Главная страница

Одномерные и двумерные массивы в Python. 75-ПМК-10-75. Республиканский научнометодический журнал Педагогический


Скачать 1.33 Mb.
НазваниеРеспубликанский научнометодический журнал Педагогический
АнкорОдномерные и двумерные массивы в Python
Дата16.02.2023
Размер1.33 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла75-ПМК-10-75.docx
ТипНаучно-методический журнал
#939691
страница4 из 42
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Ұстаз - ұлы есім



Кожабекова Назгуль Валиевна Нұр-Сұлтан қ. "№20 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі


Жалпы адамзат алдына қойлғын ұлы мақсаттардың бірі отаншыл, саналы, білімді жəне рухани бай ұр- пақ тəрбиелеу. «Ұрпағы білімді елдің болашағы бұлыңғыр болмайды» деп біздің ата-бабалырымыз да өз жастарын оқу-білімге насихаттап, білімі жа- ғынан алға кеткен елдер қатарына қосылуына бар күш-жігерлерін берген дес. Қазақ жерінде ағарту- шылық ойлары ХІХ ғасырдың басында бастау алып, Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ағартушылы- лар қозғалысымен жалғасын табады. Енді ағарту- шылық деген ұғымға анықтама берейік. Ағартушы- лық қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, əділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім не- гіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшілікте- рін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды.

Осы ағым өкілдерінің бірі Ыбырай Алтынсарин- ның ағартушылық ойлары мен еңбектерінің қазіргі таңда өзектілігі қандай деген мəселенің шеңберінде өз ойымды жазбақпын.

Ыбырай Алтынсарин өзінің барлық саналы өмірін өсіп келе жатқан жаңа буынның білімді, тəрбиелі болуына, озық елдердің қатарына қосылуына үлес қосты. Өзінің ағартушылық дүниетанымында на- дандықпен күресті бірінші орынға қояды. Сонымен қатар, ол білім алуды, қарапайым халықты надан- дықтын, кедейшіліктен құтқаратын бірден-бір жолы деп есептеген. Ағарту ісі елін əлеуметтік тең- сіздікпен күресуге бастапқы жолы деп ойлаған.

«Бай баласы мен жарлы баласы» атты əңгімесінде жазушы бай баласы Асан мен кедей баласы Үсенді бас кейіпкер етіп ала отырып, əлеуметтік мəселеге зер қояды. Баланың қалыптасуына орта мен отба- сының əсерін ашып көрсетіп, үлкен қорытынды жа- сайды. Асан мен Үсен сияқты балалар біздің зама- нымызда кездесетіні сөзсіз. Сондықтан осы əңгіме

арқылы адамның сана-сезімін, еңбексүйгіштік қа- сиетін, психологиясын қалыптастыруға болады. Қазіргі таңда бұл əңгіме тек оқушыларға ған емес, соған қоса ата-аналарға да өнегелі шығарма ретінде ұсынуға болады. Ағартушының оқу-білім жолында ерекше орын алатын еңбектерінің бірі «Қазақ хрестоматиясы» оқулық ретінде, халықтың сүйіп оқитын кітабы деп те айтуға болады. Хрестоматия туралы естелігінде Ыбырай «Бұл кітапты құрас- тырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тəрбиеленіп жүрген қа- зақ балалрына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедеім» дейді. Хрестоматиядағы шығармалар жастарды білімге, өнерге, адал ең- бекке, белгілі бір кəсіп иесі болуға шақырады, адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді бағалау, үлкенді, ата-ананы сый- лау, өнер-білімді байлықтан жоғары қою мəселе- ріне арналған. Осы аталған қабілеттерді бүгінгі жастардың бойына сіңіру ата-аналар мен ұстаздар- дың алға қойған мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Ыбырай Алтынсарин ағартушылық ойын тек сөз- бен ғана емес, ісімен көрсете білген ұстаз. Ол ауыл аулды аралап халыққа білім алудың маңыздылын түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізеді. Мек- тептер ашу үшін қаржы жинауға кірісті. Алғашқы үлесін Ыбырай өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық жəне педагогикалық қызметі бас- талды. 1864 жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде мектеп ашылып, алғашында оқуға үгіт жұмыстары- ның нəтижесінде 16 бала жазылады. Ыбырайдың жүргізген үгіт жұмыстарының нəтижесінде бұл мектепте оқушылардың саны арта бастайды. Мек- тептің өз жүйесі мен бағыттары. Сабақта

адамгершілік тəрбиесіне аса көңіл бөлінді.

«Мектеп – білім берудің басты құралы. Біздің бар- лық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектепте ғана» - деген Ы.Алтынсарин. Бұл мə- селе бүгінгі мектептер алдында тұрған мақсат. Ыбырай баларға сабақты өте қызықты түсінікті етіп беруге тырысты. Қазіргі таңда мұғалімге қойы- латын талап сол. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нə- тижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу - оқушылардың пəнге деген қызығушылығын жоғал- тады. Сондықтан сабақты ыңғайына қарай

түрлендіріп өтсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. Оқушылардың пəнге қызығушылығын арттырудың бір жолы - сабақты жаңа тəсілмен өткізу. Оқыту үр- дісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұ- ғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.

Егемендік алған тəуелсіз Қазақстанның əлемдік өр- кениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жү- йесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының бо- лашағына жол ашады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


написать администратору сайта