Шекара баылауа арналан тест сратары Гастроэнтерология
Скачать 1.13 Mb.
|
*+ Дәрігер "Науқасқа көмек көрсетпеуі бойынша"қылмыс жасады, өмірлік көрсеткіші бойынша ол алғашқы көмекті жұмыстан тыс кез келген жерде, кез келген уақытта, тіптен кезектен тыс демалыста болса да көрсетуге міндетті. * Бұл жағдайда дәрігер кезекті демалыста болғандықтан көмек көрсетуге міндетті емес * Науқастың жағдайы өмірге қауіпті емес болғандықтан, дәрігер сапарын жалғастыра алды * Алғашқы көмекті жол сақшысы да көрсете алады, сондықтан дәрігердің араласпауына да болады ! 16 жасар жүкті қыздың ата анасы тәжірибесі бар акушеркаға сыйақысын беріп жасырын жасанды түсік жасауын өтінді. Жүктілік мерзімі 14 апта. Акушерка өз үйінде перзентханадан әкелінген инструменттер арқылы стерильді ортада операция жасап жүктілікті үзді. Бұл жағдайда жасанды жүктілікті профильге сәйкес келмейтін жоғары медициналық білімі жоқ қызметкер жасады. Акушерканы қандай жаза күтіп тұр? * Жаза жасанды жүктілікті жасаған қызметкердің біліміне байланысты емес, ол жасанды түсіктен кейінгі науқастың жағдайына байланысты * Ауруханада жасалу, жасалмауына байланысты жаза қолданылады. * Арнайы статья болмағандықтан дәрігерлермен тең дәрежедегі жаза күтіп тұр * Медицинада жұмыс жасау құқығынан және жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады. * Бұл жағдайда дәрігерлермен салыстырғанда акушеркаға жеңіл жаза қолданылады !Сатып алушының шағымы бойынша тексеру жүргізіп, мерзімі өтіп кеткен дәрілік препараттарды сатқандығы үшін дәріхананы жабатындығын ескерткен қала денсаулық сақтау департаментіне жеке дәріхананың иесі сотқа шағымданып келді. Дәріхана иесінің пікірінше департамент жеке мекемелерге араласпау керек, олар құқығын бұзды, департаменттің шешіміне келіспейді. Департаменттің іс әрекетінде заңды негіз бар ма? *+ Иа негіз бар, департамент заңға сүйеніп шешім қабылдады * Тексеру жоспардан тыс болғандықтан департамент дәріхананы жабуға құқығы жоқ * Мерзімі өткен дәрілерді сату жеке саудада дәрілік препараттарды сату ережелерінің бұзуына жатпайды * Дәріхананы жабу туралы шешімді сот қана қабылдайды * Ондай тексерулерді тек қана фармконтроль ғана жүргізеді ! Емхана дәрігері танысының өтініші бойынша 3 күнге "еңбекке жарамсыздық қағазын" берді, және амбулаторлық картаға "Жедел іріңді оңжақты отит" диагнозымен жалған жазба қалдырды . Өтірік науқас теміржолда жолсерік болып жұмыс атқарады, және ол рейстің орнына ауылына досының тойына аттанып кетті. Сол жерде отырыста компанияға еңбекке жарамсыздық қағазын қалай алғандығын баяндайды. Бұл жағдайға қызығушылық білдірген құқық қорғау органдары дәрігердің сыйақы алғандығына дәлел таба алмады. Дәрігер заңды бұзды ма? * Жоқ, себебі дәрігер науқастың өтініші бойынша жарамсыздық қағазын беріп отыр *+ Иа, дәрігер заңды бұзды * Жоқ, науқас шын мәнінде "Жедел іріңді оңжақтық отит"- пен ауырды * Жоқ, себебі науқастың маңызды себебі болды *Жоқ, себебі жалған диагнгоз екеніне дәлел жоқ ! Азамат С. Іш қуысына еніп кеткен іштің тесіп-кесілген жарасымен ауруханада емделді. Ауруханада С. азаматты, емдеуші дәрігер мен хирургиялық бөлімше меңгерушісіне тергеуші келіп, диагнозды «Енбеген жара» деп өзгертіп, ауру тарихына да сәйкес өзгертулер енгізуіне көндірді. Лапоротомиялық операция болған протоколы бар ауру тарихының парағы жалғанға ауыстырылды Бұл денсаулыққа тиген зияны жеңіл деп қарастыруға мүмкіндік берді. Дәрігерлер заңды бұзды ма және осыған жауап беру керек пе? * Тек емдеуші дәрігер ғана кінәлі * Хирургиялық бөлім меңгерушісі ғана кінәлі *+ Ия, себебі дәрігерлердің жалған диагноз қоюға құқығы жоқ * Дәрігерлер осы әрекетке сыйақы алса ғана жауапкершілікке тартылады * Жоқ, себебі тергеушінің өтініші бойынша істелінген !.Облыстық аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі медициналық университетке 0,5 ставкаға жұмысқа орналасты. Меңгеруші жетекшілігімен жүрген интерн дәрігер, сол меңгерушінің қарайтын палатасындағы екі науқасқа препарат мөлшерінен артық ем тағайындады. Нәтижесінде науқастардың жағдайы едәуір нашарлады. Заң алдындағы жауапкершілік кімге жүктеледі? * Тек интерн дәрігерге *+Тек бөлім меңгерушісіне *Интерн және мөлшерінің жоғары екенін байқамаған мейірбикеге *Интернді оқытқан кафедра мұғалімдеріне * Интерн дәрігер және бөлім меңгерушісіне ! ОАА-ң босану бөлімінде меңгерушінің қолдауымен медициналық персонал нәрестелердің туылуын алкоголь ішумен тойлады (жуды). Алкогольді акушерлер мен дәрігерлерге босанған әйелдің туыстары сыйлап берген. Бір рет ішіп алған акушер жаңа туылған нәрестені жылытқыштың қасына байқаусызда қалдырды, жаңа туылған нәресте жылу соққысынан қайтыс болды. Кім заңды жауапкершілікке тартылады? *Тек жауапты акушер *Тек бөлім меңгерушісі * Дәрігер неонатолог * Босану блоктың барлық акушерлері мен дәрігерлері *+ Акушер және бөлім меңгерушісі !.Дәрігер-эксперт мәйіт экспертизасын жасауға шеткі ауданға келіп мәйіттің бас миы, кеуде, іш қуысы ағзалары, ішастар ерекшеліктерін сипаттап, қорытынды жасап, мәйіт жерленді. Бірақ, туыстарының прокуратураға шағымдануы бойынша мәйітке эксгумация жасалынды. Эксгумацияланған мәйітті зерттеу барысында оның бас сүйегі және іш қуысы мен ішастарының кейбір мүшелері зерттелмегендігі анықталды. Қайта жасалған экспертиза нәтижесінде оң бүйрек пен бүйрек үсті безінің жыртылуы анықталды. Заң алдындағы жауапкершілік кімге жүктеледі? *+Тек врач-эксперт аутопсия нәтижесінің фальсификациясы үшін * Дәрігер, дер кезінде науқасқа көмек көрсетпегені үшін * Басқарушы, аутопсия жасауға тәжірибесі жоқ дәрігерге рұқсат бергені үшін. * Эксперт-паталогоанатом, шеткі ауданға аутопсия жасауға баруға бас тартқан * Заң алдындағы жауапкершілік ешкімге жүктелмейді ! Орталық Аудандық Ауруханаға жол көлік апатынан ауыр жарақаттар алған ес-түссіз жағдайдағы науқас жеткізілді. Ауруханада науқасқа операция жасалып, қан құйылды. 6 айдан соң науқаста вирусты гепатит С анықталды. Науқас оның рұқсатынсыз оған қан құйылғаны үшін компенсация алу мақсатында ОАА-ға сотқа шағым береді. ОАА-ң дәрігерлері тарапынан заң бұзушылық болды ма? *+ Жоқ, науқас ауыр жағдайда болғандықтан рұқсат бере алмады, дәрігерлер оның өмірін құтқарды * Дәрігерлер гепатит С жұқтырғаны үшін жауапты, бірақ медициналық көмек көрсеткені үшін жауапты емес * Дәрігерлердің науқастың рұқсатынсыз қан құюға құқығы болмаған * Дәрігерлердің науқастың рұқсатынсыз операция жасауға құқығы болмаған * Егер науқас жағдайы нашар болса өзі рұқсат бере алмаса рұқсатты беретін туыстарын табу керек еді ! Апат жағдайында (медициналық құралдармен тері жабындыларының зақымдануы, биоматериалдың теріге түсуі т.б.) АИВ бар науқастарға біріншілік медициналық көмек көрсеткенде бірінші кезекте не жасау керек? * Болған оқиғаны жұмыстағы әріптестеріне хабарлау * Бөлім меңгерушіні хабардар ету * Болған фактіні апат жағдайларының есеп журналына тіркеу *+ Апатты ликвидациялау шараларын жүргізу және жұқтыру қаупін азайту * АИВ бар науқастты изоляциялау ! Бұлшық ет ішілік иньекцияның мүмкін асқынуы? *+Инфильтрат * Ауа эмболиясы Тромбофлебит * Қан кету *Неврит ! Дәрілік затты енгізудегі науқаста көрінетін аллергиялық реакцияның ауыр түрі? * Аллергиялық дерматит * Есекжем *+ Анафилактикалық шок * Атопиялық дерматит * Бронхоспазм ! Егер дәріханада дәрілерді іріктеу, дозалау, пішінін таңдау кезінде қателік жіберсе дәрігер не істеу керек? * Өзіне жауапкершілікті алып, науқасқа қате жөнінде айту * Қатені науқас немесе туыстары сұраған кезде ғана айту * Қателік жөнінде айтпау, бірақ дәріхана қызметкерлеріне қателіктерін көрсету * Қателікті тек науқасқа қатысты болған кезде ғана айту *+ Қателіктерді анықтау және оларды жоюға бағытталған шаралар жүргізу ! 12 жастағы оқушы демалыста жазғы лагерьде дәрігерге ішіндегі ауру сезіміне шағымданды. Лагерь дәрігері энтеритке күдіктеніп балаға бисептол беріп мед бөлімде баланы өзінің қарауына қалдырды. Келесі күні баланы ауруханаға жеткізді, онда аппендицит диагнозы қойылды, баладға операция жасауға рұқсатқа қол қою ұсынылды, бірақ ол бас тартты. Дәрігерлер басқа қалада тұратын баланың ата-анасын табуға тырысты бірақ, нәтижесіз. Екінші күні дәрігерлер операцияға рұқсатты лагерь әкімшілігінен сұрады, рұқсат алынды бірақ жайылған перитонит дамып кетті. Дәрігерлер не істеу керек еді? * Үлкендердің рұқсатынсыз операция жүргізу керек еді * Бірінші күні кәмелетке толмаған бала үшін ата-анасы жоқ кезде жауапты лагерь әкімшілігінен рұқсат алу керек еді *+ Өздері операция жасау керек еді, себебі ол науқас үшін қажетті * Баланың ата-анасын табу керек еді * Лагерь дәрігерінен рұқсат алу керек еді, себебі ол демалушы балалардың денсаулығына жауапты ! 72 жастағы емдеуге келмейтін тік ішектің рагымен ауыратын науқас бірнеше рет дәрігерден тезірек өмірін қысқартуын сұрады. Туыстары эвтаназия үшін дәрігерге сыйақы беретіндігін айтты. Дәрігер өзі эвтаназия жүргізуден бас тартып, баласына енгізу жолы мен дозасы жайлы консультация берді. Дәрігер жоқ кезде (бірақ дәрігер рұқсатымен) науқасқа инсулиннің өлім дозасы енгізілді. Дәрігер заңды бұзды ма? *+ Дәрігер алдын-ала келісім бойынша адамдар тобымен жасалынған қасақана өлтірудің қатысушы болды *Дәрігер заң бұзған жоқ өйткені инсулиннің өлім дозасын өзі енгізген жоқ * Бұл пассивті эвтаназия болғандықтан заң бұзылған жоқ * Бұл активті эвтаназия болғандықтан заң бұзылған жоқ * Дәрігер заң бұзған жоқ, өйткені консультация үшін сыйақы алған жоқ |