүмкіншіліктерін көрсете білді. Бірақ та мұның барлығы шығармашылықтың бір ғана қыры.

Шығармашылық тек қана ғылымда, əдебиет жəне бейнелеу өнеріне ғана емес бүкіл адамзат қызмет аймағында қажет. Қазіргі мектепте оқитын балалар бірнеше жылдан соң өз бетінше өмір сүруге көшіп экономика, мəдениеттің жəне т.б. дамуына өз үлес- терін қоса бастайды. Əрине, оған еңбек етіп, өз жұ- мысын ұнатудан басқа шығармашылық қабілет те қажет-ақ. Ал оны іске асыру үшін оқушыларды тап- сырмаларды орындау барысында жаңа жолдарды, тəсілдерді іздеп таба білуге, яғни мектеп курсының материалдарын шығармашылықпен игеруге жүйелі түрде тəрбиелеу қажет.

Шығармашылық іс- əрекетке баулу жаттығуды қа- жет етеді. Əрбір өз бетінше шешілген

қиыншылықтар шығармашылық қызметті ұштай түседі. Мəселеге шынайы ден қоймай, іштен түрткі болмай, бір мəселе бойынша ұзақ ойланып толған- бай, шығармашылық нəтижеге жету мүмкін емес. Өз еңбегінен қанағат алатын, өз күшін сынап кө- руге болатын, белгілі нəрсенің жаңа жақтарын өз бетінше ашуға болатын, жинақтылықты, шығарма- шылық қиялды, интуиция, фантазияның жинақта- луын талап ететін тапсырмалар жəне өз бетінше бе- рілетін жұмыстарды оқушылар жоғары бағалайды. Оқудан қанағат алуға ықпал жасайтын, шығарма- шылық қуаныш əкелетін тапсырмалар, өз бетінше жұмыстар дайындау - мұғалімнің оқу-танымына шығармашылық элементін енгізе білуі мен оқу үр- дісін танымдық жəне шығармашылық бағытта жүр- гізуге ұмтылысы айқын екендігін аңғартады. Бұл бағытқа мыналарды жатқызуға болады:

  • шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды оқу- шыларға ұдайы ұсыну жəне шығарту;

  • оқу бағдарламасынан тыс эксперименттік, зерт- теушілік сипаттағы тапсырмаларды орындату;

  • түрлі оқу, ғылыми ақпараттарды салыстыру, тал- дау жасату жəне іздестірту;

  • оқу материалдарын жалпылау жəне жүйелеу, шы- ғармашылық талдау жасауға берілетін тапсырма- лар орындату;

  • сабақ барысында шығармашылық ойын өткізу т.с.с.

Шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар оқу- шылардың танымдық жəне эстетикалық қажетті- ліктерін бір мезгілде ғана қанағаттандыруға септі- гін тигізеді. Шығармашылық қабілеттің бірден қа- лыптаспайтындығы белгілі. Оқытудың алғашқы күнінен-ақ бұл мəселе педагогикалық ұжымның на- зарында болуы тиіс. Мектеп курсының əрбір пəні оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптас- тыруға үлес қоса алады. Əсіресе математика, еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану пəндерінің қосар үлесі мол. Стандартты емес тапсырмаларды шешімдерін іздестіру, пайымдаудағы қателіктерді табу, теоре- маның мазмұнына талдау жасау, белгілі ғалымдар- дың шығармашылық қызметтері жайлы əңгіме өт- кізу - мұның барлығы да шығармашылық іс- əре- кетке баулуға негіз болады.

Пайдаланылған əдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. 1999 ж. 7 маусым №389 – 1.

  2. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы А., 2004.

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қаз. мектебі, 2004 №2.

  4. Крупский В.А Психология обучения и воспита- ния школьников., М., Просв. 1976.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42


написать администратору сайта